Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы № 870 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи газды жеткiзу, тасымалдау және сату ережесінде:

4-тармақтың жиырма жетiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кiретiн мемлекеттік орган;»;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмiрсутектi газдарды жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:

7-тармақтың он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкiлеттi орган - құзыретiне мұнай-газ өнеркәсiбiн қоса алғанда, энергетика саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру кiретiн мемлекеттік орган.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов