(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ
2008 жылға арналған реснубликалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
359, 360, 361-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
359-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің
дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 11132686 мың теңге (он бір миллиард бір жүз отыз екі миллион алты жүз сексен алты мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 529, 534, 537-541-баптары; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдесіндегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы № 1050 Жарлығы
Редакция документа
Демо – версия документа