(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2007.28.02 № 37-Ө ӨКІМІ
Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө Өкімі
Осы редакция 2007 жылғы 7 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
№ 37-ө өкімімен
Бекітілген
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебесін беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президенті- нің Жарлығы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
2. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебесін беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
3. | Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы ақпан |
Редакция документа
Демо – версия документа