(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.12.12 № 1224 ҚАУЛЫСЫ
2008 жылға арналған реснубликалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 13 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
359, 360, 361-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
359-ҚОСЫМША
502 - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасында заңдардың және заңға бағынысты актілердің
дәлме-дәл және бірізді қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыру»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11346183 мың теңге (он бір миллиард үш жүз қырық алты миллион бір жүз сексен үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 529, 534, 537-541-баптары; «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдесіндегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы № 1050 Жарлығы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы.
Редакция документа
Демо – версия документа