Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 4 СӘУІРДЕГІ № 237 ҚАУЛЫСЫ

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын
субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі № 237 Қаулысы

(2007.18.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 36-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.

2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөнінде көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 99 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 55-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің 

2006 жылғы 4 сәуірдегі

№ 237 қаулысымен  

бекітілген  

 

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегi

қызметтердің құнын субсидиялау ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялаудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

су беруші - ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға;

су пайдаланушы - ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін қызметі суармалы жерлерді игерумен байланысты жеке немесе заңды тұлға.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку