«Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 298 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 528 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 22 желтоқсандағы № 528 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 55, 599-құжат; 2006 ж., № 43, 472-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Жарғысында:
төртінші абзацтағы «қалыптастыру» деген сөз «қалыптастыру тәртібін айқындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«заңнамалық актілермен белгіленген шектерде Қордың өзге заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз филиалдары мен өкілеттіктерін құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау.»;
21-28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Қорды басқарудың тұрақты қызмет ететін алқалық органы төрағаны қоса алғанда, тоғыз адамнан тұратын Қордың Қамқоршылық кеңесі болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып табылады.
Қамқоршылық кеңесінің құрамын оның төрағасы қалыптастырады және Құрылтайшы бекітеді.
22. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің көпшілігі некеде тұратын және жақын туыс адамдар, сондай-ақ Қордың штаттағы қызметкері бола алмайды.
23. Қамқоршылық кеңестің ерекше құзырына:
Қор қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
атқарушы директорды тағайындау;
Қордың ұйымдық қызмет ету мәселелерін шешу және тиісті құжаттарды бекіту жатады.
Қамқоршылық кеңес өз қарауына Құрылтайшының құзырына жататын мәселелерден өзге Қордың қызметіне байланысты кез келген мәселелерді қабылдауға құқылы.
Демо – версия документа