«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 ж. 29 желтоқсандағы № 1894 Қаулысы
(2012.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.26.06. № 610 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 458; 19.01.05 ж. № 32 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналар бекітілсiн:
1 қосымшаға сәйкес, лицензиялауға жататыны қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиялардың) тiзбесi;
2 және 3-қосымшаларға сәйкес лицензия мен лицензияға қосымшалар нысандарының үлгілерi.
4 қосымшаға сәйкес, санитарлық, экологиялық таукен техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызметтiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi;
5 және 6 қосымшаларға сәйкес, лицензия алу үшiн берiлетiн өтiнiштердiң формалары.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі лицензиялау жүйесiн жетiлдiру саласындағы мемлекеттік үйлестiрушi орган болып белгіленсiн.
ҚР Үкіметінiң 08.04.97 ж. № 505; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулының 1 қосымшасында аталған мемлекеттік органдар «Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензия алымын төлеудiң тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы № 1127 қаулысының 2-тармағында көзделген лицензияланатын қызметтiң нақты түрлерiн лицензиялау тәртібі мен шарттарын әзiрлеген кезде:
қызметтiң лицензияланатын түрлерiне қойылатын біліктiлiк талаптарын; лицензиялау кезіндегі материалдарды дайындау мен ресiмдеу бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібі мен шарттарын;
қызметiң лицензияланатын түрлерiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң тiзбесiн;
лицензиялау бойынша өкiлдiктердi басқарудың тиiстi салалық аумақтық органдарына, соның iшiнде облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының құрамына кiретiн органдарына беру тәртібін;
iшкi рыноктағы қазақстандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау тәртібін айқындасын.
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Лицензиялануы облыстар, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарымен жүзеге асырылатын қызметтiң түрлерiн лицензиялау тәртібі мен шарттарын әзiрлеу олардың құзырына сәйкес орталық атқарушы органдарға жүктеледi.
ҚР Үкіметінiң 28.06.96 ж. № 835 қаулысымен 4-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінiң 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулыға 1-қосымшада аталған мемлекеттік органдар белгілi бiр тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндiрушілердiң монополиялық жағдайына жол бермей бәсекелестiктің дамуына ықпал етсiн, лицензиялар беру рәсiмдерiнiң ашықтығын және тұтынушылардың құқығын қорғауды қамтамасыз етсiн.
ҚР Үкіметінiң 31.07.97 ж. № 1196 қаулысымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Лицензиарлар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасына қорғаныс дәрежесi, облыс кодын қамтитын есептiк сериясы мен нөмiрi бар, кiтапша етiп жасалған, тiгiлген және берiлген лицензиялардың есебiн жүргiзу мен оларды бақылауға арналған бақылау талондары бар, осы қаулымен белгiленген нысандар бойынша лицензиялар бланкiлерiн дайындауға тапсырыс орналастырсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бiрiншi орынбасары
Үкіметінiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы № 1894
қаулысына 1 Қосымша
Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік
органдардың (лицензиярлардың) тiзбесi
Тізбе өзгерістер және толықтыруларымен 2012 ж. 12 наурызда берілген
N | Өкілеттік берілген орган | Лицензияланатын қызметтің түрлерi
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының Қару-жарақ пен оның оқ-дәрілерін,
Индустрия және сауда әскери техниканы, қосалқы
министрлігінің Өнеркәсіп бөлшектерді, жинақтаушы элементтер
және ғылыми-техникалық мен олардың приборларын, егер олар
дамыту комитеті басқа салаларда пайдаланылмаса,
сондай-ақ құрастыру, іске қосу,
пайдалану, сақтау, жөндеу және
сервистік қызмет көрсетуді қоса
алғанда арнайы материалдар мен
оларды өндіруге арналған
жабдықтарды, әзірлеу, өндіру, жөндеу
және сату
Жарылғыш және пиротехникалық
заттарды және оларды қолданып
жасалатын бұйымдарды (азаматтық
пиротехникалық заттарды және оларды
қолданып жасалатын бұйымдарды
қоспағанда) әзірлеу, өндіру және сату
Босаған әскери-техникалық құралдарды
жою (құрту, кәдеге жарату, көму)
және қайта өңдеу
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның
патрондарын жасау, өндіру, жөндеу,
сату, сатып алу, экспонатқа қою.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекіткен тізбе бойынша уларды
өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау,
сатып алу, сақтау, сату, пайдалану
және жою;
2. Қазақстан Республикасы Ракеталық-ғарыштық техниканы құру,
Ұлттық ғарыш агенттігі өндіру, пайдалану, жөндеу және модер.
низациялауды, оның жұмыс істеуін қам.
тамасыз ету үшін жер үстіндегі инфра.
құрылымды пайдалануды қоса отырып,
ғарыш кеңістігін пайдалану бойынша
барлық түрлер (полигон, командалық-
өлшеу кешені, стендік база және
басқалар)
3. Қазақстан Республикасы жолаушылар мен жүктерді
Көлік және коммуникациялар өзен, теңіз және темір жол көлігімен
министрлігінің Көліктік тасымалдау;
бақылау комитеті
жолаушылар мен жүктерді
автомобиль көлігімен халықаралық
тасымалдау;
қауіпті жүктерді әуе
көлігінен басқа, барлық көлік
түрлерімен тасымалдау;
темір жол жылжымалы құрамын жасау
және жөндеу; қауіпті жүктердi
тасымалдау үшін қолданылатын арнайы
контейнерлерді жасау және жөндеу;
кемелерге, жолаушыларға және
жүктерге қызмет көрсетуге байланысты
теңіз және өзен порттарының қызметi
4. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық заңнамалық кесімдеріне сәйкес
министрлігінің Атом атом энергиясын пайдалануға
энергетикасы жөніндегі атом энергиясын пайдалану
комитеті байланысты барлық қызмет түрлері;
арнайы қорғану құралдарын
қолдану қажеттігінсіз оларды
пайдалану үшін рұқсат етілетін
нормадан асатын мөлшердегi
радиоактивті заттарды қамтитын
өнімдерді дайындау және сату;
радиоактивті заттар мен
изотоптарды пайдалана отырып,
рентген жабдығын, құралдар
мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру және
сату.
5. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Облыстардың (республикалық Өнеркәсіптік жарылу-өртену қаупі бар
маңызы бар қаланың, және тау-кен өндірістерін,
астананың) мемлекеттік магистральды газ-мұнай құбырларын,
сәулет-құрылыс бақылауын көтергіш құрылыстарын, сондай-ақ
жүзеге асыратын жергілікті қысыммен жұмыс істейтін
атқарушы органдары қазандықтарды, сауыттар мен өткізгіш
құбырларды жобалау (құрылысқа
арналған жобалау жұмыстары).
Өндірістердің, жабдықтардың,
объектілердің, жұмыстардың
(қызметтердің) тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді;
бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілік,
геологиялық барлау, тау-кен-шахталық
құралдардың, жарылудан қорғалған
электротехникалық құралдардың,
аппаратура мен бақылау жүйесінің,
апаттан қорғану және дабылдың,
көтергіш құрылыстардың, сондай-ақ
қысым арқылы жұмыс істейтін қазан.
дықтардың, ыдыстар мен құбырлардың
монтажы
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық
объектілерді газдандыру бойынша
құрылыстық жұмыстар
өрттен-қорғау дабылы мен
өртке қарсы автоматика құралдарын
жобалау мен олардың монтажы
(өндірісті пайдалану кезеңіне дейін)
жолаушылық лифтілердің монтажы,
оларды жөндеу және қызмет көрсету
жалпыреспубликалық магистралдық
және халықаралық байланыс желілерін
жобалау және салу
жобалау-іздеу эксперттік және
құрылыс-монтаждық жұмыстар, құрылыс
материалдарын, өнімдері мен
конструкцияларын өндіру бойынша
жұмыстар, бөренелер тілу жөніндегi
жұмыстарды қоспағанда
7. (алынып тасталды)
8. (алынып тасталды)
9. (алынып тасталды)
10. Қазақстан азаматтық және қызметтік атыс
Республикасының Ішкі қаруды және оның патрондарын, суық
істер министрлігі қаруды, азаматтық пиротехникалық
заттар мен олар қолданылатын
бұйымдарды, сондай-ақ химиялық
өзін өзі қорғау құралдарын әзірлеу,
өндіру, жөндеу, сату, сатып алу,
коллекциялау, экспонатқа қою;
мемлекеттік емес субъектілердің
із кесуге (детективтік) байланысты
заң қызметін көрсетуі;
жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге байланысты қызмет:
жол қозғалысын техникалық реттеу
құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу,
пайдалану;
заңды және жеке тұлғалардың күзет
қызметін жүзеге асыруы, күзет
дабылдары құралдарын монтаждау,
реттеу және оларға техникалық
қызмет көрсету
11. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының аумағында жүзеге
Денсаулық сақтау министрлігі асырылатын қызметтен басқа, медициналық
қызметтің мынадай кіші түрлері:
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту,
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, дезинфекциялау,
дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын,
сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар
мен қызметтердің түрлерін шығару, қайта шығару және өткізу;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер:
бактериялогиялық, вирусологиялық, физикалық
факторларды (шуді, дірілді, электромагниттік
өрісті және басқаларын) өлшеу, паразитологиялық,
радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық;
сараптама: сот-медициналық, психиатриялық
(оның ішінде сот-психологиялық-психиатриялық,
наркологиялық және сот-наркологиялық);
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік
жарамдылық сараптамасы;
республикалық денсаулық ұйымдары жүзеге асыратын
медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге
дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық,
ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық,
патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериологиялық,
биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның
иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы
(АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық,
цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау,
қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
ересектерге және (немесе) балаларға мынадай мамандықтар
бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе)
стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология,
кардиология, ревматология, гастроэнтерология,
нефрология, пульмонология, эндокринология,
аллергология (иммунология), гематология,
кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология,
кардиохирургия,
ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақбет сүйегі
хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология,
офтальмология, трансфузиология, урология,
травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия,
сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, трудотерапия,
мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия
және табиғи текті құралдармен емдеу;
медициналық реабилитология: физиотерапия,
массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
анестезиология және реаниматология;
фармацевтикалық қызметтің мынадай кіші түрлері:
дәрілік заттарды шығару;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару;
медициналық техниканы шығару;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды
көтерме саудада өткізу;
медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен
прекурсорлардың айналымына байланысты денсаулық
сақтау жүйесіндегі қызметтің кіші түрлері:
денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарын,
психотроптық заттар мен прекурсорларды шығару,
тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою
12. (алынып тасталды)
13. Қазақстан Республикасының Жерге орналастыру топографиялық-
Жер ресурстарын басқару геодезиялық және картографиялық
жөніндегі агенттігі жұмыстар жүргізуі
14. Қазақстан Республикасы Өлшеу құралдарын өндіру, жөндеу
Индустрия және сауда
министрлігінің
Стандарттау, метрология Қазақстан Республикасының
және сертификаттау Мемлекеттік туы мен Қазақстан
жөніндегі комитеті Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасын, сондай-ақ олар
бейнеленген материалдық объектілердi
дайындау
15. ҚР Үкіметінің 2011.02.02. № 69 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16. Қазақстан Республикасының Жалпы орта және кәсіптілік орта
Білім және ғылым (республикалық маңызы бар ұйымдар
министрлігінің Білім және атқаратын жұмыстар, қызмет
ғылым саласындағы қадаға- көрсетулер бөлігінде), кәсіптік
лау және аттестаттау жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі
комитеті кәсіптік, соның ішінде мамандықтар
бойынша білім беретін заңды
тұлғалардың білім беру қызметi
17. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi
Әділет министрлігі
17-1.Қазақстан Республикасының мүлікті бағалау, адвокаттық қызмет,
Әділет министрлігі нотариаттық қызмет
Тіркеу қызметі және
құқықтық көмек көрсету
комитетi
17-2. ҚР Үкіметінің 2008.28.03. № 300 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жеке сот орындаушыларының қызметі
Сот актілерін орындау комитеті
18. (алынып тасталды)
19. ҚР Үкіметінің 2001.06.28. N 890 қаулысымен алып тасталды
20. ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен алып тасталды
21. Қазақстан банктік операциялардың мынадай түрлерін
Республикасының Ұлттық жүргізуге банктік операциялардың жекелеген
Банкі түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
қызметі:
банкаралық клиринг: төлемдерді жинау,
салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ
олардың өзара есептемесін жүргізу және
клирингке қатысушылар - банктер мен
банктік операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың таза ұстанымын
анықтау;
сейф операциялары: құжаттық нысанда
шығарылған бағалы қағаздарды, сейф
жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға
беруді қоса алғанда, клиенттердің
құжаттары мен құндылықтарын сақтау
жөніндегі қызметтер;
төлем карточкаларын шығару;
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды
инкассациялау және салып жіберу;
шетел валютасымен жасалатын айырбастау
операцияларын ұйымдастыру;
валюталық құндылықтарды пайдалануға
байланысты операциялар.
21-1. Қазақстан Қазақстан Республикасының банк
Республикасының Қаржы заңнамасында көзделген банктік және өзге
рыногын және қаржы де операцияларды жүргізуге арналған
ұйымдарын реттеу мен банктер қызметі;
қадағалау жөніндегi
агенттігі Қазақстан Республикасының банк
заңнамасында көзделген банктік және өзге
де операциялардың жекелеген түрлерін
жүзеге асыру жөніндегі кредиттік
серіктестіктердің қызметі;
осы Тізбенің 21-жолында көрсетілген
операцияларды қоспағанда, Қазақстан
Республикасының банк заңнамасында
көзделген банктік және өзге де
операциялардың жекелеген түрлерін
жүргізуге арналған банктік операциялардың
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызметі;
бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет
және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың
бағалы қағаздармен қызметі;
зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі және
зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру
жөніндегі қызмет;
"өмірді сақтандыру" саласындағы және
"жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет,
қайта сақтандыру жөніндегі қызмет,
сақтандыру брокерлерінің қызметі,
сақтандыру рыногындағы актуарлық қызмет.
кредиттік бюроның қызметі
22. (алынып тасталды)
23.Қазақстан Республикасының Ақпаратты қорғаудың криптографиялық
Ұлттық қауіпсіздік құралдарын, арнаулы жедел-іздеу
комитеті шараларын жүргізу үшін арнаулы
техникалық құралдарды дайындау,
шығару жөндеу және сату
24.Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасынан шетелге
Еңбек және халықты жұмыс күшін шығаруға байланысты
әлеуметтік қорғау қызмет, Алматы қаласының аумағында
министрлігі жүзеге асырылатын қызметтен басқа
25. (алынып тасталды)
26. Қазақстан Республикасының Пестицидтерді (улы химикаттарды)
Ауыл шаруашылығы өндіру (формуляциялау), өткізу және
министрлігі пайдалану жөніндегі қызмет;
шитті мақтаны мақта талшығына
бастапқы қайта өңдеу.
27. 2005.08.19. N 855 қаулысымен алынып тасталды
27-1. Облыстық туризм нұсқаушысының
(республикалық қызметтері;
маңызы бар қаланың,
астананың)
атқарушы органдар
жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе
жалпы орта білім; кәсіптік бастауыш
білім, оның ішінде кәсіптер бойынша;
кәсіптік орта білім беретін заңды
тұлғалардың білім беру қызметі,
сондай-ақ мектепке дейінгі және
мектептен тыс ұйымдардың қызметi
(республикалық маңызы бар ұйымдар
орындайтын жұмыстарды, қызметтердi
қоспағанда);
заңды тұлғалардың түсті және қара
металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта
өңдеуі және сатуы;
шетелдік жұмыс күшін тартуға
байланысты қызмет;
қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды
(жиынтық жылу қуаты қоса алғанда
100 Гкал/сағатқа дейін) және
құбырларды пайдалану;
қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды
пайдалану (өнеркәсіптік тоңазытқыш
қондырғыларының, тұрмыстық газ
баллондарының құрамындағы);
фармацевтикалық қызметтің түрлері:
дәрілік заттарды дайындау, көтерме
және бөлшек саудада сату;
республикалық денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге
асыратындардан басқа, медициналық қызметтің
мынадай кіші түрлері:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық,
ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық
анатомия;
зертханалық диагностика: бактериялогиялық,
биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның
иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық,
цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау,
консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
ересектерге және (немесе) балаларға мынадай
мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық
және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология,
ревматология, гастроэнтерология, нефрология,
пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология),
гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия,
ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология,
офтальмология, трансфузиология, урология,
травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия,
сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия,
мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және
табиғи текті құралдармен емдеу;
медициналық реабилитология: физиотерапия,
массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
анестезиология және реаниматология;
фармацевтикалық қызметтің мынадай кіші түрлері:
дәрілік препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу;
ветеринарлық мақсаттарға арналған
дәрілік заттарды, биологиялық
препараттарды сату; жануарлардан
алынатын өнімдер мен шикізатқа
ветеринарлық-санитарлық сараптама
жүргізу; ветеринарлық емдеу-алдын
алу қызметі;
астық сақтау;
пестицидтерді (улы химикаттарды)
өндіру (формуляциялау), сату және
пайдалану жөніндегі қызмет;
дене шынықтыру-сауықтыру және спорт
қызметін жүзеге асыратын дене
шынықтыру-сауықтыру, спорт
клубтарының, орталықтардың,
секциялардың және басқа да
ұйымдардың қызметі;
бірінші, екінші және үшінші
санаттағы спорт құрылыстарында дене
шынықтыру-сауықтыру, спорт
қызметтерін көрсету жөніндегі заңды
және жеке тұлғалардың қызметі;
жергілікті қоғамдық бірлестіктердің,
одақтардың, қауымдастықтардың
(облыстық федерациялардың) дене
шынықтыру және спорт саласында
қызметтер көрсетуге байланысты
қызметі;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу
үшін жеке және заңды тұлғалардың
ақшасын тарту есебінен тұрғын үй
ғимараттарын салуды ұйымдастыру
жөніндегі қызмет.
27-2. Қазақстан Республикасы Ойын бизнесі саласындағы қызмет
Туризм және спорт туроператорлық, турагенттік қызмет
министрлігінің Туризм
индустриясы комитеті
28. (Алынып тасталды)
29. (Алынып тасталды)
30. (Алынып тасталды)
31.Қазақстан Республикасы Аудиторлық қызмет (экологиялық
Қаржы министрлігі және аудиторлық қызметтен басқа)
аудит методологиясы
департаменті
31-1. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының бүкіл
Қаржы министрлігінің аумағына таралатын лотереялар
Салық комитеті (мемлекеттіктен (ұлттықтан)
басқа) ұйымдастыру және өткізу
этил спирті мен алкоголь өнімін
өндіру, этил спирті мен алкоголь
өнімінің импорты, алкоголь өнімін өндіру аумағында
оны сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату жөніндегі
қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе)
бөлшек саудада сату
темекі өнімдерін өндіру
32.Қазақстан Республикасы күзет құралдарын, өрт дабылдары
Төтенше жағдайлар және өртке қарсы автоматика құралдарын
министрлігі жобалау, монтаждау, жөндеу және
техникалық қызмет көрсету
өртке қарсы қолданылатын
техникаларды, өртке қарсы қорғану
жабдықтары мен құралдарын өндіру
іздестіру-құтқару, тау-кен
құтқару, газдан құтқару, фонтанға
қарсы жұмыстар
көтергіш құрылыстарды (өзі жүретін
жүк көтергіш крандар) пайдалану
33. ҚР Үкіметінің 2002.11.26. N 1258 қаулысымен алып тасталды
34. ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 72 қаулысымен алып тасталды
35. Алматы қаласының туристік қызмет Алматы қаласындағы
жергілікті атқарушы
органы Алматы қаласынан Қазақстан
Республикасының шекарасынан тыс жұмыс
күшін шығару
Алматы қаласында жолаушылар мен
жүктерді автомобиль көлігімен
тасымалдау жөніндегі қызмет
36. Қазақстан Республикасы заңды және жеке тұлғалардың
Туризм және спорт жоғары санаттағы спорт
министрлігінің Спорт құрылыстарында дене шынықтыру-
комитеті сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету
жөніндегі қызметі, сондай-ақ
республикалық және өңірлік қоғамдық
бірлестіктердің, одақтардың,
қауымдастықтардың (спорт түрлерi
бойынша федерациялардың), дене
шынықтыру және спорт саласында
қызметтер көрсетуге байланысты
қызметі
37. ҚР Үкіметінің 2012.11.03. № 314 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесіндегi
Ішкі істер министрлігінің қызметті қоспағанда, есірткi
Есірткі бизнесіне қарсы күрес құралдарының, психотроптық
және есірткі заттардың, прекурсорлардың
айналымын бақылау жөніндегі айналымына байланысты қызмет:
комитеті дайындау, өндіру, қайта
өңдеу, тасымалдау, салып
жіберу, сатып алу, сақтау,
тарату, сату, пайдалану, жою
құрамында есірткі құралдары
мен психотроптық заттар бар
өсімдіктерді және шөптердi
өсіру, жинау, дайындау
39 ҚР Үкіметінің 2010.18.05. № 427 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
40. (алынып тасталды)
41. Қазақстан Республикасы банкроттық рәсімдерде төлем
Қаржы министрлігінің Дәрменсіз қабілеті жоқ борышкерлердің
борышкерлермен жұмыс жөніндегі мүлкін және істерін басқару комитеті жөніндегі қызмет
42. Қазақстан Республикасы тарих пен мәдениет
Мәдениет және ақпарат ескерткіштерінде археологиялық
министрлігінің Мәдениет және (немесе) ғылыми-
комитетi реставрациялау жұмыстарды
жүзеге асыру жөніндегі қызмет
43. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман қоры
Ауыл шаруашылығы министрлігінің учаскелерінде орман
Орман және аңшылық шаруашылығы пайдаланушылар жүзеге
комитеті асыратын сүрек дайындау
жөніндегі қызмет
бөренелер тілу жөніндегі жұмыстар
44. Қазақстан Республикасының табиғат қорғауды жобалау,
Қоршаған ортаны қорғау нормалау және экологиялық
министрлігі сараптама саласындағы жұмыстар;
Қазақстан Республикасының Үкіметi
бекітетін тізбе бойынша шаруашылық
қызметтің экологиялық қауіптi
түрлері;
экологиялық аудиторлық қызмет
45. ҚР Үкіметінің 2010.18.05. № 427 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-1. Қазақстан Республикасы ашық кілттің және электрондық цифрлық қолтаңбаның электрондық
Көлік және коммуникация цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ
Байланыс және ақпараттандыру тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау қызметі; комитеті байланыс саласында қызметтер көрсету:
жергілікті телефон байланысы;
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
ІР-телефония (Интернет-телефония);
деректер беру (оның ішінде Интернет және телеграф байланысының
қызметтері);
бөлінген байланыс желісі бойынша телекоммуникациялар;
жерсеріктік жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсетумен);
ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио
(радиотелефон) байланысы, транкингтік және пейджингтік байланыс
қызметтері);
байланыс арналарын ұсыну;
почта байланысы
45-2. Қазақстан Республикасы телевизия және (немесе) радио
Мәдениет және ақпарат хабарларын таратуды ұйымдастыру қызметі;
министрлігінің Ақпарат
және мұрағат комитеті
46. Қазақстан Республикасы Арнайы су пайдалану, соның
Ауыл шаруашылығы ішінде: ауыл шаруашылығы,
министрлігінің өнеркәсіп, энергетика, балық
Су ресурстары жөніндегі шаруашылығы және көлік
комитеті мұқтаждықтары үшін жерүсті су
объектілерінен тәулігіне елу
текше метрден астам көлемде су
алу және пайдалану
қайталама су пайдаланушыға
жерүсті су объектілерінен су
алу және беру
47. Қазақстан ақпаратты қорғаудың техникалық
Республикасы құралдарын, ақпаратты өңдеудің
Премьер-Министрінің қорғалған техникалық құралдарын
Кеңсесі жасауды, дайындауды, монтаждауды,
реттеуді, пайдалануды, сақтауды,
жөндеуді және оларға сервистік
қызмет көрсетуді қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларын техникалық
қорғау жөніндегі қызметтің барлық
түрлері
Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінiң 31.07.97 ж. № 1196 қаулысымен 2, 3, 5, 6-қосымшалар жаңа редакцияда; ҚР Yкіметінiң 19.01.05 ж. № 32 қаулысымен (2005.01.02 бастап күшiне енедi) 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
___________________________________________________________________
(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
________________________________________________________ айналысуға
қызмет түрінің (iс-әрекеттің) атауы)
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерi, деректемелерi/
жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты толығымен)
___________________________________________________________ берiлдi
Лицензияның қолданылуының айрықша жағдайлары ______________________
___________________________________________________________________
(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына
сәйкес)
___________________________________________________________________
Лицензияны берген орган ___________________________________________
(лицензиялау органының толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам) ____________________________________________
(лицензияны берген орган басшысының
___________________________________________________________________
(уәкiлетті адамның) тегi және аты-жөні)
Лицензияның берiлген күнi 20__ жылғы «__»____________
Лицензияның нөмiрi _________ №_______________
____________ қаласы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 қаулысына
3-қосымша
ҚР Yкіметінiң 19.01.05 ж. № 32 қаулысымен (2005.01.02 бастап күшiне енедi) 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік елтаңбасы
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯҒА
ҚОСЫМША
Лицензияның нөмiрi ________ №____
Лицензияның берiлген күнi «___» ________ 20___ж.
Лицензияланатын қызмет түрiнiң құрамына кiретiн жұмыстар мен
қызметтердiң лицензияланатын түрлерiнiң тiзбесi ___________________
___________________________________________________________________
Филиалдар, өкілдiктер _____________________________________________
(толық атауы, орналасқан жерi, деректемелерi)
___________________________________________________________________
Өндiрiстік база ___________________________________________________
(орналасқан жерi)
Лицензияға қосымшаны берген орган _________________________________
(лицензияға қосымшаны берген
___________________________________________________________________
органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi адам) ____________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген орган
___________________________________________________________________
басшысының (уәкілеттi адамның) тегi және аты-жөнi)
Лицензияға қосымшаның берiлген күнi 20 жылғы «___» ______
Лицензияға қосымшаның нөмiрi______ №____________
_________ қаласы
Үкіметінiң 1995 жылғы
29 желтоқсандағы
№ 1894 қаулысына
4 қосымша
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 458 қаулысымен тақырыбы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны
қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік
энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың
қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң
Тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының
қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінiң 31.07.97 ж. № 1196; 22.02.00 ж. № 273; 02.03.00 ж. № 344; 19.04.01 ж. № 522; 07.06.01 ж. № 767; 28.10.01 ж. № 1365; 17.07.02 ж. № 794; 20.08.03 ж. № 833; 02.10.03 ж. № 1015; 08.01.04 ж. № 19; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара); 08.06.04 ж. № 635 11.08.04 ж. № 842 (бұр. ред. қара); 13.08.04 ж. № 860 (бұр. ред. қара); 27.08.04 ж. № 901 ; 2005.22.06 № 613 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 тарау өзгертілді
1. Қару-жарақ және оқ-дәрiлер, ақпаратты қорғайтын криптографиялық құралдар, арнаулы жедел-iздеу шараларын жүргiзу үшiн арнаулы техникалық құралдар, егер олар басқа салаларда пайдаланылса, әскери техника оларға арнап қосалқы бөлшектер, жинақтау элементтерi мен керек-жарақтар, сондай-ақ оларды өндiру үшiн арнайы материалдар мен құрал-саймандар әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату.
2. Олардың қолданылуымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен бұйымдар әзiрлеу, өндiру және сату.
3. Өзiн-өзi қорғаудың жеке құралдарын әзiрлеу.
4. Ракеталық-ғарыштық техниканы құру, өндiру, пайдалану, жөндеу және модернизациялауды, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстіндегі инфрақұрылымды пайдалануды қоса отырып, ғарыш кеңiстiгiн пайдалану бойынша қызметiнiң барлық түрлерi (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендалық база және басқалар).
5. Уранды және басқа бөлiнетiн материалдарды, сондай-ақ солардан жасалатын өнiмдердi өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату.
6. Арнайы қорғану құралдарын қолданусыз оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiмдердi дайындау және сату.
7. Әскери уландырғыш заттарды және олардан қорғану құралдарын өндiру және сату.
8. Босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу.
9. Өзiн-өзi қорғаудың химиялық құралдарын өндiру.
10.ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Радиоактивтi заттар мен изотоптарды пайдаланумен рентгендiк құралдар, аспаптар мен құрал-жабдықтар әзiрлеу, өндiру және сату.
12. Емдiк препараттар (малдың, өсiмдiк пен шөптiң емдiк өнiмдерiн өсiру және сатудан басқа) дайындау және сату.
13. Құрылыс материалдарын өндiру.
14. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сату.
15. алынып тасталды
16. Радиожиiлiк спектрiн пайдалану.
17. Жолаушылар мен жүктердi темiржол, теңiз, өзен, әуе және автомобиль көлiктерiмен тасымалдау.
18. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19 ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. алынып тасталды
21. алынып тасталды
22. алынып тасталды
23. Астықты сақтау.
24. Медициналық және дәрігерлік қызметпен айналысу.
25. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.
25-1. Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметi.
25-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет
26. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері.
28. Темекi өнiмдерiн өндiру.
29. Қайталана су пайдаланушыға жерүсті су объектілерiнен су алу және беру бөлiгіндегі арнайы су пайдалану.
30. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлeу, өндiру, сату, экспонатқа қою.
31. Азаматтық авиация саласында қауіпті жүктердi тасымалдау.
32. Авиациялық-химиялық жұмыстарды жүзеге асыру.
33. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың
қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінің 05.07.99 ж. № 924; 22.02.00 ж. № 273; 01.03.00 ж. № 334; 02.03.00 ж. № 344; 19.04.01 ж. № 522; 28.10.01 ж. № 1365; 17.07.02 ж. № 794; 30.08.03 ж. № 833; 02.10.03 ж. № 1015; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара); 08.06.04 ж. № 635; 11.08.04 ж. № 842 (бұр. ред. қара) ; 2005.22.06 № 613 (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара); 2005.19.08. № 855 (бұр.ред.қара) қаулыларымен II тарау өзгертілді
1. Оларды қолданылуымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен өнiмдердi әзiрлеу, өндiру және сату.
2. Ракеталық-ғарыштық техниканы құру, өндiру, пайдалану, жөндеу және модернизациялауды, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстіндегі инфрақұрылымды пайдалануды қоса отырып, ғарыш кеңiстiгiн пайдалану бойынша қызметiнiң барлық түрлерi (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендалық база және басқалар).
3. Уранды және басқа бөлiнетiн материалдарды, сондай-ақ солардан жасалатын өнiмдердi өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу және сату.
4. Арнайы қорғану құралдарын қолданусыз оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiмдердi дайындау және сату.
5. Әскери уландырғыш заттарды және олардан қорғану құралдарын өндiру және сату.
6. Босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, пайдаға асыру, көму) және қайта өңдеу.
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.кара)
7. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. Құрылыс материалдарын, өнiмдер мен конструкцияларды өндiру.
11. алынып тасталды
12. Жалпы республикалық магистральдық және халықаралық байланыс желiлерiн жобалау, салу және пайдалану.
13. Қару-жарақ және оған оқ-дәрiлер, ақпаратты қорғайтын криптографиялық құралдар, арнаулы жедел-iздеу шараларын жүргiзу үшiн арнаулы техникалық құралдар, егер олар басқа салаларда пайдаланылса, әскери техника, оларға арнап қосалқы бөлшектерін, жинақтау элементтерi мен керек-жарақтар, сондай-ақ оларды өндiру үшiн арнайы материалдар мен құрал-саймандар әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату.
14. алынып тасталды
15. алынып тасталды
16. Өрттен-қорғау дабылы мен өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау, монтаждау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету.
17. Алкоголь өнiмдерiн өндiру.
18. Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және өңдеу.
19. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20. Астықты сақтау.
21. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.
21-1. Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметi.
21-2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), сату және қолдану жөніндегі қызмет
22. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. Темекi өнiмдерiн өндiру.
24. Арнайы су пайдалану, соның iшiнде:
ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, энергетика, балық шаруашылығы және көлiк мұқтаждары үшiн жерүсті су объектілерiнен тәулiгiне елу текше метрден астам көлемде су алу және пайдалану;
қайталама су пайдаланушыға жерүсті су объектілерiнен су алу және беру.
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен 25-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, экспонатқа қою.
27. Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы
қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi
ҚР Үкіметінің 01.03.00 ж. № 334; 02.03.00 ж. № 344; 28.10.01 ж. № 1365; 02.10.03 ж. № 1015; 08.01.04 ж. № 19; 04.03.04 ж. № 269 (бұр. ред. қара); 08.06.04 ж. № 635 ; 2005.19.08. № 855 (бұр.ред.қара) қаулыларымен III тарау өзгертілді
1. Олардың қолданылуымен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен өнiмдер әзiрлеу, өндiру және сату.
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және қызмет көрсету.
6. алынып тасталды
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен 7-тармақ жаңа тармақта (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбе бойынша уды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану және жою.
10. ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлері (мұнай операциялары мен минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыру бөлігінде).
12. Азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру, сату, экспонатқа қою.
13 Жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндiру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою.
ҚР Үкіметінің 19.05.03 ж. № 458 қаулысымен IV-бөліммен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 04.03.04 ж. № 269 қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.19.08. № 855 қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 қаулысымен тізбе алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 қаулысына
5-қосымша
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(Лицензиялау органының толық атауы)
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(заңды тұлғаның толық атауы)
ӨТIНIШ
Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары
жерлерде ──────────────────────────────────────────────────────────
(қызметтiң (iс-әрекеттiң) түрi көрсетiлсiн)
─────────────── жүзеге асыруға лицензия беруiңiздi сұраймын
Ұйым туралы мәлiметтер:
1. Меншiк нысаны ──────────────────────────────────────────────────
2. Құрылған жылы ──────────────────────────────────────────────────
3. Тiркелуi туралы куәлiк ─────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(№, кiм және қашан берген)
4. Мекен-жайы ─────────────────────────────────────────────────────
(индексi, қала, аудан, облыс, көшесi, үй, №
───────────────────────────────────────────────────────────────────
телефон, факс)
5. Есеп-шоты ──────────────────────────────────────────────────────
(шот №, банктiң атауы және орналасқан жерi)
6. Филиалдары, өкiлдiктерi ────────────────────────────────────────
(орналасқан жерi және реквизиттерi)
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар:
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Басшы ────────────── ─────────────────────────────────
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты)
Мөрдiң орны
199── жылғы ─────────────────
Өтiнiш 199── жылғы ────────────────── қарауға қабылданды
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(лицензиялау органының жауапты адамының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1894 қаулысына
6-қосымша
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(Лицензиялау органының толық атауы)
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(жеке тұлғаның толық аты-жөнi)
ӨТIНIШ
Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тысқары
жерлерде ──────────────────────────────────────────────────────────
(қызметтiң (iс-әрекеттiң) түрi көрсетiлсiн)
─────────────── жүзеге асыруға лицензия беруiңiздi сұраймын
Жеке тұлға туралы мәлiметтер:
1. Туған жылы ─────────────────────────────────────────────────────
2. Төлқұжат деректерi──────────────────────────────────────────────
(сериясы, №, кiм және қашан берген)
3. Бiлiмi──────────────────────────────────────────────────────────
(мамандығы болған жағдайда дипломның (өзге құжаттың)
───────────────────────────────────────────────────────────────────
№, оқу орынының атауы, бiтiрген жылы)
4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркегенi туралы куәлiк
(қажет болған жағдайда)────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(№, кiм және қашан берген)
5. Мекен-жайы ─────────────────────────────────────────────────────
6. Жұмыс орны ─────────────────────────────────────────────────────
7. Есеп-шоты (егер бар болса)──────────────────────────────────────
(шотының №, банктiң атауы және
───────────────────────────────────────────────────────────────────
орналасқан жерi)
8. Қоса берiлiп отырған құжаттар:
───────────────────────────────────────────────────────────────────
───────────────────────────────────────────────────────────────────
Қолы ─────────────── ──────────────────────────────────
(тегi, аты, әкесiнiң аты)
199── жылғы ─────────────────
Өтiнiш 199── жылғы ────────────────── қарауға қабылданды
───────────────────────────────────────────────────────────────────
(лицензиялау органының жауапты адамының қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты)