Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000.22.12. № 528 ЖАРЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 528 Жарлығы

(2006.09.11. берілген толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 ж. 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 9-бабын орындау үшін қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры (бұдан әрі - Қор) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған Қордың Жарғысы бекітілсін.

3. Мыналар:

1) Қор әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады;

2) Қордың ақша қаражатын қалыптастыру көздері заңдарға қайшы келмейтін жарналар мен түсімдер болып табылады деп белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қордың 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2000 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 528 Жарлығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының

ЖАРҒЫСЫ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бұдан әрі Қор деп аталатын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті құрған, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Қор өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

3. Қор өз қызметін Қазақстан Республикасында және шетелде жүзеге асырады.

4. Қор қызметі еріктілік, өзін-өзі басқару, заңдылық және жариялылық принциптеріне негізделеді.

5. Қордың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку