Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жекелеген түрлерiн мемлекеттік сатып алудың
кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 27 наурыздағы № 371 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2004.12.05 № 522 ; 2005.24.03 № 261 ; 2005.08.04 № 318
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 781 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесi;
2) ҚР Үкіметінің 2005 ж. 8 сәуірдегі № 318 Қаулысымен күші жойылды (Бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер және толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 Қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына:
5-тармақтың 2) тармақшасында:
сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мал шаруашылығы өнiмiн мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу";
3) "2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттік сатып алудың кейбір мәceлeлepi және Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алу ережесi мен Мемлекеттік астық ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 ақпандағы № 205 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 103-құжат):
3-тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Г.Марченко |
Yкіметінiң
2004 жылғы 27 наурыздағы
№ 371 қаулысымен
бекітілген
Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу
ережесi
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен Ережеге өзгеріс енгізілді (бұр. ред. қара)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы Заңының 24-бабына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы Ереже "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамының мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сондай-ақ отандық астық рыногының теңгерiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жүзеге асырылатын астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізудiң ерекше тәртібін белгiлейдi.
3. "Азық-түлiк келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алудың тапсырыс берушiсi болып табылады.
4. Астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi өзiнiң иелiгіндегі ақшаның есебiнен жүзеге асырады.
2. Астықты мемлекеттік сатып алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 мамырдағы № 522 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Астықты мемлекеттік сатып алу көктемгi-жазғы және күзгi-қысқы кезеңдерде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi тиiстi жылға арналған астықты мемлекеттік сатып алуды жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жыл сайынғы шешiмiмен анықталатын астықты көктемгi-жазғы қаржыландыруға және күзгi сатып алуға арналған сомалар мөлшерiнде бiр жолғы төлемдермен тапсырыс бepушiгe бюджет қаражатын аударуды жүзеге асырады.
6. Астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi:
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сатылып алынатын астықтың номенклатурасы мен көлемiн, астықты сатып алу бағаларын айқындайды;
бағалау комиссиясын (бұдан әрi - комиссия) құрады;
аптасына бес реттен кем шықпайтын және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында тапсырыс берушiнiң атауы мен орналасқан жерi, ықтимал өнiм берушiлердiң өтiнiмдер беру мерзiмдерi мен орны, сондай-ақ тапсырыс берушi айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат көрсетiлетiн хабарландыруларды жариялауды қамтамасыз етедi. Тапсырыс берушiнiң облыстық өкiлдiктерi орналасқан жер бойынша аптасына екi реттен кем шықпайтын және тиiстi облыстың бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымында астықтың номенклатурасы, сатып алу бағалары, орны, мерзiмдерi және ықтимал өнiм берушiлердiң астықты беру шарттары туралы ақпарат қамтылған хабарландыруларды, сондай-ақ тапсырыс берушiнiң облыстық өкiлдiктерi айқындайтын басқа да қажеттi ақпараттарды жариялауды қамтамасыз етедi. Хабарландырулар өтiнiштердi қабылдау аяқталатын күнге дейiн жиырма күннен кешiктiрмей жариялануға тиiс.
7. Тапсырыс берушi азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiне және астықтың мемлекеттік сату ресурстарына сатып алатын астық сапалық көрсеткiштерi бойынша мынадай талаптарға сай болуы тиiс:
1) азық-түлiктiк жұмсақ бидай:
табиғаты, г/л, кем емес - 730
ылғалдығы, %, артық емес - 13,5
дән маңызының салмақтық үлесi, %, кем емес - 23,0
арамшөп қоспасы, %, артық емес - 2,0
дәндiк қоспа, %, артық емес - 4,5
қалған сапалық көрсеткiштер - ҚР СТ 1046-2001 үшiншi сыныпты жұмсақ бидай үшiн белгiлеген нормалар шегiнде;
2) азық-түлiктiк қатты бидай:
табиғаты, г/л, кем емес - 750
дән маңызының салмақтық үлесi, %, кем емес - 25,0
жылтырлығы, %, кем емес - 60
арамшөп қоспасы, %, артық емес - 1,0
дәндiк қоспа, %, артық емес - 4,0
қалған сапалық көрсеткiштер - ҚР СТ 1046-2001 үшiншi сыныпты қатты бидай үшiн белгiлеген нормалар шегiнде;
3) екiншi сыныпты арпа:
табиғаты, г/л, кем емес - 620
ылғалдылығы, %, артық емес - 14,5
арамшөп қоспасы, %, артық емес - 2,0
дәндiк қоспа, %, артық емес - 5,0
қалған сапалық көрсеткiштер мемлекеттік стандарт (МЕМСТ) 28672-90 сәйкес.
8. Комиссияның құрамына тапсырыс берушi мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (бұдан әрi - Ауылшарминi) өкiлдерi енгiзiледi.
9. Комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ астықтың номенклатурасы, көлемi және сатып алу бағалары тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен бекітіледi.
10. Астықты мемлекеттік сатып алуды тапсырыс берушi астық берушiлерден осы Ережеге сәйкес астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетуді берушiлер ретiнде айқындалған астық қабылдау кәсiпорындарында жүзеге асырады.
11. Астықты мемлекеттік сатып алуға қатысуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабiлетi бар, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, тиiстi салық органында есепте тұрған заңды немесе жеке тұлғаларға рұқсат етiледi.
12. Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiне және астықтың мемлекеттік сату ресурстарына астық берудi ұсынатын ықтимал астық игерушiлердiң осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн бағалау үшiн тиiстi облыстың әкiмдiгi жұмыс тобын құрады, облыс әкімінiң ауыл шаруашылығы мәселелерiне жетекшiлiк етушi орынбасары оның жетекшiсi болып табылады.
Жұмыс тобының құрамына Ауылшарминiнiң облыстық аумақтық органының, облыс әкімі ауыл шаруашылығы департаментiнiң (басқармасының), жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның, статистикалық, салық органдарының өкiлдерi және тапсырыс берушiнiң облыстық өкiлдiгiнiң директоры енгiзiледi.
Жұмыс тобының жетекшiсi мен мүшелерi тиiстi облыс әкiмнiң шешiмiмен бекітіледi.
13. Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiне және астықтың мемлекеттік сату ресурстарына астық берудi ұсынатын ықтимал астық берушiлер жұмыс тобына осы Ереженiң 15-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
14. Жұмыс тобы ықтимал астық берушiлер өтiнiмдерiнiң түсуiне қарай:
өтiнiмдердi олардың толықтығы және осы Ереженiң 11 және 15-тармақтарында баяндалған талаптарға сәйкестiгi тұрғысында қарайды;
астықты мемлекеттік сатып алуға қатысуға ұсынылатын облыс бойынша ықтимал астық берушiлердiң тiзбесiн жасайды, жұмыс тобының басшысы мен мүшелерiнiң қолдарымен растайды және оны осы Ереженiң 15-тармағында көрсетiлген құжаттармен қоса комиссияға жiбередi.
15. Ықтимал астық берушi комиссияға, ал осы Ереженiң 13-тармағында көзделген жағдайда тиiстi жұмыс тобына мынадай құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) көктемгi-жазғы кезеңде мемлекеттік сатып алуға қатысу үшiн:
тапсырыс берушi бекiтетiн нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
екiншi деңгейдегi банктің немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның ықтимал астық берушіге кепiлдiк беру ниетi туралы хаты. Мемлекеттік астық ресурстарына астық берудi ұсынатын ықтимал астық берушілер екiншi деңгейдегi банктің ықтимал астық берушiге банктiк кепiлдiк беру ниетi туралы хатын ұсынады. Кепiлдiк сомасы берілетін астық көлемiнiң құны және ол берiлмеген немесе толық берiлмеген жағдайда, тұрақсыздық айыбы мөлшерiнде анықталады;
қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi не салықтық тiркеу нөмiрi көрсетiлген және ықтимал астық берушi бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын және қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтынын растайтын салық қызметi органдарының анықтамасы;
заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелуi туралы куәлігiнiң және статистикалық есеп куәлiгiнiң не кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi (мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық қабілетi барын растау үшiн);
2) күзгi-қысқы кезеңде мемлекеттік сатып алуға қатысу үшiн:
тапсырыс берушi бекiтетiн нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
астықтың болуын куәландыратын астық қолхатының көшiрмесi;
қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi не салықтық тiркеу нөмiрi көрсетiлген және ықтимал астық берушi бiрыңғай жер салығын төлеушi болып табылатынын және қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтынын растайтын салық қызметi органдарының анықтамасы.
Азық-түлiктiк астықтың мемлекеттік резервiне және астықтың мемлекеттік сату ресурстарына астық берудi ұсынатын астықты ықтимал берушiлер өздерi туралы қосымша ақпарат ұсынуы мүмкiн.
16. Ықтимал астық берушiнiң өтiнiмiн қарау нәтижелерiне қарамастан, ықтимал астық берушi өз өтiнiмiн дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығыстарды көтередi.
17. Өтінiмдер ұсынудың мерзiмi өткеннен кейiн ұсынылған өтiнiм қарауға жатпайды.
18. Комиссия өтiнiмдер және/немесе ықтимал берушiлердiң тiзбелерi түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
ұсынылған құжаттарды қарайды және астықты мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарады;
тiгiлуi, нөмiрленуi және комиссияның төрағасы мен мүшелерiмен қол қоюы тиiс астық берушiлердiң тiзiлiмiн жасайды.
19. Комиссия отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысуы шартымен өтедi. Шешiм ашық дауыс берiп қабылданады және егер оған комиссияның қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия отырысында қабылданған шешiм тиiстi xaттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның функциясы тапсырыс берушiнiң шешiмiмен комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеледi.
20. Комиссия астық берушiлер тiзiлiмiн астықты мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн тапсырыс берушiге жiбередi.
21. Тапсырыс берушi астық берушiлердiң тiзiлiмiне сәйкес астық берушiлермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады. Астықты мемлекеттік сатып алу туралы шарттар Ережеге № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес үлгi шарттың нысаны бойынша жасалады.
3. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік
сатып алу тәртібі
22. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi:
астықты сақтау жөніндегі сатып алынатын қызметтер көрсетудiң көлемi мен шектi бағаларын айқындайды;
бағалау комиссиясын (бұдан әрi - комиссия) құрады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында тапсырыс берушiнiң атауы мен орналасқан жерi, астықты сақтау жөніндегі сатып алынатын қызметтep көрсетудiң мерзiмдерi, шарттары мен шектi бағалары, астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуға қатысу үшiн астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлердiң өтінiмдердi беру орны мен соңғы мерзiмi туралы мәлiметтер, сондай-ақ тапсырыс берушi айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат көрсетiлетiн хабарландыруларды жариялауды қамтамасыз етедi. Хабарландырулар өтiнiмдердiң қабылдануының аяқталу күнiнен бастап жиырма күннен кешiктiрмей жариялануға тиiс.
23. Комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ астықты сақтау жөніндегі қызметтep көрсетудiң көлемi тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның шешiмiмен бекітіледi.
24. Тапсырыс берушi астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушінi айқындау жөніндегі рәсiмдердi жүргiзбестен, бюджеттi (бизнес-жоспарды) бекiткеннен кейiн астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушiлер өздерiнiң барлық шарттық мiндеттемелерiн тиiсiнше орындауы және осы Ереженiң 25-тармағының талаптарын сақтауы шартымен олармен бұрын жасалған шарттардың қолданылу мерзiмдерiн ұзартуы мүмкiн.
Бұл ретте сатып алуға бөлiнетiн қаражатты оңтайлы және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында тапсырыс берушi берушiлерден осы берушiлер ұсынатын қызметтер көрсету бағасына барлық қажеттi негiздемелердi сұрайды.
25. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алуға қатысуға астықты сақтау жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға бас лицензиясы бар астық қабылдау кәсiпорындары, оларда:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар;
екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы шартымен рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 26 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
26. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлер комиссияға мынадай құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:
тапсырыс берушi бекiткен нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
кәсiпорын жарғысының нотариалды расталған көшiрмесi;
мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) анықтамасы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасы;
Қазақстан Республикасы уәкілеттi органының облыстық аумақтық басқармасы берген өсiмдiк карантинi жөнiнде бақылау жүргізу туралы акт.
Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушi өзi туралы қосымша ақпарат беруi мүмкiн.
27. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушi астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiнiң өтiнiмiн қарау нәтижелерiне қарамастан, өз өтiнiмiн дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығыстарды көтередi.
28. Өтінiмдердi ұсыну мерзiмi өткеннен кейiн ұсынылған өтiнiм қарауға жатпайды.
29. Комиссия астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлердің өтiнiмдер түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде:
ұсынылған құжаттарды қарайды және астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарады;
тiгiлуi, нөмiрленуi және комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қоюы тиiс астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлердiң тiзiлiмiн жасайды.
30. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң қатысуы шартымен өтедi. Шешiм ашық дауыс берiп қабылданады және егер оған комиссияның қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия отырысында қабылданған шешiм тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның функциясы тапсырыс берушiнiң шешiмiмен комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеледi.
31. Комиссия астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушілер тiзiлiмiн астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасу үшiн тапсырыс берушiге жiбередi.
32. Тапсырыс берушi астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушiлер тiзiлiмiне сәйкес астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi игерушiлермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасады. Астықты сақтау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген астық қабылдау кәсiпорны мен астықтың иесi арасындағы үлгi көпшiлiк шарттың нысаны бойынша жасалады.
4. Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi
мемлекеттік сатып алу тәртібі
33. Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшiн тапсырыс берушi:
астықты тасымалдау жөніндегі сатып алынатын қызметтер көрсетудiң көлемiн және шектi бағаларын айқындайды;
бағалау комиссиясын (бұдан әрi - комиссия) құрады;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында тапсырыс берушiнiң атауы мен орналасқан жерi, астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудiң мерзiмдерi мен шарттары, астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуға қатысу үшiн астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлердiң өтiнiмдер беру орны мен соңғы мерзiмi туралы ақпараттар, сондай-ақ тапсырыс берушi айқындайтын басқа да қажеттi ақпарат көрсетiлетiн хабарландыру жариялауды қамтамасыз етедi. Хабарландырулар өтiнiмдердi қабылдау аяқталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жариялануға тиiс.
34. Комиссияның дербес құрамы, сондай-ақ астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудiң көлемi тапсырыс берiшiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешiмiмен бекітіледi.
35. Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуға қатысуға заңды тұлғалар немесе жеке кәсiпкерлер болып табылатын астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлерге, оларда:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар;
екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы шартымен рұқсат етiледi.
36. Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушілep комиссияға мынадай құжаттардан тұратын өтiнiмдi ұсынады:
тапсырыс берушi бекiткен нысан бойынша жазбаша өтiнiш;
жарғының нотариалды расталған көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);
мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы банктiң (банктердiң) анықтамасы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер мен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы салық органының анықтамасы.
Егер көлiктiң жекелеген түрлерiмен тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен лицензия алу қажет болған жағдайда көлiктiң тиiстi түрiмен тасымалдау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушi Қазақстан Республикасының уәкiлетті мемлекеттік органы берген лицензияның көшiрмесiн ұсынуы тиiс.
Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушi өзi туралы қосымша ақпарат беруi мүмкiн.
37. Астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушi астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушінiң өтiнiмiн қарау нәтижелерiне қарамастан, өз өтiнiмiн дайындауға және тапсыруға байланысты барлық шығыстарды көтередi.
38. Өтiнiмдердi ұсыну мерзiмi өткеннен кейiн ұсынылған өтiнiм қарауға жатпайды.
39. Комиссия астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді ықтимал берушiлерден өтiнiмдер түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде:
ұсынылған құжаттарды қарайды және астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығарады;
тiгілуi, нөмiрленуi және комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қоюы тиiс астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi ықтимал берушiлердiң тiзiлiмiн жасайды.
40. Комиссияның отырыстары комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң қатысуы шартымен өтедi. Шешiм ашық дауыс берiп қабылданады және егер оған комиссияның қатысушы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
Комиссия отырысында қабылданған шешiм тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның функциясы тапсырыс берушiнiң шешiмiмен комиссия мүшелерiнiң бiреуiне жүктеледi.
41. Комиссия астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушiлер тiзiлiмiн мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасу үшiн тапсырыс берушiге жiбередi.
42. Тапсырыс берушi астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi бepушілep тiзiлiмiне сәйкес астықты тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi берушiлермен мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасады. Астықты тасымалдау жөнiндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарттың нысаны бойынша жасалады.
мен тасымалдау жөніндегі
қызметтер көрсетудi
мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және жүргiзу
№ 1 қосымша
Көктемгi-жазғы кезеңде астықты мемлекеттік сатып алу туралы ҮЛГI
ШАРТЫ
__________________ қаласы _____ жылғы "___" ____________
Бұдан әрi "Тапсырысшы" деп аталатын, _______________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________ атынан _______________________ бiр тараптан және бұдан әрi "Жеткiзушi" деп аталатын, ____________ негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан ________________ екiншi тараптан, бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар төмендегi туралы осы Шартты (бұдан әрi - шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Шартқа сәйкес және оның талаптарымен "франко-элеватор - ЕХW" (Инкотермс-2000) талаптарымен ___ жылғы "___" ________ қоса алғанға дейiнгi мерзiмде ___ жылғы егiннен есепке алынған табиғи салмақпен бұдан әрi - астық _____ тонна көлеміндегі (дақыл, сыныбы) мынадай сапа көрсеткiштерiмен Жеткiзушi сатады, ал Тапсырысшы сатып алады:
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
қалған сапа көрсеткiштерi ____________ белгiленген нормалар шегiнде. 1.2. Жеткiзушi шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген көлемдi белгiленген тәртiппен Тапсырысшы астықты сақтауға iрiктеп алған астық қабылдау кәсiпорындарына (бұдан әрi - кәсiпорындар) жеткiзедi.
2. Астықтың бағасы, шарттың сомасы
2.1. Шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген сапа көрсеткiштерi бойынша сай келетiн астықтың есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасының бағасы "франко-элеватор - EXW" (Инкотермс-2000) талаптарымен қосылған құн салығын қоса алғанда және бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылатын тұлғалар үшiн қосылған құн салығын есепке алмай, _______ (________) теңгенi құрайды.
2.2. Шарттың жалпы сомасы ________ теңгенi құрайды.
2.3. Кәсiпорында астықты қабылдауға және 1.1-тармақшада көрсетiлген сапа көрсеткiштерiне дейiн өңдеуге байланысты барлық шығыстарды Жеткiзушi көтередi.
3. Төлем талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 3.1. тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3.1. Осы шарттың тиiсінше орындалуын қамтамасыз ету үшін Жеткiзушi шартқа қол қойылған күннен бастап ____ банктік күн iшiнде Тапсырыс берушiге шарттың 2.2-тармақшасында көрсетiлген сомаға тең келетiн, сондай-ақ шарттың жалпы сомасының ___%-ы мөлшеріндегі тұрақсыздық айыбын қамтитын сомаға Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің төлем кепiлдiгiн немесе Тапсырыс берушi анықтаған ұйымның кепiлдігін (бұдан әрi - Кепiлдiк) ұсынады. (Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткiзушiлер Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банкінің төлем кепiлдiгiн ұсынады).
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкінің осы тармақшада көрсетiлген сомаға төлем кепiлдiгі мына банктердiң бiреуiнен: ____________________________________________свифт немесе телекс арқылы авизалануы тиiс.
3.2. Жеткiзушi шарттың 3.1-тармақшасында көрсетiлген мерзiмде кепiлдiктi ұсынбаған жағдайда Тапсырысшы Жеткiзушiге осыған байланысты туындаған шығындарды және тұрақсыздық айыбын өтемей, жазбаша хабарлама жiберу арқылы шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 3.3. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3.3. Кепiлдiктiң қолданылу мерзiмi ______ жылғы "__" ______ қоса алғанға дейiн болуы тиiс.
Кепiлдiкте Жеткiзушiнiң шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн банктiң жауап беретiндiгi және Жеткiзушi қабылдаған мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған жағдайда шарттың 3.1-тармақшасында көрсетілген Кепiлдiк сомасын Тапсырысшыға бiрiншi жазбаша талап ету бойынша сөзсiз және мерзiмiнде төлеуге мiндеттi екендiгi көрсетiлуi тиiс. Кепiлдiк қатаң түрде келісілген нысанда болуы тиiс.
3.4. Шарт бойынша ақы төлеу Жеткiзушi шарттың 3.1 және 3.3-тармақшаларына сәйкес ұсынған Кепiлдiктi Тапсырысшы қабылдағаннан кейiн ғана ______ күн iшiнде жүзеге асырылады.
4. Тараптардың мiндеттемелерi
4.1. Жеткізушi мiндеттенедi:
4.1.1.______ жылғы "___" _________ қоса алғанға дейiнгi мерзiмде шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес көлемде және сапа көрсеткiштерiмен кәсiпорынға астықты орналастыруға және астық қолхатына беру жазбасын жасау арқылы астыққа меншiк құқығын Тапсырысшыға беруге. Бұл ретте шарт бойынша нақты орындалған мiндеттемелердiң сомасына кейiннен Кепiлдiктi азайту үшiн Тараптар қабылдап алу-беру актiсiне қол қояды.
4.2. Тапсырысшы мiндеттенедi:
4.2.1. 3.4-тармақшаға сәйкес Жеткiзушiге уақтылы ақы төлеудi жүргiзуге.
5. Тараптардың жауапкершiлiгi
ҚР Үкіметінің 2005.24.03 № 261 қаулысымен 5.1. тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.1. ______ жылғы "__" ________ қоса алғанға дейiнгi мерзiмде Жеткiзушi шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген астық көлемiн жеткiзбеген немесе толық жеткiзбеген жағдайда Тапсырысшы ұсынылған Кепiлдiк бойынша талап ету құқығын пайдалана алады. Тапсырысшының шарттың 2.1-тармақшасында көрсетiлген бағаға сәйкес жеткiзiлмеген (толық жеткiзiлмеген) астық көлемiнiң құны мөлшеріндегі талап ету сомасы, қосу есепке алынған табиғи салмақтың әрбiр жеткiзiлмеген тоннасы үшiн шарттың 2.1-тармақшасында көрсетiлген бағадан тұрақсыздық айыбының __ %-ы Кепiлдiктен алынады.
Бұл ретте Жеткiзушi әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы үшін Тапсырыс берушiге әрбiр жеткiзiлмеген астық тоннасы құнының ___%-ы мөлшерiнде айыппұлды қосымша төлеуге тиiс.
6. Дауларды қарау
6.1. Шарттан туындауы мүмкiн даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
6.2 Тараптар туындаған келiспеушiлiктердi ерiктi түрде реттей алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының сот органдарында шешiлетiн болады.
7. Басқа да талаптар
7.1. Жеткiзушiнiң мiндеттемелерi бойынша форс-мажор талаптары осы шарттың талаптарына қолдануға келмейдi.
7.2. Егер шартты орындау кезеңiнде Тараптардың қандай да бiрi астықты шарттың талаптарымен жеткiзудi немесе қабылдауды қамтамасыз етуге бөгет болатын жағдайларға тап болса, шартпен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар көзделуi мүмкiн Бұл жағдайда өзге де талаптар екi Тарап та қол қойған шартқа қосымша келісімде айтылады.
7.3. Шарт Тараптар шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн қолданылады. Шарттың 3.2-тармақшасында көрсетiлген жағдайлар бола қалған жағдайда, Тапсырысшы Жеткiзушiге жазбаша хабарламаны жiберген күннен бастап шарт бұзылған болып есептеледi.
7.4. Егер шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалып, оған Тараптар қол қойса, жарамды болады.
7.5. Шарт _____ тілінде Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан бiрдей заңды күшi бар 2 данада жасалды және оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшiне енедi.
8. Тараптардың деректемелерi:
Тапсырысшы | Жеткізуші |
мен тасымалдау жөніндегі
қызметтер көрсетудi
мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру және жүргiзу
№ 2 қосымша
Күзгi-қысқы кезеңде астықты мемлекеттік сатып алу туралы
ҮЛГI ШАРТЫ
____________ қаласы ______ жылғы "____" ____________
Бұдан әрi "Тапсырысшы" деп аталатын, ________________ негiзiнде әрекет ететiн ___________ атынан ___________________ бiр тараптан және бұдан әрi "Жеткiзушi" деп аталатын, ________________ негiзiнде әрекет ететiн ____________ атынан ______________________ екiншi тараптан, бұдан әрi бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар төмендегi туралы осы Шартты (бұдан әрi - шарт) жасасты:
1. Шарттың мәнi
1.1. Шартқа сәйкес және оның талаптарымен "франко-элеватор" (астық қабылдау кәсiпорнының атауы) - EXW (Инкотермс-2000) талаптарымен жылғы егiннен есепке алынған табиғи салмақпен ________ (______) тонна көлеміндегі (дақыл, сыныбы) мынадай сапа көрсеткiштерiмен Жеткiзушi сатады, ал Тапсырысшы сатып алады:
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
_______________, ____________________
қалған сапа көрсеткiштерi __________ белгiленген нормалар шегiнде.
1.2. Жеткiзушi шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген астық көлемiн __________ (астық қабылдау кәсiпорнының атауы) жеткiзуге мiндеттi.
2. Тауардың бағасы, шарттың жалпы сомасы және жеткiзiлген тауар үшiн
есеп айырысу
2.1. Шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес сапа көрсеткiштерiмен астықтың есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасының бағасы "франко-элеватор" EXW (Инкотермс-2000) талаптарымен ҚҚС-ны қоса алғанда немесе ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн КҚС-ны есепке алмағанда _________ теңгенi құрайды.
2.2. Шарттың жалпы сомасы ҚҚС-ны қоса алғанда немесе ҚҚС төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн ҚҚС-ны есепке алмағанда _________ (_________) теңгенi құрайды.
2.3. Жеткiзiлген астық үшiн ақы төлеу Жеткiзушi шарттың 3.1-тармақшасында көзделген мiндеттемелердi орындағаннан кейiн ______ банктік күн iшiнде жүргізiледi.
3. Тараптардың мiндеттемелерi
3.1. Жеткiзушi мiндеттенедi:
шарттың 1.1-тармақшасына сәйкес сапа мен сан бойынша астық жеткiзуге;
шартқа қол қойылған күннен бастап ______ банктiк күн iшiнде Тапсырысшыға толық құжаттар пакетiн, оның iшiнде:
астық қолхаты және оның куәлiктерi бойынша құқықтардың Тапсырысшыға өтетiнiн куәландыратын беру жазбасымен бiрге берiлетiн астыққа астық қолхатының түпнұсқасын;
салық заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген шот-фактураның түпнұсқасын тапсыруға (салық салудың оңайлатылған режимiнде жұмыс iстейтiн тұлғаларға арналған шот-фактура тиiстi салық органының мөрiмен куәландырылуы және оған басшының қолы қойылуы тиiс);
Тапсырысшыға астық қолхаты бойынша құқықтарды беру сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдаған күннен бастап астықты сақтау жөніндегі шығыстарға, сондай-ақ астықты қабылдауға, шарттың 1.1-тармақшасында көрсетiлген сапа көрсеткiштерiне дейiн өңдеуге байланысты шығыстарға ақы төлеуге.
3.2. Тапсырысшы шарттың 2.3-тармақшасына сәйкес жеткiзiлген астық үшiн ақы төлеудi жүргiзуге мiндеттенедi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi
4.1. Шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жауап бередi.
5. Форс-мажор жағдайлары
5.1. Шарттың мақсаты үшiн "форс-мажор" Тараптардың бақылауына бағынбайтын, сол немесе басқа Тараптың қателесуiне немесе немқұрайлылығына байланысты емес және күтпеген сипаты бар оқиғаны бiлдiредi. Мұндай оқиғалар: соғыс қимылдары, табиғи және дүлей зiлзалалар, iндет, карантин және тауарларды жеткiзуге эмбарго сияқты iс-қимылдарды қамтуы мүмкiн, бiрақ олармен шектелiп қалмайды.
5.2. Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындау мүмкiн болмай қалған Тарап тезарада басқа Тарапты бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.
6. Дауларды қарау
6.1. Шарттан туындауы мүмкiн барлық даулар мен келiспеушiлiктер мүмкiндiгiнше Тараптар арасындағы келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
6.2. Тараптар туындаған келiспеушілiктердi ерiктi түрде реттей алмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарында шешiлетiн болады.
7. Басқа да талаптар
7.1. Шарт екi Тарап та қол қойған сәттен бастап күшiне енедi және Тараптар шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындағанға дейiн қолданылады.
7.2. Шартқа енгiзiлетiн барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалып, оған Тараптар қол қойса, жарамды болады.
7.3. Шарт _________ тілінде Тараптардың әрқайсысы үшiн бiр-бiр данадан бiрдей заңды күшi бар 2 данада жасалды.
Тапсырысшы | Жеткізуші |