Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу,
тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 568 қаулысы

(2010.22.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiліп отырған Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесi бекітілсiн.

2. «Электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 54, 598-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелерінде:

1) «газбен жабдықтау», «газбен жабдықтаумен», «газ», «газды», «газдың» деген сөздер алынып тасталсын;

2) мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтердің көрсетiлуімен байланысты мәселелер жекелеген нормативтiк құқықтық кесімдермен реттеледi.»;

3) 5-тармақтағы 5) тармақша алынып тасталсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 11 маусымдағы

№ 568 қаулысымен

бекітілген

 

 

Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесi

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Осы Ереженiң қолданылу аясы

 

1. Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сатудың Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында табиғи газды жеткізудiң, тасымалдау мен сатудың өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық және тағы басқа мақсаттарға арналған тәртібін белгiлейдi, сондай-ақ табиғи газды жеткізушiлер, тасымалдаушылар мен тұтынушылар арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейдi.

2. Газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызмет көрсетумен байланысты туындаған мәселелер осы Ережемен реттеледi.

3. Осы Ережемен белгiленген табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату тәртібі меншiк түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, қатынастарды барлық қатысушылардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

2-тарау. Терминдер мен анықтамалар

ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 870 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.22.12. № 1398 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

абонент - өзiнiң тұрмыстық тұтынуы үшiн газ сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;

газ тұтыну броны - отынның резервтiк түрлерiн барынша пайдаланған жағдайда тұтынушыларға газ жеткізу Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес тоқтатылуы немесе осы шектен азайтылуы мүмкін емес тұтынушыларды үздiксiз және апатсыз технологиялық жабдықтау жұмысы үшiн қажеттi ең аз газ тұтыну көлемi;

табиғи газ немесе газ - Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлетiн және алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс сатып алынатын табиғи, мұнайлы (iлеспе) және құрғақ газдар;

газ құбырлары-тарамдары - магистральдық газ құбырының газ тарату станциясына дейiнгi газ тасымалын қамтамасыз ететiн газ құбыры;

газ тарату станциясы - магистральдық газ құбырының газ құбыры-тарамы қоса салынатын қысымды төмендетудi қамтамасыз етуші үймерет;

газ тарату ұйымы - меншiгіндегі газ тарату тораптарын, олардағы үймереттердi дамытумен және пайдаланумен шұғылданатын немесе өзге де заңды негiзде қызметтiң осы түрiне арналған лицензияның негізiнде осы тораптар бойынша газ тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн ұйым;

газ тарату тораптары - газ қабылдау (беру) пунктiнен тұтынушыларға дейiн газ берудi қамтамасыз ететiн қалалық, поселке аралық, поселкелiк, ауылдық, көшелiк, аулалық газ құбырлары;

газ тасымалдау ұйымы - өз меншiгiнде магистральды газ құбырлары-тарамдары, олардағы үймереттерi бар немесе өзге де заңды негiзде қолда бар лицензия негiзiнде қызметтiң осы түрiн жүзеге асыруға осы газ құбырлары бойынша газды тасымалдау жөнiнде қызмет көрсететiн ұйым;

газ тасымалдау жүйесi - газ тасымалдау, газ тарату ұйымының меншiгiне немесе өзгедей заңды негiзде қарайтын магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-тарамдарын, газ тарату тораптарын, олардағы үймереттердi қамтитын газ құбырларының жүйесi;

газ қоймасы - маусымдық бiрқалыпты емес газ тұтыну кезеңiнде газдың жеткiзілуiн қамтамасыз етуге арналған газдың технологиялық қоры ұсталатын магистральдық газ құбырының құрамдас бөлiгi болып табылатын жерүстi жабдықтарымен кешендес жерасты үймереттерi;

бiрыңғай газ торабы - магистральдық газ құбырларын, газ құбырлары-тарамдарын, газ тарату тораптары мен тұтынушының кiрiсіндегі крандардан жабдыққа дейiнгi газ құбырларын қоса алғанда, газды жеткізушiлер мен тұтынушыларды байланыстыратын газ құбырлары;

диспетчерлiк кесте - газды жеткізушiнiң тасымалдаушыға берген өтінiмiне сәйкес газ жеткізудiң сағаттық кестесi;

магистральдық газ құбыры - газ кен орнынан, газ қоймасынан, мұнайгаз өңдеу ұйымынан газ қабылдау (беру) пунктiне дейiнгi газ тасымалын қамтамасыз ететiн газ құбыры;

газдың артық шығыны - тұтынушының газ жеткізудiң (тұтынудың) тәулiктiк нормасынан артық көлемде газ алуы;

жеткізуші - газ қорына иелiк ететiн және тұтынушыларға газ жеткізудi қамтамасыз ететiн заңды немесе жеке тұлға;

тұтынушы - өзi тұтынуы үшiн газ алуға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;

газдың есебiн алу аспаптары - нормаланған техникалық сипаттамасы бар және көлемнiң және/немесе энергия құрамы бiрлiгiнде газ санын өлшеуге арналған өлшеулер аспабы;

газ қабылдау (беру) пунктi - жеткізушi, газ тасымалдаушы, газ таратушы ұйымдар мен тұтынушы арасындағы шартпен белгiленетiн әдетте газ өлшеу құралдарымен жабдықталған газ жеткізу пункті;

есептесу кезеңi - жеткiзiлген газ көлемi анықталатын, жеткізушi, газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары мен тұтынушы арасындағы жеткiзiлген газ үшiн өзара есеп айырысу жүргiзiлетiн кезең. Тараптар келісілген есеп айырысу кезеңi шартта көрсетіледi;

газды жеткізудiң (тұтынудың) орташа тәулiктiк нормасы - шартпен белгіленген, бiр айда жеткізілетiн газ мөлшерiн сәйкес айдың күнтiзбелiк күндер санына бөлу жолымен анықталатын газ мөлшерi;

газды жеткізудiң (тұтынудың) тәулiктiк нормасы - тараптардың келісімi бойынша диспетчерлiк кестемен белгіленген тәулiктiк газ мөлшерi;

тасымалдаушы - магистральдық газ құбырларын, газқұбырлары-тарамдарын, газ қоймаларын, газ тарату тораптары және олардағы үймереттердi пайдалануды, газ тасымалдауды жүзеге асыратын тиiстi лицензиясы бар қамтамасыз ететiн ұйым (газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары);

газ тасымалы - газ тасымалы жүйесi бойынша газ қабылдап алу, ауыстыру және беру;

газ құбырындағы газдың технологиялық қоры - магистральдық газ құбырларында, газқұбыры-тарамында, газ тарату тораптарында газ тасымалдаудың жұмыс режимiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi газдың ең аз мөлшерi;

газ қоймаларындағы газдың технологиялық қоры - жылу беру уақытында газды мейлiнше көп тұтыну кезiнде газды жеткізу үшiн, сондай-ақ газ құбырларында апаттық жағдайлар туындаған кезде қажеттi газ қоймасындағы газдың ең аз қоры;

уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

 монополияға қарсы орган - табиғи монополия субъектілерiнiң қызметiн бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-бөлім. Газды жеткізу мен тасымалдаудың тәртібі

3-тарау. Газды жеткізу тәртібі

5. Газды жеткізу осы Ереженiң және басқа да құқықтық нормативтік актiлердiң талаптарына сәйкес жеткізуші мен тұтынушы арасындағы газ жеткізуге байланысты жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Газды жеткізу жөнiнде шарт жасасуға ұсынысты жеткізушi, әдетте, газ алуға байланысты алдын-ала өтiнiм бiлдiрген тұтынушыға жiбередi.

6. Абоненттер заңмен белгiленген тәртiпте пәтер иелерi кооперативтерiне немесе кондоминиум объектiсiн басқаруды жүзеге асырушы өзге де жеке немесе заңды тұлғаға шарт жасасу жөніндегі өз өкiлеттiктерiн табыстауға құқылы. Бұл ретте шарт жасасу жөнiнде өкілеттіктердi табыстау, әдетте, жеткізушiнiң атына жiберiлетiн абоненттің (абоненттердiң) өтiнiмiмен немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының хаттамасымен ресiмделедi.

7. Тұтынушыларды газдандыру мүмкiндiгiн газ тарату тораптары магистральдық газ құбырлары мен елдi мекендегi газ тарату тораптарының өткізу қабiлетiн есепке ала отырып анықтайды.

8. Газды жеткізуге шарт жасасудың шарттары газды тиiсiнше жеткізу үшiн құқықтық, техникалық (технологиялық) және ұйымдастырушылық шарттардың бар-жоқтығы болып табылады, оның iшiнде:

тұтынушы тарапынан - газ тұтыну қондырғылары, жабдықтарының ақауы жоқтығын растайтын газ жабдықтарын пайдалану жөніндегі рұқсат құжаттарының бар-жоғы;

жеткізушi тарапынан - газ көлемiнiң сәйкестiгiн растайтын құжаттарының (ресурстық анықтама, газды сатып алу жөніндегі келісім-шарттың нотариус растаған көшiрмесi) бар-жоқтығы.

9. Ереженiң 7-тармағында белгiленген жағдайлар болмаған кезде, тараптар шарт жасаспауға немесе сондай жағдайлар туындағанға дейiн оның қызметін тоқтата тұруға құқылы.

10. Резервтiк ретiнде отынның басқа түрi белгiленген тұтынушылармен жасалған шарттарда мiндеттi түрде тұтынушының күз-қыс кезеңiнде газ шығынын газ тұтыну броны деңгейiне дейiн қысқарту жөнiндегі мiндеттемесi көзделедi.

11. Тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету газ тарату тораптарының тиiстi техникалық жай-күйi, тұтынушылар бiрыңғай газ торабын, құралдар мен жабдықтарды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк шараларын сақтаған кезде жүргiзiледi.

Тұтынушы қауiпсiз пайдалану шарттарын бұзған кезде жеткізушi, тасымалдаушы бiржақты тәртiппен тұтынушы ереже бұзушылықты жойғанға дейiн газ берудi тоқтата тұруға құқылы.

12. Жеткізушi газ жеткізудiң белгiленген орташа тәулiктiк нормасы шегiнде ай бойы тең мөлшерде, ал қажет кезiнде, тараптардың және тасымалдаушының келiсуi бойынша - диспетчерлiк кесте бойынша газды жеткізуге, ал тұтынушы (абоненттердi қоспағанда) алуға (iрiктеп алуға) мiндеттi.

13. Күз-қыс кезеңдеріндегі ауа-райының құбылуымен туындаған газ жеткізудiң (тұтынудың) орташа тәулiктiк нормасының асып кетуi жеткізушiлер газ иесiмен (егер жеткізушi газ иесi болмаса) және тасымалдаушымен келiсе отырып, газ қоймасындағы газдың технологиялық қоры есебiнен, сондай-ақ жеткізушiнiң басқа да көздерi есебiнен жабылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда мөлшерден тыс газ алу газ жеткізудiң (тұтынудың) орташа тәулiктiк нормасының 5%-нан асып кетуi мүмкiн емес.

14. Газ жеткізу (тұтыну) орташа тәулiктiк нормадан 5 % асқан кезде ол туралы тұтынушыға ескерткен сәттен бастап үш сағат өтiсiмен, жеткізушiнiң келісімi бойынша тасымалдаушыға газ жеткізудiң (тұтынудың) орташа тәулiктiк нормасына дейiн газ берудi мәжбүрлi түрде шектеу жүргiзуге құқық берiледi.

15. Ай сайын газ жеткізудiң (тұтынудың) әркелкiлiгiне тек тұрғындардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттерiне жеткізу кезiнде жол берiледi.

Коммуналдық-тұрмыстық ұйымдарды жылу энергиясымен қамтамасыз ететiн қазандықтар мен жылу электр станцияларына газ берудiң әркелкiлiгiне жеткізушi мен тұтынушы арасында жасалған шарт пен осы Ереженiң талаптарында айтылған нормалар шегiнде жол беріледi.

16. Жеткізушiнiң келісімiнсiз газды артық жұмсаған кезде, тұтынушы қосымша шартта белгіленген көлемнен тыс алынған (алынып қойылған) газ көлемiнiң құнын және әрбiр тәулiктер үшiн газ тасымалының құнын мынадай коэффициент қолданғанымен төлейдi:

15 сәуiрден бастап 15 қазанға дейiн - 1,2;

15 қазаннан бастап 15 сәуiрге дейiн - 1,5.

Осы ереже абоненттердiң жұмсаған газ көлемi үшiн қолданылмайды.

17. Жеткізу және тасымалдау шартында көзделген газ қысымы оны тұтынушылар газ жеткізудiң тәулiктік нормасы шегiнде алған жағдайда сақталады.

18. Апат жағдайлары және басқа да тежеусiз күштердiң басқа да жағдаяттарымен туындаған газ жеткізулердiң шектеулерi жағдайда жеткізушiнiң ұсынысы бойынша және жергiлiктi атқару органдары төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік органның келісімi бойынша тұтынушыларды газ тарату желiлерiнен ажырату кезегiне қоюға дейiн бара отырып, тұтынушыларға газ жеткізудi шектеу кестесiн бекiтедi. Бекiтiлген кестелердi газ таратушы мекемелер диспетчерлiк қызмет арқылы тұтынушыларға жеткізеді.

19. Газ толық алынбаған кезде тұтынушы кейiн тәулiктiк норма шегінде газ жеткiзiлiмдерiн талап етуге құқылы.

20. Қазақстанға газ импорт арқылы келген жағдайда жеткізушi тасымалдауға шарт жасасқан соң, импортталатын газдың уақытында және тиiсті кедендiк ресiмдеуiн жасайды.

4-тарау. Газды тасымалдау тәртібі

21. Газ тасымалдау газ тасымалдау шарты негiзiнде жүзеге асырылады. Газ тасымалдау туралы шарт жасасуға ұсынысты тасымалдаушы, әдетте, газ тасымалдауға алдын-ала өтiнiм білдiрген жеткізушіге жолдайды.

22. Газ тасымалдау шартының жағдайлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тұрпаттық шартқа сәйкес келуi тиiс.

Тұрпаттық шарттың жағдайлары тараптардың келісімiмен толықтырылуы мүмкін.

23. Газ тасымалдауға шарт жасасудың негiзi жеткізушiнiң тиiстi көлемдегi газдың (ресурстық анықтама, газды сатып алу шарттың нотариалды расталған көшiрмесi және басқа да құжаттар), газ жеткізу шартының бар-жоқтығын құжаттық растауы болып табылады.

24. Газ тасымалдау шарттары Ережемен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен, сондай-ақ газ тасымалдау шартының жағдайларымен реттеледi.

5-тарау. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы

өтетiн газ транзитінің тәртібі

25. Үшiншi елдерге газ экспорттайтын жеткізушiлер мен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газ транзитiн жүзеге асыратын жеткізушiлердiң (тұтынушылардың) газ тасымалдау жүйесiн, оның iшiнде газ қоймаларын пайдалану, сондай-ақ газ транзитіне байланысты өтiнiмдердi қарау Ережеге, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ газ тасымалдаушы ұйым мен жеткізушiлер (тұтынушылар) арасындағы газ транзиті шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

26. Үшiншi елдерге газ транзитіне өтiнiмдi қарау үшiн жеткізуші Ереженiң 19-тармағына сәйкес құжаттарға қосымша аумағы арқылы газ тасымалы жүзеге асырылатын елдердегi газ құбырлары иелерiнiң мәлiм еткен көлемдегi газды тасымалдауға жазбаша рұқсатын қоса ұсынады.

6-тарау. Газ тасымалдау жүйесiне қол жеткізудiң

шарттары мен тәртібі

27. Тасымалдаушы мынадай жағдайларда жеткізушінің газ тасымалдау жүйесіне кез-келген уақытта еркiн қол жеткізуiн қамтамасыз етуге және газ тасымалдау шартына қол қоюға мiндеттi:

1) газ тасымалдау жүйесіндегі мәлімделген газ көлемiн оны жеткізудiң барлық кезеңiнде қосылған жерден бастап газды алу орнына дейiн тасымалдауға бос қуаттар болғанда;

2) жеткiзілетiн газдың сапасы, егер Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерiмен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес болғанда.

28. Жеткізушi газ тарату жүйесiне қол жеткізудi алу үшiн мынадай негiзгi мәлiметтерi бар өтінімді ұсынады: жеткізушінің реквизиттерi, жеткізушiнiң деректемелерi, газ жеткізудiң көзi, көлемдерi мен мерзiмдерi, сондай-ақ Ереженiң 7-тармағында көрсетілген құжаттар.

29. Тасымалдаушы газ тасымалдаудың шектеулі көлемiнде газ тасымалдауға өтінімдер бойынша шешiмдi тұтынушылардың басымдылығы мен төлем шарттарына қарай қабылдайды.

30. Жеткізушi тасымалдаушының сұранымды жартылай қанағаттандыру туралы қабылдаған шешiмiмен келiспеген немесе шарт жасасудан бас тартуы кезiнде жеткізуші уәкiлеттi органға арыздануға құқылы. Уәкiлеттi орган он күн мерзiм iшiнде, қажет кезде, тәуелсіз сарапшы ұйымдар мен тасымалдаушыны тартумен ұсынылған материалдарды қарап, жеткізушi мен тасымалдаушы орындауға мiндеттi шешiм қабылдайды. Уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртібімен шағымдануға болады.

31. Тасымалдаушы:

1) уәкілетті органның сұрауы бойынша газ тасымалдау жүйесiнде бос қуаттардың бар-жоқтығы туралы ақпарат пен белгiлi бір кезеңде белгілi бір учаскелерде газ тасымалдау жүйелерiнiң қуатын пайдалану бағдарламасын ұсынуға;

2) тасымалдаушының мiндеттемелерiн орындауға ықпал ететiн жоспарланып отырған жөндеу және профилактикалық жұмыстар туралы тұтынушыларды хабардар етуге мiндеттi.

32. Газ тасымалдау жүйесiне жаңадан жабдықталған газ құбырын қосу үшiн жұмсалатын барлық шығындарды, егер тасымалдаушымен жасалған келісімде басқаша белгiленбесе, құбырды осындай қосуға ынтагер төлейтiн болады.

7-тарау. Газдың есебiн алу тәртібі

33. Газды жеткізуге, тасымалдауға және алуға оның көлемiн есептемейiнше жол берiлмейдi.

34. Қолданыстағы стандартқа сәйкес газ көлемiнiң өлшем бiрлiгiне Цельсий бойынша 20 градус температурасы және сынап бағанасының 760 мм қысымы кезіндегі бiр текше метр газ қабылданады.

35. Магистралдық газ құбырларындағы тасымалданған газ көлемiнiң есебi, әдетте, газ тарату станцияларында орнатылған газ тасымалдау ұйымдарының газ есептеу құралдары бойынша, олар болмаса немесе бұзылған жағдайда - әдетте, газды қабылдау (беру) пункттерiнде орнатылған газ тасымалдау ұйымдарының газ есептеу құралдары бойынша немесе есептеу жолымен жүргiзiледi.

Газ тарату ұйымының газ тарату құбырлары арқылы тасымалданған газ көлемiнiң есебi, әдетте, газды қабылдау (беру) пункттерiнде орнатылған газ есептеу құралдары бойынша немесе есептесу жолымен жүргiзіледi.

Тасымалданған газ көлемiнiң есебi тараптардың өкiлдерi қол қойған актiмен ресiмделедi. Акт нысаны мен оның жасалу мерзiмi газ тасымалы шартында айтылады.

36. Абоненттер пайдаланатын газ көлемiнiң есебi:

жеке есептеу құралдары бойынша;

ұжымдық:

көп қабатты үйлердiң кіреберiстерiнде орнатылған не жалпы үй iшілiк; жеке үйлер үшiн реттегiш шкафтарда немесе газ реттейтiн пункттерде орнатылған ұжымдық есептеу құралдары бойынша;

жеке немесе ұжымдық есептеу құралдары болмаған жағдайда, тиiсті мемлекеттік орган бекiткен тұтыну нормалары бойынша жүргiзiледi.

37. Тұтынушылардың өндiрiстiк-шаруашылық қажеттерiне пайдаланған газ көлемiнiң есебi:

газ қабылдау (беру) пункттерiнде орнатылған есептеу құралдары бойынша;

есептеу құралдары болмаған жағдайда, газ тұтынушы қондырғының қуаттылығы бойынша жүргiзiледi.

38. Тасымалдаушы ай сайын есептi айдан кейiн келетiн айдың 5-не дейiн тасымалданған газдың тәулiктiк көлемiн көрсетумен берiлген (қабылданған) газ көлемiне акт жасап, оны газ тасымалдау шартының екiншi тарабына жолдайды. Екiншi тарап үш күн iшiнде актіге қол қояды не, берілген газдың көрсетілген көлемiмен келiспеген жағдайда, тасымалдаушыға өзінің келiспеушiлiк хаттамасын жiбередi, ол алған сәттен бастап бес күн iшiнде қаралады.

39. Берiлген (қабылданған) газ көлемiне байланысты дау болған жағдайда олар шарттың ережелерiне сәйкес немесе сотта шешілуге жатады.

40. Сот шешiм қабылдағанға дейiн берiлген (қабылданған) газдың көлемi газ тасымалдау ұйымдарының газ есептеу құралдарының көрсеткiштерiне сәйкес белгiленедi.

41. Берiлген (қабылданған) газ көлемiнiң есебi газ есептеу аспаптарын пайдалану нұсқаулықтарына сәйкес жүргiзiледi.

42. Газ есептеу аспаптарын қолдану мен тексеру Қазақстан Республикасының «Өлшеу бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтiк актілеріне сәйкес жүргiзiледi.

43. Газ есептеу аспаптарын орнатуды тиiстi лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.

44. Газ есептеу аспаптарын сатып алу мен орнатуды қаржыландыру тасымалдаушының жеке немесе қарыздық қаражаты есебiнен жүргiзiледi. Тұтынушы алынған немесе орнатылған есептеу аспаптары үшiн тасымалдаушының шығындарын газ тасымалдаудың тарифi арқылы өтейдi.

45. Тұтынушының есептеу аспабын өзi сатып алуға құқылы, бұл ретте оны орнату жөніндегі шығынды есептеу аспабын орнатқан ұйым мен тұтынушы арасындағы шарт бойынша немесе газ тасымалдау тарифi арқылы өтейдi.

46. Газ құбырларындағы газ есептеу аспаптарының техникалық жай-күйi мен тексеру үшiн жауапкершiлiк газ құбырларының иелерiне (жалға алушыларға), ал өзге жағдайларда - газ есептеу аспаптары орнатылған тұтынушыларға жүктеледi.

Шарттың әрбiр тарабы келесi тараптың уәкiлеттi өкiлiне газ есептеу аспаптарын, оның мемлекеттік тексеруден өткендігі туралы қолданыстағы куәлігінiң бар-жоғын тексеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндетті.

47. Абоненттiң газ есептеу құралдары кiреберiстерде, баспалдақ торларында, дәлiздер мен жекелеген пәтерлерде, жеке үйлерде орнатылуы мүмкін.

Абонент газ есептеу құралдарына еркiн қол жеткізудi қамтамасыз етуге мiндеттi.

48. Абонент оның пәтерiнде немесе жеке үйiнде орнатылған газ есептеу аспабының сақталуы мен бүтiндiгi үшiн жауапкершілікте болады.

Газды есептеу аспаптары көп қабатты үйлердiң кiреберiстерiнде, баспалдақ торларында, дәлiздерiнде орнатылған кезде, олардың сақталуы мен бүтiндiгi үшiн жауапкершілік тұрғын пәтерлер мен үйлердiң иелерiне (жалға алушыларға) немесе пәтерлердiң меншiк иелерiнiң кооператорларына жүктеледi.

49. Абоненттiң (пәтерлердiң меншiк иелерi немесе иегерлерi) кiреберiстерде, баспалдақ торларында, дәлiздерде орнатылған газ есептеу аспаптарын белгiсiз бiреулер сындырған немесе ұрлаған жағдайда, пәтерлердiң меншiк иелерi (иегерлерi), егер тараптардың келісімдерiнде басқаша көзделмеген болса, бiр ай iшiнде қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу аспабын қалпына келтiрген сәтке дейiн абонент өзiн газ желісіне қосуды талап етуге құқылы.

50. Газ есептеудi ұйымдастырумен байланысты және Ережемен реттелмеген мәселелер уәкiлеттi орган монополияға қарсы органмен келісіп анықтаған тәртіпте реттеледi.

8-тарау. Газдың жеткiзiлуi мен оны тасымалдау

үшiн есеп айырысу

51. Газды жеткізу, алу және тасымалдау жасалған шартқа сәйкес өтемдi негiзде жүзеге асырылады.

52. Газ бағасы мен оны тасымалдау тарифi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi шарттарда көрсетiледi.

53. Жеткiзiлген газ үшiн есеп айырысу мен төлем мерзiмi аванстық төлемдер қолданыла отырып, тиiстi шарттармен белгiленедi.

54. Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшiн арналған газды газ құбырларымен тасымалдауға және газ қоймаларында сақтауға тарифтер белгiлеу, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

55. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы газдың транзитi, қазақстандық газдың экспорты мен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс газды сақтау жөніндегі қызмет көрсету тарифтердi транзит, экспорт немесе сақтау тараптар шарттарымен шарттық негiзде белгiленедi.

3-бөлім. Газ сатудың тәртібі

9-тарау. Газ тұтынушыларды жiктеу

56. Тұтынушылар газбен қамтамасыз етiлу басымдығына қарай мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) газды тұрмыстық мақсатқа пайдаланатын тұрғындар;

2) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер;

3) үздiксiз технология процесiнде өнiм шығару үшiн газды шикiзат немесе отын ретiнде қолданатын тұтынушылар;

4) газбен жабдықталуы заңнамамен белгiленген тәртiппен көктем-қыс кезеңдерiнде отынның резервтiк түрiне жартылай немесе тұтастай ауыстырылу жолымен реттелетiн электр станциялары мен өнеркәсiптік кәсiпорындар;

5) қалған тұтынушылар.

4-бөлім. Тараптардың газды жеткізу, тасымалдау және

сату жөніндегі құқықтары мен міндеттері

10-тарау. Тараптардың шарт жөніндегi құқықтары мен мiндеттерi

57. Тараптар Ережеге және Қазақстан Республикасының басқа да құқықтық нормативтiк актілерiне сәйкес шарттың мiндеттемелерiн орындауға жауапкершілікте болады.

58. Тасымалдаушы:

1) жеткізушi газ сапасы жөніндегі талаптарды бұзған;

2) газды қабылдау (беру) пунктiне дейiн жете жеткiзбеген;

3) жеткізушi газды қабылдау (беру) пунктiне дейiн жеткізу көлемiн төмендеткен;

4) газды қабылдау (беру) пунктiнде газдың қысымы төмендеткен;

5) Ереженiң 3-тарауына сәйкес тұтынушылар газды орташа тәулiктiк тұтыну нормасынан 5 %-ке қарағанда артық тұтынған;

6) жеткізушi және/немесе тұтынушы тасымалдау шартында көзделген тасымалдаушының қызметi мен айыптау санкцияларын төлеу туралы шарт жағдайын орындамаған жағдайда;

7) тежеусiз күштер жағдаяттарының болуы, соның iшiнде қондырғылар мен газ тасымалдау жүйесiнiң немесе жабдықтың механикалық зақымдануы сияқты, газ тасымалдау жүйесiнде апаттар немесе апаттық жағдайлар туындағанда газ тасымалдауды шектеуге немесе тоқтатуға құқығы бap.

59. Тасымалдаушы:

1) газ тасымалдау шартының ережелерiне сәйкес бiрқалыпты және үздiксiз газ тасымалын қамтамасыз етуге;

2) газ есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiн тексеру мақсатында техникалық қауiпсiздiк нормалары талаптарына қатаң сәйкестiкте газ есептеу құралдарына қол жеткізудi қамтамасыз етуге;

3) газ тасымалдау шартының ережелерiне сәйкес газбен жабдықтау режимiнiң болуы мүмкiн өзгерістерi туралы жеткізушiге, тұтынушыға хабарлауға мiндеттi.

60. Жеткізушi:

1) газ үшін дер кезiнде және толық көлемде төлем алуға;

2) газды тұтыну мен дер кезiнде төлем жасау үшiн бақылауды жүзеге асыруға;

3) тұтынушылар:

газға төлем төлеу тәртібін;

газ жабдықтарын қауiпсiз пайдалану және есебiн алу аспаптарын пайдалану талаптарын бұзған жағдайда бiржақты тәртіппен газ берудi тоқтатуға құқылы.

61. Жеткізушi:

1) нормативтiк талаптарға сай газ сапасын қамтамасыз етуге мiндеттi; жеткізілген газдың сапасына байланысты келiспеушiлiктер болған кезде жеткізуші, тасымалдаушы және тұтынушы мұндай келіспеушіліктерді шарт жағдайларына сәйкес шешедi.

Газдың сапасына бойынша даулар мен келiспеушiлiктердi реттеу мүмкiн болмаған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қаралады;

2) тұтынушыларды газдың тарифi, төлем шарты, газбен жабдықтау режимi туралы хабардар етуге;

3) шартта белгiленген мерзiмде жеткiзiлетiн газдың мөлшерi мен сапасын қадағалау және есебiн жүргiзу, тұтынушыға жеткiзiлетiн газдың сапасын бұзуды болдырмау және алдын-алу жөнiнде дер кезiнде шаралар қабылдауға;

4) газдың сапасы мен оның төлем мөлшерiнiң өзгеретiнi туралы тұтынушыларға 10 күннен кешiктiрмей хабарлауға;

5) газ тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетулерге дер кезiнде төлем жасауға;

6) тасымалдаушыға оның талабы бойынша мынадай ақпаратты: тұтынушылар санын, тұтыну көлемiн, тұтынушыларда орнатылған газ есептеу аспаптарының түрлерi мен газ есептеу аспаптарының көрсеткiштерiн, тұтынушыларда орнатылған газ тұтыну қондырғыларының тiзбесi мен түрлерiн беруге;

7) тұтынылған газдың көлемiн бақылауға;

8) газ тарату ұйымдарының пайдаланушылық жауапкершiлiк шекараларынан бастап әрбiр абонентке дейiнгi туындаған газ шығынының есебiн жүргiзуге, соның iшiнде рұқсатсыз газ алуды қадағалауға және алдын алуға;

9) тұтынушылармен газ жеткізуге шарт жасасуға;

10) Ереженiң 8-тарауына сәйкес тұтынушыға ай сайын төлем шотын көрсетуге мiндеттi.

62. Тұтынушы:

1) газ жеткізу мен оны тасымалдау жөніндегі шартта айтылған сапа мен санда газды пайдалануға және алуға;

2) заңнамамен белгiленген тәртiппен және шарттың талаптарына сәйкес газ бен оны тасымалдау қызметінің тарифтері туралы ақпарат алуға;

3) газды жеткізу мен оны тасымалдау шартында көрсетілмеген үзілiстер уақыты үшiн газға және оны тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге төлем жасамауға;

4) газды жеткізушiлермен, тасымалдаушылармен шартты, егер алдын ала жеткізушiге, тасымалдаушыға ескертiлген және газ және оны тасымалдау жөніндегi қызметтер көрсетулер үшiн толық төлем жасаған жағдайда бiр жақты бұзуға құқығы бар.

63. Тұтынушы:

1) газды пайдалану кезiнде қауiпсiздiк техникасы талаптарын сақтауға;

2) тасымалдаушы, жеткізушi немесе мамандандырылған ұйым өкілдерінiң апаттарды жою, жөндеу жұмыстарын жүргiзу, есептеу және бақылау аспаптарын байқап көру үшiн газ есептеу құралдарына, газ құралдары мен қондырғыларына қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;

3) газды шарт ережелерiне сәйкес пайдалануға;

4) жеткізушiмен газбен жабдықтау шартын жасасуға мiндеттi.

64. Тұтынушыға:

1) жеткізушiнiң, тасымалдаушының келісімiнсiз үйдiң iшіндегі, пәтердiң iшіндегі газ құбырлары мен газ қондырғыларын қайта жабдықтауға;

2) қолда бар газ есептеу схемасына (жүйесiне) өзгерістер енгiзуге тыйым салынады.

65. Тасымалдаушы мен тұтынушы газ жеткізу не қабылдау режимiн бұзуға әкелiп соғатын газбен қамту объектiлеріндегі ақаулар мен апаттар жөнiнде бiр-бiрiне жедел хабар берiп отыруға мiндеттi.

66. Тасымалдаушы жеткізушiнiң өтiнiмi бойынша тұтынушылардың газ тұтыну режимi туралы жедел ақпарат бередi.

67. Жеткізушiге:

1) басқа тұтынушылардың талаптарды орындамау салдарынан, егер шартта көрсетiлмесе немесе мiндеттiлiк мәнiнен туындамаса, тұтынушының газ алуын шектеуге немесе бермеуге;

2) тұтынушылардан ай сайынғы жеткiзген газ үшiн шот бермей тұрып төлем жасауын талап етуге тыйым салынады.

11-тарау. Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

68. Жеткізушi, тасымалдаушы және тұтынушы Қазақстан Республикасының заңнамасына және шарттарға сәйкес Ереженi бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болады.

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2003 жылғы 11 маусымдағы

№ 568 қаулысымен

бекітілген

 

 

Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу,

тасымалдау және пайдалану ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында сұйытылған көмiрсутектi газдарды (бұдан әрi - СКСГ) пайдалану саласында бiрыңғай техникалық және есептік саясат жүргiзу мақсатында түрлi меншiк нысанындағы ұйымдардың қызметiн белгiлейді.

2. Ереже СКСГ-нi өндiретiн, тасымалдайтын, тарататын және тұтынатын, сондай-ақ CKCГ жабдықтау жүйелерiн жобалау салу-монтаждау пайдалану және iске қосу-баптау жұмыстарымен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндеттi болып табылады.

3. Тұрғын үй-жайларды газбен жабдықтаумен байланысты мәселелер осы Ережемен реттеледi.

4. Жаңадан салынатын, жобаланатын және қайта жаңғыртылатын үймереттер, газ толтыру станциялары, газ толтыруы пункттерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiпте жұмыстарды қауіпсiз жүргiзудi қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегi мемлекеттік комитетi 1993 жылғы 15 сәуiрде бекiткен Газ шаруашылығындағы қауіпсiздiк ережесінің (бұдан әрi - Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесi), осы Ереженiң және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес орындалуы тиiс.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Газбен жабдықтау жүйелерiн жобалаумен, салумен, пайдаланумен және iске қосумен және реттеумен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлер мен қызмет көрсететiн персонал, газ-көлiк ұйымдарының қызметкерлерi мен персоналы, сондай-ақ газ шаруашылықтары үшiн кадрлар дайындау жөніндегі курстар мен оқу комбинаттарының оқытушылары Ереженi, Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесін және жабдықтарды, объектілердi қауiпсiз пайдалану жөніндегi басқа да нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық құжаттардың ережелерiн бiлуге аттестациялауға жатады және жұмысқа жiберiлер алдында Газ шаруашылығының қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес газ тораптық ұйымдағы комиссияға емтихан тапсырулары тиiс.

6. Газ шаруашылығы объектiлерiн жобалаумен, салумен, пайдаланумен, сондай-ақ газ құбырлары бойынша, темiржол цистерналарымен және автогазтасымалдағыштармен СКСГ-ны тасымалдаумен, тұтынушыларды газбен қамтамасыз етумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың қызметiн лицензиялау «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына және осы қызметтi реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.

2. Терминдер мен анықтамалар

ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 870 (бұр.ред.қара); 2008.16.01. № 22 (бұр.ред.қара); 2010.22.12. № 1398 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді

7. Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

абонент - қайта сату құқығынсыз өз қажетi үшiн газ сатып алуға шарт жасасқан жеке тұлға;

газбалонды құрылғы - бiр немесе бiр топ пәтердi газбен қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнеркәсiптiк мақсаттарда пайдаланылатын тұрмыстық газ баллонынан, газ құбырлары жүйесінен, қысымның жеке реттеушiсінен тұратын құрылма;

газды пайдаланатын қондырғылар - газды отын ретiнде пайдаланушы қазандар, өндiрiстiк пештер және басқа да қондырғылар;

газ толтыру станциясы - газды қабылдап алуды, сақтауды, тұрмыстық баллондарға, автогазтасымалдағыштарға құюды, газды тұтынушыларға босатуды, газ баллондары мен сақтандыру-бекiтпе арматураларын жөндеудің барлық түрлерiн, қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстардың iшкi байқауы мен гидравликалық сыналуын, одан әрi пайдалануға жатпайтын баллондарды жою мен ұқсатуды жүзеге асырушы газ шаруашылығының объектісі;

газ толтыру пунктi - газды қабылдап алу, сақтау, тұрмыстық баллондарға, автогазтасымалдағышқа құюды; газды тұтынушыларға босатуды жүзеге асырушы газ шаруашылығының объектiсi;

газ тораптық ұйым - өзiне газ толтыратын станцияны немесе газ толтыратын бекеттi, газбен жабдықтау жүйесін пайдалану қызметін, оның ішінде апаттық-диспетчерлiк қызметтi, орталық диспетчерлік қызметтi, үй ішілік газ қызметiн көрсететін бригаданы, зертхананы, өндiрiстiк-техникалық бөлiмдi, азаматтық қорғанысты қалыптастыруды, техника қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау бөлiмiн қамтитын газ шаруашылығының объектiлерiн, өнеркәсiп базаларын пайдалануға және техникалық қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар мамандандырылған ұйым болып табылатын газ шаруашылығының ұйымы;

топтық резервуарлық қондырғы - тұрғын үй ауқымына газ берудi қамтамасыз ететiн сақтандыру-бекiтпе және берiлген режимде реттеушi арматурасы бар СКСГ-ны сақтауды қамтамасыз етуге арналған, ыдыстар тобынан, ыдыстан үй ішілік газ құбырына дейiнгi СКСГ-ны тасымалдауды қамтамасыз ететiн газ құбырлары жүйесiнен тұратын газ шаруашылығының объектiсi болып табылатын үймерет;

тасымалдаушы - CKCГ-ны тасымалдауды жүзеге асыру үшiн тиiстi рұқсаттық құжаттар алған меншiгiнде немесе жалға алған немесе өзге де заңды құқықта газ құбырлары бар және/немесе мамандандырылған темiржол, су (өзен немесе теңiз) және/немесе автомобиль паркi бар заңды немесе жеке тұлға;

жеткізуші - CKCГ-ны өндiрудi немесе көтере жеткізудi жүзеге асырушы газмұнай өңдейтiн зауыттар немесе өзге де ұйымдар;

тұтынушы - Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережесінің талаптарына сәйкес сұйытылған газды пайдалану құқығына рұқсаты бар, өзi тұтыну үшiн немесе кейiн сату мақсатында СКСГ-ны сатып алуға шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлғалар;

сұйытылған көмiрсутектi газдар немесе СКСГ - газмұнай өңдеу зауыттарында өндiрілетiн мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетін, қалыпты жағдайда газ түрінде, ал шамалы артық қысымда-сұйық күйде болатын көмiрсутектердің қоспасы;

газбен жабдықтау жүйесі - газ құбырлары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, газбаллонды қондырғылар, газ құбырларындағы үймереттер, электр- химиялық коррозиядан қорғау құралдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ғимараттарының, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындардың, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдықтары;

уәкілетті орган - мұнай-газ өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

 газ жабдығы - газ құбырларының құрамдас элементі ретінде пайдаланылатын толық зауыттық дайын күйдегі техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, құбырлық бекітпе арматура, газ аспаптары), газды пайдаланатын қондырғылар.

 

3. СКСГ-ды тасымалдау

8. Тасымалдаушы СКСГ-ны тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тасымалдауға тапсырыс берушiмен жасалған шарттың негiзінде жеткізушіден газтораптық ұйымдарға дейiн жүзеге асырады.

9. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден СКСГ-ны тасымалдау кезiнде тасымалдаушы кедендiк бақылау органдарына СКСГ-мен байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияны және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес басқа да құжаттарды ұсынуы тиiс.

10. Жеткізушi (тұтынушы) CKCГ-ны газ толтыру станциясына немесе газ толтыру пункттерiне дейiн тасымалдауға өтінім беруге және шарт жасасуға құқылы. Бұл үшiн өтiнуші CKCГ-ны иелену құқығына ресурстық анықтама мен газ толтыру станциясына немесе газ толтыру пункттерiмен мәлімделген газ көлемiн жауапты сақтауға жасасқан шартты ұсынуы қажет (соңғысы газтораптық ұйым тұтынушы болып табылған жағдайда ұсынылмайды).

11. Тасымалдаушы СКСГ-ны тасымалдауға өтiнiм түскеннен кейiн 10 (он) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өтінім берушiге қол қою үшін шарттың жобасын немесе уәждi бас тартуды жолдайды.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 4-тарау өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Тұтынушылармен СКСГ-ны беруге шарттар жасасу

және газ тораптық ұйымының қызметтерін беру

тәртібі

 

12. Газтораптық ұйымдар мен СКСГ-ны тұтынушылар арасында СКСГ-ны беруге шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулыларымен 12-1-тармақпен толықтырылды

12-1. Табиғи монополия саласында қызметін жүзеге асыратын газ тораптық ұйымдар табиғи монополиялар саласына жатпайтын өзге қызметті табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулыларымен 12-2-тармақпен толықтырылды

12-2. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу тәртібі мен шарттары табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тиісті үлгі шартпен айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулыларымен 12-3-тармақпен толықтырылды

12-3. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне қол жеткізуге рұқсат беру табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

13. CKCГ-ны тұтынушылар (абоненттерден басқа) газтораптық ұйымдармен шарт жасасқанға дейін төтенше жағдайлар жөніндегi аумақтық органдардан СКСГ-ны пайдалану құқығына рұқсат алуға міндеттi.

14. Тұтынушыларды (абоненттердi) көп қабатты тұрғын үйлердегi пәтерлердің (үй-жайлардың) меншiк иелерiн (жалгерлердi) газбен жабдықтау топтық резервуарлық қондырғылар арқылы пәтердің меншiк иесi (жалгер) және газтораптық ұйым арасындағы газды тасымалдау үшiн жасалған шарт ережелерi негiзiнде немесе кондоминиум объектiсiн басқару органы мен газтораптық ұйым арасында жасалған шарт ережелерi негiзiнде жүзеге асырылады.

15. Топтық резервуарлық қондырғысы бар және тұрғын үй-жайларды жылыту, ыстық су дайындау үшiн СКСГ-ны пайдаланатын жеке тұрғын үй иелерiн газбен жабдықтау топтық резервуарлық қондырғысы бар иегер мен газтораптық ұйым арасындағы шарт ережелерi негiзiнде жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Абоненттерге баллондардағы газды сату шарт жасаспай-ақ, өтiнiм бойынша жүзеге асырылады.

Газтораптық ұйым абонентке сатылатын әрбiр баллонға кепiлдiк сапа талонын беруге мiндеттi.

17. Газтораптық ұйым және/немесе тұтынушы газды баллондарда сатып алушы абоненттердi есепке алуға, абоненттiк нөмiр беруге, газбаллондық қондырғылардың авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуi қамтамасыз етуге міндеттi.

18. CKCГ-ы бар баллонды тұтынушы баллонның техникалық жай-күйіне жауапкершiлiкте болатын газтораптық ұйымнан сатып алуы тиiс. Тұтынушы жеке газбаллондық қондырғыны пайдалану кезiнде газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк техникаларының ережелерiн сақтауға жауапкершілікте болады.

Егер абонент кепiл талонынсыз, күдiктi көздерден газ сатып алса, баллонды өздiгiнен қысымды реттегішке қосса, баллонның қауiпсiз пайдаланылуына және оның техникалық жай-күйiне абонент баллонды пайдаланудың барлық кезеңiнде жауапкершiлiкте болады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. СКСГ-ның шығысын есепке алу және оны тұтынғаны үшін есеп айырысу

 

19. Газ толтыру станцияларынан, газ толтыру пункттерiнен СКСГ-ны босату салмақтық әдiспен жүзеге асырылады.

20. Баллонға құйылатын CKCГ-ың мөлшерi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптегi жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және тау-кен қадағалау жөніндегi мемлекеттік комитетi 1994 жылғы 21 сәуiрде бекiткен Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату мен қауiпсiз пайдалану ережесінің (бұдан әрi - Қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды орнату мен қауiпсiз пайдалану ережесi) талаптарына сай болуы тиiс.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

21. Газ толтыру станцияларынан, газ толтыру бекеттерiнен СКСГ-ны босату кезiнде автоцистерналардағы құйылған СКСГ-ың мөлшерi автомобильдiк таразыларда анықталады.

Автогазтасымалдағыштарды өлшеу толтырылғанға дейiн және одан кейiн жүргiзiледi; айырма құйылған газдың килограмдағы санын анықтайды.

Газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде, топтық резервуарлық қондырғыларда газ тораптық ұйымның СКСГ-ның шығысын есепке алуы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құжатпен белгіленеді.

22. Тұтынушының талап етуi бойынша жеткізуші автогазтасымалдағыштарға бақылаулық өлшеу жүргiзуге мiндеттi; бақылаулық өлшеу нәтижелерi бойынша тиiстi кесiм жасалады.

Бақылаулық өлшеу нәтижелері бойынша жеткізушi көрсеткен салмақ сәйкес болған жағдайда оны жүргiзуге кеткен шығындарды тұтынушы төлейдi; бақылаулық өлшеу нәтижелерi бойынша СКСГ-ың жетiспеу фактiсi анықталған жағдайда барлық шығындарды жеткізушi төлейдi. Бұл ретте жеткізушi тұтынушыға жетпеген газ көлемiн толтыруға немесе жетпеген көлемнің ақшалай түрдегi құнын өтеуге міндеттi.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 22-1-тармақпен толықтырылды

22-1. Топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыларға бөлінген СКСГ-ның мөлшері көлемдік әдіспен анықталады және тұтынушылардың газдың коммерциялық есебін алу аспаптарының көрсеткіштерін немесе газдың коммерциялық есебін алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар пайдаланған және тұтыну нормасы бойынша есептелген газ көлемін жиынтықтау жолымен есептеледі.

23. Көп қабатты тұрғын үйлердi газбен жабдықтау кезiнде топтық резервуарлық қондырғылардан әрбiр жеке пәтер пайдаланған газ санының есебi газды есептеу аспабының көмегiмен, ол болмағанда - тиiстi мемлекеттік орган бекiткен тұтыну нормасы бойынша анықталады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды

23-1. Тұтынушылардың оларға СКСГ-ны жеткізгені үшін есеп айырысуы заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленетін бағаларға сәйкес жүргізіледі.

Газ толтыру станцияларынан СКСГ-ны алатын тұтынушылар үшін бағалар СКСГ-ның бір килограмы үшін белгіленеді.

Коммерциялық есебін алу аспаптары бар тұтынушыларға бағалар СКСГ-ың бір текше метрі үшін белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 23-2-тармақпен толықтырылды

23-2. Тұтынушы тұтынған СКСГ үшін есеп айырысу газ тораптық ұйымның газды коммерциялық есепке алу аспаптарының мәліметтері негізінде жазып берген төлем құжаты бойынша СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 23-3-тармақпен толықтырылды

23-3. Абонентпен СКСГ-ны тұтынуды есепке алған деректер болмаған кезде, газ тораптық ұйым абоненттің газды коммерциялық есебін алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептесу арқылы тұтыну нормасы бойынша есеп айырысу жүргізеді.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 23-4-тармақпен толықтырылды

23-4. Тұтынушының кінәсінен емес және СКСГ-ны тұтынуды есепке алу деректерінің дұрыс еместігін тудырған газдың коммерциялық есебін алу аспабының бұзылуы айқындалған жағдайда, газ тораптық ұйым СКСГ-ны тұтынуды тұтыну нормасы бойынша қайта есепке алуды, бірақ алдыңғы өткен үш айдан аспайтын мерзімде жүргізеді. Егер коммерциялық есепке алуды көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаса, СКГС тұтыну есебінің тәртібі және есебін қалпына келтіру мерзімдері тұтынушы мен газ тораптық ұйым арасындағы келісім бойынша белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 23-5-тармақпен толықтырылды

23-5. Пәтерлерде тұрып жатқан абоненттердің санын есепке алуды газ тораптық ұйым жүзеге асырады.

Абоненттің пәтерінде тұрып жатқан адамдар санын есепке алу тәртібін айқындайтын шарттарды абонентпен СКСГ-ны жеткізуге арналған шартқа газ тораптық ұйым енгізеді.

6. Газбен жабдықтау жүйесiн жобалау үшiн қажеттi

құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптар

24. Жаңадан салынатын және жаңғыртылатын газбен жабдықтау объектiлерiн жобалау үшiн жеке немесе заңды тұлға (тапсырыс берушi) ұсынатын жобалау және техникалық шарттар тапсырмасы негiз болып табылады.

25. Газтораптық ұйым газбен жабдықтау жүйелерiнің объектiлерiн дамытуға техникалық ережелердi бере отырып:

топтық резервуарлық қондырғы ыдыстарының санын ұлғайтудың техникалық негіздемесін;

топтық резервуарлық қондырғыға, газ өткiзгiштер мен олардың үймереттерiне қойылатын техникалық талаптарды;

жерасты үймереттерiн коррозиядан қорғау жөніндегі қажеттi шараларды; заңнамаға сәйкес қосымша талаптарды көрсетедi.

26. Техникалық шарттарды орындау жобалау ұйымдары үшiн мiндеттi болып табылады; техникалық шарттардан ауытқуға оларды берген ұйымдардың рұқсатымен ғана жол беріледi.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27. Газ толтыру пунктін жобалау кезінде тапсырыс берушімен (газ тораптық ұйыммен) авариялық өтінімдерді орындауға және тұрмыстық газ баллондарын жөндеуге қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйыммен шарт жасасу қажеттілігін ескеру керек.

28. Газбен жабдықтау объектiсiн салу жобасы мiндеттi тiркеуге, мемлекеттік экологиялық сараптауға және мемлекеттік экологиялық қызмет пен төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдармен келiсуге жатады.

7. Газбен жабдықтау жүйесiн салу және пайдалануды iске қосу

29. Газбен жабдықтау жүйелерiнің объектiлерi төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдарда мiндеттi тiркеуге жатады.

30. Құрылыс-монтаж ұйымы төтенше жағдайлар жөнiндегі аумақтық органды құрылыстың басталатыны туралы жұмыс басталғанға дейiн бес күн бұрын хабардар етуi тиiс.

31. Құрылыстың аяқталуы бойынша газбен жабдықтау объектiсiн пайдаланудың техникалық дайындығын анықтау үшiн газ шаруашылығындағы қауіпсiздік ережелерiнің талаптарына сәйкес жұмыс комиссиясы құрылады.

Жұмыс комиссиясына қосу-реттеу жұмыстарын жүргiзуге рұқсат берiледi. Жұмыс комиссиясы технологиялық жабдық пен инженерлiк жүйелерге бақылау сынақтарын жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша дайындығы туралы қорытынды ресiмделедi.

32. Газбен жабдықтау объектілерiн пайдалануға қабылдап алуды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртіппен мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.

33. Жеке тұрғын үйлердiң, кондоминиум объектiлерiнің газбен жабдықтау объектiлерiн пайдалануға қабылдап алуды газтораптық ұйымның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

34. Газды бастапқы жiберудi газтораптық ұйымның қызметкерлерi Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiнің талаптарына сәйкес газ қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге арналған наряд бойынша жүргiзедi.

8. Газбен жабдықтау жүйесiн пайдалану

35. Газбен жабдықтау жүйесiн пайдалануды газтораптық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 35-1-тармақпен толықтырылды

35-1. Тұтынушылардың газ жабдықтарын газ тораптық ұйымның газ құбырларына қосуы газ тораптық ұйым беретін техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.

36. Өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық объектiлердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және жеке тұрғын үйлерiн топтық резервуарлық қондырғысына газ берудi тоқтату мынадай жағдайларда жүргізіледі:

тұтынушының шарттық мiндеттемелердi орындамауы;

газбен жабдықтау жүйесінің техникалық ақаулығы;

жоспарлы жөндеулердің, ыдыстардың iшкi байқаулары мен гидравликалық сынақтарының жүргiзілуi, барына жаңадан орнатылған газ өткiзгіштердi қосу;

ыдыстарды белгiленген мерзiмнен тыс пайдалану;

СКСГ-ны пайдалануға төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдардың тыйым салуы.

37. Жекелеген пәтерлерге, кiреберiстерге газ берудi тоқтату немесе көп қабатты тұрғын үйлердің жеке пәтерлерiнің газ тұрақтарын ағыту, егер шартпен өзгеше белгiленбесе немесе міндеттеме мәнiнен туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй меншiк иесiнiң немесе кондоминиум объектiсi басшысының жазбаша өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

38. Газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұтынушылар Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарын сақтайды.

ҚР Үкіметінің 2008.16.01. № 22 қаулысымен 8-1-бөліммен толықтырылды

8-1. Газды есепке алудың коммерциялық аспаптарын орнату және пайдалану

 

38-1. СКГС тұтынушыларының газды пайдаланатын қондырғылары тұтынылған газ үшін газ тораптық ұйыммен есеп айырысу үшін газды коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі. СКСГ-ның есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есептеу аспаптары пайдаланылады.

38-2. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген аспапқа аралық тексеру интервалына сәйкес, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына және оның есебіне күмән келтірілген жағдайда жүргізіледі.

38-3. Газды коммерциялық есепке алудың орнатылған аспабы газдың коммерциялық есебін алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілетін акті жасала отырып, СКСГ-ны тұтынушыға жеткізетін газ тораптық ұйымда міндетті тіркелуден өтеді.

38-4. Газды коммерциялық есепке алу аспабының есептеу тетігі қаптамасының бекіткішінде тексеруге құқығы бар ұйымның пломбасы, ал газ құбырымен қосылған жерінде - газ тораптық ұйымның пломбасы болуы тиіс.

38-5. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық сипаттамалары газды пайдаланатын жабдықтардың зауыттық паспорттарында көрсетілген техникалық деректермен салыстырмалы болуы тиіс.

38-6. Абоненттердің газды: коммерциялық есепке алу аспаптары газ тораптық ұйымның қызметкерлері оларды байқау үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін жерлерге орналастырылады.

38-7. Газды коммерциялық есепке алу аспабын және пломбасын қарау мақсатында, сондай-ақ СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелерін абоненттің орындауы мәніне газ тораптық ұйымның өкілі абонентке барады және СКСГ-ны жеткізуге арналған шартта белгіленген тәртіппен газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қоятын актіні ресімдейді.

Акті абоненттің қол қоюдан бас тартқан кезінде де, бірақ оны газ тораптық ұйымның және/немесе кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын құрамында кемінде үш адам бар комиссия ресімдеген, сондай-ақ абоненттің (оның өкілінің) қол қоюдан бас тартқаны туралы жеке актіні ресімдеген жағдайда жарамды деп есептеледі. Бас тартқаны туралы актіге газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қояды.

9. Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

39. CKCГ-ны жеткізушiлер мен тұтынушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ережелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiкте болады.