(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГІ № 237 ҚАУЛЫСЫ
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын
субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 Қаулысы
(2008.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 55-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Yкіметінің
2006 жылғы 4 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегi
қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Редакция документа
Демо – версия документа