(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 9 ҚАРАШАДАҒЫ № 1063 ҚАУЛЫСЫ
Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, № 420-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1258 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, № 522-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 9 қарашадағы
№ 1063 қаулысымен
Бекітілген
Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда,
дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Редакция документа
Демо – версия документа