Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.15.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған
тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 Қаулысы

 

Осы редакция 2006 ж.1 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:

шикi мұнайға орташа бағаны айқындау мақсатында мұнай шикiзатының әлемдік нарығындағы бағалардың ай сайынғы мониторингін жүзеге асырсын;

ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесiне 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін;

мониторинг нәтижелерін ресми баспа басылымдарында жариялауды жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу epeжeciнің 3-тармағының орындалуын қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.

5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 15 қазандағы

№ 1036 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан

әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк

баж ставкаларын есептеу ережесi

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку