(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008.21.04 № 573 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын
және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы
Осы редакция 2010 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелері бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда 2008 жылғы 21 сәуір
№ 573
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 21 сәуірдегі
№ 573 Жарлығымен
бекітілген
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының
Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының
ТІЗБЕСІ
1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті
6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
7. Қазақ ұлттық музыка академиясы
8. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 21 сәуірдегі
№ 573 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Президенті
қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын
мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші
басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен
босату және олардың аттестаттаудан өту
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа