Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 Қаулысы (2007.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 Қаулысы

(2007.09.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13 Заңын iске асыру және білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялау тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды  (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:

реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«заңды және жеке тұлғалардың бiрiншi, екiншi және үшiншi санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметi, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтардың, секциялардың, жергiлiктi қоғамдық бiрлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметi;";

реттік нөмiрi 36-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«заңды және жеке тұлғалардың жоғары санаттағы спорт құрылыстарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметi, сондай-ақ республикалық және өңiрлiк қоғамдық бiрлестiктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (спорт түрлерi бойынша федерациялардың) дене шынықтыру және спорт жөнiндегі  қызметi;».

3. «Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1374 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 569-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д.Ахметов

 

 ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды  (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 28 шілдедегі

№ 786 қаулысымен

бекітілген

 

Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,

дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету

жөніндегі қызметке қойылатын біліктiлiк талаптары

 

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 9 қарашадағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды  (ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 28 шілдедегі

№ 786 қаулысымен

бекітілген

 

Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда,

дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету

жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции