Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 наурыздағы № 208 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 маусымдағы № 557 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 наурыздағы № 208 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 маусымдағы № 557 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 226-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Құрылысты жобалық қамтамасыз ету және сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік нормативтер жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

«Құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жобалаудың және оны нормативтік-техникалық қамтамасыз етудің заңнамалық базасын жетілдіру» деген 3-бөлімде:

6-бағанда:

реттік нөмірі 14-жолдағы «422,48», «160,81» және «172,07*» деген сандар тиісінше «1070,02», «797,75» және «182,67» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 15-жолдағы «299,16» және «108,56*» деген сандар тиісінше «278,86» және «88,26» деген сандармен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 16-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«Талап етілмейді»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 19-1-жолмен толықтырылсын:

«19-1

Қазақстан

Республикасы-

ның аумағын

ұйымдастырудың

бас схемасын

әзірлеу бойын-

ша дайындық

іс-шараларын өткізу

Нормативтік-

техникалық

құжаттар

ИСМ

2008

жылғы

IV

тоқсан

29,97

2008 ж.

- 29,97

Респуб-

ликалық

бюджет

 

 

 

 

      »

реттік нөмірі 20-жолдағы «793,34», «286,03» және «305,85*» деген сандар тиісінше «1446,55», «922,97» және «322,12» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку