(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 616 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысы
(2010.14.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы заемдарды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын іске асырудың және игерудің барысын бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.14.12. № 1354 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған № ПГ, № 01, № 02, № 03, № 04, № 05, № 06, № 07, № 08, 09 нысандар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне № 01 нысан бойынша есеп беретін болсын.
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.14.12. № 1354 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
№ ПГ нысаны бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 02 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 03 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 04 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 05 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 06 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 07 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 09 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 08 нысан бойынша ай сайын, есептен кейiнгi айдың 5-күнiне;
2) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігіне:
№ ПГ нысаны бойынша жыл сайын, әрбір жылдың 10-ақпанына жоспар-кесте;
№ 07 нысан бойынша жарты жылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне есеп ұсынсын.
Редакция документа
Демо – версия документа