(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.15.10 № 1036 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған
тауарларды әкету кезiнде кедендiк баждарды алу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 Қаулысы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 15 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Үкіметінiң
2005 жылғы 15 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк
баж ставкаларын есептеу ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа