Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.16.06 № 557 ҚАУЛЫСЫ

«Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс
қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік
нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 Қаулысы

(2007.11.03. берілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 1 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметін дамыту және осы саладағы мемлекеттік нормативтер жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.

2. Орталық атқарушы органдар Жоспар іс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 10 қаңтарға және 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жыл сайын 20 қаңтарға және 20 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметін Жоспардың орындалу барысы туралы хабардар етсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлері, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 27, 304-құжат):

тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы»;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку