(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1995 Ж. 29 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1894 ҚАУЛЫСЫ
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы
(2005.09.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 26 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2006.14.03. № 163 қаулысын қара (2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен тақырыбы мен кіріспесі өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңын iске асыру және лицензиялау жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 458 ; 19.01.05 ж. № 32 (2005.01.02 бастап күшiне енедi) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3-қосымшаларға сәйкес лицензия мен лицензияға қосымшалар нысандарының үлгілерi.
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттік үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкіметінiң 08.04.97 ж. № 505; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа