«Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығы (2018.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы
(2018.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2019 жылғы 17 тамыздағы № 120 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі;
ҚР Президентінің 2012.27.01. № 257 Жарлығымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, аттестаттау және қызметтен босату ережелері бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда 2008 жылғы 21 сәуір
№ 573
ҚР Президентінің 2010.12.06. № 996 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2015.26.08. № 75 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 313 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2018.25.12. № 805 Жарлығымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 21 сәуірдегі
№ 573 Жарлығымен
бекітілген
Бірінші басшыларын Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
ТІЗБЕСІ
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
7. Қазақ ұлттық өнер университеті
8. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
10. Қазақ ұлттық хореография академиясы
Документ утратил силу
Демо – версия документа