(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.28.07. № 786 ҚАУЛЫСЫ
«Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру,
спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялаудың кейбір мәселелерi туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 786 Қаулысы
(2006.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 9 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкілеттіктердiң аражiгiн ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 13 Заңын iске асыру және білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялау тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) білiм беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілiк талаптары;
2) Білім беру ұйымдарындағы қызметтi қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерiн көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекiтілсiн.
2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 27-жолдағы 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа