(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.15.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған
тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 Қаулысы
(2008.05.12 берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
Шикі мұнай мен мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 75 (бұр.ред.қара); 2008.05.12 № 1162 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.08.04. № 328 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.
Редакция документа
Демо – версия документа