Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 20 наурыздағы № 364 қаулысы

(2022.08.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 20 наурыздағы

№ 364 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер

1. «Қазақстан Республикасының ?кіметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):

1, 2, 3, 5, 6-тармақтарда «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақ алынып тасталсын.

2. ҚР Үкіметінің 2007.21.12. № 1261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

«Қазақстан Республикасының Ақпаратминистрлігіне» деген бөлiмде:

реттiк нөмiрлерi 224-8, 224-9, 224-10, 224-11, 224-12, 224-13, 224-14, 224-15-жолдар алынып тасталсын;

4. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды  (бұр. ред. қара)

5. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 1 желтоқсандағы № 1122 Қаулысымен күші жойылды  (бұр. ред. қара)

6. ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 199 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

7. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды  (бұр. ред. қара)

8. «Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 наурыздағы № 253 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 11, 126-құжат):

1) 3, 4-тармақтарда «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Ақпарат» деген сөзбен ауыстырылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары» деген 8-бөлiмде:

реттiк нөмiрлерi 4, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 17, 18, 19, 23-жолдарда:

«Орындалуына жауаптылар» және «Болжамды шығыстар» деген бағандарда «МАҚКМ» деген аббревиатура «Ақпаратминi» деген сөзбен ауыстырылсын;

"Қабылданған қысқартулар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

"Ақпаратминi - Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі".

9. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

10. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)