(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000 Ж. 21 СӘУРДЕГІ № 616 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік сыртқы заемдар бойынша есеп беру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 616 қаулысы
(2003.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған мемлекеттік сыртқы заемдарды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражатын іске асырудың және игерудің барысын бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса беріліп отырған № ПГ, № 01, № 02, № 03, № 04, № 05, № 06, № 07, № 08 нысандар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасының Үкіметіне № 01 нысан бойынша есеп беретін болсын.
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 475 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік сыртқы заемдардың қаражатынан қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары (келісім бойынша):
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:
№ 02 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 03 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 04 нысан бойынша ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне;
№ 05 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 06 нысан бойынша тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 10-күніне;
№ 08 нысан бойынша ай сайын, есептен кейiнгi айдың 5-күнiне;
2) Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне:
№ ПГ нысаны бойынша жыл сайын, әрбір жылдың 25-қаңтарына жоспар-кесте;
№ 07 нысан бойынша тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне есеп ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев
|
Редакция документа
Демо – версия документа