Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 30 қазандағы № 1380 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.04.02 ж. № 444; 20.03.04 ж. № 364
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) бекітілсiн.
2. Орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Бағдарламаның iске асырылуын қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгiне жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi жыл сайын 25 қаңтарға және 25 шiлдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 30 қазандағы
№ 1380 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы
Бағдарламаның паспорты
Атауы - Қазақстан Республикасы демографиялық
дамуының 2001-2005 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу үшiн - "Қазақстан Республикасы мемлекеттік
негiз демографиялық саясатының тұжырымдамасы
туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысы
Негiзгi - Қазақстан Республикасының Көшi-қон және
әзiрлеушiлер демография жөніндегі агенттігi
Мақсаты - Қазақстан Республикасының демографиялық
процестерiндегі келеңсiз үрдiстердi еңсеру
үшiн кешендi шешiмдердi әзiрлеу мен iске
асыру және осы негiзде халық санының
өсуiне қол жеткізу
Мiндеттерi - Бала тууды тұрақтандыру және тууды өсiру;
халықтың өлiмiн азайту, денсаулық жағдайын
жақсарту; отбасы институтын нығайту;
көшi-қонның терiс сальдосын азайту;
халықтың өмiр сүру сапасын арттыру
Қаржыландыру - Бағдарламаны қаржылай қамтамасыз ету жыл
көздерi сайын әлеуметтiк салаға арнап көзделетiн
бюджет қаржысы есебiнен және Қазақстан
Республикасының заңнамасымен тыйым
салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен
жүзеге асырылатын болады
Күтiлетiн - Бағдарламаны iске асыру 2006 жылға қарай
нәтижелер бала туу деңгейiнiң тұрақтануы мен
бiршама өсуiне, өлiм деңгейiнiң азаюы мен
халық өмiрiнiң күтiлген ұзақтығының
өсуiне, көшi-қонның терiс сальдосының
азаюына қол жеткізуге мүмкiндiк бередi.
2001-2005 жылдар iшiнде халық санының
тұрақты өсуiне алғышарттар жасалатын
болады.
Кiрiспе
Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы мемлекеттік демографиялық саясатының тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 тамыздағы № 1272 қаулысына сәйкес әзiрлендi және 5 жылға есептелген.
Осы Бағдарламаны әзiрлеу халықтың сандық та, сапалық та дамуына жағдай жасау үшiн, тұтас алғанда, мемлекеттік билiктiң барлық тармағының және қоғамның нысаналы, дәйектi қызметiн жүзеге асыру жөніндегі бiрыңғай стратегия әзiрлеу қажеттiгiнен туып отыр.
Бағдарламада Қазақстанның демографиялық дамуының мақсаттары мен мiндеттерi айқындалған, сондай-ақ оларды iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Бағдарлама ел халқының табиғи және ырықсыз қозғалысындағы негiзгi процестердi: өсiп-өнетiн денсаулық жағдайын жақсарту және бала тууды ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдау жолымен бала тууды, өлiмдi және көшi-қонды реттеуге, халықтың өлiмiн азайтуға, көшi-қонды реттеуге бағытталған.
Демографиялық дамуда оң параметрлерге қол жеткізу мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнде неғұрлым маңызды аспектiлердiң бiрi болып табылады, өйткенi бұл елiмiздiң қорғаныс қабiлетiн және оның егемендiгiн қамтамасыз етуге, экономиканың одан әрi өсуi үшiн әлеует жасауға жәрдемдеседi. Қоғамның демографиялық дамуын мемлекеттік реттеу қажеттiгi осыдан туындап отыр. Елiмiздiң халқын сандық та, сапалық та ұдайы өсiру рөлi мемлекеттік мүдделер сатысында оның басты орында екендiгiнен туындайды.
Мемлекеттік демографиялық саясат "Қазақстан - 2030" Стратегиясында көзделген халықтың әл-ауқаты мәселелерiмен өзара тығыз байланыста. Стратегияның "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы және игiлiгi" деген төртiншi басымдығын iске асыру мақсатында бiрқатар бағдарламалар: "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы, "Бiлiм" мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында Дене тәрбиесi мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Кедейлiкпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000-2002 жылдарға арналған бағдарлама, "Қазақстан жастары" бағдарламасы, Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасында травматизмнiң профилактикасы мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған нысаналы кешендi бағдарламасы, Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтiк қорғау тұжырымдамасы, Әйелдердiң жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және басқалар жөніндегі iс-қимылдың ұлттық жоспарлары қабылданып, қазiр iске асырылып жатыр.
Осы Бағдарлама белсендi демографиялық саясатты жүргiзу үшiн базалық негiз жасауға тиiс.
1. Қазiргi демографиялық ахуалға талдау жасау
Қазақстанда соңғы жылдардағы демографиялық ахуал республикада бала туудың азаюы, өлiм деңгейiнiң жоғарылығы және халықтың көшi-қонының едәуiр ұлғаюының салдарынан қолайсыз деп бағаланып отыр.
Қазақстан Республикасы халқының саны 2001 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттiгiнiң алдын ала деректерi бойынша 14841,9 мың адам болды. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халық саны 1584,6 мың адамға немесе 9,6 пайызға азайды.
1999 жылы бала туу 1000 адамға 14,2 баладан келiп, ХХ ғасырдың соңғы онжылдығы iшiнде ең төменгі коэффициент белгiлендi, бұл республикада бала туудың ең шырқау шыңы белгiленген 1987 жылғы деңгейдiң 55,3 пайызы болды. 2000 жылы бала туу деңгейi өстi, бала туу коэффициентi - 1000 адамға 14,69 баладан келдi.
Профилактикалық медицина академиясы мен Макро Интернэшнл Инк 1999 жылы Қазақстанда жүргізген медициналық-демографиялық зерттеуi 1989 жылдан бергi кезең iшiнде бала туу жиынтық коэффициентi (БТЖК) қазақ әйелдерi арасында 3,6-дан 2,5-ке дейiн, орыс әйелдерi арасында 2,2-ден 1,4-ке дейiн төмендегенiн, ал Қазақстан бойынша жалпы БТЖК 2,9-дан 2,1-ге дейiн азайғанын көрсеттi. Осы орайда ауылдық жерлерде және қалада тұратын әйелдер арасындағы бiр әйелге шаққандағы бала туу санының арақатынасы, іс жүзiнде өзгерiссiз қалып отыр. Ауылдық жердегi әйелдердiң БТЖК iс жүзiнде екi есе жоғары.
Бұл Қазақстанның демографиялық дамуына нақ ауылдық жерлерде тұратын әйелдер неғұрлым елеулi үлес қоса алатындығын, сондай-ақ экономикалық шектеулiлiк жағдайында халықтың осы тобына елеулi мемлекеттік және қоғамдық қолдау көрсетiлуi қажеттiгiн аңғартады.
Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында басталған бала туу деңгейiнiң төмендеуi өтпелi кезеңнiң залалдарынан туындап отыр.
Халықтың өсiп-өну денсаулығының көрсеткiшi төмендеуде: аборт гинекологиялық аурулардың жиiлiгiн ұлғайтады, бала көтермейтiн халге келтiредi, перинатальдық ауруларды көбейтедi, анемия денсаулық сақтаудың ең басты проблемаларының бiрi болып қалып отыр, еркектердiң өсiп-өну жүйесi ауруларының саны көбеюi байқалады.
Халық арасында өлiм деңгейi жоғары болып қалып отыр. Өлiм коэффициентi 2000 жылы - 1000 адамға 10,1 адамнан келдi, бұл 1990 жылғы деңгейден 27,8 пайыз жоғары.
Әлi күнге дейiн сәбилер өлiмi мен аналар өлiмiнiң деңгейi, сондай-ақ еркектер өлiмiнiң деңгейi жоғары болып қалып отыр.
Халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығы төмен деңгейде қалып отыр. 1999 жылы оның деңгейi 65,5 жас, ал еркектерде небары 60,3 жас болды.
Өлiм деңгейiне және өмiр сүрудiң күтiлген ұзақтығының қысқаруына қолайсыз экологиялық жағдай, ауызсудың тапшылығы және оның сапасы (Қазақстан халқының төрттен бiрi дерлiк осы проблемамен бетпе-бет келуде), теңдестiрiлмеген және жеткiлiксiз тамақ, санитариялық-гигиеналық нормалардың сақталмауы, уақтылы және толымды медициналық емдеуге қол жеткізудiң шектеулiлiгi елеулi әсер етедi.
Тиiсiнше осы жылдар iшiнде халықтың табиғи өсiмiнiң коэффициентi айтарлықтай төмендедi және 2000 жылы 1000 адамға 4,6-дан келдi.
Шығыс Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында халықтың табиғи кемуi байқалады. Мұндай үрдiс сақталған жағдайда, таяу болашақта тұтас елiмiз бойынша халық депопуляцияға ұшырауы мүмкін.
Демографиялық процестердi дамытуда сыртқы және iшкi көшi-қон шешушi рөл атқарады. Көшi-қон қозғалысы шырқау шыңына 1994 жылы жеткенi белгiлi, сол жылы республикадан 480,8 мың адам кетiп, 70,4 мың ғана адам келген болатын. 1995 жылдан бастап халықтың көшi-қон белсендiлiгі бәсеңдей бастап, 1997 жылдың өзiнде көшi-қон сальдосы - 261,4 мың адам болды және бұл көрсеткiш 2000 жылы 123,2 мың адамға тең болды.
Халықтың көшiп кетуi, бiрiншiден, халықтың жалпы санын азайтады, екiншiден, еңбек және генеративтiк әлеуеттi төмендетедi, өйткенi көшiп кетушiлердiң үштен екiсi еңбекке қабiлеттi жастағы адамдар.
Iшкi көшi-қонның жандануы жүрiп жатыр. Халықтың, әсiресе жастардың қалаларға қоныс аударуы олардың өсiп-өну бағдарының өзгеруiне ықпал ететiн болады.
Республикада тұратын қазақтардың саны 2001 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8154,4 мың адам немесе республика халқының жалпы санының 54,9 пайызы болды. Республикада 4280,1 мың немесе 28,8 пайыз орыс тұрады.
Өткен санақпен (1989 жыл) салыстырғанда қазақтардың, ұйғырлардың, дүнгендердiң, өзбектердiң саны өстi. Немiстердiң саны 3 есе дерлiк азайды. Орыстардың, украиндардың, татарлардың және басқа да ұлттардың саны азайды.
Халықтың этникалық құрамындағы өзгерiске оның ұлтына қарай табиғи қозғалысындағы айырмашылық та, репатрианттардың (оралмандардың) көшiп келуi де, басқа ұлттардың өзiнiң тарихи отанына көшiп кетуi де себепшi болды.
Жалпы алғанда, халық санының азаюы табиғи өсiмнiң мардымсыздығынан және халық көшi-қонының терiс сальдосынан болып отыр.
Тек белсендi ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргiзiп қана қоюмен шектелмей, ресурстарды, қаржы ресурсын қоса, жұмылдырып, пәрмендi шара қолдану саналы қабылданған қажеттілiк болып табылады. Қазiргi заманғы демографиялық ахуалды айқындайтын басты факторлар бала туу және өмiр сүрудiң күтілетін ұзақтығын ұлғайту, өлiмдi азайту және көшi-қонның терiс сальдосын азайту болып табылады.
2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты демографиялық процестердегi келеңсiз үрдістердi еңсеру үшiн кешендi шешiмдердi әзiрлеу мен іске асыру және осы негiзде халық санының өсуiне қол жеткізу болып табылады.
Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
1) бала тууды тұрақтандыру және оның ұзақ мерзiмдiк болашақта халықтың ұдайы көбеюiн кеңiнен қамтамасыз ететiн деңгейге дейiн өсуi;
2) өлiмдi азайту, халықтың өмiр сүруiнiң орташа ұзақтығын ұлғайту, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
3) отбасы институтын нығайту;
4) көшi-қонның терiс сальдосын азайту;
5) халық тұрмысының сапасын арттыру.
3. Бағдарламаның негiзгi бағыттары және оны
iске асыру тетiктерi
Аталған мақсатқа жету және негiзгi мiндеттердi шешу:
1) халықтың орналасу проблемалары бойынша тиiстi нормативтiк құқықтық база қалыптастыруды;
2) демографиялық дамуды ынталандыру мен қолдаудың қаржы-экономикалық тетiктерiн жетiлдiрудi;
3) демография саласындағы білім және тәрбие жүйесiн тиiмдi дамытуды талап етедi.
Бағдарламаны іске асыру үшiн Іс-шаралар жоспары әзiрлендi, ол көзделген іс-шараларды кезең-кезеңiмен орындауды көздейдi, бұл мемлекеттік органдардың Бағдарламаны орындау жөніндегі қызметiн үйлестiруге және бақылауға мүмкiндiк бередi.
Бағдарламаны iске асыру процесiн жедел басқаруды Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi қамтамасыз етедi.
Бағдарлама мақсатына жетудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтары мыналар болып табылады:
Өсiп-өну денсаулығын сақтау - өсiмтал жастағы, әсiресе жүктi, босанатын және босанған әйелдердiң, сәбилердiң денсаулық жағдайын жақсартуға, әйелдердiң босанғаннан кейiн ауырып, мүгедек болып қалуын және өлiмiн азайтуға мүмкiндiк беретiн жағдайларды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, осы бағытпен халықтың өсiп-өну денсаулығын сақтау мен қалпына келтiру жөніндегі iс-шаралар кешенi көзделуде.
Отбасы институтын нығайту - орнықты әрi салауатты отбасын қалыптастыру жөніндегі iс-шараларды iске асыру.
Өлiмдi азайту - ел халқының, әсiресе балалардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға жәрдемдесетiн жағдайларды қамтамасыз ету.
Халықтың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасау - "адам факторын" үдемелi дамытуды, материалдық әл-ауқатты арттыруды, әлеуметтiк және экономикалық қатынастарға толымды қатысуды қамтамасыз ету мақсатында кәсiптiк білім алуға қол жеткізудi арттыру және халықты әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн арттыру.
Көшi-қон процестерiн реттеу - көшiп келушiлерге, әсiресе оралмандар мен қайтып оралған реэмигранттарға қалыпты тұрмыс жағдайын жасау жолымен көшiп келудi жандандыру есебiнен көшi-қонның терiс сальдосын төмендету. Бұл бағыт медициналық-экологиялық және медициналық-әлеуметтiк аспектiлер тұрғысынан iшкi көшi-қонды реттеу мәселесiн де қамтиды.
3.1. Өсiп-өну денсаулығын сақтау
1. Аудандық медициналық мекемелер базасында еркектер үшiн, белсiздiктi қоса алғанда, жыныстық және өсiп-өну денсаулығы проблемаларына орай алдын алу мен жәрдем көрсету жөнiндегі медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру.
2. Ұрықтандыру және белсiздiк пен бедеулiктен емдеудiң осы қызметтi жүзеге асыратын медициналық мекемелер қызметiнiң бағасы мен орналасқан жерi қол жеткізуге болатындай етiп медициналық технологияларды енгізудi жандандыру.
3. Экологияның ластануы мен өсiп-өну денсаулығы арасындағы себептi-салдарлы байланысты зерделей отырып, халықтың өсiп-өну денсаулығына тәуекел факторларының әсер ету деңгейi бойынша басымдықтарды анықтау және саралау мониторингiн енгізу.
4. Негiзгi тағам өнiмдерiнiң құрамындағы темiрдi ұлғайту жөніндегі бағдарламаны зерделеу және әзiрлеу.
5. Ықтимал қаупi бар химиялық және биологиялық заттардың аймақтық тiркелiмiн жүргiзу және оларды халықтың өсiп-өну денсаулығына әсер ететiн қоршаған ортаны басым ластаушыларды анықтау үшiн пайдалану.
3.2. Отбасы институтын нығайту
Қоғамның негiзi ретiнде отбасының абыройын көтеру, неке-отбасы қатынастарын нығайту, неке және отбасы құндылықтарын насихаттау, денi сау балалардың тууы, олардың тағдыры үшiн жауапкершiлiк елiмiздiң демографиялық дамуының алғышарттарының бiрi болып табылады.
Осы мақсатта қол жеткендi дамыта отырып, мынадай шараларды жүзеге асыру көзделедi:
1) білім беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында дәстүрлi отбасын насихаттауды жандандыру;
2) неке-отбасы қатынастарын нығайту және отбасы мәртебесiн көтеру жөніндегі заңдарды жетiлдiру;
3) үлгiлi отбасылық, этно-мәдени дәстүрлер мен нормаларды қайта жаңғырту, отбасын тұрақтандыру және дамыту, оның адамгершiлiк негiздерiн нығайту;
4) отбасының экономикалық, ұдайы көбею және мәдени-психологиялық функцияларын iске асыру үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, отбасы тұрмысының сапасын арттыру;
5) неке-отбасы қатынастарында және балаларды тәрбиелеуде әйел мен еркектiң құқықтары әрi мiндеттерiнiң іс жүзіндегі теңдiгiн қамтамасыз ету;
6) отбасы мен балаларды әлеуметтiк қамсыздандырудың мамандандырылған институттарын дамыту;
7) отбасыларына дағдарысты ахуалдан шығу жөніндегі психологиялық-педагогикалық көмек және жаңа жағдайларға әлеуметтiкпсихологиялық бейiмделу орталықтарын кеңейту.
3.3. Өлiмдi азайту
Осы бағыт қоғамдық денсаулық сақтаудың қалыптасуы мен дамуын, ауруға, зиянды әдеттерге, травматизмге қарсы күресте профилактикалық шараларды күшейтудi, салауатты өмiр салтын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мiндеттердi, бағдарламаларды iске асырумен тығыз байланысты.
Осы бағытты іске асыру үшiн мынадай қосымша шаралар қабылданады:
1) еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда әйелдер еңбегiн пайдалануға тыйым салуды заң жүзiнде бекіту;
2) оқу орындарында физика, химия, информатика, үй шаруашылығы кабинеттерi және шеберханалар үшiн қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеу;
3) оқу-тәрбие процесi кезiнде балаларды, сондай-ақ жазатайым жағдайды туғызатын себептердi жою жөніндегі iс-шаралардың орындалуын бақылауды күшейту;
4) балалар бақшаларының тәрбиеленушiлерi мен оқу орындарында оқып жатқандарды білім беру процесi кезеңiнде жазатайым оқиғадан сақтандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
5) балалар бақшаларының тәрбиеленушiлерi мен оқу орындарында оқып жатқандарды оқытудың әртүрлi әдiстерi кезiнде оларды қолайсыз факторлардың әсерiнен қорғау мақсатында денсаулығының жай-күйiн бақылаудың әдiстерiн әзiрлеу;
6) жүктi (12 аптадан асқан) әйелдермен және 1,5 жасқа толмаған баласы бар әйелдермен жеке еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға тыйым салу;
7) Қазақстан Республикасының ДСҰ мен Еуропалық комиссияның Көлiк, қоршаған орта мен денсаулық сақтау хартиясына және Трансшекаралық су арналары мен халықаралық өзендердi қорғау әрi пайдалану конвенциясының су және денсаулық проблемалары жөніндегі хаттамасына қосылуы мақсатында жұмыс жүргізу;
8) Ауаның үлкен қашықтықта трансшекаралық ластануы туралы конвенцияны iске асыру;
9) балаларды жәбiрлеу және бала еңбегiн пайдалану мәселелерi жөнiнде бақылау және жедел ден қою жүйесiн енгізу;
10) барлық жерде қоршаған орта гигиенасы жөнiнде аймақтық бағдарлама әзiрлеу;
11) экологиялық қолайсыз аймақтардан халық денсаулығына қатер төндiрмейтiн аймақтарға халықтың көшi-қонын ұластыруды ұйымдастыру үшiн алғышарттар қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзу.
3.4. Әлеуметтiк-экономикалық қажеттердi қанағаттандыру
үшiн жағдай жасау
Еңбек әлеуетiн ұдайы молайтуды уақтылы қамтамасыз ету үшiн экономиканың болашақ қажеттерiн ескере отырып, қызметкерлердi озық даярлауды және олардың біліктiлiгiн көтерудi жүзеге асыру, жұмыссыздарды кәсiптiк бағдарлау және психологиялық қолдау жөніндегі жұмысты күшейту қажет. Бұдан басқа, жұмыссыздық пен кедейлiктiң халық үшiн өзектi проблемаларын шешуге, еңбекке қабiлеттi халық үшiн лайықты ақы төленетiн еңбек пен тұтынудың жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн жағдай жасауға бағытталған шаралар көзделуге тиiс.
Сондай-ақ осы бағыт шеңберiнде мынадай шаралар қолданылатын болады:
1) студенттер контингентiн қалыптастыруды ұйымдастыру кезiнде тәмәмдаушы сыныптар оқушылары арасынан алдын ала тестiлеудi жүргiзу есебiнен жоғары білімге қол жеткiзiлуiн кеңейту;
2) көп балалы отбасылар үшiн шағын несие берудi енгізудi жандандыру;
3) елiмiздiң бүкiл халқы үшiн базалық әлеуметтiк игiлiктерге қол жеткізудiң теңдiгiн қамтамасыз ететiн әлеуметтiк нормативтер жүйесiн әзiрлеу мен енгізу. Осы нормативтер негiзiнде болашақта әлеуметтiк-демографиялық даму саясаты iске асырылуға тиiс;
4) жоғары оқу орындарында демограф мамандар даярлауды енгізу.
3.5. Көшi-қон процестерiн реттеу
Осы бағытты iске асыру мынадай шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
1) көшiп келу квотасын жыл сайын ұлғайту;
2) оралмандарды қабылдау мен жайластыруға, оларды әлеуметтiк салаға жылдам кiрiктiруге қолайлы жағдай жасау;
3) шет елдердегi қазақ диаспорасымен сындарлы өзара қатынастарды қолдау және дамыту;
4) тоқыраған аудандарда тұратын адамдардың неғұрлым қолайлы аймақтарға ерiктi көшi-қонына жағдай жасау;
5) қайта қайтып келгендердiң әлеуметтiк мәселелерiн шешуге қолдау жасауды қамтамасыз ету;
6) халықтың көшiп кету (эмиграция) көңiл-күйiн зерделеу.
3.6. Бағдарламаны iске асыру тетiгi
Бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-демографиялық саясат мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi көздейдi. Елiмiздiң демографиялық жағдайын түбегейлi жақсартуға бағытталған заңнамалық кесiмдер қабылданатын болады. Осы Бағдарлама негізiнде Қазақстан Республикасының кейiнгi кезеңдерге арналған демографиялық саясатының бағдарламасын әзiрлеу және қабылдау көзделiп отыр.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң алғашқы медициналық-санитариялық көмектi дамыту, жастардың тұрғын үй саясаты, тiршiлiк ету қауiпсiздігін және салауатты өмiр салтын қалыптастыру жағдайын, таза тағам мен ауызсуды қамтамасыз ету жөніндегі шешiмдерi қабылдануға тиiс.
Ауыл халқының өсiп-өну және жыныстық денсаулығы мәселелерi бойынша медициналық көмек көрсету үлесiн ұлғайту жағына қарай медициналық көмектi қайта құрылымдауға саятын ұйымдастыру сипатындағы шаралар, сондай-ақ халықтың орналасуы мәселелерiнiң ақпараттық-білім беру аспектiлерiн жандандыру жөніндегі шаралар қолданылатын болады.
Бағдарламалық ережелердi өмiрге енгізу осы Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның орындалуын үйлестiру және бақылау мақсатында оның мониторингi жүргiзiлетiн болады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүргiзудiң нәтижелiлiгi индикаторларының жүйесiн енгізу көзделуде, олар тиiстi бағыттар бойынша халықтың тiршiлiк қызметi көрсеткiштерiн қамтитын болады. Неғұрлым маңызды индикаторлардың қатарына, ең алдымен медициналық-демографиялық көрсеткiштер және көшiп кету (эмиграция) көңiл-күйiне баға беру, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк нормативтер кiретiн болады. Бағдарлама мониторингiнiң және демографиялық индикаторлар талдауының нәтижесi жекелеген бағыттарға түзету енгізу және кейiнгi Бағдарламаларды әзiрлеу үшiн негiз болады.
4. Қажеттi қаржыландыру ресурстары мен көздерi
2001-2005 жылдарда Бағдарламаны iске асыру мынадай көздерден жүзеге асырылатын болады:
1) республикалық бюджеттен;
2) жергiлiктi бюджеттерден;
3) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерiнен.
2001 жылы Бағдарламаны iске асыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекітілген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджетте білімдi, денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмек саласындағы қызметтi, мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы қызметтi, көшi-қон саласындағы қызметтi, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыруға арналып көзделген қаражаттар шегiнде жүзеге асырылатын болады.
Халықаралық ұйымдардың техникалық және гранттық көмектерін, YЕҰ-дың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен тыйым салынбаған өзге де көздердiң демеушiлiк қолдауын тарту көзделiп отыр.
5. Бағдарламаны іске асырудан күтiлетiн нәтиже
Бағдарламаны толық iске асыру және онда көзделген барлық шараны қабылдау нәтижесiнде орташа және ұзақ мерзiмдi болашақта Қазақстанның тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында халықтың сандық та, сапалық та өсуiн одан әрi ұлғайтудың негiзi қамтамасыз етiлетiн болады. 2005 жылы Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны 15 миллионға жуық адам болады деп болжануда.
2001-2005 жылдар iшiнде демографиялық даму үшiн алғышарттар жасау 2010 жылға қарай халық санының өсуiн 16,0 миллион адамға дейiн және 2030 жылға қарай ТОК (2,5 есе) ұлғаюы, күтiлетiн өмiр сүру ұзақтығы, көшi-қонның терiс сальдосын төмендету есебiнен 20,0 миллион адамға дейiн жеткізудi қамтамасыз етуге тиiс.
Жағдай қолайлы болған, атап айтқанда, халықтың материалдық әл-ауқаты мен әлеуметтiк даму деңгейiн арттыру мақсатына сай экономикалық өсу қарқыны болған ретте, 2030 жылы халық саны 22 миллион адамға дейiн өсуi мүмкiн.
Бағдарламаның жанама нәтижелеріне мыналарды жатқызған жөн:
1) әсiресе, жасөспiрiмдер арасында аборттың және жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың деңгейiн төмендету;
2) белгілі бір дәрежеде ішкі көші-қондағы теңгерімсіздікті жою және халықтың тұрмыс жағдайлары мен өндіргіш күштерді дамытуға мемлекеттік қажеттілікті ескере отырып, халықты ұтымды орналастыру үшін негіз жасау, ол халықтың тұрмыс деңгейін арттыруға жәрдемдесетін болады.
ҚР Үкіметінің 17.04.02 ж. № 444; 20.03.04 ж. № 364 қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары
Iс-шара | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Демографиялық саясатты іске асыру жөніндегі ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар | |||
1.1. 1.2. АҚТҚ дертiнiң анадан балаға тiкелей өтуінің алдын алу бағдарламасын әзiрлеу және енгізу 1.3. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу 1.4. Қоршаған ортаның гигие- насы жөнінде аймақтық бағдарлама әзірлеу 1.5. Экологиялық білім тұжырымдамасын әзірлеу 1.6 1.7. Қазақстан Республикасы демографиялық дамуының 2001 -2005 жылдарға арналған бағдарламасының iске асыры- луына талдау жүргiзу | Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Нормативтік құ- қықтық кесімнің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ДСМ ЕХҚМ ДСМ, ТОҚМ, облыстардың, Астана және Алматы қалала. рының әкімдері БҒМ, ТОҚМ КДА, СА, ДСМ, БҒМ, Ақпарат мині, ЭБЖМ | 2002 ж. маусым 2001 ж. қазан 2002 ж. желтоқ. сан 2001 ж. қазан 2005 ж. ақпан |
2. Өсiп-өну денсаулығын сақтау | |||
2.1. Отбасын жоспарлау, аборттан кейiнгi консультация жөніндегi қызмет көрсетулерге қол жеткізудi кеңейту 2.2. Патологиясы бар жүктi әйелдерге акушерлiк-қамқор- лыққа қол жеткізудi және оның біліктiлiгiн арттыру- Әйелдерге медициналық жәрдем көрсетудiң барлық деңгейінде (ФАП, СА, СДА, ОАА, ҚА, ОА, ПНО) босанғаннан кейiнгi асқынудан сауықтыру. 2.3. Бедеулiктi емдеудiң жаңа медициналық технологиясын енгізу 2.4. Еркектер үшiн, белсiз- дiктi қоса алғанда, жыныстық және өсіп-өну денсаулығы проблемаларына орай алдын алу мен жәрдем көрсету жөніндегi медициналық көмек қызметiн құру 2.5. Жасөспiрiмдер мен жастарды өсіп-өну функцияла- рының (айналыс бойынша) бұзылуын анықтау мәнiне тексерудi жүзеге асыру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат -//- Нормативтiк құқықтық кесімнің жобасы -//- -//- | ДСМ ДСМ ДСМ ДСМ ДСМ | 2002 ж. желтоқсан 2002 ж. желтоқсан 2003 ж. маусым 2003 ж. қазан 2003 ж. наурыз |
3. Өлiмдi азайту | |||
3.1. Алғашқы медициналық- санитариялық жәрдем ұйым- дарында телефон және көлiк байланысын жақсарту 3.2. Балалар мен жасөспi- рiмдердi жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар (ЖҚЖА) мен АҚТҚ/ЖҚТБ дерті- нің бар-жоғына тексерудi жүзеге асыру 3.3. Жазатайым оқиғадан, өндiрiсте жарақат алудан халықтың өлiмiн азайтуға қол жеткізу, меншік нысанына қарамастан барлық өндiрiстiк кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасы қызметтерінің жұмыс істеуiн қамтамасыз ету 3.4. Бұқаралық ақпарат құрал- дарында халықтың салауатты өмір салтын насихаттаудың пәрмендiлігін арттыру жолымен нашақорлықтың және маскүнем- дiктiң таралуына қарсы күрестi насихаттауды күшейту | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Нормативтік құ- қықтық кесімнің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат -//- | ДСМ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері ДСМ ЕХҚМ Ақпарат- мині,ДСМ | жыл сайын желтоқ- сан 2003 ж- қазан жыл сайын желтоқсан жыл сайын желтоқсан |
4. Отбасы институтын нығайту | |||
4.1. Yлгiлi отбасы, этно- мәдени дәстүрлер мен норма- ларды қайта жаңғырту, отбасының адамгершілiк негiз- дерiн күшейту жөнiнде жұмыс жүргiзу 4.2. Отбасы институтын, гендерлiк теңдiк қағидаттарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегi рөлiн көтеру | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат -//- | КДА, облыстар- дың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Ақпмині,ОӘІҰК (келісім бойынша), КДА, ДСМ, ӘдМ | жыл сайын желтоқ- сан жыл сайын желтоқсан |
5. Көші-қон | |||
5.1. Репатрианттар (оралман- дар) отбасының өзінің тарихи отанына қоныс аударуын және орналасуын ұйымдастыру- Көшiп келу квотасын жыл сайын ұлғайтуды көздеу 5.2. Қазақстан Республика- сында көшiп кету көңiл-күйi мониторингiн жүргiзу | Қазақстан Республикасы Президентінің "Көшіп келу квотасы туралы" Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | КДА КДА, СА | жыл сайын маусым 2003 жылдан бастап жыл сайын ақпан |
6. Әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшін жағдай жасау | |||
6.1. Жұмыссыз әйелдердi жаңа мамандықтарға оқыту және қайта оқыту жолымен олардың біліктiлігін үнемi арттыру 6.2. Жәбiрлеуден зардап шеккен әйелдер үшiн баспаналар құру 6.3. Аймақтарда әйелдердiң әлеуметтiк серiктестiгi орталықтарын құру 6.4. Мүмкiндiгi шектеулi мектеп жасына дейiнгi бала- ларды тәрбиелеу мен оқытудың арнаулы білім беру бағдарла- маларын әзiрлеу және енгізу 6.5. Қазiргi заманғы шағын жасақталатын мектептер үлгiсiн әзiрлеу 6.6. Қазақстан Республика- сында қашықтықтан оқыту туралы тәртіптi әзiрлеу 6.7. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту жүйесiнiң одан әрi дамуын қамтамасыз ету 6.8. Мектеп жасына дейiнгi балаларды дамыту үшін бас- тауыш буында "степ бай степ" бағдарламасын әзiрлеу және енгізу 6.9. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының жобасын әзiр- леуге конкурс өткізу 6.10. Жалпы білім беретiн мектептер оқушыларының ыстық тамақпен және қоғамдық тамақ- тандырумен қамтамасыз етiлуiне талдау жүргiзу 6.11. Еліміздің жоғары оқу орындарында демограф мамандар даярлауды жүзеге асыру 6.12. Дене тәрбиесі және спорт ұйымдарының материал- дық-техникалық базасын нығайту, балалар мен жас- өспірімдерді спорт секция- ларында шынығуға тартуды қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Нормативтiк құқықтық кесімнің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы -//- -//- -//- -//- -//- Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Нормативтік құқықтық кесімнің жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат | ЕҚМ, ОӘІҰК (келісім бойынша) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері ОӘІҰК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қала- ларының әкім- дері, ҮЕҰ БҒМ БҒМ БҒМ БҒМ БҒМ БҒМ БҒМ, облыс- тардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері БҒМ ТурСА | жыл сайын желтоқсан 2002 ж. жел- тоқсан 2002 ж. желтоқсан 2001 ж. желтоқсан 2001 ж. желтоқсан 2002 ж. маусым Тұрақты 2001 ж. қараша 2001 ж. қыркүйек Тоқсан сайын 2003 ж. қыркүйек жыл сайын желтоқсан |