Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4 қарашадағы № 1168 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.11.03 ж. № 1136 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
2) жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
3) бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
4) орта кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
5) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
6) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
7) мектептен тыс ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
8) балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
9) білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша үлгi штаттары бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 13.11.03 ж. № 1136 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жалпы білім беру мектептерінде қосымша штат бірліктерін енгізу 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес жыл ішінде кезең-кезеңімен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын мақсатты трансферттермен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті есептер мен қосымша штат бірліктерін енгізу жөніндегі негіздемелерді берсін.
2. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктерiнiң саны (топтардың санына қарай) | ||||
1-3 | 4-5 | 6-7 | 8-9 | 10 және одан да көп | |
Меңгеруші 1 1 1 1 1 Педагог-психолог 0,5 0,5 1 1 1 Әдiскер 0,5 0,5 1 1 1 Меңгерушiнiң шаруашылық бөлiм жөніндегі орынбасары - - - - 1 Шаруашылық меңгерушiсi 0,5 1 1 1 - Медбике 0,5 1 1 1,5 1,5 Емдәмбике - - 0,5 0,5 0,5 Бухгалтер 0,5 0,5 1 1 1,5 Хатшы - - 0,5 0,5 1 Бас аспаз - - - - 1 Аспаз 1,5 2 3 3 2 Көмекшi жұмысшы 0,5 0,5 1 1 2 Қоймашы - - - - 1 Кастелянша 0,5 0,5 0,5 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1,5 1,5 2 Кiр жуу машиналарының операторы 1 1 1 2 3 Күзетші 3 3 3 3 3 |
Мектепке дейiнгi ұйымдардың бір тобына есептелген
тәрбиешiлер мен тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат бірлiктерi
Лауазымның атауы | 6 күндiк жұмыс аптасы кезiнде балалардың болуы (сағат) | 5 күндiк жұмыс аптасы кезiнде балалардың болуы (сағат) | ||||||
9 | 10 | 12 | 24 | 9 | 10,5 | 12 | 24 | |
Бөбекжай топтары | ||||||||
Тәрбиеші 2,25 2,5 3 5,5 2,0 2,25 2,5 4,5 Тәрбиешінің көмекшiсi 1,3 1,5 1,75 2,75 1,1 1,3 1,5 2,5 | ||||||||
Мектепке дейінгі топтар | ||||||||
Тәрбиеші 2,25 2,5 3 3,5 2,0 2,25 2,5 3,0 Тәрбиешінiң көмекшiсi 1 1,25 1,5 1,5 1 1,15 1,25 1,5 | ||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертулер:
1. Интернаттық үлгiдегi санаториялық мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиешiлерi мен тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат бірлiктерi (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиi ауыратын балалар үшiн) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулiк бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешiлерi мен тәрбиешiлер көмекшілерінің штат бірлiктерiне сәйкес белгіленедi.
2. Тәрбиеленушiлердi дамытудың басым бағыты бар мектепке дейiнгi ұйымдарда мынадай лауазымдар:
әдiскер, бір бірлiктен артық емес;
4 жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен балаларды бейiн бойынша оқыту жөніндегі оқытушылар лауазымдары қосымша енгiзiледi.
3. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы музыка жетекшiлерi лауазымдарының штат бірлiктерi 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен белгіленеді.
4. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы қазақ тілі оқытушысының штат бірлiгi 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
5. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған мектепке дейiнгi ұйымдарда және осындай балалар үшiн арнайы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда әрбір топқа бір штат бірлiгi сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленедi.
6. Сөйлеу қабiлетi бұзылған балаларға арналған мектепке дейiнгi ұйымдарда және сөйлеу қабiлетi бұзылған балалар үшiн арнайы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда логопед және дефектолог мұғалiм лауазымдық штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
7. Әртүрлi тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргiзiлетiн эксперименттiк режимде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi ұйымдарда әдiскерлердiң лауазымдық штат бірлiктерi топтардың санына қарай, әрбір топқа 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен еңбекақы қоры шегiнде тiлдiк оқыту және тәрбие берудiң әрбір түрi үшiн жеке белгіленедi.
8. Мектепке дейiнгi ұйымдарда дене тәрбиесi залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшiн 0,25 лауазымдық бірлiк есебiнде дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы лауазымдық штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
9. Қыли көздi және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда тифлопедагог мұғалiмi және әрбір 3 топқа 0,5 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірлiгi белгiленедi.
10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрi нығайту жөніндегі мiндеттердi орындайтын және физиотерапия кабинеттерi бар мектепке дейiнгi ұйымдарда дәрiгердiң 1 лауазымдық штат бірлiгi көзделедi.
11. Компьютерлiк және ұйымдастыру техникасы бар мектепке дейiнгi ұйымдарда осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейiнгi ұйымдарда ата-аналар мен балалардың қазiргi заманға сай талаптары ескерiле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнерi жөніндегі оқытушылардың және басқа да лауазымдардың лауазымдық штат бірлiктерi қосымша көзделуі мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттары
"Мектеп-бала бақша" кешендерi
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштары мен топтардың саны | ||||
2-3 | 4-6 | 7-9 | 10-14 | 15 және одан да көп | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Директор 1 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 0,5 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 0,5 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - - - - 1 Шаруашылық меңгерушісі 0,5 0,5 1 1 1 Медбике 0,5 1 1 1,5 2 Емдәмбике - - 0,5 0,5 1 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 Педагог-психолог 0,5 0,5 0,5 1 1 Әдiскер 0,5 0,5 1 1 1 Аға вожатый - 0,5 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 1 1 1 1 Бас бухгалтер - - - - 1 Бухгалтер 0,5 0,5 1 1 1 Iс қағаздарын жүргiзуші 0,5 0,5 1 1 1 Хатшы - - 1 1 1 Қоймашы - - - 1 1 Кастелянша 0,5 0,5 0,5 1 1 Бас аспаз - - - 1 1 Аспаз 1,5 2 2 2 3 Асүй жұмысшысы 0,5 0,5 1 1 2 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1 2 2 Күзетші 3 3 3 3 3 Әрбір ғимаратқа вахтер 1 1 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Бір топтың тәрбиешiсi және тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымдық штат
бірлiктерi тәрбиешi мен тәрбиешi көмекшiсiнiң топтағы бір мезгiлдегi
жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режимiне және олардың белгiленген
апталық сағат нормаларына қарай белгiленедi.
2. Түнгi кезектегi тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң лауазымдық штат
бірлiктерi екі топқа бір штат бірлiгi есебiнен белгiленедi. Тәулiк бойы
жұмыс iстейтiн бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есiгi
бар ұйымдарда екi топқа бірдей есептелген тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат
бірлiктерi жеке топқа да қолданылуы мүмкiн.
Жалпы білім беретiн мектептер
Лауазымдардың атауы | Мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірлiктерiнің саны | ||||||
6-ға дейін | 6-10 | 11-13 | 14-16 | 17-20 | 21-29 | 30 және одан да көп | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Директор 1 1 1 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - - - - 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 1 - - 1 Бас бухгалтер - - - 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 1 1 2 Педагог-психолог 0,5 1 1 1 1 1,5 2 Аға вожатый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1,5 1,5 Кіші медициналық қызметшi - - - 0,5 0,5 0,5 0,5 Kiтапхана меңгерушiсi - - - 1 1 1 1 Кiтапханашы - 0,5 0,5 - - - 1 Іс қағаздарын жүргiзушi 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Хатшы - - - 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1 1 1,5 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 3 3 3 Әрбір ғимаратқа вахтер 1 1 2 2 2 2 2 |
Ескерту.
Бастауыш мектептерде директордың лауазымы 8 және одан көп сынып
жинақтауыштары әрі оқушылар саны 240-тан кем болмаған жағдайда
белгiленедi.
Лицейлер, гимназиялар (мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар),
эксперименттiк алаңдар
Лауазымдар атауы | Мектепке дейінгі дайындықты қоса алғанда сынып жинақтауыш санына қарай штат бірлiктерiнің саны | ||||||
6-ға дейін | 6-10 | 11-13 | 14-16 | 17-20 | 21-29 | 30-дан аса | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Директор 1 1 1 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1 2 Директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары 1 1 1 1 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - - - - 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 1 - - 1 Бас бухгалтер - - - 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 1 1 2 Менеджер 1 1 1 1 1 1 1 Педагог-психолог 0,5 1 1 1 1 1,5 2 Аға вожатый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1,5 1,5 Кіші медициналық қызметшi - 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 Kiтапхана меңгерушiсi - - - 1 1 1 1 Кiтапханашы - 0,5 0,5 - - - 1 Іс қағаздарын жүргiзушi 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Хатшы - - - 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1 1 2 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 2 2 2 2 2 |
Жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаттар және әскери мектеп-интернаттар
Лауазымдар атауы | Сынып жинақтауыштың санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | |||
10-ға дейiн | 10-20 | 21-30 | 31 және одан да көп | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Директор (бастық) 1 1 1 1 Директордың (бастықтың) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 1 1,5 2 Директордың (бастықтың) тәрбие жұмысы жөніндегi орынбасары 0,5 1 1 2 Директордың (бастықтың) бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары 1 1 1 1 Директордың (бастықтың) шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 1 1 Интернат меңгерушісі 1 1 1 1 Шаруашылық (қойма) меңгерушісі 1 1 1 1 Бас бухгалтер - 1 1 1 Бухгалтер 2 2 3 3 Менеджер 1 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1,5 2 Дәрiгeр-педиатр 1 1,5 1,5 2 Медициналық бике 1 1 1,5 1,5 Емдәмбике 1 1 1 1 Кiшi медициналық персонал 1 1 1 1 Кадр мәселелерi жөніндегі инспектор 1 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 1 Кітапханашы 1 1 1 1 Іс қағаздарын жүргізуші 0,5 1 1 1 Оқу бөлiмiнiң хатшысы 1 1 1 1 Хатшы - 1 1 1 Мұрағатшы 1 1 1 1 Комендант, әрбір ғимаратқа 1 1 1 1 Қоймашы 1 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 1 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 2 3 Аяқ киімшi 1 1 1 1 Киім бүтiндеу жөніндегі тiгiншi 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 2 2 2 Шаштараз 1 1 1 1,5 Күзетшi, әрбір ғимаратқа 3 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 2 2 2 2 Жүкшi 1 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Тәрбиеленушiлердiң саны 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң әрбір
тобына 2 бірлiктен белгiленедi және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң
әрбір тобына түнгi уақыттағы, демалыс, мейрам күндерi мен демалыс
кезеңiнде тәрбиешiнi ауыстыруды қоса алғанда, бір топқа бір бірлiктен
белгiленедi.
2. Жатақхана (интернат) бойынша кезекшiнiң немесе тәрбиешi
көмекшiсiнiң лауазымдық штат бірлiктерi әрбір жатын корпусқа жұмыстың
ауысымдық режимi ескерiле отырып, белгіленедi.
3. Аспаз бен ас үйдiң көмекшi жұмысшылары лауазымдық штат бірлiктерi
оқушылар санына қарай әрбір 60 балаға бір штат бірлiгi есебiнен
енгiзiледi.
4. Әскери мектеп-интернаттарда әскери-жаттығу жұмыстарын жүргiзу
үшiн тир меңгерушiсi мен қару қоймасы меңгерушiсiнің штат бірлiктерi
қосымша енгiзiледi.
Жалпы және санаториялық үлгiдегi мектеп-интернаттар
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушілердiң топтар санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | ||
8-10 | 11-15 | 16 және одан да көп | |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Аға вожатый 1 1 1 Дәрiгeр 1 1 1 Tәулiк бойы кезекшi медбике 4 4 4 Кіші медициналық персонал 0,5 0,5 0,5 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 Кiтапханашы 0,5 0,5 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 Іс қағаздарын жүргізуші (хатшы) 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 2 2 2 Асүй жұмысшысы 1 2 2 Қоймашы 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 Аяқ киімшi 1 1 1 Киім мен iшкиім жөндейтiн тiгiншi 1 1 1 Кір жуу машиналарының операторы 2 2 3 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 Жүкшi 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Тәрбиешiлердiң саны демалыс, мереке күндерi және демалыс кезеңiнде ауыстырылатын күндерiн қоса есептегенде, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына 2 бірлiк және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына 1 бірлiк белгiленедi.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейiн оқушысы бар мектеп-интернаттарда тәрбиешi лауазымының 1 штат бірлiгi қосымша белгiленедi, ал 100-ден астам тәрбиеленушiлерi бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 оқушы тобына 0,5 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Санаториялық үлгідегi туберкулез мектеп-интернаттарында дәрiгерлер мен медбикелердiң штат бірлiктерi осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрiгер мен екi медбике бірлiгi есебiнен белгiленедi.
Мектептердiң, орта кәсiптiк өнер оқу орындарының
жанындағы интернаттар
Лауазымдар атауы | Тәрбиеленушілердің саны | |||||
25-ке дейiн | 25-50 | 50-100 | 101-120 | 121-160 | 160 және одан да көп | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Интернат меңгерушiсi - - 1 1 1 1 Бас аспаз 1 1,5 1,5 1,5 2 2 Аспаз 0,5 0,5 0,5 1 1 1 Асүй жұмысшысы 0,5 1 1 1 1,5 2 Кастелянша - - - 1 1 1 Кiр жуатын машиналардың операторы 0,5 1 1,5 1,5 2 2 Тәрбиешiнiң көмекшiсi 2 2 2 2 2 2 Шаруашылық меңгерушісi 0,5 1 1 1 1 1 Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1 |
Ескертулер:
Жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы мектеп интернаттарды кемiнде 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиешi лауазымдық штат бірлiгi бірақ интернатқа кемiнде 1,5 бірлiк есебiнен белгiленедi.
Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешi көмекшілерiнiң штат бірлiктерi осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердiң санына қарай белгіленедi.
Саны 100-ден астам тәрбиеленушi тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсінің лауазымы белгiленедi.
Интернаттағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы лауазымының штат бірлiгi жалпы білім беру мектебiнде көрсетiлген лауазым болмаған жағдайда енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | ||
280-гe дейiн | 281-880 | 881-ден жоғары | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың оқу-өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары - 1 1 Кадрлар бөлiмiнiң меңгерушісі 1 1 1 Аға шебер 1 1 1 Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әдiскер 1 1 1 Медициналық бике 1 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 2 2 Оқу бөлiмiнiң хатшысы - 1 1 Хатшы (iс қағаздарын жүргiзушi) 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 Кiтапханашы 1 1 1 Жатақхана меңгерушісі 1 1 1 Паспортшы 0,5 0,5 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Қоймашы - 1 1 Комендант, әрбір ғимаратқа 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 2 3 4 Асүй жұмысшысы 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 Жүкшi 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Бастауыш кәсiптiк білім беру лицейлерiнде эксперименттiк алаңдарда оқушылардың санына қарамастан, директордың бейiндiк оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымында өндiрiстiк оқыту шеберi лауазымының штат бірлiгi 12-15 оқушыдан тұратын өндiрiстiк оқу тобына бір штат бірлiгi есебiнен, ал күрделi жабдықтарға қызмет көрсетумен, қауiптi әрi күрделi жұмыстар орындаумен байланысты кәсiптер бойынша жергiлiктi жағдайға қарай белгiленедi.
3. Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдарында филиал меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi филиалдағы оқушылар саны 150 оқушыдан көп болған жағдайда енгізiледi.
4. Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға және әрбір 25 жетiм балаға енгiзiледi.
5. Саны 75 және одан көп адамнан тұратын бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымының жатақханаларында әр ауысымның жатақхана бойынша кезекшiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Көп қабатты, бірнеше кiретiн оқшауланған есiктерi бар жатақханаларда кезекшiлер саны жеке тәртiппен белгiленедi.
6. Бастауыш кәсiптiк білім беретiн ұйымдарда әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар саны 500 немесе одан көп болған жағдайда кадрлар және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
7. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және басқалар) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
8. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымдарының штат бірлiктерiн белгілеу кезiнде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамы бойынша оқушылар саны негiзге алынады.
9. Музыкалық жетекшi, көркемдiк жетекшi, суретшi, мұрағатшы лауазымдарының штат бірлiктерi еңбекақы қоры шегінде немесе ұсынылған ақылы қызметiнен түскен қаражат есебiнен бағдарламалар әкiмшiлерiмен келісім бойынша енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Орта кәсiптiк білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | ||
280-гe дейiн | 281-880 | 881-ден жоғары | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың оқу-өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары - 1 1 Медициналық бике 1 1 1 Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әдiскер 1 1 1 Кадрлар бөлiмiнiң меңгерушісі - 1 1 Психолог 1 1 1 Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор 0,5 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 2 2 Оқу бөлiмiнiң хатшысы - 1 1 Хатшы (iс қағаздарын жүргiзушi) 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 Кiтапханашы 1 1 2 Жатақхана меңгерушісі 1 1 1 Паспортшы 0,5 0,5 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Қоймашы - 1 1 Комендант, әрбір ғимаратқа 1 1 1 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында ақпараттық жүйенi қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезiнде директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше мамандық бойынша кемiнде 150 оқушы саны бар болса, әр мамандық бойынша бөлiмше меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
3. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға белгiленедi.
4. Орта кәсiптiк білім беру ұйымының жатақханасында 100 және одан көп адам тұратын болса, әр ауысымға жатақхана кезекшiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Көп қабатты, кiретiн бірнеше бөлек есiктерi бар жатақханаларда кезекшiлер саны жеке тәртiппен белгiленедi.
5. Әскери мiндеттiлер және әскерге шақырылушылар саны 500 немесе одан да көп орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
6. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және тағы басқалар) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлiгi енгiзіледi.
7. Штат бірлiктерiн белгiлеген кезде оқу жылының 1-қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамдағы саны негiзге алынады.
8. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының құрамында оқу-әдiстемелiк бірлестiк болған жағдайда директордың оқу-әдiстемелiк бірлестiк жөніндегі орынбасары, әдiскер, техник лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен
жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдар атауы | Тәрбиеленушiлер топтарына қарай штаттық бірлiктер саны | |||
8-ге дейін | 9-14 | 15-30 | 31 және одан да аса | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Директор 1 1 1 1 Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 - - - Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөнiндегі орынбасары - 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1,5 2 Аға вожатый 1 1 1 1 Дәрiгер 1 1 1 1 Тәулiк бойы кезекшiлік ететiн медбике 4 4 4 4 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 0,5 1 Бас бухгалтер 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 Iс қағаздарын жүргiзушi (хатшы) 1 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 - - 1 Қоймашы 1 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 1 Бас аспаз - 1 1 1 Аспаз 2 2 2 2 Асхана жұмысшысы 1 1 2 3 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 3 3 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 Вахтер, әр ғимаратқа 1 1 1 1 Жүкші 1 1 1 2 |
Ескертулер:
1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектердiң арнаулы түзеу ұйымдарында тәрбиешiлердiң саны тәрбиеленушiлердiң әр тобына 2 штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары туралы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
3. Арнаулы түзеу ұйымдарында жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ жексенбi, мереке күндерi осы ұйымдарда қалатын балалар үшiн қосымша мынадай лауазымдар белгiленедi:
осындай әрбір 25 балаға 0,25 штат бірлiгi есебiнен, бірақ әр ұйымда 0,25 штат бірлiгiнен кем болмайтын тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi;
ұйымда кемiнде осындай 25 бала болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi аспаз лауазымы енгiзiледi.
4. Қозғалыс мүшелерi мен сөйлеу қабiлетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бірлiгi есебiнен логопед мұғалiм және дефектолог мұғалiм, кемтарлығы күрделi балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлiк есебiнен белгiленедi.
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейiнгi топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбір топ үшiн мынадай лауазымдар белгiленедi:
тәрбиешi - 2 штат бірлiгi;
естiмейтiн, нашар еститiн, кейiн саңырау болған балалар топтары үшiн дефектолог мұғалiм, зағип және нашар көретiн, ойлау қабiлетi нашар балалар тобы үшiн 1 штат бірлiгi.
6. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру және сөйлеу қабiлеттерi нашар, жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған мектепке дейінгi балалар топтарында 2 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсiнiң штат лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар әрбір 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға мұғалiм-логопед лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Егер мектепке дейiнгi топтардың жатын бөлмелерi қатар орналасса, әрбір 2 топқа 2,5 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешiнiң көмекшiсi, 0,5 штат бірлiгi есебiнен кiр жуу машинисi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
7. Арнаулы түзеу ұйымдарында екi немесе одан да көп мектепке дейінгi топтар болған жағдайда 0,5 бірлiк есебiнен аспаз және көмекші жұмысшы лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
8. Көру қабiлетi нашар және жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған 4-тен 9-ға дейiнгi топтары бар арнаулы түзету ұйымдарында 1 штат бірлiгi есебiнен, егер 9 және одан да көп топтар болған жағдайда көмекшi жұмысшы лауазымының 2 штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
9. Жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерiнде: 100-гe дейiн тәрбиеленушiсi болса 0,5 штат бірлiгi, осы ұйымдарда тәрбиеленушi саны 100-ден асатын болса - 1 штат бірлiгi есебiнен ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегi техник лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
10. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабiлетi нашар балалардың бедерлi қарiптермен жазылған әдебиет оқулықтарын пайдаланатын 4-5 топтар болса, 0,5 бірлiгi есебiнен кiтапханашы лауазымы белгiленедi.
11. Есту қабiлетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымы 3-8 сыныптарға 1 бірлiгi, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 бірлiгi есебiнен белгiленедi. Бұл сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратураларын орнатылған мектепке дейiнгi топтар да есепке алынады.
12. Есту қабілетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалiмi лауазымының 1 штат бірлiгi белгіленедi.
13. Тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы әрбір жатын корпусына 2 штат бірлiгi есебiнен енгiзiледi, егер жатын корпусына 100-ден аса тәрбиеленушi орналастырылса, жатын корпустың әрбір қабатына 2 штат бірлiгi енгiзiледi.
14. Арнаулы түзеу ұйымдарында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған жағдайда, қосымша 2 штат бірлiгi тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы қосымша енгiзiледi.
15. Жуылатын бұйымдардың бір бөлiгi кiр жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда 15-кe дейiн топ саны бар арнаулы түзеу ұйымдарында кiр жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлiгi, ал 15 және одан да аса топтары болса - 2 лауазымдық штат бірлiгi белгiленедi.
16. Жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған балаларға арналған түзеу ұйымдарында әрбір топқа 0,5 штат бірлiгi есебiнен массаж жасаушы медбике лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
17. 150-ден астам тәрбиеленушiсi бар арнаулы түзеу ұйымдарында 1 штат бірлiгi психиатр-дәрiгер лауазымы қосымша енгiзiледi.
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітiлген
Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң
үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушiлер топтарының санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | ||
5 топқа дейiн | 5-9 топтар | 10 және одан да көп топтар | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Әдiскер 0,5 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әлеуметтiк педагог 1 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 Кадрлар мәселелерi жөніндегі инспектор - 0,5 1 Хатшы 1 1 1 Дәрiгер-педиатр 1 1 1 Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике 4 4 4 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 1 Кiтапхана меңгерушісі - - 1 Кiтапханашы 1 1 - Қоймашы 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 Киім-кешек пен iш киімдi жөндейтiн тiгiншi 1 1 1 Экспедитор 0,5 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 2 4 4 Асхана жұмысшысы 3 3 3 Ыдыс жуушы 1 2 3 Kiр жуу машиналарының операторы 1 2 3 Аяқ киімшi 1 1 1 Шаштараз 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Жүкшi 1 1 1 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер.
1. Балалық шақ үйлерiнде қосымша невропатолог дәрiгерi, физиокабинет медбикесi, патронаждық бикесi, емдәмбикесi, аға медбике, емдiк дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбикенiң лауазымдық штат бірлiктерi қосымша енгiзiледi.
2. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тіс дәрiгерi, физиотерапия жөніндегі медбике және емдiк дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейiн тәрбиеленушiлер болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi және 150-ден астам тәрбиеленуші болған жағдайда 1 штат бірлiгi есебiнен белгіленеді.
3. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешiлер лауазымының штат бірлiгiнiң саны (мектепке дейiнгi жастағы балалар топтарында тәрбиешiлердiң көмекшiлерi лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi) тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына (отбасына) олардың демалыс және мереке күндеріндегі ауысымдарын, түнгi уақыттағы кезекшiлiктi қоса, апталық жүктеменi ескере отырып, ұйымның жұмыс режимiне сәйкес белгіленедi.
4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру және ойлау қабілеттерi нашар балалар (жанары нашарлаған балалардан басқа) болса, әрбір топқа дефектолог мұғалiм лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар 12 баладан тұратын әрбір топқа (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) сөйлеу немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбір топқа логопед мұғалiм лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
5. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйiрмелiк, еңбек, спорт және емдеу iс-шаралары өткiзiлуiне қарай музыка жетекшiсi, қосымша білім беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
6. Жер телiмдерi мен қосалқы шаруашылықтары бар жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда бейiн бойынша мамандардың лауазымдық штат бірлiктерi (агроном, зоотехник т.б.) қосымша енгiзiледi.
7. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы білім беретiн мектеп, өзiнiң демалыс аймағы болған жағдайына қосымша штат бірлiктерi тиiстi білім беру ұйымдарының үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Мектептен тыс ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгі штаттары
Спорт мектептерi
Лауазымдардың атауы | Топ санына қарай штат бірлiктерiнiң саны | ||
35-тен көп болса | 26-дан 35-ке дейiн болса | 25-ке дейін болса | |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi - 1 1 Дәрігер 1 1 1 Хатшы (ic қағаздарын жүргізуші) 1 1 0,5 Бухгалтер 1 0,5 0,5 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы 2 1,5 1 Жабдықтар жөніндегі техник 1 - - Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Спорт мектептеріндегі әдiстемешi-нұсқаушылар лауазымдарының штат бірлiктерiнiң саны спорт түрлерi бойынша бөлiмшелерiнiң санына қарай белгіленедi.
2. Оқу-жаттығу процесiне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу және жабдықтау жөнiнде қызмет көрсететiн механиктер лауазымдарының штат бірлiктерi спорт құрылыстары мен спорт мектебіндегі спорт түрлерi ескерiле отырып белгiленедi.
3. Балалар-жасөспiрiмдердiң арнаулы спорт олимпиадалық резервтер мектептерi қызметкерлерiнiң үлгi штаттары топтар саны 35-тен асатын спорт мектептерiнiң штат бірлiктерiне сәйкес белгiленедi.
Балалардың музыкалық, көркем, өнер мектептерi
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнің саны | ||||
50-ге дейін | 51-100 | 101-250 | 251-500 |
| |
Директор - 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - - 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегi орынбасары - - 1 1 1 Бас бухгалтер - 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 0,5 1 1 1 Музыкалық аспаптардың құлақ 25 клавиштік аспапқа бір штат күйiн келтіріп жөндеуші бірлігі Хатшы (ic қағаздарын жүргізуші) 1 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1,5 1,5 2 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Оқушылардың саны 50-ге дейiнгi музыка, көркем, өнер мектептерiнде директор лауазымының штат бірлiгi белгіленбейдi. Мектептi басқарған педагогтардың біреуiне оның лауазымды қоса атқарғаны үшiн немесе қызметтік мiндетiнің кеңеюiне байланысты лауазымдық жалақысы арттырылады.
2. Ал, филиалдары болған жағдайда, оқушылар саны 50-ден 200-ге дейiн болса, 0,5 штат бірлiгi есебiнен филиал меңгерушiсiнің лауазымы, ал, саны 200 оқушыдан acca, 1 штат бірлiгi белгiленедi. 50-ге жетпейтін оқушысы бар филиалдарда филиал меңгерушiсiнің лауазымы белгiленбейдi.
3. Өнердiң бірнеше түрiмен (музыкалық, көркем, хореографиялық) қатар жұмыс iстейтiн өнер мектептерiнде директордың бейiн бойынша орынбасары лауазымының штат бірлiгi оқытудың әр түрi бойынша жеке белгiленуi мүмкiн.
4. Костюмер лауазымының штат бірлiгi көрсетілген ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымдары болған жағдайда енгiзіледi.
Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының сарайлары,
кешендерi, студиялары, үйлерi, орталықтары
Лауазымдардың атауы | Штаттық бірлiктер саны |
Ескертулер:
1. Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студияларында қатысушылардың саны 90 адамнан кем емес ән және би ансамблi, хореографиялық ұжым, хор ұжымы болған жағдайда, ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi, балетмейстер, хормейстер лауазымдарының штат бірлiктерi белгіленедi.
2. Осы ұйымдарда оркестрдiң дирижерi лауазымының штат бірлiгi оркестрде кемiнде 50 адам болған жағдайда белгiленедi.
3. Осы ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымы болған жағдайда костюмер лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
4. Осы ұйымдарда кемiнде 3 мың дана кiтап қоры бар болған жағдайда кiтапханашы лауазымының штат бірлігі енгiзiледі.
5. Осы ұйымдарда киноқондырғысы және кемiнде 250 орындық көрермен залы, жабдықталған сахнасы болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi киномеханик, 0,5 штат бірлiгi жарық түсiрушi мен сахна машинисі лауазымдары белгiленедi.
Жас техниктер, натуралистер, туристер стансалары мен базалары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктеpінің саны |
Директор 1 Директордың әдiстемелiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 Қойма (шаруашылық) меңгерушiсi 1 Бөлiм меңгерушiлерi (бip бейіндегі 10 үйiрме болған жағдайда - 1 штат бірлiгi) Бухгалтер 1 Хатшы (іс қағаздарын жүргiзуші) 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 Күзетшi 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 |
Ескертулер:
1. Осы мектептен тыс ұйымдар жалақы қорын бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтетiн бюджеттік қаржы шегiнде қосымша білім беру педагогтарын, ұйымдастырушы педагогтарды, әдiскерлердi жұмысқа тарта алады.
2. Осы ұйымдарда сорғы стансасы болған жағдайда сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
3. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған жағдайда шебер лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
Спорт және сауықтыру лагерьлерi
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы балалар санына қарай штаттық бірлiктер | |||
160-қa дейiн | 161-ден 280-ге дейiн | 281-ден 400-ге дейiн | 400-ден аса |
Ескертулер:
1. Спорт лагерьлерiнде (балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң лагерлерiнен басқа) 15-20 адамнан тұратын топқа бір бірлiгi есебiнен жаттықтырушы-оқытушы лауазымдарының штат бірлiгi белгiленедi.
2. Спорттық және сауықтыру лагерьлерiнде әрбір 35 адамға бір штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi белгіленеді.
3. Лагерьде су айдыны болған жағдайда (жүзуден мамандандырылған спорт лагерьлерiн қоспағанда) жүзуден нұсқаушы-әдiскер лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
Туристiк лагерьлер
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы оқушылардың санына қарай штаттық бірлiктер | ||
150-ге дейiн | 150-ден 250-ге дейін | 250-ден аса | |
Директор (бастық) 1 1 1 Аға тәрбиешi 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 Дәрiгер - 1 1 Медбике 1 1 1 Сүйемелдеушi 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 1 2 2 Асүй жұмысшысы 1 1 2 Кiр жуатын машиналардың операторы 1 2 2 Күзетші 3 3 3 |
Ескертулер:
1. Санаттық және санаттан тыс туристiк саяхаттар өткiзген кезде
жетекшi және жетекшi орынбасары (бip, екi, үш күндiк жорықтарда-жетекшi
орынбасарының) лауазымдарының штат бірлiктерi 15 адамнан тұратын топқа,
ал туризмнiң техникалық күрделi түрлерiнен саяхаттар өткiзген кезде
(велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және т.б.) 12 адамнан тұратын топқа
белгiленедi.
2. Қатысушылар экскурсиялық туристiк базаларда қабылданатын
экскурсиялық сапарлар өткізу кезiнде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекшi
және жетекшi орынбасары лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
3. Туристiк лагерьлерде 35-40 баладан тұратын топтарға бір тәрбиешi
және вожатый лауазымдарының штат бірлiктерi (ал жоғары сыныптар
оқушыларына арналған лагерьлерде екi тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi)
белгiленедi.
4. Туристiк лагерьлерде әрбір 45 адамға бір бірлiгi есебiнен және
15-20 адамнан тұратын топқа бір штат бірлiгi есебiнен туризм жөніндегі
нұсқаушы-әдiскер лауазымдарының штат бірлiктерi белгіленедi.
Yкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктерінің саны |
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның меңгерушiсi 1 Психиатр-дәрiгер 1 Невропатолог-дәрiгер 1 Сурдолог-дәрiгер 1 Офтальмолог-дәрiгер 1 Педагог-психолог 1 Логопед-мұғалiм 1 Дефектолог-мұғалiм 1 Сурдопедагог 1 Тифлопедагог 1 Медициналық статист 1 Бухгалтер 1 |
Ескертулер:
1. Медицина саласының басқа мамандары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың жұмысына 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген
лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
1. Мемлекеттік емес тiлде оқытылатын білім беру ұйымдарында қазақ тілінiң аудармашысы лауазымының штат бірлiгi қосымша енгiзiледi.
2. Жабдықтау жөніндегі инженердiң, бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманның және зертханашы лауазымдарының штат бірлiктерi білім беру ұйымдарында арнайы жабдықталған кабинеттер, шеберханалар, зертханалар, оқу-зертханалық жабдықтар, оқу-есептеу техникасының кабинеттерi, аудио-бейне, лингвистикалық кабинеттер, байланыс құралдары және басқа да күрделi аппаратуралар болған жағдайда енгiзiледi.
3. Киім iлушi лауазымының штат бірлiгi, жабдықталған киім iлгiш болған жағдайда, жұмыс маусымына белгiленедi. Оқушыларға сабақ беру екiншi, үшiншi ауысымдарда өткiзiлетiн білім беру ұйымдарында және ұзартылған күн топтары болған жағдайда әр киім iлгiшке 0,5 штат бірлiгi есебiнен киім iлушi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
4. От жағушылар мен машинистердiң лауазымы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесiне берiлмеген ұйымдарда:
- орталықтандырылған жылу болған жағдайда әр қазандыққа ауысымына 1 от жағушы, ал сыртқы жылытқышы 75 шаршы метрден асатын қатты отынмен (шымтезекпен, көмiрмен) жылытылатын қазандықтарда әр ауысымға от жағушы лауазымының 2 штат бірлiгi енгiзiледi;
- газбен жылытылған кезде ауысымға 1 машинист, ал қауiпсiздiк автоматикасы жоқ қазандықтарда ауысымына 2 машинист лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi;
- орталықтандырылған жылумен (ЖЭО) қамтамасыз етiлетiн, жылу пунктi немесе элеваторы бар мекемелерде - ғимараттар мен құрылыстарда қызмет көрсететiн және жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн 1 жұмысшы, ал бойлерi, сорғылары болған жағдайда ауысымға осындай бір жұмысшы лауазымының штат бірлiгi енгiзіледi;
- егер пешпен жылытылатын болса онда әрбір 5 пешке от жағушы лауазымының 1 штат бірлiгi, бірақ әрбір білім беру ұйымдарына кемiнде бір бірлiктен белгіленедi.
Осы тармақта көзделген от жағушылар немесе машинистер лауазымдары жылыту маусымына белгiленедi. Көрсетiлген қызметтердiң жалпы санынан лауазымның бір штат бірлiгi жыл бойына белгіленедi.
5. Қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлiгi 250 шаршы метрге 0,5 штат бірлiгi есебiнен, бірақ әрбір білім беру ұйымында кемiнде бір бірлiктен белгiленедi.
Оқушылар сабағы екiншi, үшiншi ауысымда өткiзiлетiн, сондай-ақ ұзартылған күн бойынша оқытылатын топтары бар білім беру ұйымдарында мынадай есептен қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi: 2 және 3 ауысымда жұмыс iстейтiн мектептерде әрбір 250 шаршы метрге 0,5 бірлiк лауазым, ұзартылған күнмен жұмыс iстейтiн мектептерде ұзартылған күн топтары пайдаланатын алаңының әрбір 250 шаршы метріне 0,5 бірлiк лауазым белгiленедi.
6. Білім беру ұйымдарында тиiстi еден (паркет және т.б.) жабындылары төселген жағдайда еден сүртушi лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
7. Аула сыпырушы лауазымының штат бірлiктерi сыпырылатын учаске алаңына қарай белгiленедi. Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында аула сыпырушы лауазымының штат бірлiгi сыпыру учаскесiнiң алаңына қарамастан ұйымға бір штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
8. Жемiс бау-бақшасы бар немесе 1,5 гектардан кем емес сәндiк екпелер отырғызылған жер телiмдерi бар білім беру ұйымдарында аула сыпырушының орнына бағбан лауазымының штат бірлiгi енгiзiлуi мүмкiн.
9. Білім беру ұйымдарында автомобиль көлiгi, мотокөлiк құралы немесе мал көлiгi болған жағдайда көлiктiң әрбір түрiне жүргiзушi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
10. Білім беру ұйымдарында әрбір 500 жарықтандыру және электрлiк нүктелерге электромонтер лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
11. Слесарь-сантехник және балташы лауазымдарының штат бірлiктерi білім беру ұйымдарының бөлек тұрған әрбір ғимараттарына енгiзіледi.
12. Жалпы орта білім беретiн ұйымдарда ұйымдардың үлгiсiне қарай және үлгi оқу жоспарына сәйкес бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
13. Білім беру ұйымдарында қосалқы шаруашылық, егiстiк алаңы болған жағдайда директордың өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша енгiзiледi.
14. Ұзартылған күнмен білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдық штат бірлiктерi белгiленедi:
медициналық бике;
қоймашы, аспаз, көмекшi жұмысшы лауазымдары тамақ тiкелей білім беру ұйымында даярланған жағдайда ғана енгiзiледi;
сыныптардың саны тоғыздан асқан жағдайда білiм беру ұйымында аспаз лауазымының 2 штат бірлiгi енгiзiледi;
тәрбиешi лауазымы ұзартылған күн тобына бір штат бірлiгi есебiнен белгіленедi.
15. Жабдықталған оқу шеберханалары бар білім беру ұйымдарында шеберхана меңгерушiсi мен шебер лауазымының штат бірлiктерi белгiленедi.
16. Білім беру ұйымдарында зертханашы лауазымының штат бірлiгi әрбір кабинетке мынадай есептен: 9-18 сынып-жинақтауыш санына лауазымның 1 штат бірлiгi, 19-28 сынып болса 1,5 лауазым бірлiгi, 29-39 болса 2 лауазым, 40 және одан көп болса 2,5 лауазым белгiленедi.
Компьютер сыныптары мен басқа да арнайы жабдықталған кабинеттер болған жағдайда әрбір кабинетке зертханашы лауазымының 0,5 штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
17. Оқушыларға көлiк құралдарын жүргiзудi, ауыл шаруашылығы машиналарымен жұмыс iстеудi, жазу машинасымен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс iстеудi үйрететiн білім беру ұйымдарында өндiрiстiк оқыту шеберi лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
18. Білім беру ұйымдарында жүзу бассейнi болған кезде жүзуге үйрету жөніндегі сабақтар өткiзiлетiн әрбір 2 топқа лауазымның 0,25 штат бірлiгi есебiнен жүзудi үйрету жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлiгi қосымша белгіленедi.
Хлорлау қондырғысы болған жағдайда 4-тен 8-ге дейiнгi топтарға лауазымның 0,5 штат бірлiгi, ал 9 және одан көп топтарға 1 штат бірлiгi есебiнен хлорлау операторы лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
19. Бірқатар пәндер шет тiлде оқытылатын білім беру ұйымдарында директордың шет тілі жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгіленедi.
20. Мектепке дейiнгi дайындық жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейiнгi балалар сыныбының тәрбиешiсi лауазымының штат бірлiктерi белгіленедi.
21. Білім беру ұйымдарында спорт кешенi болған жағдайда спорт кешенiнiң меңгерушiсi, бассейн меңгерушiсi, жүзу жөніндегі нұсқаушы, жүзу бассейнiнiң медбикесі, кiшi медициналық персонал, киім iлушi, хлорлау қондырғысының операторы лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгіленедi.
22. Білім беру ұйымдарында музыкалық аспаптар болған жағдайда музыкалық аспаптар қоймасының меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
23. Әр түрлi тiлдерде қатар оқытатын эксперимент режимiмен жұмыс iстейтiн білім беру ұйымдарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдарының штат бірлiктерi әрбір тілдi оқытуға жеке белгіленедi.
24. Құрамында сырттай оқитын жұмысшы жастар сыныптары немесе топтары бар жалпы білім беретiн ұйымдарда жұмысшы жастардан жинақталған сыныптардың (топтардың) саны есепке алынып, осы ұйым қызметкерлерiнiң штат бірлiктерi белгiленедi.
Күндiзгi және сырттай немесе тек қана сырттай оқу нысандары бар білім беру ұйымдарында қызмет көрсетушi персонал мен жұмысшылардың лауазымдарын белгiлеген кезде осы мектептiң үй-жайларында оқитын оқушылар саны есепке алынады, ал басшы және оқу-көмекшi персоналы лауазымдарын белгiлеген кезде басқа ұйымдар беретiн үй-жайларда оқитын жекелеген сыныптар оқушыларының, сырттай оқитын оқушылар топтарының және оқу-консультациялық пункттерiнiң оқушылар саны ескеріледi.
25. 100 және одан да көп сырттай оқитын оқушысы және кемiнде екi оқу-консультациялық пунктi бар күндiзгi және сырттай немесе тек қана сырттай оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында 0,5 штат бірлiгi есебiнен әдiскер, ал 200 немесе одан да көп сырттай оқитын оқушылары бар ұйымдарда әдiскер лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi. 100-ден 200-ге дейiн сырттай оқитын оқушылары бар оқу-консультациялық пункттерде лауазымның 0,5 штат бірлiгi есебiнен әдiскер, ал 200-ден астам сырттай оқитын оқушылары болғанда - консультациялық пункттiң меңгерушiсi лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi.
26. Оқушылардың саны 2000-нан асатын білім беру ұйымдарында 1,5 штат бірлiгi медбике және 1 штат бірлiгi кiшi медициналық персонал (санитар), оқушыларының саны 3000-нан асатын ұйымдарда 2 бірлiк медбике және 1,5 штат бірлiгi кiшi медициналық персонал (санитар) лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
27. Ұйымдарда тұратын балалар саны 100 және одан көп білім беру ұйымдарында емдәмбике лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi, балалар саны 450 және одан көп ұйымдарда көмекшi жұмысшы лауазымының 3 штат бірлiгi белгiленедi.
28. 150-ден астам оқушы жатақханада тұратын білім беру ұйымында кастелянша лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
29. Білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды бейiндiк оқытуға сәйкес және өткiзiлетiн үйiрмелiк, спорт, емдеу iс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейiн бойынша оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік талдаушы, сүйемелдеушi, көркемдiк жетекшi, костюмер, суретшi, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйiн келтiрушi, өндiрiстiк оқыту шеберi, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекшi, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
30. Директордың оқу iсi жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi сыныптар саны 40-49 білім беру ұйымдарында - 2,5 штат бірлiгi, 50-59 болса - 3 штат бірлiгi, 60 және одан көп болса - 3,5 штат бірлiк санында белгiленедi.
31. Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлiгi білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейiнгi балалардың әрбір 2 тобына лауазымның 0,25 штат бірлiгi есебiнен балаларды сауықтыру және шынықтыру жөніндегі iс-шаралар талаптарына сәйкес белгіленедi.
32. Білім беру ұйымдарында балалар тобы 8-ден кем болмаған жағдайда қажеттілігiне қарай тiгiншi лауазымының 0,5 штат бірлiгi белгіленедi.