Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)

Бұр. ред. қара

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 18 ақпандағы

№ 168 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын

дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы

1. Бағдарлама паспорты
2. Кiрiспе
3. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы
   жай-күйiн талдау, проблемалар
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру
   тетiктерi
6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыpу
   көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
8. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың
   2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
   іс-шаралар жоспары
 
 

ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 1-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның    Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар
атауы            саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
                 бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн     Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң "Қазақстан
негiздеме        Республикасының телекоммуникациялар саласын
                 дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған
                 тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N
                 1564  және "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
                 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске
                 асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002
                 жылғы 24 сәуірдегі № 470  қаулылары
Негiзгi          Қазақстан Республикасының Көлік және
әзiрлеуші        коммуникациялар министрлiгі
Iске асыру       2003-2005 жылдар
мерзiмі
Бағдарламаның    Телекоммуникациялар саласын дамыту
мақсаты мен      бағдарламасының негiзгi мақсаты Қазақстан
міндеттерi       экономикасының ғаламдық ақпараттық
                 инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктірiлген
                 телекоммуникациялық секторын әрi қарай
                 дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру
                 мен жағдайлар жасау болып табылады.
                 Бағдарламаның көрсетiлген мақсатына сәйкес мынадай
                 міндеттердi шешу көзделген:
                 Әлеуметтiк-саяси мiндеттер:
                 жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде
                 телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне
                 әмбебап қол жеткізулерiн қамтамасыз ету;
                     халықтың және дамып отырған экономиканың,
                 сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның iшiнде
                 қауіпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртібін
                 қамтамасыз ететiн органдардың
                 телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне
                 өсiп отырған қажеттілігін қанағаттандыру;
                      тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың
                 соңғы жетістiктерi мен ғаламдық ақпараттық
                 ресурстарға қол жеткізу үшiн жағдайлар жасау;
                      ұлттық ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз
                 eту;
                 Техникалық-технологиялық мiндеттер:
                     бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық
                 идеология негiзінде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы
                 ішкi және халықаралық ақпараттық алмасуды,
                 телекоммуникациялық қызмет көрсетулердiң барлық
                 түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз
                 ететiн, осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық
                 инфрақұрылымды жедел дамыту;
                     стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк
                 деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту;
                     ұлттық ресурстарды: радиожиiлiктi ресурстарды
                 және нөмiрлеу ресурстарын орталықтандырылған
                 басқаруы қамтамасыз eту;
                 Экономикалық мiндеттер:
                     телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану
                 тиiмділігiн және саланың инвестициялық
                 тартымдылығын арттыру;
                     Қазақстанның транзиттiк әлеуетiнiң
                 мүмкiндiктерiн барынша iске асыру;
                     телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногын
                 дамытуға бағытталған мемлекеттік реттеу және
                 бақылау тетiктерiн жетiлдiру және
                 телекоммуникациялар рыногының барлық
                 субъектiлерінің орнықты және серпiндi дамуы,
                 байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн
                 жағдайлар жасау;
                     байланыс қызметтерiн көрсету рыногында адал
                 бәсекелестік ортаны дамыту және барлық байланыс
                 операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету.
Бағдарламаның        Телекоммуникациялар саласындағы субъектiлердің
негiзгi          өзара қарым-қатынасын барабар реттейтiн нормативтік
іс-шаралары      құқықтық базаны құру - "Байланыс туралы" Қазақстан
                 Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
                 енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
                 жобасын,  мемлекеттік органдардың басқа да
                 нормативтiк кесімдерін әзiрлеу,
                 телекоммуникациялар саласында жаңа нормативтiк
                 құқықтық кесiмдердi әзiрлеу.
                     Саланы мемлекеттік реттеудi жетiлдiру.
                     Радио қол жеткізу жүйелерiн қоса алғанда, осы
                 заманғы цифрлық жабдықтар базасында
                 телекоммуникациялардың жергілiктi желілерiн
                 жаңғырту және дамыту, желiнi және оны пайдалануды
                 оңтайландыру.
                     Әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету тетігін
                 құру (телекоммуникациялардың көпшiлiк қол
                 жеткiзетін қызмет көрсетулерiнің өлшемдерi мен
                 көлемiн айқындау, елдi мекендердiң әмбебап қол
                 жеткізуiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу
                 және iске асыру).
                     Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға
                 белсендi инвестицияларды ынталандыратын жағдайлар
                 жасау.
                     Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк
                 реттеу тетiктерiн жетілдiру.
                     Бәсекелестiкті дамытудың жоспарланған және
                 кейінгі кезеңдердегі қажеттi шарты ретiнде
                 телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен
                 ырықтандыру.
                     Халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005
                 жылдарға арналған "Сапа" республикалық
                 бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар
                 ұйымдарында сапа жүйелерiн әзiрлеу және eнгізу.
Қаржыландыру     2003-2005 жылдары қаржыландыруға
көздерi          республикалық бюджеттен 5844,3 млн.
                 теңге жiберу жоспарланып отыр, оның
                 iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге,
                 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005
                 жылы - 11 млн. теңге. Бұл  ретте  жыл
                 сайынғы  көлемi  тиiстi  қаржы  жылына
                 арналған  республикалық  бюджеттi
                 қалыптастыру кезiнде нақтыланады.
Күтілетін           Мемлекеттік басқару органдарының, заңды
соңғы нәтиже     тұлғалардың және халықтың бiрыңғай техникалық және
                 ұйымдастырушылық идеология негiзiнде жұмыс
                 iстейтiн және дамитын осы заманғы
                 телекоммуникациялар желісі - телекоммуникациялық
                 қызмет көрсетулерiнің барлық түрлерiн алудағы
                 қажеттілiгін толық қамтамасыз ететiн Қазақстан
                 Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнiң
                 инфрақұрылымдық бөлігін құру.
                    Орталық Азия аймағының телекоммуникациялық
                 инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының жетекшi
                 ұстанымдарын қамтамасыз ету. Оңтүстiк Шығыс Азия
                 - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында
                 Қазақстанның маңызды ақпараттық ағындарды
                 қамтамасыз ету жөнінде халықаралық транзиттік
                 торап ретiнде қалыптасуы.
                    Телекоммуникациялық қызметтер көрсетудiң
                 бәсекелестiк рыногын қалыптастыру және дамыту.
                    Телекоммуникациялар саласындағы нормативтiк
                 құқықтық базаны жетiлдiру.
 

2. Кiрiспе

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1564 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасының ережелерiн ескере отырып әзiрлендi.

Бағдарламаның негізгi мақсатына қол жеткізуге бағытталған саланы дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенедi:

телекоммуникациялар саласын дамытудың тұтастай алғанда, ел экономикасының дамуымен өзара байланыстылығы;

Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, егемендiгi және қорғаныс қабiлеттiлігі мүдделерiн қамтамасыз ету;

телекоммуникациялар рыногын дамытуға ықпал ететiн нормативтік база;

тиiмдi мемлекеттік саясат жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мемлекеттің стратегиялық салалардағы рөлiн күшейту;

телекоммуникациялардың жалпыға бірдей қол жеткiзетiн қызметтерiне республика азаматтарының әмбебап қол жеткізуiн қамтамасыз ету;

телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары үшiн еркiн және тең құқықты бәсекелестiктi ынталандыру және қамтамасыз ету; инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу;

жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру және көтермелеу; желiлерде бiрыңғай техникалық стандарттар қолдану және саланың субъектілері үшiн халықаралық сапа стандарттарын енгізу.

3. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы

жай-күйiн талдау, проблемалар

Телекоммуникациялар, көрсетiлетiн қызмет көлемi тұрақты өсiп отыратын, экономиканың серпiндi дамушы саласы болып табылады.

Қазақстан Республикасында телекоммуникациялар желiлерiнің ағымдағы жай-күйiн мынадай негiзгi цифрлармен сипаттауға болады:

2002 жылдың басында Қазақстанда орташа телефон тығыздығы елдiң 100 тұрғынына шаққанда 14,4-тi, оның iшiнде қалаларда - 21,7-нi, ауылдық жерлерде - 5,2 телефонды құрады. Негiзгi телефон аппараттарының тығыздығы 100 отбасына шаққанда 50,9-ды құрады, оның iшiнде қалаларда - 69,2-нi, ауылдық жерлерде - 21,8-дi құрады;

телекоммуникациялардың жергіліктi желісі 3000-нан аса станциялардан тұрады, олардың тек алтыдан бiр бөлiгi ғана қалаларда орналасқан. Тек "Қазақтелеком" ААҚ-та станциялардың жалпы құрастырылған сыйымдылығы 2,4 млн. нөмiрдi құрайды, iске қосылғаны - 2 млн нөмiр. Цифрландыру деңгейi 34 пайызды құрайды.

Қалааралық арналардың ұзақтығы 246 599 221 арн.км, олардың ішінде таратудың цифрлық жүйелерiмен құрылған арналар ұзақтығы - 202 612 351 арн.км құрайды (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 82%-ы), оның iшiнде оптикалық кабельдi қолдана отырып - 186 650 031 арн.км (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 75,7-ы).

Техникалық база.

Жаңғырту процесi ұлттық телекоммуникациялар желісінiң барлық деңгейлерi мен құрамдас элементтерiн қамтыды. Соңғы үш жылда желiнi толық ауқымды жаңарту мен кеңейтудің негiзiн салған елеулi өзгерістер болды:

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 1750 км Транс-Азия-Европалық талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әpi TAE), ұзақтығы 137 км Петропавл - Кормиловка (Ресей) Солтүстік талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әрi - ТОБЖ), Алматы - Астана Петропавл - Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлық шығу қамтамасыз етiлген, Орталық Азия - Ресей транзит арналарын жаңа сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн ұзақтығы 1140 км Алматы Қарағанды цифрлық радиорелелiк желісі салынды;

Астана - Өскемен - Алматы ұқсас радиорелелiк желісі бойынша Алматы және Астана қалаларының цифрлық телефон станцияларын қосу үшiн, транзиттiк трафиктің цифрлық арналары бойынша өткізу үшiн және GSМ стандартты ұялы байланыстың мұқтаждары үшiн 34 Мбит/с цифрлық ағыны ұйымдастырылды;

Ұлттық ақпараттық супер магистральдың (бұдан әрі - ҰАСМ) Батыс тармағының құрылысы (ұзақтығы 864 км Қызылорда - Ақтөбе - Қандыағаш Атырау - Ганюшкино - Ресей шекарасы), ҰАСМ Шығыс тармағын (Петропавл Астана - Өскемен - Талдықорған) салуға арналған жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Шығыс тармағын салу үшiн берушіні таңдауға арналған тендер өткiзiлдi. Шығыс ТОБЖ құрылысы басталды;

Алматы қаласындағы "Орбита" спутниктiк станциясын қайта құру жүргiзiлдi, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутник жүйесінің станциясы орнатылды, олардың арасында спутниктік байланыстың магистралдық арналары ұйымдастырылды және Германияға, Ұлыбританияға, Швейцарияға, Ресейге, Бiрiккен Араб Эмираттарына, Канадаға және басқа елдерге жаңа бағыттар ашылды;

республиканың баруы қиын және халқы аз қоныстанған аудандарында байланысты қамтамасыз ететін ауылдық байланыстың спутниктік желісінiң құрылысы жүргiзiлуде. 2001 жылғы 31 желтоқсандағы деректер бойынша 1998 жылдан бастап 207 ДАМА (арналарды талап бойынша беру жүйесi) цифрлық спутниктiк станциялары, оның iшiнде осындай аудандардың елдi мекендерiнде 184, 2002 жылғы тоғыз айда - 29 станция пайдалануға берiлді;

Алматы қаласы Халықаралық коммутациялар орталығының (бұдан әрі ХКО) және Орал, Тараз, Ақтөбе қалаларындағы автоматты қалааралық телефон станцияларының (бұдан әрі - АҚТС) жабдығын жаңғырту аяқталды, Астана қаласының АҚТС базасында екiншi XKO салынды. Қалааралық цифрлық телекоммуникациялар желісін құру аяқталды. Бүгiнгi күнге 100% АҚТС цифрлық, желiде 2 ХКО жұмыс iстейдi.

Рынок құрылымы

Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногы жыл сайын аса серпінді әрi бәсекелес болып келедi. Байланыс операторларының саны едәуiр өсуде, жаңа технологиялар енгiзiлуде, ұсынылатын қызметтер спектрi ұлғаюда.

Рынок сыйымдылығы 1998 жылғы 350 млн. АҚШ долларынан 2001 жылы 500 млн. долларға дейiн өстi, бұл ретте ұлттық байланыс операторының үлесi негiзiнен ұтқыр байланыс операторларының қарқынды өсу есебiнен 90%-дан 68%-ға дейiн қысқарды. Соңғы 4 жылда олардың рыноктағы үлесi 2,8%-дан 26,1%-ға дейiн артты.

2002 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметпен - базалық қызмет көрсетулерден бастап ұялы байланыс пен зияткерлiк желiлер (аудиомәтін) қызмет көрсетулерімен айналысуға 770 лицензия бердi. Олардың 237 лицензиясы телекоммуникациялардың жергіліктi желiлерi және олармен байланысты қызмет көрсетулерге, 146 - жылжымалы радиобайланыс пен пейджинг қызмет көрсетулерiне, 125 - радиохабар мен теледидарға, 36 - бөлiнген спутниктiк байланыс желiлерiнiң қызмет көрсетулерiне және арналарды жалға алуға берiлдi. Деректер беру рыногы мен Интернет аса шапшаң дамушы болып табылады, қазiргi уақытта операторларға бұл қызмет түрiмен айналысуға 131 лицензия берiлдi.

Рыноктың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызмет көрсетулері алады, және де рыноктың 25%-ын қалааралық байланыс қызмет көрсетулерi қалыптастырады. ТМД елдерiне және алыс шет елдерге халықаралық телефондама қызмет көрсетулерін сату көлемiнiң үлес салмағы бiрдей.

Ұялы байланыс телекоммуникациялық қызметтер көрсету рыногының төрттен бiрiнен астамын алады, мұның өзi тiптi қалааралық байланыс рыногы көлемiнен артық. Соңғы жылдары әлемде жылжымалы байланыс қызметін көрсетулер рыногында байқалатын өткір бәсекелестiктiң салдарынан, барлық негiзгi үш технологиялар эволюциясы, атап айтқанда: GSM, D-АМРS, CDMA мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қосымша қызмет көрсетулер санын арттыру, желi сыйымдылығын және асып түсу алаңын ұлғайту, радиоинтерфейстiң құнын кемiту және өткізу жолағын кеңейту. Қазақстанда GSM және AMPS - D-AMPS стандарттарының ұялы байланыс қызмет көрсетулерiн 4 байланыс операторлары ұсынады, пайдаланушылар саны 800-мыңдық белгiге жақындап келедi.

Жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулері бүкiл рыноктың 14%-ын қалыптастырады. Деректер беру және Интернет қызмет көрсетулерiнiң көлемi екі есе кем.

Қазiр деректер беру қызмет көрсетулерi, Интернет, ұтқыр радиобайланыс, корпоративті клиенттер үшiн телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi рыногында жоғары дәрежелi бәсекелестiк орын алып отыр.

Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі (бұдан әрі - ЖПТЖ) үшiн тек халықаралық және қалааралық байланыс рыногы ресми түрде "Қазақтелеком" ААҚ-ның монополиясы болып табылады, алайда онда іс жүзінде АР-телефондама операторлары ретiнде халықаралық және қалааралық трафигін қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделгеннен басқа жолмен өткiзетiн операторлар жұмыс iстейдi.

Сонымен бiр мезгiлде, ресми түрде толығымен ашық сектор болып табылатын жергiлiктi байланыс рыногында бәсекелестiктiң дамуы бiр жағынан жергiлiктi байланысқа мемлекет реттейтін төмен тарифтердiң болуымен, ал екiншi жағынан ЖПТЖ-ға бiрiгуi және қалааралық әрі халықаралық трафик транзитіне "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық операторының жоғары тарифтерiмен шектеледі.

Қаржылық жай-күйi.

Байланыс операторларының 2000 жылғы жиынтық кiрiстерi 45,1 млрд. теңгенi, 2001 жылы - 63,44 млрд теңгенi, оның iшiнде ұлттық оператордiкi - тиiсiнше 38,3 млрд. теңге мен 45,8 млрд. теңгенi құрады.

Рыноктың орташа рентабельдiлiгiн 15%-ға бағалауға болады.

2001 жылы телекоммуникациялар саласын инвестициялау көлемi 15,06 млрд. теңгенi құрады және де ұлттық оператор 11,03 млрд. теңге инвестициялады, 2002 жылы "Қазақтелеком" ААҚ 14,187 млрд. теңге сомасына жобаларды қаржыландыруды көздеп отыр.

Проблемалар.

Сонымен бiрге сыртқы да (тұтастай алғанда ел экономикасының дамуы), iшкi салалық та көптеген проблемалар шешiмiн таппай отыр. Солардың негiзгілерi мыналар болып табылады:

Телекоммуникациялар саласындағы қоғамдық қатынастарды және теңгерiмдi техникалық саясатты реттейтiн нормативтiк базаның саланың даму қарқынынан қалып қоюы.

Нашар ғылыми негізделген әдiснамалық негiз салдарынан жүйелi көзқарас жоқ. Байланыс саласындағы бүкiл арнайы ғылыми-техникалық және жобалық база iс жүзінде дәстүрлі түрде Ресейде орналасқан. Жобалауға, маркетингтік және ғылыми зерттеулерге, ғылыми-әдiстемелiк базаны әзiрлеуге мамандандырылған отандық ұйымдарды құру және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудi қамтамасыз ету проблемасы өткiр тұр. Қолданылып жүрген заңнамада сала дамуының қазiргi кезеңіндегі қатынастарды реттеу үшiн қажетті және перспективада оның дамуын қамтамасыз ететiн көптеген нормалар жоқ. Байланыс операторларының, қызмет көрсету провайдерлерiнiң, рынок реттеушiсiнiң, тұтынушылардың арасындағы өзара қатынастарды реттейтiн нормативтiк кесiмдердi әзiрлеу және жетiлдiру талап етiледi.

Проблеманы шешу үшiн бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және көбейту жоспарланып отыр.

Экономиканың дамуы мен телефон тығыздығының өсуi арасындағы алшақтық. Елдегi байланыстың даму деңгейi тұтастай алғанда экономиканың даму деңгейiнен бiршама кейiн қалып отыр. Сонымен бiрге, Қазақстанның біртіндеп урбанизациялануы нәтижесiнде аймақтардың арасындағы да сол сияқты қала мен ауыл арасындағы да халық тығыздығының қайта бөлiнуi жүруде. Бір мезгiлде байланыс қызмет көрсетулерiне төлемге қабiлеттi сұраныс көлемi артуда. Мұндай жағдайда саланың кiрiсiн арттыру стратегиясы тек iске қосылған телефон желiлерi санының артуына ғана емес, сонымен бiрге ең алдымен экономикалық тұрғыдан алғанда ең перспективалы аудандардағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғыртуға, трафиктiң табиғи өсуiне, қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн, оның iшiнде қосылған құны бар қызмет көрсетулердi енгізуге сүйенуi тиiс. Осы факторды ескере отырып, бағдарламаны iске асыру процесiнде қолда бар желi сыйымдылығын және телефон тығыздығы деңгейiн кемiтудi болдырмау және тұтынушылардың төлемге қабiлетті сұранысын барынша қанағаттандыратын оның өсiмiн қамтамасыз ету мақсатына бағдарлану қажет.

Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiсіндегі монополия. ЖПТЖ-дағы монополия тарихи себептерге қарай туындады, ал оның қазiргi кезде сақталуына әлеуметтік маңызды қызмет көрсетулерге арналған дәстүрлi қалыптасқан тарифтердi реттеу практикасы бүгiнгi күнге дейiн салада қызмет көрсетулер арасында (шығынды қызмет көрсетулер жоғары кiрiстердің есебiнен ұсталады), сол сияқты пайдаланушылар санаттары арасында да (бiрдей қызмет көрсету түрлерiне пайдаланушының мәртебесiне байланысты бiрнеше тарифтер белгiленген) тоғыспалы субсидиялау тетiгiн пайдалану да үлкен ықпал етедi. Реттелетiн тарифтердiң көпшiлiгiнде аймақтарға (экономикасы дамыған, тоқыраған және т.с.с.) байланысты пайдалану шығындары деңгейінің айырмасы да көрсетiлмейдi. Мұндай тарифтер оларды өндiруге және ұсынуға жұмсаған байланыс операторларының негiзделген шығындарының орнын толтыра алмайды. 2001 жылы "Қазақтелеком" ААҚ "Андерсен Менеджмент Интернэшнл" (Дания)" консалтингтік фирмасымен бiрлесiп жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулерiнiң (жалпыға бiрдей қол жеткiзiлiмнiң бiреуiне) өзiндiк құнына алдын ала талдау жүргiзген болатын, оның нәтижелерi шығындарды жабу үшiн телекоммуникациялар саласына жыл сайын кем дегенде 2 млрд. теңге жұмсалуы қажет екендiгiн көрсетті. Алайда тарифтердi қажеттi қайта теңгерiмдеудi монополист көптеген параметрлер бойынша шығындарды бөлек есепке алуды енгiзгеннен кейiн ғана байыпты жүзеге асыру мүмкiн болады.

Телекоммуникациялық рыноктағы жағдайды өзгерту үшiн тарифтiк реттеудi жетілдiру жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және iске асыру жоспарлануда.

Шығындарды бөлектеп есепке алу тетiгiнiң болмауы. Телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң өзiндiк құны тек жекелеген қызмет көрсетулер үшiн ғана емес, сонымен бiрге елдiң түрлi аймақтары үшiн де әртүрлi. Желi элементтерi бойынша және жекелеген қызмет көрсетулер бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу тетігінің болмауы экономикалық негiзделген тарифтердi есептеуге ықпал етпейдi, бұл өз кезегiнде кiрiстердi толық алмауға және соның салдарынан негiзгi қорлардың орны толмас тозуына әкеп соғады.

Проблеманы шешу үшiн тиiстi Ереже мен әдiстеме әзiрленедi.

Ескiрген техникалық база. Телекоммуникациялардың ұлттық желісін жаңғырту және дамыту үшiн негiзгi қаржыландыру көзi ұсынылатын қызмет көрсетулерден алынатын кiрiстер болып табылады. Тарифтердiң теңгерiмсiздігін ескерсек, жаңғырту қарқыны жеткiлiктi жоғары емес. Бүгiнгi уақытқа дейiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінде табиғи және моральдық тозған жабдықтардың үлкен көлемi пайдаланылады. Әсiресе телекоммуникациялардың жергiлiктi желiлерiнiң қол жеткізу желiлерiнде тозу пайызы жоғары. Жоғары пайдалану шығындары әрi тағы да телекоммуникациялардың жаңа қызмет көрсетулерiн ұсынудан түсетiн кiрiстердi толық алмау цифрландырудың жеткiлiксiз жоғары деңгейінің салдары болып болып табылады.

2005 жылдың соңына дейiн ЖПТЖ-ға арналған цифрлық жабдық деңгейiн жалпы сыйымдылықтың 50-60%-на дейiн жеткізу талшық-оптикалық кабельдердi пайдалана отырып байланыс желiлерiнің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Радиожиілік спектрінің жеткіліксіздігі. Қазақстанда жақын перспективада IМТ-2000 (W-CDМА, СDМА-2000) жылжымалы байланыстың үшiншi буыны стандарттарын таңдау және енгізу жөніндегі жұмыс басталады, олар 5 МГц бiр арнада тарату жылдамдығы 8 кбит/с бастап 2 Мбит/с дейiнгi шектерде жатқан бiрнеше түрлi қызметтердi ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, тек бiр терминалға сөздi және деректердi берудi талап ететiн нақты мультимедиялы ақпаратты беру қамтамасыз ете отырып, пакеттер коммутациясы қызметтерiнен бiр ғана арнада белгiлер берiлуi мүмкiн. Қазiргi уақытта Халықаралық электр байланысы одағы (бұдан әрi - ХЭО) барлық елдер мүддесiнде бұл байланыс жүйелерiне қажеттi радиожиілік ресурсын бекіту мәселелерiн шешуде. Қазiрдiң өзiнде Қазақстанда 3-буынға өтпелi стандарттарды (2,5 стандарттаp деп аталатындар) енгізу мүмкiндiгi қарастырылып отырғанына қарамастан, жиiлiктердiң қажетті өрiстерiн бөлу проблемалары өте баяу шешiлуде.

Тiркелген байланыс желiлерiнде сымсыз жүйелердi пайдалану мәселесi бос радиожиіліктердiң болмауына байланысты өткiр күйiнде қалып отыр. Мұндай жағдай, әсiресе ЖПТЖ операторлары үшiн тиiмсiз, себебi ол ауылдық байланыстың дамуын және ауылдық елдi мекендерде соңғы мильдi (желi жабдығынан абоненттік құрылғыға дейінгі қол жеткiзУ желісі) ұйымдастыруға жұмсалатын шығындарды арзандату процесiн тежейдi.

Байланыс операторлары мен әлуеттiк ведомстволар пайдаланатын радиожиiлiктердi келiсу баяу және еңбектi көп жұмсау арқылы жүргiзiледi. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану жөніндегі өкiлеттіктердi шектеулердiң, келiсу жүргiзудiң реттелген тәртібінiң болмауы көп жағдайда негiзсiз бас тартуларға әкеп соғады.

Бұдан басқа, радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн өндiрiп алынатын ақы мөлшерiн белгiлеудiң экономикалық негізделген әдiстемесi жоқ. Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар көпшiлiк бөлігінде әлуеттiк ведомстволары болып табылатындықтан, ал спектрдi ауыстыру бағдарламасының болмауына байланысты жаңа технологияларды енгізу тежелiп отыр.

Бағдарламада көтерiлiп отырған проблемаларды шешуге бағытталған бiрқатар iс-шараларды орындау көзделіп отыр.

Бiрқатар бағыттар бойынша жоғары біліктi мамандардың болмауы. Телекоммуникациялар саласы кадрларын оқыту процесi желiлердi жаңғырту және дамыту жоспарларымен келiсусiз жүргiзiледi, мамандарды қайта даярлау өз уақытында жүргiзiлмейдi, мұның өзi кадрлар даярлаудың саланың даму қарқынынан едәуiр артта қалуымен түсiндiрiледi. Өндiрiстiң радиоэлектроника және телекоммуникациялар бағыты бойынша жоғары біліктi инженерлер мен мамандар даярлауды жүргiзетiн жоғары оқу орындарымен (магистратура және аспирантура) байланысы нашар екендігін айта кету керек.

Сала мамандарын даярлау және қайта даярлау проблемасы Қазақстанның жоғары оқу орындарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ XЭО-мен ынтымақтастық арқылы шешiледi.

Стандарттау мен сертификаттаудың салалық жүйелерiнiң болмауы. Ағымдағы сәтте салада стандарттау және сертификаттау саласындағы жұмыс iс жүзiнде жүргiзiлмейдi. Салада техникалық сәйкестiкке сертификаттаудан өтпеген жабдықты пайдалануға тыйым салу нормативтік бекітілмеген. Осындай техникалық құралдарды немесе тек қауiпсiздiк параметрлерi бойынша сертификатталған құралдарды пайдалану, салада сапасы төмен жабдықтарды пайдалануға әкeп соғады.

Проблемаларды шешу үшiн телекоммуникациялар саласындағы стандарттау және сертификаттау жөніндегі жұмыстар жандандырылатын болады.

ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 4-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

Телекоммуникациялар саласын дамыту бағдарламасының негiзгі мақсаты Қазақстан экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктiрiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Ақпараттық қоғамға өтудi қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік саясаттың мынадай үш негiзгi бағыты атап көрсетiледi: әлеуметтік-саяси, техникалық-технологиялық және экономикалық. Бағыттардың әрқайсысы бойынша бiрқатар бiрiншi кезектегi міндеттерді шешу қажет.

Әлеуметтік-саяси мiндеттер:

жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде жұрттың қолы жетер телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткізулерiн қамтамасыз ету;

халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның iшiнде, қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттiлiгін қанағаттандыру;

тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетiстiктерiне және ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуiне жағдайлар жасау;

ұлттық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

Техника-технологиялық мiндеттер:

бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы iшкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiнiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту;

стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту;

мынадай ұлттық ресурстарды: радиожиiлiк ресурсын және нөмiрлеу ресурсын орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ету.

Экономикалық мiндеттер:

телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиiмділігiн және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;

Қазақстанның транзиттiк әлеуетінің мүмкiндiктерiн барынша iске асыру;

телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын дамытуға және байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасауға, телекоммуникациялар рыногының барлық субъектiлерiнiң тұрақты және серпiндi дамуына бағытталған мемлекеттік реттеу тетігін жетілдiру;

байланыс қызметтерi рыногында адал бәсекелестiк ортаны дамыту және барлық байланыс операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету.

телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсету тарифтерiн қайта теңдестiру кезiнде әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға қолдау көрсету.

ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 5-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру

тетiктерi

Телекоммуникациялық саланы дамыту, саланың техникалық және технологиялық жақтарын үнемi жетiлдiру реттеу тетiктерiн үнемi түзетіп отыруға әкеп соғады.

Телекоммуникациялық ортаның халықаралық экономикалық бiрігуіне қарай, байланыс рыноктарындағы қатынастарды реттеудiң жалпы үлгілерi әзiрленуде және белгiленуде. Халықаралық ақпараттық-телекоммуникациялық орта тек халықаралық экономикалық бiрiгудiң салдары ғана емес, бiрақ едәуiр дәрежеде оның себептерi де бола отырып, байланыс саласын экономиканың басқа да секторларынан бұрын байланыс ұйымдары қызметiнiң экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған және жалпы реттейтін тілді iздестiруде бiлдiрiлетiн қатынастарды реттеудiң жалпы әлемдiк, ұлттан тыс (шет елдiк) үрдiстерге көңiл бөлуге мәжбүр етедi.

Телекоммуникацияларды мемлекеттік реттеудің аса тиiмдi тетіктерiн қолдану телекоммуникацияларды реттеудiң шетелдiк тәжiрибесiнде туындайтын проблемалар мен коллизиялар туралы, сондай-ақ Қазақстанда қолданыстағы құқықтық нормаларды iске асырудың осы заманғы проблемалары туралы түсініктердің болмауы жағдайында мүмкiн емес. Осыған байланысты, тек мәселелердiң барлық спектрiн жан-жақты есепке алу телекоммуникациялық саладағы қатынастарды реттеудiң оңтайлы әдiсiн жасауға мүмкiндiк бередi.

Осы Бағдарлама шеңберiнде мынадай негiзгi бағыттар бойынша тұтас бiрқатар iс-шараларды iске асыру қажет:

1. Телекоммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның, байланыс операторларының және тұтынушылардың өзара iс-қимылын жаңа деңгейде реттейтiн заңнамалық және нормативтiк құқықтық базаны құру және жетiлдiру.

Телекоммуникациялар саласында құқықтық қатынастардың болуы мүмкiн өзгерiсiн уақтылы есепке алуды көзделген құқықтық реттеудiң аса икемдi жүйесiн белгілеу үшiн оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негіз қалаушы нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.

Телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын құқықтық реттеудің қолданыстағы жүйесiне нормативтiк құқықтық кесiмдер мен техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды (нормативтiк-техникалық кесімдер) қамтитын нормативтiк кесiмдер кiредi. Бұл кесiмдердiң жиынтығы телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру және дамыту процесстерiн, рынокқа қатысушылардың қызметiн реттейдi, сондай-ақ мемлекеттік peттеудің тиiстi нысандарын белгілейдi.

Заңға енгiзетiн өзгерістер мен толықтырулар телекоммуникациялық саланы құқықтық реттеудiң теориясы мен практикасын, сондай-ақ әлемдік тәжiрибенiң оң нәтижелерiн ескеретiн болады.

Бұдан басқа, байланыстың өзара байланысты желісінiң толық және сенiмдi жұмыс iстеуiн, көрсетiлетiн қызметтiң сапасын, олардың қол жеткізiмдiлігiн, мемлекеттік мүдделер мен тұтынушыларды қорғауды, рынокқа қатысушылардың теңдігiн қамтамасыз ететiн нормалар, талаптар мен ережелер әзірленетiн және қабылданатын болады.

Мынадай негізгі нормативтiк-құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдер:

өзара байланысты желiнiң технологиялық тұтастығын, телекоммуникациялар желілерінің сыйымдылығы мен бiрiктiрілу тәртібiн реттейтiн;

телекоммуникациялар рыногында өз қызметiн жүзеге асыратын байланыс операторларының өзара iс-қимылын, олардың арасында желiлiк ресурстарды өзара пайдаланғаны және трафик өткiзгенi үшiн өзара есеп айырысулар тәртібін реттейтін;

байланыс саласындағы лицензиялау мәселелерiнде қазiргi заманды үрдiстердi ескеретiн;

әмбебап қол жеткізудi ұйымдастыруды және ұсынуды, әмбебап қол жеткізу операторы түсiнігін реттейтiн;

байланыс операторлары мен пайдаланушылардың өзара қарым-қатынасын реттейтiн;

мемлекетке тиесілi шектелген ресурстарды (радиожиілiк спектрiн, нөмiрлеудi және басқа) пайдалану тәртібін реттейтiн;

байланыстың желiлерi мен жүйелерiн техникалық пайдалану тәртібін белгілейтiн;

телекоммуникациялар құралдарын, қызмет көрсетулерi мен жүйелерiн стандарттау және сертификаттаудың салалық жүйелерiн құру және қолдау тетiгін реттейтiн құжаттарды қамтиды.

Тұтастай алғанда, телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң қызметін және желілер мен жүйелердi техникалық пайдалануды peттеуге қатысты жиырма шақты нормативтiк құқықтық және нормативтiк-техникалық кесiмдердi әзiрлеу және бекіту жоспарланып отыр.

2. Саланы мемлекеттік реттеудi жетiлдiру.

Телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру үшiн олардың реттеу функцияларының бiр бөлiгiн жаңа мемлекеттік органға (Реттеушi) бере отырып, байланыс саласын реттейтін қазiрде бар мемлекеттік органдарды өзгерту көзделiп отыр.

Әлемдiк практика көрсеткенiндей, дәл осындай Реттеушiлер неғұрлым жоғары дәрежеде пәрмендi реттеуші тетiктердi әзiрлеудi қамтамасыз етедi және барлық байланыс операторларының мүдделерiне оларды әдiл, тең құқықты және ашық пайдалануына кепiл бола алады.

Реттеушi тәуелсiздiгiнiң кепiлi үшiн оның барлық байланыс операторларынан функционалды тәуелсiз болуы қажет. Мемлекет жұмыс iстеп тұрған байланыс операторларына ("Қазақтелеком" ААҚ, "Қазпочта" ААҚ және басқа) қатысты иелігін немесе едәуiр бақылау дәрежесiн сақтаған жерде, мемлекеттік реттеу функциясын иеленумен немесе жұмыс iстеп тұрған операторларды бақылаумен байланысты қызметтен тиiмдi құрылымдық бөлiнуi орын алуы тиiс.

Реттеушi сондай-ақ, оның функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк беретiн өкiлеттiк бередi.

Тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде қаржыландыруды ескере отырып, толық ырықтандыру басталғанға дейiн 2004 жылы осындай Реттеушiнi құру мүмкiндiгi қарастырылады.

3. Қосып алу қызмет көрсетулерiнiң қағидаттарын жетiлдiру.

Халықаралық тәжiрибенi, сондай-ақ ХЭО ұсынымдарын ескере отырып, байланыс операторларының қосып алу қызметiн көрсетулерi жөніндегі қызметін мемлекеттік реттеу тетiгінің негiзiне мынадай базалық қағидаттарды кепiлдiкке алу жоспарлануда:

желілерге қосылу міндеттілiгi;

кемсiтушiлiктің болмауы;

қосып алу қызметiнің бағаларына есеп айырысудың ашықтығы, өзiндiк құнға және рентабельділіктiң нормативтiк деңгейiне бағдарлау.

4. Телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету.

Халықтың телекоммуникациялық қызмет көрсетулерге әмбебап қол жеткізуiн жер-жерде қамтамасыз ету мақсатында әмбебап қол жеткізудiң өлшемдерi мен көлемiн анықтау, әмбебап қол жеткізумен қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетіктерiн әзiрлеу қажет.

Әмбебап қол жеткізу - бұл Қазақстанның телекоммуникациялық желілерiнің әлеуметтiк қажеттi (жалпыға бiрдей) қызмет көрсетулерiне кез келген пайдаланушының құқығын iске асыруда кез келген сәтте өтініш жасауының техникалық және бағалық мүмкiндiгi.

Халықты әмбебап қол жеткізумен қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралар мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:

әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз етудiң тиiстi кепiлдiгiн беретiн операторлардың рынокқа кiруi үшiн кедергiлердi барынша азайту;

кез келген әкiмшiлiк жүктемелер мен шығындарды барынша азайту;

әмбебап қол жеткізудi беру шеңберiнен тыс шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң iшкi iсiне қол сұқпау;

объективтi, ашық, үйлесiмдi және кемсiтпеушiлiксiз рәсiмге негiздеу; уақыт өте келе әмбебап қол жеткізуге жұмсалатын шығынды азайтуды қамтамасыз ету үшін тиімділiк пен технологиялылықты арттыруды ынталандыратын орта құру;

әмбебап қол жеткізуге қауiпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртібін қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдарға және құрылымдарға басымдық беру. Әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетiгi рынокты iшкi тоғыспалы cубсидиялаудан барлық операторлардың және мемлекеттiң қаржылық ынтымақтаса қатысуының жалпы ұлттық тетiгiн құрғанға дейiнгi ырықтандыру барысында өзгеретiн болады.

Халықты жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызмет көрсетулерiмен қамтамасыз етудің соңғы нысаны мемлекеттік реттеудiң мынадай тетiктерiне негiзделетiн болады:

халықтың барлық топтары үшiн қол жетiмдi қызмет көрсетулердiң ең аз базалық пакетiн техникалық және құн көрсеткiштерiнде нормативтік айқындау;

әмбебап қол жеткізуi ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерi құзыретiне кiретiн уәкiлеттi органды айқындау;

мемлекет реттейтiн қол жеткiзiмдi тарифтерге қолдау көрсету;

рентабельділіксiз қызмет көрсетулердi беретiн операторлардың шығындарына өтемақы төлеу;

жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісі байланыс операторларының қызмет түрлерi мен аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алуы;

әмбебап қол жеткізу операторларын таңдауға бәсекелестiк көзқарас;

телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары арасында не мемлекеттік бюджет есебiнен қаржылық жүктеменi бөлу.

Әмбебап қол жеткізудi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының әрбiр аймағында жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтер көрсететiн байланыс операторы (операторлары) айқындалуы тиiс. Жалпыға қол жеткізімді қызметтер көрсетуге уәкілеттi жалпы пайдаланыстағы байланыс желісінiң операторы барлық тiлек бiлдiрушi тұлғаларға байланыстың тиiстi желісі арқылы белгiленген аумақта бұл қызмет көрсетулердi ұсынуды қамтамасыз етуге міндеттi.

Әмбебап қол жеткізудi жүзеге асыру құқығы жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнің операторлары арасындағы конкурс нәтижелерi бойынша берiлетiн болады. Белгiлi бiр аумақтағы байланыс саласындағы жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтердi көрсетуге өтiнімдер болмаған, не өтiнімдер беретiн байланыс операторларының ресурстары мен қаражаты жеткiліксiз болған жағдайда мемлекет осындай операторды дербес тағайындауға өзiне міндеттеме алады.

Әмбебап қол жеткізудi жүзеге асыратын операторды анықтау кезiнде негiзi өлшемдер мыналар болып табылады: қызмет ауқымы, берiлген сипаттамалары бар жалпыға қол жетiмдi қызмет көрсетулердi ұсынуға қабiлеттiлігi (көлемдерi, түрлерi, сапасы, қызмет көрсетілетiн аумақты қамтуы), халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтарына қолдау көрсету бағдарламаларын, сондай-ақ оператор қызмет көрсететiн аумақта орналасқан денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi.

Әмбебап қол жеткізудi қаржыландыру тетiгiн енгізу халықтың тығыздығы төмен аудандар мен тоқырауға ұшыраған аумақтарды қоса алғанда, елдің барлық аймақтарында жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiн құруға инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ететiн жағдайлар туғызады. Қазақстанда тұрғындарының саны 200 адамнан кем емес 2790 телефондандырылмаған елдi мекен бар, бұларды, телефон байланысымен қамтамасыз ету үшiн шамамен 4 684,38 млн. теңге талап етіледi.

Демографиялық, географиялық және өзге де жағдайларға байланысты осы проблеманы шешуге техникалық көзқарас түрлiше - байланыстың дәстүрлi кабельдiк желiлерiн салу, радио ұзартқыштар мен сымсыз радиоға қол жеткізудің жүйелерiн пайдалану, ауылдық байланыстың спутниктік желiсіне қосылған ДАМА спутниктiк станцияларын орнату, басқа жүйелер мен жаңа технологияларды пайдалану.

Телефондандыру бағдарламасын орындауға үлкен көлемді қаржыландыру талап етілетiнiне байланысты, тұрғындар саны 200 және одан артық барлық елдi мекендердi телефондандыру проблемасы 2006 жылға қарай жартылай шешiлетiн болады.

5. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк реттеу тетiктерiн жетілдiру.

Тарифтiк реттеу телекоммуникацияда жалпыға бiрдей қол жеткiзілiмдi қызмет көрсетулерi бойынша, ал бәсекелестiк рыногында байланыс қызметін көрсету басым операторлардың қызметтерiн заңнамада белгiленген тәртiппен реттеу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Әдiл тарифтік реттеудi қамтамасыз ететiн негiзгi құрал жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң байланысы барлық операторларының қызмет көрсету түрлерi бойынша шығындарды бөлек есепке алуды, сондай-ақ уақыттық есепке алуды енгізу болып табылады.

Бұл бағытта:

қызмет көpceтудің өзіндiк құнын анықтай отырып, телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзiлетiн;

қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесi әзiрленетiн және бекітілетiн;

жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі байланысының операторлары шығындарды қызмет көрсетулер түрлерi және аймақтар бойынша бөлек есепке алуы енгiзілетiн;

телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердiң қайта теңгерiмінің жоспары әзiрленетiн және iске асырылатын бoлады.

6. Бәсекелестiктi дамытудың қажеттi шарты ретiнде телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен ырықтандыру.

Байланыс рыногын ырықтандырудың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құрудың жалпы векторының бөлiнбес элементi болып табылатын, рынокты сапалы және қол жетiмдi қызмет көрсетулермен тез толықтыруға, жиынтық ұлттық бәсекелестігі қабiлетiнiң өсуiне әкелетiн бәсекелестiк орта құру болып табылады.

Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру кезең-кезеңiмен жүзеге асырылатын болады.

1-кезең. Даярлық.

Телекоммуникациялар рыногын ырықтандыру басталғанға дейiн 2003-2004 жылдар ішінде ырықтандыру процесiнде жалғасуы мүмкiн бiрқатар жүйелiк даярлық iс-шараларын жүргiзу қажет.

Ең алдымен, тұтастай алғанда республика бойынша және оның аймақтары бойынша телекоммуникациялардың негiзгi қызмет түрлерiнiң нақты өзiндiк құнын бағалауды жүргiзу қажет. Экономикалық талдауды жүргiзгеннен кейiн байланыс және табиғи монополияларды реттеу саласындағы уәкілeттi органдардың Түрлерiне қарай телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi бойынша шығындарды бөлек есепке алу ережесін бекіту туралы бiрлескен бұйрығымен оның нәтижелерiне сертификаттау жүргiзілетiн болады. Бұл Ереже тиiмдi тарифтiк реттеу мақсатында рыноктың барлық субъектiлерi мен мемлекеттік органдардың пайдалануына арналған. Талдау нәтижесiнде рынок бәсекелестiк және дотациялық сегменттерге бөлінетiн болады.

Бұл кезеңде мынадай қағидаттарға негiзделетiн Телекоммуникациялардың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспары әзiрленетiн болады:

1) қалыпты өмiр сүру жағдайын қамтамасыз ететiн жалпыға қол жеткiзiмдi қызмет көрсетулерге төлем қабілеттілігіне қарамастан, барлық пайдаланушылар үшiн қол жеткiзімдігі (анықтамалық-ақпараттық қызметтерде белгiленген құқық тәртібін қорғау органдарына, жедел дәрiгерлiк көмек, құтқару қызметi және т.б.);

2) пайдалану шығындарын өтейтiн және қажеттi кiрiстi қамтамасыз ететiн тарифтердi белгiлеу жолымен қызмет көрсету процесiнде байланыс операторлары қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету;

3) түрлi санаттағы абоненттер үшiн тарифтердi қалыптастыру қағидаттарындағы айырмашылықтарды жою.

4) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлемнiң тарифi көтерiлген кезде өтемақы төлеу.

Байланыстың реттелетiн қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерімдеу табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген қолайлы рентабельдiлiктi қамтамасыз етпейтiн қызмет көрсетулерге тарифтердi арттыру және халықаралық байланысқа тарифтердi кемiту жолымен бiртiндеп жүзеге асырылатын болады.

Сонымен бiр мезгiлде қызмет көрсетулердің түрлерi мен аймақтар бойынша дотациялау көлемдерi айқындалуы тиiс. Бұл үшiн мемлекет байланыс саласындағы әлеуметтік мақсаттарды әмбебап қол жеткізу өлшемдерiнің, көлемдерiнің, аймақтарының және бағаларының бекітілген нысанында айқындайды.

Тағы да осы кезеңде бекітілген тарифтердi едәуiр және жаппай көтерусiз жергiлiктi байланысқа тарифтердi қайта теңгерiмдеудi жүргiзуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды элемент ретiнде жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерiн уақыттық есепке алуды енгізу жүргiзiлуi тиiс.

Тарифтердi белгілеу кезiнде шығындарды көрсетуде объективтіліктi қамтамасыз ету үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң байланыс операторлары бекітілген ережеге сәйкес қызмет түрлері бойынша бөлек есепке алуды енгiзетiн болады.

Даярлық кезеңiнiң соңында өзгерістер үшiн қажеттi барлық нормативтік-құқықтық база бекiтілуі тиiс және ең алдымен "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қажеттi өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуi тиiс.

Сөйтіп, бiрiншi кезеңнiң негiзгi iс-шаралары мыналарды қамтиды:

1) саланы экономикалық талдау;

2) Телекоммуникациялардың реттелетiн (жалпыға қол жеткiзiмдi) қызмет көрсетулерiне тарифтердi қайта теңгерiмдеу жоспарын әзiрлеу және жүзеге асыру;

3) жергiлiктi байланыс қызмет көрсетулерінің уақыттық есебiн енгізу;

4) байланыс операторларының қызметтердiң түрлерi бойынша шығындарды бөлектеп есепке алу ережесін енгізу;

5) рыноктағы барлық субъектiлердiң ынтымақтаса қатысуы негiзiнде әмбебап қол жеткізудi ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн әзiрлеу;

6) операторлардың байланыс қызметтерiн бiрлесiп көрсетуi кезiнде, сондай-ақ трафик алмасу және оның транзитi кезiнде өзара есеп айырысуларды желiлiк ресурстарды беру тәртібін қоса алғанда, Телекоммуникациялар желiлерiн қосып алу ережесін әзiрлеу.

2-кезең. Телекоммуникациялар рыногын ішінара ырықтандыру.

2004 жылғы бiрiншi тоқсанда мынадай негiзгi шарттар негiзiнде тиiстi лицензиялар талаптарына жауап беретін барлық байланыс операторларына халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын беру жолымен телекоммуникациялар рыногын ырықтандырудың бiрiншi кезеңі жүзеге асырылады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баламалы операторларға әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер жүктеу;

2) кез келген баламалы операторлардың телекоммуникациялар желісін өзара қосып алу құқығын беру (транзиттiк те, қол жеткізу операторлары ретiнде де);

3) ЖПТЖ шеңберiнде тек бір деңгейдегi желiлер арасында трафиктi қабылдау және беру жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету (халықаралық - KXO арқылы, қалааралық және аймақтық - АМТС, жергiлiктi - жергiлiктi желiлердің транзиттiк тораптары арқылы);

4) "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық байланыс операторының оның телекоммуникациялар желісіне жасасқан шарттарға сәйкес қосылған абоненттерге (жеке немесе заңды тұлғаларға) халықаралық және қалааралық телефон байланысы қызмет көрсетулерiн беруге айырықша құқығын сақтау;

5) "Қазақтелеком" ААҚ ұялы байланыс операторларының халықаралық трафик транзитiне эксклюзивтiк құқығын сақтау;

6) "Қазақтелеком" ААҚ халықаралық, қалааралық байланыс қызметтерiн ұсынуға бұрын берген эксклюзивтiк құқығын мерзiмiнен бұрын алып тастауға байланысты мәселелердi реттеу.

Халықаралық және қалааралық байланыс рыногын ашқанға дейiн бәсекелестiк үшiн тарифтердi қайта теңгерiмдеудi бастау және әмбебап қол жеткізудi (жалпыға қол жеткiзiмдi қызметтердi) ұйымдастыру және қаржыландыру тетiгiн бастау қажет.

Бұдан басқа, шет елдiк заңды және жеке тұлғалардың 2008 жылға дейiн байланыс операторларының капиталына немесе ДСА-мен келiсуге Қазақстан Республикасының осы ұйымға кiру күнiнен кейiнгi мерзiмге дейiн коммерциялық араласу (кемiнде 50 %) жөніндегі шектеулердi енгізу мүмкiндiгiн қарау қажет.

Осы кезеңде баламалы байланыс операторлары халықаралық және қалааралық байланыс қызметтерiн көрсету құқығын бере отырып, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң санатына олардың желiлерiн ауыстыру жолымен берiлген байланыс желiлерiнiң операторлары негiзiнде пайда болады.

Бiр мезгілде телекоммуникациялар рыногына жаңа қатысушылардың енуi үшiн жағдайлар жасалатын болады.

3-кезең. Телекоммуникациялар рыногын толық ырықтандыру.

Саланы мынадай қағидаттарда толығымен ырықтандыруды жүзеге асыру 2005 жылдың аяғына жоспарланып отыр (бiрiншi кезеңнiң iс-шаралары орындалған жағдайда):

1) байланыс қызметтерiн ұсыну кезiнде тұтынушының (жеке немесе заңды тұлғаның) кез келген байланыс операторын таңдауға құқығын қамтамасыз ету (оның iшiнде техникалық);

2) кез келген байланыс операторының (бoc радиожиіліктi ресурстардың болмауы жағдайларын қоспағанда, егер олардың пайдаланылуы талап етiлсе) байланыс рыногына еркiн қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету (телекоммуникациялар саласындағы қызмет түрлерiн шектеусiз);

3) операторлардың телекоммуникациялар желiлерiн өзара қосып алу жөніндегі шектеулердiң болмауы.

Қалааралық және халықаралық байланыс рыногын ырықтандыру нәтижесiнде пайда болатын бәсекелестiкке қарамастан, "Қазақтелеком" ААҚ онда магистралдық та, сол сияқты жергiліктi желiлердiң де дамыған инфрақұрылымы болуына қарай, әлi ұзақ уақыт монополист болып қала бередi, оның кiрiстерiнiң құрылымы өзгеретiн болады және оның қызметiнің басым бағыттарының бiрi басқа да байланыс операторларына желi қызметтерiн көрсету болмақ, атап айтқанда:

магистралдық арналарды жалға беру және транзиттік қызмет көрсету;

абоненттердiң баламалы байланыс операторларының қызмет көрсетуiне қол жеткізуi үшiн жергiлікті желiлердiң ЖПТЖ-ға қосылуы;

Мұндай жағдай жаңа баламалы байланыс операторлары пайда болған сәтке дейiн жалғаса бередi, ол уақыт өте келе "Қазақтелеком" ААҚ-мен бәсекелестiкке түсуi мүмкiн.

Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ "Қазақтелеком" ААҚ-на байланыстың жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтерiн ұсыну жөніндегі мiндетi мен қорғаныс, қауiпсiздiк және құқықтық тәртіптi қорғау басқармаларының органдарын байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету функциялары заңды түрде жүктелетiнiн ескере отырып, оның Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желiлерiнiң ұлттық байланыс операторы мәртебесi сақталып қалады.

7. Техникалық базаны қамтамасыз ету.

Қоғамның барлық қабаттарына қол жеткiзiмдi осы заманғы ақпараттық-телекоммуникациялық қызмет көрсету спектрiн кеңейту ақпараттық қауiпсiздiк мәселелерiн шешу, аймақта ұлттық бәсекелестiкке қабiлеттілiктi қамтамасыз ету тиiсті техникалық базаны дамытуды талап етедi. Бұл бағытта мыналар қажет:

1) ұлттық желiнің тиiстi сыйымдылығына және оның құрылым ерекшелiктерiнe сәйкес жаңа нөмiрлендіру жоспарын енгізу. Жоспарды енгізу алдында "ҚР телекоммуникациялар желісін нөмiрлеудің жүйесi мен жоспары" деген басшылық құжат және Телекоммуникациялар желiлерiнің нөмiрлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесi әзiрленуi әрi бекітілуi тиiс;

2) Ұлттық ақпараттық супермагистраль (ҰАСМ) тұрғызуды, жаңғыртуды, жергiлікті желiнi (қалалық та, әрi ауылдық та) 60% деңгейге дейiн цифрландыруды; абоненттiк қол жеткізу желiлерiн жаңғыртуды қамтитын ұлттық телекоммуникациялық желiнi салу және жаңғырту, мұның өзi телекоммуникациялық және ақпараттық қызмет көрсетулер спектрiн кеңейту мүмкiндiгiн кешендi қамтамасыз eтедi;

3) телекоммуникациялық рынокты ырықтандырудың ажырамас шарты болып табылатын, телекоммуникациялардың өзара байланысты желiлерінің байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысулардың көпшілік қабылдаған қағидаттарын iске асыруға ықпал жасайтын ҚЕУЖ-дi жер-жерде енгізу.

ҚЕУЖ қызмет көрсетулерге ақы төлеуге әдiлетті көзқарас негiзiнде кiрiстердi арттыруды халықтың төлемге қабiлеттi бөлiгiне түсiре отырып, халықтың әлеуметтiк қорғалмаған бөлiгiне бiрiншi кезектегi мұқтаждары үшiн шығыстарын көбейтпеуге мүмкiндiк беретiн жергiлiктi байланыстың рентабельдiлiгiн арттырудың маңызды құралы ретінде қаралады;

4) жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісінiң барлық операторларының қалааралық шақырулардың және операторлар арасындағы трафиктiң секундтық тарифтеуiн енгізу.

Ceкундтық тарифтеуге көшу туралы шешiм байланыстың барлық операторларына таралуы және бiр мезгілде енгiзiлуi тиiс. Бұл ретте тiкелей секундтық тарифтеудi енгiзгенге дейiн тарифтеу қағидаттарын өзгертудi ескере отырып, тарифтердi қайта есептеудi жүргiзу қажет. Ceкундтық тарифтеу аппараттық та, бағдарламалық та құралдарға таралатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн өткiзгеннен кейiн енгiзiлетiн болады;

5) техникалық талаптарды әзiрлеу және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын (АЖІІШ) жүргiзу үшiн Қазақстанның өзара байланысты телекоммуникациялар желісіне сертификатталған жабдықтарды енгізу.

8. Телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау қызметiн реформалау.

Лицензиялау, тұтастай алғанда телекоммуникациялар саласын және оның жекелеген сегменттерiн дамытуда, бәсекелестiктi арттыруда және рынокқа қатысушылар санын көбейтуде мемлекеттік саясатты iске асырудың негiзгi құралы болады. Бұл мақсатқа iс жүзiнде қол жеткізу үшiн лицензияларды алудың, лицензия шарттарының сақталуын бақылауды, инфрақұрылымды дамыту жөнiндегі міндеттемелер енгізудің дәл және ашық рәсiмін қамтамасыз ету үшiн телекоммуникациялар саласындағы лицензиялау жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру және толықтыру қажет. Бұл үшін мыналар қажет:

1) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, телекоммуникациялар саласындағы лицензиялауға қатысты басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерістер енгізу;

2) елдiң телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға арналған күштердi шоғырландыру мақсатында телекоммуникациялар мен байланыс операторлары қызметтерiнiң санаттары бойынша реттеу деңгейлерiн нормативтiк бекіту. Бұл ретте байланыс саласындағы қызметтi міндеттi лицензиялау саласынан ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды меңгермеген қызмет көрсету провайдерлерi (беpушілepi) алынып тасталады;

3) лицензиялық төлемдерге қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгерістерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу.

9. Радиожиiлiктiк реттеудi реформалау.

Байланыс қызметiн көрсету рыногының әлеуеттi көлемiн ұлғайту, жаңа радиотехнологияларды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында мыналар жүзеге асырылатын болады:

1) Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына және халықаралық келісімдерге сәйкес радиожиілік спектрiн пайдалануды үйлестіру;

2) радиожиiлiк спектрiн айырбастау;

3) радиожиілік спектрiн бөлу және бақылау жүйесiн оңтайландыру, жекелеген радиожиілік қызметiн құру;

4) радиожиiлiк спектрiн айырбастауға және жаңа технологияларды дамытуға ықпал ететін жиiлiктердi бөлудің экономикалық әдiстерiн әзiрлеу;

5) олардың экономикалық орындылығы мен икемдiлiгiн қамтамасыз ететiн радиожиiлiк спектрiн (бұдан әрi - РЖС) пайдалану үшiн ставкаларды қалыптастыру әдiстемесiн әзiрлеу.

10. Телекоммуникациялар саласында стандарттау және сертификаттау жүйесiн құру.

Мұндай жүйенi құрудың негiзгi тетігі телекоммуникациялар саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитет болады. Бұл мүдделi заңды тұлғалар негiзiнде құрылатын байланыс саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттар және басқа да нормативтiк кесiмдер қорын, оларды әзiрлеудi, бекітудi және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркеудi және таралымын көбейтудi қоса алғанда, қалыптастыру функциясын жүктеуге болатын мемлекеттік емес жұмыс органы.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттардың және техника-экономикалық ақпарат жiктеуіштердiң, техникалық регламенттердiң, ережелердің, стандарттау жөніндегі ұсынымдардың, шет елдердiң ұлттық стандарттарының салалық электрондық базасын құру қажет.

Мыналар көзделедi:

Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдер мен қызмет көрсетулер тiзбесiне өзгерістер енгізу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудің арнайы талаптарына сәйкестiкке сертификаттау және телекоммуникациялар жабдығы мен ақпараттық жүйелердi сертификаттау кезiнде АЖІІШ жүргiзу тетігiн әзiрлеу;

халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005 жылдарға арналған "Сапа" республикалық бағдарламасының шеңберiнде телекоммуникациялар ұйымдарында сапа жүйесін енгізу;

стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдармен (ХЭО, ТХҰ, ДПО, ЕБСИ, және басқаларымен) байланыстарды нығайту. Бұл халықаралық ауқымда тiркеуден өткен ең жақсы техникалық шешiмдердi қабылдауға ықпал ететiн болады.

11. Телекоммуникациялар саласындағы перспективалы бағыттар бойынша кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру.

Телекоммуникациялық сала серпiндi дамып отырған сала болып табылады. Қазiргi уақытта телекоммуникациялар саласында негiзiнен классикалық үлгiдегi инженерлер жұмыс iстейдi, ал соңғы 10 жылда әрбiр екi жыл сайын телекоммуникациялардағы технологиялар өзгеріп немесе жетілдiрілiп отырды, ал осы заманғы аппаратура микропроцессорларда iске асырылады және басқаруды компьютерлер жүзеге асырады. Осының бәрi оқыту бағдарламасын түбегейлi өзгертудi талап етедi.

ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 6-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыpу

көздерi

Бағдарламаны iске асыру үшiн байланыс операторларының меншiктi қаражаты мен қарыз қаражаты, отандық және шетелдiк инвесторлардың қарыздары мен кредиттерi, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн (телекоммуникациялардың шығынды қызмет көрсетулерiн субсидиялаудың (дотациялаудың) мүмкiн болар нұсқасы ретiнде) қаражат, гранттар және заңнамада тыйым салынбаған басқа да қаржылық қаражат тартылатын болады. 2003-2005 жылдары қаржыландыруға республикалық бюджеттен 5844,3 млн. теңге жiберу жоспарланып отыр, оның iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге, 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005 жылы - 11 млн. теңге. Бұл ретте жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады;

Телекоммуникациялар саласында инвестициялық саясат базалық телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру жолымен байланыс операторлары санын арттыруға және қызмет көрсетудiң алуан түрлi үлгiсiн кеңейтуге негiзделген салауатты бәсекелестiктi дамытуды ынталандыруы тиiс. Инфрақұрылымдар мен желiлердi құру телекоммуникациялар саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдығы болады.

Мемлекеттiң телекоммуникациялар рыногы субъектiлерiнiң өзара iс-қимылының ашық тетiктерiн енгізуге, Қазақстан телекоммуникацияларының өзара байланысты желісін басқарудың әлеуметтiк кепілдерi мен тұрақтылығын сақтау кезiнде, бiртiндеп ырықтандыруға бағытталған күш-жiгерi операторлардың инвестицияларды тікелей тартуын қамтамасыз етеді.

Әмбебап қызмет көрсетулердi (жалпыға қол жеткiзiмдi) ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторларының шығындарын қаржыландыру тетiгi ұлттық байланыс операторын iшкi тоғыспалы субсидиялауды пайдаланудан бас тарту жолымен аса ашық нұсқада түрленетiн болады, мысалы мыналар сияқты: а) арнайы салалық резерв (қор) құру, мұндай қорды жинақтау телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушыларының аударымдарынан, халықаралық гранттардан және заңнамада тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен болуы мүмкiн; б) республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау; в) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден тiкелей мемлекеттік қолдауды талап ететiн тұтынушылар (халық) топтарын айқындау.

7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Бүгiнде телекоммуникациялар саласы ұлттық шаруашылықтың кәдiмгi қызмет көрсетушi инфрақұрылымдық саласынан экономика тiрегiне айналып отыр, себебi ол тек әдеттегi және жетiлдiрiлген қызмет көрсету түрлерiн ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк, саяси және экономикалық өзгерістердің бастаушысы да болып қызмет атқарады. Қазiргi уақытта осы заманғы қоғамның шын бейнесi болып табылатын ақпараттық қоғамның қалыптасу процесi жүріп жатыр.

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде Қазақстанда халықтың байланыс қызметiне қол жетiмділігі үшiн терiс салдарларсыз телекоммуникациялардың толық бәсекелестiк рыногына кiнаратсыз өтуіне кепілдік беретiн экономикалық жағдай мен мемлекеттік реттеу, мемлекеттік ақпараттық қауiпсiздiк, телекоммуникациялар саласындағы ұлттық бәсекеге қабiлеттiлiк жүйесi құрылатын болады.

Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мыналар жүзеге асады:

телекоммуникациялардың өзара байланысты желісінің үздiксiз жұмыс iстеуiн және оны оңтайлы басқаруды қамтамасыз ету;

телекоммуникациялардың базалық қызмет көрсетулерiне халықтың қол жеткізуiн қамтамасыз етудi кеңейту;

телекоммуникациялардың ұсынылатын қызмет көрсету спектрiн кеңейту;

Орталық Азия аймағының коммуникациялық инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының көш бастаушы ұстанымын қамтамасыз ету. Қазақстанның Оңтүстiк Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында маңызды ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық транзит торабы ретiнде қалыптасуы;

телекоммуникациялар саласында мемлекеттік реттеу тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ететiн телекоммуникациялар саласындағы бiрыңғай нормативтiк құқықтық базаны құру;

телекоммуникациялық инфрақұрылымға қысқа мерзiмдi де, ұзақ мерзiмдi де кезеңге инвестициялау үшiн жағдай жасау;

телекоммуникациялар рыногында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру, қол жеткізудiң жергiлiктi желiлерiн және қосылған байланыс қызмет көрсетулерi рыногын дамытуға арналған мүмкiндiктердiң өсуi;

саланың жұмыс тиiмділігiн арттыру және байланыс қызметтерiн тұтынудың құрылымдық үйлесiмсiздiгiн кемiту;

саланың серпiндi дамуы жағдайында мамандарды оқыту жүйелерi мен процестерiн құру және қамтамасыз ету.

Шығыстарды бөлек есепке алуды енгізу және рынокқа қатысушылардың барлығына ауыртпалықты тең бөлудiң ашық және әдiл тетiгiне бiртiндеп ауыстыру жолымен бiр оператордың iшіндегі рентабельдi емес қызмет көрсетулердi ашық емес кросс-субсидиялау жойылатын болады.

Байланыс қызмет көрсетулерiне экономикалық негiзделген тарифтердi қайта теңгерiмдеу және белгілеу операторлар үшiн бұрын тартымсыз болған рынок секторларында бәсекелестіктiң пайда болуына әкеледi, мұның өзi сөзсiз қызмет көрсетудiң сапасын және әр түрлiлiгін едәуiр арттырады.

Тұтастай алғанда, ұлттық шаруашылықтың бұл секторын толығымен рыноктыққа өзгертуге мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасалады және институциональдық қайта құрылымдау қамтамасыз етiледi, ұзақ мерзiмдi перспективада телекоммуникациялар саласын орнықты дамытуға алғы шарттар жасалады.

Бағдарламаны iске асыру 2005 жылдың соңына қарай мынадай мақсаттық индикаторларға қол жеткізуге бағытталатын болады:

тiркелген телефон желiлерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 17;

ұтқыр байланыс абоненттерiнiң тығыздығы - елдiң 100 тұрғынына шаққанда 11;

облыс орталықтарында қоғамдық телефондардың (электрондық таксофондардың) тығыздығы - 10 мың тұрғынға шаққанда 8, 2003 жылы 6,5;

Интернеттi пайдаланушылар тығыздығы - елдiң 1000 тұрғынына шаққанда 30, 2003 жылы 17;

телекоммуникациялардың жергілікті желiлерiн цифрландыру деңгейi - 60 пайыз, 2004 жылға қарай - 50 пайызға дейiн;

магистральдық желiлердi цифрландыру деңгейi - 100 пайыз, 2004 жылға қарай 90%.

ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 8-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара)

8. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың

2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі

іс-шаралар жоспары

┌───┬─────────────────┬──────┬─────────┬────────┬───────┬─────────────┐
│Р/с│    Іс-шара      │Аяқтау│Орындау- │Орындау │Болжа- ├Қаржыландыру │
│ N │                 │нысаны│ға (іске │(іске   │натын  │    көзі     │
│   │                 │      │асыруға) │асыру)  │шығыс- │             │
│   │                 │      │жауапты- │мерзімі │тар,   │             │
│   │                 │      │  лар    │        │млн-   │             │
│   │                 │      │         │        │теңге  │             │
├───┴─────────────────┴──────┴─────────┴────────┴───────┴─────────────┤
│     1. Нормативтік құқықтық базаны құру және жетілдіру              │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│1.1. "Қазақстан        Бұйрық  ККМ       2003     Талап              │
│     Республикасының                     жылғы  етілмей-             │
│     телекоммуника-                        І     ді                  │
│     циялар желісін                      тоқсан                      │
│     нөмiрлеудiң                                                     │
│     жүйесi мен                                                      │
│     жоспарын" бекіту                                                │
│     туралы бұйрықты                                                 │
│     әзiрлеу                                                         │
│1.2. Қазақстан         Бұйрық  ККМ       2003     Талап              │
│     Республикасының                     жылғы   етілмей-            │
│     телекоммуника-                       І      ді                  │
│     циялар желiлерiн                    тоқсан                      │
│     нөмiрлеу ресурс-                                                │
│     тарын бөлу және                                                 │
│     пайдалану ереже-                                                │
│     сiн әзiрлеу                                                     │
│1.3. "Байланыс туралы" Заң    ККМ, МБА   2003     2,2     Республи-  │
│     Қазақстан         жобасы ҰҚК (келі- жылғы            калық      │
│     Республикасының          сім бойын-  ІІ              бюджет     │
│     Заңына өзгерiс-          ша)        тоқсан           қаражаты   │
│     тер мен толықты-                                                │
│     рулар енгізу                                                    │
│     туралы" Қазақстан                                               │
│     Республикасы                                                    │
│     Заңының жобасын                                                 │
│     әзiрлеу.                                                        │
│1.4. Телекоммуникация- Бұйрық  ККМ       2003     2,2     Республи-  │
│     лар қызмет көрсе-                   жылғы            калық      │
│     тулерiнiң жiктеу-                    ІІ              бюджет     │
│     iшiн әзiрлеу                        тоқсан           қаражаты   │
│1.5. Телекоммуникация- Бұйрық  ККМ, СА   2003     2,2     Республи-  │
│     лар саласында                       жылғы            калық      │
│     статистикалық                        ІІІ             бюджет     │
│     бақылау нысанда-                    тоқсан           қаражаты   │
│     рын әзiрлеу және                                                │
│     бекіту                                                          │
│1.6. Байланыс опера-   Бұйрық  ККМ, МБА, 2003     2,2     Республи-  │
│     торларының                ҰҚК       жылғы            калық      │
│     бiрлескен қызмет          (келісім   ІV              бюджет     │
│     көрсетулерi               бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│     кезiнде желiлiк                                                 │
│     ресурстарды ұсыну                                               │
│     тәртібін және                                                   │
│     байланыс опера-                                                 │
│     торларының өзара                                                │
│     есеп айырысуларын                                               │
│     қоса алғанда,                                                   │
│     Телекоммуникация-                                               │
│     лар желiлерiн                                                   │
│     қосып алу eреже-                                                │
│     сiн әзiрлеу                                                     │
│1.7. Байланыс саласын- Үкімет  ККМ, ҰҚК  2004    Талап               │
│     дағы лицензиялау, қаулы-  (келісім  жылғы  етілмей-             │
│     Қазақстан         сының   бойынша)   ІI     ді                  │
│     Республикасында   жобасы            тоқсан                      │
│     радиожиiлiк спек-                                               │
│     трiн пайдалану                                                  │
│     eрежесiн әзiрлеу                                                │
│1.8. Телефон байланысы Бұйрық  ККМ, МБА, 2003     2,2     Республи-  │
│     қызметтерiн көр-          ҰҚК       жылғы            калық      │
│     сету ережесін             (келісім   ІV              бюджет     │
│     әзiрлеу                   бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│1.9. Ұялы байланыс     Бұйрық  ККМ, МБА, 2004     2,2*    Республи-  │
│     қызметiн ұсыну            ҰҚК       жылғы            калық      │
│     ережесін әзiрлеу          (келісім   І               бюджет     │
│                               бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│1.10. Телекоммуникациялар  Бұйрық  АБА  2003 жылғы 2,2  Республика-  │
│      саласындағы                       IV тоқсан       лық бюджет   │
│      техникалық                        2004 жылғы 14,9 қаражаты     │
│      пайдалану ережесіне               IV тоқсан                    │
│      өзгерістер мен                    2005 жылғы 3,26*             │
│      толықтырулар енгізу               IV тоқсан                    │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│     2. Әмбебап қол жеткізуді қамтамасыз ету тетігін құру            │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│2.1. Телекоммуника-    Үкiмет  ККМ, МБА  2004    Талап               │
│     цияның әмбебап    қаулы-            жылғы  етілмей-             │
│     қызметтер         сының              ІІ     ді                  │
│     көрсетуiнiң       жобасы            тоқсан                      │
│     тiзбесiн                                                        │
│     әзiрлеу;                                                        │
│2.2. Әмбебап қол       Үкімет- ККМ, МБА  2003    Талап               │
│     жеткізудi (жал-   ке                жылғы  етілмей-             │
│     пыға қол жеткi-   ұсыныс             ІV     ді                  │
│     зiмдi) ұйымдас-                     тоқсан                      │
│     тыру және қар-                                                  │
│     жыландыру мәсе-                                                 │
│     лелерi бойынша                                                  │
│     уәкілеттi органды                                               │
│     тағайындау жөнiн-                                               │
│     де ұсыныстар                                                    │
│     дайындау                                                        │
│2.3. Телекоммуникацияның   Бұйрық   АБА,   2004 жылғы   Талап        │
│     әмбебап қызмет                 ТМРА   II тоқсан   етiлмейдi     │
│     көрсетуiн қамтамасыз          (келісім                          │
│     ететiн байланыс               бойынша)                          │
│     операторларын таңдау                                            │
│     жөніндегі конкурстық                                            │
│     құжаттарды әзiрлеу                                              │
│     және бекіту                                                     │
│2.4. Әмбебап қол       Бұйрық АБА, ҚарМ, 2004     2,2*    Республи-  │
│     жеткізудi (жалпы-        ЭБЖМ,      жылғы            калық      │
│     ға бiрдей қол            ТМРА         І              бюджет     │
│     жеткiзiмдi қызмет        (келісім   тоқсан           қаражаты   │
│     көрсету) ұйымдас-        бойынша)                               │
│     тыру және қаржы-                                                │
│     ландыру eрежесiн                                                │
│     әзiрлеу                                                         │
│2.5. 200 адам және     Бұйрық АБА,       2004    Талап               │
│     одан артық тұр-          ТМРА       жылғы  етілмей-             │
│     ғындар саны бар          (келісім    ІV     ді                  │
│     елдi мекендердi          бойынша)   тоқсан                      │
│     телефондандыру                                                  │
│     жоспарын әзiрлеу                                                │
│     және бекіту                                                     │
│2.6. Телекоммуникация- Үкімет- АБА,     2004-     3,74*   Республи-  │
│     лар қызметтерiне  ке      TMPA     2005       жыл    калық      │
│     әмбебап қол жет-  ақпарат (келісім жылдар,   сайын   бюджет     │
│     кiзудi ұйымдасты-         бойынша) желтоқ-           қаражаты   │
│     руға және ұсынуға                  сан                          │
│     арналған лицен-                                                 │
│     зияларды ресiм-                                                 │
│     деу, тендер өткi-                                               │
│     зудi қамтамасыз                                                 │
│     eту                                                             │
│2.7. Телекоммуникация-  Үкіметке  АБА  2004 жылғы 2511,962  Респуб-  │
│     ның әмбебап        ақпарат        IV тоқсан            ликалық  │
│     қызмет көрсету-                                        бюджет   │
│     лерін ұсыну                                            қара-    │
│     жөніндегі ауыл-                                        жаты     │
│     дық байланыс                                                    │
│     операторларының                                                 │
│     шығынына өтемақыны                                              │
│     қамтамасыз ету                                                  │
│2.8.  Қалалық телекомму-  Үкіметке  АБА  2004 жылғы  958,865 Респуб- │
│     никация желілерін   ақпарат        IV тоқсан           ликалық  │
│     абоненттері болып                                      бюджет   │
│     табылатын әлеумет-                                     қара-    │
│     тік қорғалатын                                         жаты     │
│     азаматтарға телефон                                             │
│     үшін абоненттік                                                 │
│     төлем тарифінің                                                 │
│     көтерілуіне өтем-                                               │
│     ақыға облыстық                                                  │
│     бюджеттерге,                                                    │
│     Астана және Алматы                                              │
│     қалаларының бюджет-                                             │
│     теріне мақсатты                                                 │
│     трансферттерді                                                  │
│     көздеу                                                          │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│        3. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтік реттеу           │
│                        тетіктерін жетілдіру                         │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│3.1. Телекоммуникация- Бұйрық  ККМ, МБА  2003     2,2     Республи-  │
│     лар қызмет көр-                     жылғы            калық      │
│     сетулерiнiң түр-                     ІV              бюджет     │
│     лерi бойынша                        тоқсан           қаражаты   │
│     бөлек есепке                                                    │
│     алу ережесін                                                    │
│     әзiрлеу                                                         │
│3.2. Телекоммуникация- Бұйрық  ККМ, МБА  2003     2,2     Республи-  │
│     лардың қызмет                       жылғы            калық      │
│     көрсетулерiне                        ІV              бюджет     │
│     арналған тариф-                     тоқсан           қаражаты   │
│     тердi қалыптас-                                                 │
│     тыру eрежесiн                                                   │
│     әзiрлеу                                                         │
│3.3. Телекоммуникацияның  Үкімет    ТМРА     2004 жылғы  Талап       │
│     әмбебап қызмет       қаулы.  (келісім   IІ тоқсан  етілмейді    │
│     көрсетуінің тариф.   сының    бойынша),                         │
│     терін қайта теңдес.  жобасы    АБА                              │
│     тіру жоспарын                                                   │
│     бекіту                                                          │
│3.4. Телекоммуникация- Бұйрық TMPA       2004     2,2*    Республи-  │
│     лар саласындағы          (келісім   жылғы            калық      │
│     реттелетiн актив-        бойынша),   ІІІ             бюджет     │
│     тер базасының            АБА        тоқсан           қаражаты   │
│     пайда ставкасын                                                 │
│     есептеу әдiстеме-                                               │
│     сiн әзірлеу                                                     │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│     4. Телекоммуникациялар саласын ырықтандыру жағдайларын          │
│                      жасау жөніндегі іс-шаралар                     │
├───────────────────────┬─────────────────────────────────────────────┴
│4.1. Телекоммуника-    Үкімет- АБА,      желтоқ-  4,0*    Республи-  │
│     циялар саласына   ке      ТМРА       сан,    2004    калық      │
│     экономикалық      ақпарат (келісім   жыл     жылғы   бюджет     │
│     талдау жүргізу            бойынша)  сайын    желтоқ- қаражаты   │
│                                                  саннан             │
│                                                  бастап,            │
│                                                  жыл                │
│                                                  сайын              │
│4.2. "Қазақтелеком"    Үкімет- ККМ, МБА, 2003     Талап              │
│     ААҚ қалааралық,   ке      ҚарМ,     жылғы   етілмей-            │
│     халықаралық       ұсыныс  ЭБЖМ,      ІV     ді                  │
│     байланысты ұсыну-         ӘдМ       тоқсан                      │
│     ға эксклюзивтік                                                 │
│     құқығын мерзi-                                                  │
│     мiнен бұрын алып                                                │
│     тастауға байла-                                                 │
│     нысты мәселелердi                                               │
│     реттеу жөнiнде                                                  │
│     ұсыныстар                                                       │
│     дайындау                                                        │
│4.3. "Қазақтелеком"    Үкімет  АБА,      2004     2299,5  Республи-  │
│     ААҚ-ның, оның     қаулы-  ТМРА      жылғы            калық      │
│     шығындарын        сының   (келісім    І              бюджет     │
│     өтеумен бiрге     жобасы  бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│     халықара-                                                       │
│     лық және қалаара-                                               │
│     лық байланыс                                                    │
│     қызмет көрсету-                                                 │
│     лерiн ұсынуға                                                   │
│     арналған эксклю-                                                │
│     зивтік құқығын жою                                              │
│4.4. Телекоммуникация- Үкімет- АБА,     желтоқ-           Байланыс   │
│     лардың жергiлiктi ке      "Қазақ-  сан,              оператор-  │
│     желiлерiн         ақпарат телеком" жыл               ларының    │
│     60-пайыздық дең-          ААҚ      сайын             қаражаты   │
│     гейге дейiн               (келісім                              │
│     цифрландыруды             бойынша)                              │
│     қамтамасыз ету                                                  │
│4.5. Байланыс          Бұйрық  АБА,      2004             Байланыс   │
│     телекоммуни-              ТМРА      жылғы            оператор-  │
│     кация                     (келісім   І               ларының    │
│     желілерімен               бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│     өзара iс-қимыл                                                  │
│     жасайтындардың                                                  │
│     қала-                                                           │
│     аралық қосылулар-                                               │
│     ды және оператор-                                               │
│     лар арасындағы                                                  │
│     трафиктi секунд-                                                │
│     тық тарифтеугe                                                  │
│     көшуін қамтамасыз                                               │
│     eту                                                             │
│4.6. Байланыс және     Үкімет- АБА,      2004     Талап              │
│     ақпараттандыру    ке      ТМРА      жылғы   етілмей-            │
│     саласындағы жеке- ұсыныс  (келісім   ІІ     ді                  │
│     леген реттеушi            бойынша)  тоқсан                      │
│     мемлекеттік                                                     │
│     органды құру                                                    │
│     жөнiнде (Тәуелсiз                                               │
│     реттеушi) ұсыныс-                                               │
│     тар дайындау                                                    │
│4.7. Нөмiрлеудiң жаңа  Үкімет- АБА       2004             Байланыс   │
│     жоспарына көшудi  ке                жылғы            оператор-  │
│     қамтамасыз ету    ақпарат            ІV              ларының    │
│                                         тоқсан           қаражаты   │
│4.8. Телекоммуникацияның    Бұйрық   АБА   2004 жылғы   Талап        │
│     әмбебап қызмет көр-                   ІІ тоқсан   етілмейді     │
│     сетулерiнiң тариф-                                              │
│     терiн қайта теңдес-                                             │
│     тiру жоспарымен                                                 │
│     байланыстырылған                                                │
│     Қазақстан Респуб-                                               │
│     ликасының телеком-                                              │
│     муникация желiлерiнде                                           │
│     жергiлiктi телефон                                              │
│     қосылымдарының                                                  │
│     құнын уақыт бойынша                                             │
│     есептеу жүйесiн                                                 │
│     енгізудiң нақтылан-                                             │
│     ған Жоспар-кестесiн                                             │
│     әзiрлеу                                                         │
│4.9. Жалпы пайдаланыс- Үкімет- АБА,      2004             Байланыс   │
│     тағы телекоммуни- ке      ТМРА      жылғы            оператор-  │
│     кациялар желісі   ақпарат (келісім   ІV              ларының    │
│     байланыс оператор-        бойынша)  тоқсан           қаражаты   │
│     ларының желi                                                    │
│     элементтерi және                                                │
│     қызмет түрлерi                                                  │
│     бойынша шығындарды                                              │
│     бөлек есепке алуын                                              │
│     енгізудi қамтамасыз                                             │
│     ету                                                             │
│4.10. Телекоммуника-   Үкімет- АБА,      2003-    Талап              │
│      циялардың ведом- ке      ҚорМ,     2004    етілмей-            │
│      стволық желіле-  ақпарат ІІМ,      жылдар, ді                  │
│      рiн жаңғырту             ҰҚК,      әзірлеу-                    │
│      және дамыту              "Қазақ-   іне                         │
│      жоспарларын              телеком"  қарай                       │
│      келiсу                    ААҚ                                  │
│                               (келісім                              │
│                               бойынша)                              │
│4.11. Арнайы жедел-iз- Үкімет- АБА,      желтоқ-          Байланыс   │
│      дестiру iс-шара- ке      ҰҚК       сан,             оператор-  │
│      ларын жүргiзудi  ақпарат (келісім  жыл              ларының    │
│      қамтамасыз ету           бойынша)  сайын            қаражаты   │
│      үшiн ҚР 1071-                                                  │
│      2002 СТ талап-                                                 │
│      тары бойынша                                                   │
│      байланыс опера-                                                │
│      торларының                                                     │
│      телекоммуника-                                                 │
│      циялық жабдығын                                                │
│      жаңғырту жөнiн-                                                │
│      дегi iс-шаралар-                                               │
│      ды орындауды                                                   │
│      қамтамасыз eту                                                 │
│4.12. Ұлттық ақпарат-  Үкімет- АБА,      2005    16830,0  Ұлттық     │
│      тық супер        ке      "Қазақ-   жыл,             байланыс   │
│      магистраль құры- ақпарат телеком"  желтоқ-          операто-   │
│      лысын аяқтауды            ААҚ      сан,             рының      │
│      қамтамасыз ету           (келісім  жыл              қаражаты   │
│                               бойынша)  сайын                       │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│               5. Радиожиілік реттеуді реформалау                    │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│5.1. Қазақстан         Бұйрық  ККМ, ҚМ,  2004     Талап              │
│     Республикасында           ҰҚК       жылғы   етімей-             │
│     барлық мақсат-            (келісім   ІI     ді                  │
│     тағы радиоэлек-           бойынша)  тоқсан                      │
│     тронды құралдар                                                 │
│     үшiн радиожиiлiк-                                               │
│     тердi бөлу және                                                 │
│     тағайындау                                                      │
│     (меншіктеу) eре-                                                │
│     жесiн әзiрлеу                                                   │
│5.2. Халықаралық       Үкімет  АБА, ҚР   Қажет-   Талап              │
│     электр байланысы  қаулы-  РЖМВК**,  тілігі- етілмей-            │
│     одағының ұсыным-  сының   ҰҚК       не      ді                  │
│     дарына, халықара- жобасы  (келісім  қарай                       │
│     лық келісімдерге          бойынша)                              │
│     сәйкес радиожиi-                                                │
│     лiк спектрiн                                                    │
│     пайдалануды                                                     │
│     үйлестiру жөнiн-                                                │
│     дегi iс-шаралар-                                                │
│     дың орындалуын                                                  │
│     қамтамасыз ету                                                  │
│     және Ұлттық                                                     │
│     радиожиілiктер                                                  │
│     кестесiне өзге-                                                 │
│     рiстер енгізу                                                   │
│5.3. Байланыс саласын- Үкімет  ККМ,      2003             Қаржылан-  │
│     дағы реттеу       қаулы-  ҚорМ,     жылғы            дыру       │
│     жөніндегі уәкі-   сының   ҰҚК        ІІ              көлемі мен │
│     летті органның    жобасы  (келісім  тоқсан           көздері    │
│     мемлекеттік               бойынша)                   әзірлеу    │
│     кәсiпорын ныса-                                      кезеңінде  │
│     нындағы радиожиi-                                    белгіле-   │
│     лiк қызметін құру                                    тін болады │
│5.4. Қазақстан         Үкімет- ККМ,      2004             Қаржылан-  │
│     Республикасының   ке      ҚорМ      жылғы            дыру       │
│     аумағында сымсыз  ақпарат            ІІ              көлемі мен │
│     абоненттiк радио                    тоқсан           көздері    │
│     қол жеткізу (WLL)                                    талдау     │
│     жүйесiн пайдалану                                    жүргізу    │
│     үшiн 450-470 МГц,                                    барысында  │
│     824-890 МГц және                                     анықтала-  │
│     1850-1990 МГц                                        тын болады │
│     өрiсіндегі радио-                                               │
│     жиіліктер жолағын                                               │
│     бөлу                                                            │
│5.5. Мыналарды:        Үкімет  ҚорМ, ҰҚК 2004     Талап              │
│     - радиожиілiк     қаулы-  (келісім  жылғы    етiл-              │
│       спектрiн бөлу   сының   бойынша),  ІI      мейдi              │
│       және пайдала-   жобасы  АБА       тоқсан                      │
│       нылуын бақылау                                                │
│       жүйесiн оңтай-                                                │
│       ландыру;                                                      │
│     - радиожиiлiк                                                   │
│       спектрiн айыр-                                                │
│       бастауға және                                                 │
│       жаңа техноло-                                                 │
│       гияларды дамы-                                                │
│       туға ықпал                                                    │
│       ететiн жиiлiк-                                                │
│       тердi бөлудiң                                                 │
│       экономикалық                                                  │
│       әдiстерiн әзiр-                                               │
│       леудi қоса                                                    │
│       алғанда, Радио-                                               │
│       жиілік спектрiн                                               │
│       айырбастау                                                    │
│       жөніндегі iс-ша-                                              │
│       ралар жоспарын                                                │
│       әзiрлеу.                                                      │
│5.6.   Олардың эконо-  Бұйрық  ККМ,      2003     2,2     Республи-  │
│       микалық орынды-         ҚорМ,     жылғы            калық      │
│       лығын қамтама-        Ақпаратминi, ІV              бюджет     │
│       сыз ететiн              МБА       тоқсан           қаражаты   │
│       РЖС***                                                        │
│       пайдалану үшiн                                                │
│       ставкаларды                                                   │
│       қалыптастыру                                                  │
│       әдiстемесiн                                                   │
│       әзiрлеу                                                       │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│6. Телекоммуникациялар қызметтерін стандарттау,                      │
│     сертификаттау, сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар            │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│6.1. Телекоммуникация- Бұйрық  ККМ, ИСМ  2003     Талап              │
│     лар саласындағы           Стандарт- жылғы   етілмей-            │
│     стандарттау жө-           тау,       ІІІ    ді                  │
│     ніндегі техника-          метроло-  тоқсан                      │
│     лық комитет құру          гия және                              │
│                               сертифи-                              │
│                               каттау                                │
│                               жөніндегі                             │
│                               комитет,                              │
│                               ҰҚК                                   │
│                               (келісім                              │
│                               бойынша)                              │
│6.2. Телекоммуникация- Норма-  АБА,      2003-            Байланыс   │
│     лар саласындағы   тивтік  ҮҰК       2005             оператор-  │
│     стандарттау және  құжат-  (келісім  жыл-             ларының    │
│     сертификаттау     тар     бойынша)  дар              қаражаты   │
│     жөніндегі норма-  (МСМСТ,                                       │
│     тивтiк құқықтық   ССТ                                           │
│     базаны жетiлдi-   және                                          │
│     рудi қамтамасыз   басқа-                                        │
│     ету. Мiндеттi     лар)                                          │
│     сертификаттауға                                                 │
│     жататын өнiмдер                                                 │
│     мен қызмет көрсе-                                               │
│     тулер тiзбесiне                                                 │
│     толықтырулар                                                    │
│     енгізу жөнiнде                                                  │
│     ұсыныстар әзiрлеу                                               │
│6.3. Қалалық теле-     Үкімет- АБА,      2003-            Байланыс   │
│     коммуникациялар   ке      ҰҚК       2005             оператор-  │
│     желiлерi техника- ақпарат (келісім  жылдар           ларының    │
│     лық байланыс              бойынша),                  қаражаты   │
│     құралдарының              байланыс                              │
│     (облыс орталықта-         оператор-                             │
│     ры, Астана және           лары                                  │
│     Алматы қалалары)                                                │
│     ақпараттық                                                      │
│     қауiпсiздiктi                                                   │
│     қамтамасыз ету                                                  │
│     және арнайы жедел                                               │
│     -iздестiру iс-ша-                                               │
│     раларын жүргiзу                                                 │
│     жөніндегі қолда-                                                │
│     ныстағы стандарт-                                               │
│     тар талаптарына                                                 │
│     сәйкестiгiне                                                    │
│     ceртификаттау                                                   │
│     жүргiзудi қамта-                                                │
│     масыз eту                                                       │
│6.4. Телекоммуникация- Үкімет- АБА,      2003-            Байланыс   │
│     лар ұйымдарында   ке      "Қазақ-   2005             оператор-  │
│     9000 сериялы ISO  ақпарат телеком"  жылдар           ларының    │
│     халықаралық               АҚҚ                        қаражаты   │
│     стандарттарына            (келісім                              │
│     сәйкес сапа жүйе-         бойынша),                             │
│     сiн әзiрлеу және          байланыс                              │
│     енгізу                    саласын                               │
│                               сертифи-                              │
│                               каттау                                │
│                               жөнінде-                              │
│                               гі орган-                             │
│                               дар                                   │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│     7. Кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру           │
│                        жөніндегі іс-шаралар                         │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────────┤
│7.1. Телекоммуникация- Үкімет- БҒМ,      2004     2,2*    Республи-  │
│     лар саласындағы,  ке      ККМ,      жылғы            калық      │
│     барлық бағыттар   ұсыныс-            І               бюджет     │
│     бойынша кадрлар-  тар               тоқсан           қаражаты   │
│     дың біліктiлiгiн                                                │
│     арттыру, даярлау                                                │
│     және қайта даяр-                                                │
│     лау жөніндегі                                                   │
│     iс-шараларды                                                    │
│     әзiрлеу                                                         │
│7.2. Телекоммуникация- Үкімет- БҒМ,      2004     Талап   Республи-  │
│     лар саласындағы   ке      АБА       жылдан   етiл-   калық      │
│     ғылыми-техника-   ұсыныс-           бастап   мейдi   бюджет     │
│     лық қолданбалы    тар                жыл             қаражаты   │
│     зерттеулер мен                      сайын,                      │
│     инновациялардың                       І                         │
│     тiзбесiн әзiрлеу                    тоқсан                      │
│7.3. Саланың дамуы мен Үкіметке БҒМ,      2004    Талап   Республи-  │
│     рынок талаптарын  ұсыныс-  АБА      жылдан   етiл-   калық      │
│     ескере отырып,    тар               бастап   мейдi   бюджет     │
│     телекоммуникация-                   жыл              қаражаты   │
│     лар мамандықтары                    сайын,                      │
│     жөніндегі Мемле-                      І                         │
│     кеттік білім беру                   тоқсан                      │
│     стандарттарын                                                   │
│     жетілдіру жөнінде                                               │
│     ұсыныстар әзірлеу                                               │
└─────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
 

Ескерту

* - Жоспардың іс-шараларын іске асыру жөніндегі республикалық

бюджеттен бөлінетін қаражат республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде

бақтылануға жатады.

** - Қазақстан Республикасының радиожиілік жөніндегі мемлекеттік

ведомствоаралық комиссиясы.

*** - Радиожиілік спектрі.