Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 855 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкілеттік берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесінде:

реттiк нөмірi 3-жолдың 3-бағанында «қауiптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын темір жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздер «темір жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу; қауіптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу;» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмiрi 4-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

 

«Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкесатом энергиясын пайдалануға байланысты барлық қызметтүрлерi;арнайы қорғану құралдарын қолдану қажеттігінсiз оларды пайдалану үшiн рұқсат етілетін нормадан асатын мөлшердегi радиоактивтi заттарды қамтитын өнiмдердi дайындау және сату;радиоактивтi заттар менизотоптарды пайдалана отырып,рентген жабдығын, құралдармен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату.»;

реттiк нөмiрi 5-жолдың 3-бағанының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«минералды шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда)»;

реттiк нөмiрi 6-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, магистральды газ-мұнай құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау (құрылысқа арналған жобалау жұмыстары). Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi;»;

реттiк нөмiрi 10-жолдың 3-бағанының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызмет: жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу, пайдалану;»;

реттiк нөмiрi 11-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацы алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 14-жолдың 3-бағанының бiрiншi абзацында «түгендеу,» деген сөз алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 16-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 17-2-жолдың 3-бағанында «нотариустардың қызметi» деген сөздер «нотариаттық қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 26-жолдың 3-бағанда:

бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ветеринария саласындағы қызмет, Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа: ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру және сату; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды сату; жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргiзу; ветеринарлық емдеу-алдын алу қызметi»;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«шиттi мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу»;

реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 27-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«27-1. Облыстық Туроператорлық,(республикалық қызмет,маңызы бар қаланың, нұсқаушысының астананың) 

атқарушы органдар

 

      турагенттiк туризм қызметтерi;

ойын бизнесi саласындағы қызмет;

жылу энергиясын өндiру, беру және тарату

(жиынтық орнатылған жылу қуаты қоса

алғанда 100 Гкал/сағатқа дейiн жылу

энергиясы көздерiнен);

 

жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе

жалпы орта білім; кәсіптiк бастауыш

білім, оның iшiнде кәсiптер бойынша;

кәсiптiк орта білім беретiн заңды

тұлғалардың білім беру қызметi, сондай-ақ

мектепке дейiнгi және мектептен тыс

ұйымдардың қызметi (республикалық маңызы

бар ұйымдар орындайтын жұмыстарды,

қызметтердi қоспағанда);

 

заңды тұлғалардың түстi және қара

металдардың сынықтары мен қалдықтарын

жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi

және сатуы;

 

шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты

қызмет;

 

облыстың, Астана және Алматы қалаларының

аумағында лотереялар (мемлекеттіктен

(ұлттықтан) басқа) ұйымдастыру және

өткізу;

 

қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды

(жиынтық жылу қуаты қоса алғанда

100 Гкал/сағатқа дейiн) және құбырларды

пайдалану;

 

қысыммен жұмыс iстейтiн ыдыстарды

пайдалану (өнеркәсiптiк тоңазытқыш

қондырғыларының, тұрмыстық газ

баллондарының құрамындағы);

алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтау,

көтерме және бөлшек сату.»;

 

реттiк нөмiрi 32-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі»;

3-бағанның екiншi абзацында «және сату» деген сөздер алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 35-жолдың 3-бағанының екiншi абзацы алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 37-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

 

«әуе көлігімен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау;қауiптi жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау;авиациялық жұмыстар.»;

реттік нөмiрi 44-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

 

«табиғат қорғауды жобалау,нормалау және экологиялықсараптама саласындағы жұмыстар;Қазақстан Республикасының Үкіметібекiтетiн тiзбе бойынша шаруашылыққызметтiң экологиялық қауiптiтүрлерi;экологиялық аудиторлық қызмет.»;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергия қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;

«I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;

10 және 18-тармақтар алынып тасталсын;

«II. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтеді.»;

8-тармақ алынып тасталсын;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;

«III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;

«IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов