Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті
лицензиялау мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23 қаулысы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007.30.06. № 555 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңдарына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау ережесі;
2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) лицензияланатын түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41 515-құжат) мыныдай өзгеріс енгізілсін:
Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
Реттік нөмірі 6-жолдағы 2-бағанда "Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттігі" деген сөздер "Құрылыс істері жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Лицензиялауға жататын сәулет-қала құрылысы қызметінің жұмыс тұрлерінің тізбесін, Қазақстан Республикасында сәулет-қала құрылысы қызметін мемлекеттік лицензиялау тәртібін және Қазақстан Республикасының кұрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі жанындағы сәулет-қала құрылысы қызметін мемлекеттік лицензиялау департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 шілдедегі № 777 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 28, 319-кұжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынырақ қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстарын енгізсін. 5. Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары екі айлық мерзімде өздерінің бұрынырақ қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы № 23
қаулысымен бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы қызметті лицензиялау
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже өнеркәсіптік жарылыс әрі өрт қауіпі бар және тау-кен өндірістерін, магистралды мұнай-газ кұбырларын, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, түтіктер мен кұбырларды жобалау мен салуды, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахта жабдықтарын, жарылыстан қорғалған злектр-техникалық жабдықтарды, бақылау, апаттан қорғау және дабыл, көтергіш құрылғылар аппаратуралары мен жүйелерін, сондай-ақ қысым күшімен жұмыс істейтін қазандықтарды, түтіктер мен құбырларды монтаждауды, тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жөніндегі кұрылыс және монтаж жұмыстарын, жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда, жобалау-іздестіру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, кұрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті лицензиялауды регламенттейді.
Осы Ереже сондай-ақ сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді.
2. Осы Ереже ішкі рынок мүдделерін қорғау мақсатында сәулет, қала кұрылысы және құрылыс саласындағы жұмыс пен қызметтер көрсету импортын лицензиялау тәртібін белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздестіру, сараптама, құрылыс-монтаж жұмыстарын, кұрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын шығару жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың, соның ішінде қосалқы мердігерлікке тартылатын жауапты орындаушылардың, жеке кәсіпкерлердің тиісті қызмет түрлеріне лицензиясы болуы тиіс.
4. Заңды және жеке тұлғалардың қызметтің бір немесе бірнеше түріне лицензия алуға құқығы бар.
5. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауға лицензиясы бар лицензиаттар осы лицензиялар негіздемесінде жөндеу-кұрылыс жұмыстарының, үйлерді, ғимараттарды қайта жанғыртудың және құрастырмаларды бекемдеудің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына ие болады.
2. Жұмыс пен қызмет импортын лицензиялау
6. Шетелдік заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жобалау-іздестіру, сараптама және (немесе) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін оларға құрылыстың нақты объектісіне (кешеніне) біржолғы лицензия беріледі.
Көрсетілген лицензияларды алу осы Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасының субъектілері алатын соңдай жағдайларда және сондай тәртіппіен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке түлғалардың шетел лицензияларын тануы Қазақстан Республикасы бекіткен, халыкаралық шарттармен берілген тәртіппен жүргізіледі.
3. Лицензияларды беру төртібі мен шарттары
8. Өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігі және олардың лицензиялық ережені сақтауы сараптамалық бағалау негізінде айқындалады.
9. Лицензиялық алым мөлшері мен өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) оны төлеуінің тәртібі Қазақстан Республикасынын салық заңнамасымен белгіленеді.
10. Техникалық аудит пен сараптамалык бағалаудың жүргізілгені үшін төлем тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес белгіленеді.
1) биіктігі бір қабаттан аспайтын жеке тұрған үйлер мен саяжайлық (бақтық) тұрғын үй құрылыстарын, жеке қоныстық учаскелер аумағындағы, сондай-ақ бақ пен бау-бақшалық серіктестіктері учаскелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық қора-қопсыларды;
маусымдық жұмыстар мен шалғай мал шаруашылығына арналған уақытша қора-қопсыларды, тұрғын және тұрмыстық үй-жайларды;
колданыстағы инженерлік тораптарды өзгерту талап етілмейтін үйлер жанындағы және аулалық аумақтардағы, қоныстық үйлер жанындағы және саяжайлық учаскелердегі көркейту объектілерін;
сауда-саттық, коғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары үшін кұрастырмалы-ажыратылмалы (мүкәммалдық) құрастырмалардан тұрғызылатын бір қабатты үйлерді (ғимараттарды);
инженерлік тораптарға қосу талап етілмейтін ашық үлгідегі автотұрақтарды, сондай-ақ 5 автомашинадан артық қойылмайтын бокстары бар жеке көлікке арналған гараждарды;
шағын сәулеттік нысандарды, аумақтар қоршауларын, ашық спорт алаңдарын, сондай-ақ ішкі орамдық өтпелерді, қапталжолдарды және үйлердің (ғимараттардың) айналасындағы тас төсемдерін орналастаруды;
алаңы 500 шаршы метрден аспайтын жылыжайларды, көшеттіктерді;
ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған жаппаларды, жобалау және салу үшін;
2) бұрыннан тұрған үйлерде жүзеге асырылатын және салмақ түсетін құрастырмалары мен инженерлік қамтамасыз ету жүйелерін өзгерту талап етілмейтін өндірістік емес мақсаттағы үй-жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
ішкі орамдық желілік инженерлік тораптар мен орналасу ережесін, тереңдікке орналасу белгісін, құбыр диаметрін өзгерту талап етілмейтін олардағы ғимараттарды жөндеу немесе күрделі жөндеу;
технологиялық ресурстардың, бұл ретте кәсіпорынды (цехты) қайта жаңғырту немесе қайта ресімдеу талап етілмейтін бірлігін жөндеу және ауыстыру;
өткізгіш сымды байланыс, сондай-ақ сыртқы жарық таяныштарын орнату жөніндегі жобалау жоне құрылыс-монтаж жұмыстары үшін;
3) кұрылыстағы инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) қоса алғанда, жобалау алдындағы құжаттамаларды әзірлеу үшін лицензиялар алу талап етілмейді.
12. Осы Ереженің 11-тармағымен көзделмеген қуаттылығы (сыйымдылығы, өткізгіштік қабілеті) аз басқа объектілерді жобалауға және салуға (қайта жаңартуға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) лицензиялар беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды (материалдарды) қарауды және сараптауды лицензиар жүргізеді. Жұмыстардың осы түрін лицензиялау кезінде техникалық аудит жүргізу талап етілмейді.
Көрсетілген құаттылығы (сыйымдылғы, өткізгіштік қабілеті) аз объектілерге мыналар жатады:
1) сауда-саттық алаңы 200 шаршы метрден аспайтын дүкендер;
2) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын тігін ательелері;
3) отыратын орынының саны 50-ден аспайтын тұрақты қоғамдық тамақтандыру объектілері;
4) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын, тұрмыстық техниканы, радио аппаратурасын жөндеу жөніндегі шеберханалар;
5) өндірістік алаңы 200 шаршы метрден аспайтын химиялық тазарту орындары;
6) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын кір жууға бұйымдар қабылдау пункттері мен механикаландырылған кір жуу орындары;
7) өндірістік алаңы 200 шаршы метрден аспайтын азық-түлік тағамдарының жартылай дайын өнімдерін дайындау жөніндегі цехтар;
8) екі жуу желісінен аспайтын автомобиль жуу орындары;
9) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын шина жөндеу цехтары;
10) сауда-саттық алаңы 100 шаршы метрден аспайтын дәріханалар;
11) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын шаштараздар;
12) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын сурет ательелері;
13) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын тұрмыстық техниканы жалға беру ательелері;
14) өндірістік алаңы 100 шаршы метрден аспайтын ас үйлері;
15) ауысымына 50-ден аспайтын емделуші келетін амбулаториялар (емханалар);
16) инженерлік тораптарға қосу талап етілетін, бесеуден аспайтын автомашинаға арналған бокстері бар жеке көлік гараждары;
17) автокөлікке (бір мезгілде екі бірліктен аспайтын) техникалық қызмет көрсету пункттері;
18) өндірістік алаңы 150 шаршы метрден аспайтын сүт немесе ет өнімдерін ұқсату жөніндегі цехтар.
13. Осы Ереженің 11 және 12-тармақтарының нормалары кұрылыс салу кезінде арнайы жобалық шешімдер мен іс-шаралар талап етілетін, сейсмикалық қауіптілігі жоғары немесе геологиялық, гидрогеологиялық және геотехникалық өзге де айрықша жағдайлардағы аудандарда орналасқан объектілерге қолданылмайды.
14. Өтініш берушінің (лицензия алуға талапкердің) біліктілік талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалау үшін ұсынылатын қажетті құжаттар мен материалдар тізбесін лицензиар осы Ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес белгілейді.
15. Лицензиардың лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімі Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен белгіленген мерзімде қабылданады.
16. Лицензиардың теріс шешім қабылдауы кезінде өтініш берушіге жұмыстардың (қызметтер көрсетудің) жекелеген түрлерінің сұратылған тізбесі бойынша лицензия беруден дәлелді бас тартуы жазбаша нысанда жолданады.
ҚР Үкіметінің 04.12.04 ж. № 1270 қаулысымен 17 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Лицензиялық ережелердің сақталуын бақылау лицензиаттардың мынадай тәртіппен олардын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растауын қамтиды:
Құрылыс-монтаж жұмыстары мен құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы заңды тұлғалардың лицензия алған күні бойынша жыл сайын;
2) жобалау-іздестіру және сараптама жұмыстарын жүзеге асырушы заңды тұлғалардың - үш жылда бір реттен асырмай;
3) жеке тұлғалардың - бес жылда бір реттен асырмай растауын қамтиды.
Лицензиар растауға арналған қажетті кұжаттар мен материалдар тізбесін, сондай-ақ лицензиаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімдерін жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) әртүрі және лицензиаттардың санаттары үшін белгілейді.
Ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарау, сондай-ақ техникалық аудит жүргiзу кезеңiнде заңды және жеке тұлғалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң өздері орындап жүрген түрлерiн жалғастыра беруге құқылы.
18. ҚР Үкіметінің 04.12.04 ж. № 1270 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына, өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың оларға сай болуға тиістілігі мыналарды:
1) жұмыс түрлеріне қарай:
заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын;
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын;
2) жұмыс түрлеріне қарай:
тиісті жабдықтар жиынтығына қоса тіркелген топырақ зерттеу зертханасымен;
тіркелген химиялық зертханамен;
іздестіру жұмыстарының тиісті түрлерін орындау үшін бақылау-өлшеу приборларымен, аспаптарымен, тетіктерімен және кұрылғыларымен;
бұрғылау, геологиялық барлау және қызмет көрсету техникасының қажетті паркімен, сондай-ақ оны ұстау және сақтау үшін өндірістік алаңдармен;
жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық және техникалық құжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның;
3) инженерлік іздестірулерді орындау жоне оларды жүзеге асырудың сапасын бақылау үшін белгіленген тәртіппен тексерілген таңбалары, сондай-ақ сертификаты бар приборлар мен жабдықтардың;
4) жұмыстарды орындаған кезде, қажетті ережелер мен нұскауларды, приборларды, тетіктер мен құрылғыларды қоса алғанда, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасы жүйелерінің болуын қамтиды.
20. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттық сай болуға тиістілігі мыналарды:
1) жұмыс түрлеріне қарай:
заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын;
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын;
2) жұмыс түрлеріне қарай:
жобаның және оның бөлімдерінің сапасын бақылау жүйесімен;
жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық және техникалык және әдіснамалық кұжаттамалар жиынтығымен;
есеп айырысуларды орындауға, графикалық материалдарды жасау мен ресімдеуге, бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын;
3) жобалау жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларыда) Қазақстан Республикасының нормативтік кұқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды.
21. Құрылысқа арналған сараптау жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиістілігі мыналарды:
1) жұмыс түрлеріне қарай:
заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде жеті жыл жұмыс стажы бар сарапшылардың болуын;
2) жұмыс түрлеріне қарай:
жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесімен;
мемлекеттік нормативтер анықтамалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
есеп айырысуларды тексеруге, сараптау қорытындыларын жасау және рәсімдеуге арналған ұйымдық техникамен және электронды техникамен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын;
3) сараптау жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның сарапшыларында) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды.
22. Құрылыс материалдардың, бұйымдар мен құрастырмаларды өндіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілк талаптарына өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лизензиятттың сай болуға мыналарды:
1) жұмыс түрлеріне қарай:
заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын;
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын;
2) жұмыс түрлеріне қарай:
материалдардың, бұйымдар мен құрастырмалардың өтініш берілген номенклатурасын шығаруды қамтамасыз етуге арналған қажетті қуаттармен;
жабдықтардың, көтеру-көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің, жарақтардың, аспаптардың, кұрылғылардың қажетті жиынтығымен;
шығарылатын өнім сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген зертханалармен;
жұмыстардың өтініш берілген түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу приборларымен;
еңбек қорғау және қауыпсіздік техникасы қызметтерімен;
жұмыстардың осы түрі үшін белгілеген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен;
жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, нормативтік-анықтамалық, техникалық және әдіснамалық құжаттамалар жиынтығымен;
3) өтініш берілген өнім түрлерін шығару үшін қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес технологиялық жабдықтармен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базаның болуын қамтиды.
23. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына, өтініш беруші (лицензия алуға талапкер) мен лицензиаттың сай болуға тиістілігі мыналарды:
1) жұмыс түрлеріне қарай:
заңды тұлғалар штатында - тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажы немесе тиісті орта арнаулы білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы бар инженер-техник қызметкерлердің - жауапты орындаушылардың болуын;
жеке тұлғалар үшін - тиісті жоғары білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс стажының немесе мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс стажы кезінде тиісті орта арнаулы білімінің болуын;
2) жұмыс түрлеріне қарай:
қойылатын нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес келетін жабдықтардың, көтеру-көлік құралдарының, машиналар мен тетіктердің, жарақтардың, аспаптардың, құрылғылардың қажетті жиынтығымен;
жұмыстардың орындалатын түрлерінің сапасын бақылау жүйесімен және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және нормативтік-техникалық кесімдерге сәйкес зертханалармен;
жұмыстардың өтініш берілген түрлерін жүзеге асыру үшін бақылау-өлшеу приборларымен;
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қызметтерімен;
жұмыстардың осы түрі үшін белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес өндірістік-тұрмыстық жағдайлармен;
жұмыстардың сұратылған түрлері бойынша мемлекеттік нормативтер, анықтамалық және әдіснамалық кұжаттамалар жиынтығымен жарақтанған материалдық-техникалық және өндірістік базанын болуын;
3) жеке тұлғаларда (заңды тұлғаның жауапты орындаушыларында) құрылыс-монтаж жұмыстарының арнаулы түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен ресімделген тиісті рұқсаттарының болуын қамтиды.
24. Лицензиар осы Ереженің 19-23-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиісті заңды тұлғалардың қызметкерлерін жауапты орындаушылардың кұрамын сәулет, қала құрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік кесімдеріне және заңнамасына сәйкес айқындайды.
5. Лицензияның күшін тоқтата тұру
және оны қайтарып алу
25. Лицензияның күшін тоқтата тұру үшін мыналар:
1) міндетті стандарттардың, нормативтік-техникалық талаптар мен шарттардың, кұрылыс нормалары мен ережелерінің, осы Ереже мен сәулет, қала құрылысы және кұрылыс саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы талаптарының бұзылуы;
2) сәулет-құрылыс қызметі саласындағы құқық бұзушылық үшін лицензиатқа бірнеше рет (күнтізбелік жыл ішінде) әкімшілік жазалау шараларының колданылуы;
3) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаған кезде жобалау құжаттамаларынан ауытқушылық;
4) сәулет, қала құрылысы және кұрылыс қызметі саласында сапасыз орындалған жұмыстардың бірнеше рет тоқтатыла тұруы;
5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік кесімдерінің және заңнамаларының өзге де бұзушылықтары негіз болып табылады.
26. Лицензияның күші алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады және лицензияның күшін тоқтата тұру туралы кесімде көрсетілген, оның түрлері бойынша заңды немесе жеке тұлғаның сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметін тоқтатуға әкеп соғады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері лицензияларының күшін тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
27. Лицензиар лицензияны кері қайтарып алу жөнінде сотқа талап қою туралы шешімді Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларда қабылдайды.
28. Күші жойылған лицензия оны берген лицензиялау органына тапсырылуы тиіс.
29. Лицензияларды беру, күшін тоқтата тұру немесе қайтарып алу мәселелері жөнінде туындаған даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
ҚР Үкіметінің 21.10.03 ж. № 1067 қаулысымен (бұрынғы ред. қара); 04.12.04 ж. № 1270 қаулыларымен тізбе жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.11.04 № 327; 2006.07.07. № 647 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметiнің
2002 жылғы 10 қаңтардағы
№ 23 қаулысымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы
жұмыстардың (қызметтер көрсетудiң)
лицензияланатын түрлерiнiң
ТIЗБЕСI
1. Құрылысқа арналған іздестіру жұмыстары
1. Инженерлiк-геодезиялық және инженерлiк-геологиялық iздестiрулер:
1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
2) инженерлік-гидрологиялық жұмыстар;
3) жоспарлы-биіктiк түсiрулер желiлерiн жасау;
4) 1:10000-1:200 масштабтағы топографиялық түсiрулер;
5) жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiру, желілік құрылыстар трассаларын жасау және түсiру;
6) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелерді, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекіту арқылы заттай көрiнiске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
7) геофизикалық зерттеулер, алдын ала байқау және түсiріп алу;
8) топырақты далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
9) топырақты, жер асты суларын, негіздер мен іргетастарды зертханалық зерттеулер.
2. Құрылысқа арналған жобалау жұмыстары
(сейсмикалық емес аудандарда және/немесе
сейсмикалық төзімділігі
7 балл және одан жоғары аудандарда)
2. Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу:
1) жоспарлау құжаттамасы (елді мекендердiң бас жоспарлары, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдар мен жекелеген учаскелерді, тәптiштелген жоспарлау, салу жобалары);
2) көлік схемалары, сыртқы көлiк, көше-жол желiсi;
3) жылумен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
4) сумен жабдықтау желілерінің, кәріз желiлерінің схемалары;
5) газбен жабдықтау желiлерiнiң схемалары;
6) энергиямен жабдықтау желілерінің схемалары;
7) телекоммуникациялар мен байланыс желiлерінің схемалары.
3. Күрделiлiгi I, ІІ, ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау:
1) объектілердiң бас жоспарлары, жер бедерiн көркейту және ыңғайластыру жобалары;
2) өндiрiстік мақсаттағы объектілер;
3) ғимараттар мен құрылыстарды (тарих және мәдениет ескерткіштерiнен басқа) қайта жаңғыртуды және қалпына келтiрудi қоса алғанда тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстар.
4. Құрылыстық жобалау және құрастыру:
1) негiздер мен іргетастар1;
2) бетонды және темір-бетонды, тасты және шегенделген тасты құрастырмалар1;
3) болат және алюминий құрастырмалар1;
4) ағаш құрастырмалар1;
5) ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту.
Ескертпе: - 1 осы жұмыс түрлерінің тармақтары үшiн ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, құрастырмаларды нығайту үшін жобалау құқығы бар.
5. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi жобалау:
1) жылыту (электрлікті қоса алғанда), желдету, кондиционер орнату, сумен жабдықтау және кәріз;
2) жылумен жабдықтау;
3) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары;
4) төмен қысымды газбен жабдықтау;
5) орташа және жоғары қысымды газбен жабдықтау;
6) салқын ауамен жабдықтау;
7) 0,4 кВ-ға дейiнгі, 10 кВ-ға дейiнгi электрмен жабдықтау, электрлік жарықтандыру;
8) 35 кВ-ға дейiнгi, 110 кВ-ға дейiнгі және одан жоғары электрмен жабдықтау;
9) технологиялық процестердi автоматтандыру;
10) тогы әлсiз құрылғылар.
6. Жобалардың арнайы бөлімдерiн әзiрлеу:
1) еңбекті қорғау;
2) тот басудан қорғау;
3) ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңіндегi өрт-күзет дабылы, автоматика, өрт сөндіру мен өрттен қорғау жүйелері;
4) сметалық құжаттама;
5) құрылысты ұйымдастыру жобалары (ҚҰЖ) мен жұмыстар жүргізу жобалары (ЖЖЖ).
7. Технологиялық жобалау:
Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар:
1) мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнайы білім беруге, кадрларды даярлауға, ғылыми-зерттеу мекемелеріне, жобалау және қоғамдық ұйымдарға, басқаруға, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған ғимараттар, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, демалыс пен туризмге арналған ғимараттар мен құрылыстар, әртүрлi мақсаттағы үй-жайларды қоса алғанда, көп функциялы ғимараттар мен кешендер;
2) денсаулық сақтауға арналған ғимараттар мен құрылыстар (дәрiханаларды қоспағанда);
3) халыққа тiкелей қызмет көрсету мақсатындағы көлiкке арналған ғимараттар мен құрылыстар, коммуналдық шаруашылыққа арналған ғимараттар (өндiрiстiк, қоймалық және көлiк ғимараттары мен құрылыстарынан басқа).
Өндiрiстiк мақсаттағы объектілер:
1) энергетика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
2) мұнай-газ өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
3) кен өндiру өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
4) қайта өңдеу өнеркәсiбiнiң кәсіпорындары;
5) ауыр машина жасау кәсіпорындары;
6) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
7) бөгеттер, бөгесіндер, басқа да гидротехникалық құрылыстар;
8) мұнара және дiңгек үлгiсіндегі құрылыстар мен құрастырмалар;
9) көтеру құрылыстары;
10) қалаішілік көлiк (жер үстi автомобиль және электрлі, жер асты, жер бетi, аспалы, су) және сыртқы автомобиль, темір жол, әуе, су көлiгi кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары;
11) инженерлік инфрақұрылым кәсіпорындары, объектілерi мен коммуникациялары.
Байланыс объектiлерi мен құрылыстары:
1) жергілiктi байланыс, радио мен телекоммуникация желілері;
2) жалпы республикалық және халықаралық байланыс пен телекоммуникациялар желiлерi.
Ауыл шаруашылығы объектілерi (қайта өңдеу өнеркәсібінiң кәсіпорындарын қоспағанда).
Көлiк құрылысы:
1) темір жол көлігінің қатынас жолдары;
2) барлық санаттағы автомобиль жолдары;
3) қалалық электрдi көлiктердiң көше-жол желiсi;
4) көпiрлер мен көпiр өткелдерi.
3. Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
құрастырмаларын өндiру
8. Сертификатталатындарды қоспағанда, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру:
1) желдеткiш, санитарлық-техникалық, электр монтаждық жабдықтар;
2) металдардан, полимерлiк және өндiрiс қалдықтары негiзіндегі композиттiк материалдардан;
3) мұнара-дiңгек үлгiсіндегі элементтер, түтін шығару мұржалары;
4) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтерi;
5) резервуарлар мен көлемi 5000 м3 дейінгi сыйымдылықтар;
6) қысыммен жұмыс iстейтін немесе өртену қаупi бар және қоршаған ортаға зиянды материалдарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтар;
7) тiреуiш және қоршау элементтері;
8) технологиялық металл құрастырмалар мен олардың тетiктерi.
9) бөренелер тiлу
4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары (сейсмикалық емес
аудандарда және/немесе сейсмикалық төзiмдiлігі
7 балл және одан жоғары аудандарда)
9. Жер жұмыстары.
10. Ғимараттар мен құрылыстардың күрделілігі I немесе II және III деңгейдегi тiреуiш және қоршау құрастырмаларын тұрғызу:
1) металл құрастырмаларды монтаждау, арматураларды орнату;
2) болат резервуарлар мен 5000 м3 дейінгi сыйымдылықтарды;
3) қысыммен жұмыс iстейтiн, жарылу қаупi бар және қоршаған орта үшін зиянды материалдарды сақтауға арналған болат резервуарлар мен сыйымдылықтарды монтаждау;
4) мұнара және дiңгек үлгісіндегі құрылыс құрастырмаларын, түтін мұржаларын монтаждау;
5) көпiрлер мен көпiр өткелдерінің тiреуiш құрастырмаларын монтаждау;
6) көтергіш құрылыстардың (лифттердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерiнiң, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
7) металлургия, мұнай химиясы, тау-кен, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс құрастырмаларын монтаждау;
8) құйма бетон және темір-бетон құрастырмаларын орналастыру;
9) негiздер мен iргетастарды орналастыру, қада қағу жұмыстары;
10) құрама бетон және темір-бетон құрастырмаларды, тіреуіш ағаш құрастырмаларды монтаждау, тас, кірпіш, блок қалау және бөлу қалқаларын орналастыру, қоршау құрастырмаларын монтаждау және ойықтарды толтыру;
11) шатырлау жұмыстары.
11. Арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, топырақтағы арнайы жұмыстар:
1) мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желілері;
2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік желiлерi;
3) ұңғымаларды жайластыру;
4) кернеуі 35 кВ дейiнгi электр беру магистральдық желілері;
5) кернеуi 110 кВ дейiнгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілері;
6) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерiн газдандыру;
7) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары, бөгеттер, бөгесiндер;
8) түтін шығару мұржалары, күш тiректерi, градирнялар, шахта үстіндегі тоқпақтар;
9) отқа төзiмдi материалдарды қалау;
10) жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждау;
11) түстi металдардан, полимерлік материалдардан және шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждау;
12) байланыс пен телекоммуникациялардың жалпы республикалық және халықаралық желiлерi;
13) мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газдар қоймалары;
14) топырақта бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстары;
15) су асты-техникалық және теңiз қайраңындағы жұмыстар;
16) мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстары;
17) топырақтағы гидромеханикаландырылған жұмыстар;
18) тау-кен ұңғылау мен тоннель қазу жұмыстары, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыру, топырақ қабатын бекіту, жер асты суларының деңгейiн төмендету.
12. Сыртқы инженерлік желiлер мен құрылыстарды және iшкi инженерлiк желілерді орналастыру жөніндегі жұмыстар:
1) қысыммен жұмыс iстейтiн құбырлар;
2) жылу желілері;
3) төмен қысымды газбен жабдықтау желілері;
4) орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерi;
5) сумен жабдықтау және кәріз желiлерi;
6) электрмен жабдықтау желілерi, электрмен жарықтандыруды орнату;
7) темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілері, әуе көлiгi кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілері;
8) байланыс, радио, теледидар желілері мен ішкі жүйелері;
9) желдету, ауаны кондициялау, пневмокөлiк және шаң-тозаң тұту;
10) электрмен жабдықтау, электрмен жарықтандыру, электрмен жылыту;
11) жылумен жабдықтау;
12) газбен жабдықтау;
13) сумен жабдықтау, кәріз.
13. Құрастырмалар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі жұмыстар:
1) құрылыс құрастырмаларын су өтпейтiндей етiп қымтау;
2) құбырларды, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтау;
3) қаптау мен шегендеу жұмыстары;
4) агрессивті су әсерi кезінде химиялық қорғаныш жабындыны қоса алғанда, құрылыс құрастырмалары мен жабдықтарын, құбырларды тоттанудан сақтау;
5) құбырларды, құрастырмалар мен жабдықтарды электрохимиялық қорғау.
14. Майлау және сырлау жұмыстарын қоспағанда, күрделілігі І немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрылысын салу, қайта құру, күрделі жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары.
15. Жол құрылысы жөніндегі жұмыстар:
1) темір жол тармақтарына арналған негiздер;
2) темір жол тармағының үстiңгi қабатын төсеу;
3) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар республикалық маңызды автожолдардың негiздерi мен жабыны;
4) жайластырылған және шағын жасанды ғимараттары бар жергiлiктi маңызы бар автожолдардың негiздерi мен жабыны, шаруашылықішілік автожолдардың негiздерi мен жабыны;
5) қалалық жол желiсiнiң негiздерi мен жабыны;
6) әуежайлар ұшу-қону алаңдарының және тікұшақтар алаңдарының негiздерi мен жабыны.
16. Технологиялық жабдықтарды (iске қосу-оңдау жұмыстарын қоса алғанда) монтаждау:
1) көтергіш-көлiктік, лифтiлер;
2) металл өңдеу;
3) ағаш өңдеу;
4) металлургиялық, ұсақтау-уату, кен байыту және агломерациялық;
5) мұнай кәсiпшілігі, газ кәсiпшілігі;
6) геологиялық барлау, бұрғылау;
7) тау-шахта метрополитендер мен тоннельдер;
8) жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар;
9) бақылау, аварияға қарсы қорғау және дабыл аппаратурасы мен жүйелерi;
10) компрессор машиналары, сорғылар мен желдеткіштер;
11) темір жол көлiгіндегi байланыс, дабыл, орталықтандыру және блоктау құрылғылары мен жабдықтары;
12) газдарды тазалау;
13) технологиялық металл құрастырмалары, құбырлар;
14) электротехникалық қондырғылар мен жабдықтар, электр пештері;
15) қазандық қондырғылар, жылулық-күштік және көмекшi жабдық;
16) өндiрiстiк және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптары;
17) химия және мұнай өңдеу өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
18) көмiр өнеркәсiбінің кәсіпорындары;
19) гидроэлектр станциялары мен гидротехникалық құрылыстар;
20) жылу электр станциялары;
21) байланыс кәсiпорындары;
22) құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары;
23) жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары;
24) театр-ойын-сауық ғимараттары мен құрылыстары;
25) астық өңдеу жөніндегi, тамақ өнеркәсiбi кәсіпорындары және астық қоймалары.
17. Күрделілігі I немесе II және ІІІ деңгейдегi ғимараттар мен құрылыстардың құрастырмаларын күшейтудi қоса алғанда, күрделі жөндеу және қайта құру:
1) ғимараттар мен құрылыстардың тiреуiш және қоршау құрастырмалары (есептеу схемасын өзгертпей);
2) шатыр жабындылары мен құрастырмалары;
3) сыртқы және ішкі инженерлiк желiлер (газбен жабдықтаудан басқа);
4) газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары, бу құбырлары, ауа құбырлары және басқа да стационарлық тасымалдау құрылғыларының желілері;
5) құрастырмалар мен жабдықтардың (қаптау, шегендеу, оқшаулау, тоттануға қарсы, химиялық және т.б.) қорғау жабындары;
6) республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, шаруашылықішілік және қалалық көше-жол желiлерi;
7) темір жолдар;
8) тоннельдері;
9) гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстар;
10) лифтілердi, көтергіш көлiк құрылғылары мен құрылыстарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
11) көпiрлер мен көпір өткелдерінің элементтері.
5. Сараптама жұмыстары
18. Құрылысқа арналған жұмыстарды орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер көрсету:
1) құрылыс процесіне технологиялық сүйемелдеу жүргізу әдiсімен және мамандандырылған зертханалар арқылы жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының субъектілерi жүзеге асыратын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау және құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын өндiру жөніндегі инженерлiк қызмет;
2) жұмысшы кадрлар мен мамандарды аттестаттау;
3) лицензия алуға ниет білдiруші заңды және жеке тұлғалардың өндiрiстiк-техникалық базасын және біліктiлiк талаптарға сәйкестiгiн тексере отырып, техникалық аудит пен лицензиаттар (лицензия алуға талапкерлер) ұсынатын материалдардың (құжаттардың) сараптамасы;
4) жобаларды мемлекеттік сараптаудың ерекше құзыретiне жатпайтын жұмыстар мен қызмет көрсету рыногының субъектiлерi орындайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бөлімдерiне сараптама;
5) ғимараттардың (құрылыстардың) және инженерлiк жүйелер мен коммуникациялардың техникалық жай-күйiн тексерудi қоса алғанда, қазiргi ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс iстеу сенiмділігiн әрi берiктігін бағалау.
Ескертпелер:
1) лицензиат (лицензия алуға талапкердiң) растаған біліктiлік талаптарына байланысты лицензиар ғимараттардың, құрылыстар мен құрастырмалардың сейсмикалық аудандастырылуы және күрделілiк деңгейлерi бойынша шектеулер белгiлей алады;
2) лицензия берген кезде лицензияға қоса берiлетiн тiзбеде рұқсат етiлген жұмыс түрiнiң толықтығы нақтыланады.
19. Жобалардың мемлекеттік сараптамасының ерекше құзыретіне жататын:
1) мемлекеттік инвестициялар есебінен немесе олардың қатысуымен тұрғызылатын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылатын, бірақ заңнамада белгіленген тәртіппен шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызметтер көлемінде мемлекеттік меншік үлесін көздейтін;
2) құрылысты қаржыландыру көздеріне қарамастан, санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, құрастырмалардың сенімділігі, әлеуметтің, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне мүгедектер мен халықтың аз жұмылдырылған тобының кіруін қамтамасыз ету жөніндегі ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі объектілердің жұмыс істеуінің тұрақтылығы бойынша мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкестігі бөлігінде объектілердің (кешендердің) құрылысына арналған инвестициялық негіздемелердің, техника-экономикалық негіздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың;
3) құрылыстың ірі және күрделі объектілері немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердігерлік жұмыстарды (қызметтерді) мемлекеттік сатып алуды жүргізуге арналған конкурстық (тендерлік) құжаттамалардың сараптамасы.