Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік
көмектің мөлшерлері мен көздері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 17 мамырдағы № 738 қаулысы
(2008.11.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері әлеуметтік қорғау кепілдіктерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың:
1) "Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шұғыл шаралар туралы және білім беру мекемелерінің балаларын, тәрбиеленушілерін, оқушылары мен студенттерін киіндіруге және тамақтандыруға арналған шығындардың заттай мөлшері туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 31 наурыздағы № 376 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 11, 130-бет);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгертулердің 16-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысымен
бекітілген
Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде
берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы
нұсқаулық
1. Жалпы бөлім
1. Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы осы нұсқаулық "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес әзірленді.
Осы Нұсқаулық, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік қамтамасыз етуді де көздейді.
ҚР Үкіметінің 07.10.04 ж. № 1032 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Мемлекет азаматтардың мынадай санаттарын:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды;
даму мүмкіндіктері шектеулі, мүгедек және интернаттық мекемелерде тұратын бала кезінен мүгедек балаларды, мүгедек балаларды олардың білім алуы кезеңінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Мемлекет, сондай-ақ сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді.
Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киіндіруді, медициналық көмек алуды, оқулықтармен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды.
ҚР Үкіметінің 25.01.01 ж. № 139 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.08.01 ж. № 1046; 14.10.03 ж. № 1050 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
3. Интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балалардың тұруы, медициналық көмек алуы, жұмсақ мүкәммал және оқулықтар үшін шығыстарды мемлекет көтередi. Нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетiлгендерден басқа, тамақтануға арналған шығыстар тамақтану құнының 20 пайызы мөлшерiнде ата-аналардың төлеуi есебiнен жабылады. Тамақтануға арналған шығыстар жергілiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен жабылуы мүмкiн.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасынан шыққан балалар; көп балалы отбасынан шыққан балалар; қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы балалар жалпы білiм беретiн мектепте оқыған кезеңiнде мемлекеттік жалпы білім беретiн мектептердiң жанындағы Жалпыға мiндеттi орта білім қорының қаражаты есебiнен бiр мәрте тамақтануға мектеп және спорт киiмiн алуға құқығы бар, сондай-ақ жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен оқулықтармен тегiн қамтамасыз етiледi.
Жоғары, орта және бастауыш кәсіптік оқу орындарының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы студенттері мен оқушылары, сондай-ақ кәсіптік мектептер (лицейлер) оқушылары оқу процесі кезеңінде республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған бір күнгі тағам мөлшері құнының 40 пайызы есебімен тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары, мемлекеттік білім ұйымдары демеушiлiк және қайырымдылық көмектерден алатын және қолданылып жүрген заңдарда рұқсат етiлген, білім беру және өзге де ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан мемлекеттік ұйымдарға түсетiн қаражаттар әлеуметтiк көмек көздерi болып табылады.
2. Мұқтаж азаматтарға олардың білім алуы кезеңiнде
берiлетiн әлеуметтiк көмектің мөлшерлерi мен көздерi
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
5. Мемлекеттік мектепке дейiнгi, жалпы орта, бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтар үшiн:
1, 2-қосымшаларға сәйкес киіммен, аяқ-киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
4, 5, 7-қосымшаларға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары;
жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеудi жүргiзуге арналған шығыстарды есептемегендегi барлық тәрбиеленушiлер мен оқитындарды ұстау құнының кемiнде 3 пайызы мөлшерiнде шаруашылық заттарын, жеке бастың гигиенасына қажетті заттарды, ойыншықтар, көркем әдебиет қорын сатып алуға, мәдени-көпшiлiк iс-шараларға арналған шығыстардың сомасы белгіленедi.
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
6. Мемлекеттік білім беру ұйымдарын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бітірген, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға бастауыш кәсіптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім ұйымдарына оқуға түскен кезде 8-қосымшаға сәйкес жаңа киiмнiң, аяқ киiмнiң жиынтығы, сондай-ақ екi айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiржолғы ақшалай жәрдемақы берiледi.
7. Оқу кезеңiнде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушілер жұмысқа жiберiлген және еңбекке орналастырылған кезде тиiстi мемлекеттік білім ұйымдарының қаражаты есебiнен, 9-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ мүкәммалмен және жабдықтармен, сондай-ақ төрт айлық есептi көрсеткiштер сомасында бiр жолғы ақшалай жәрдемақымен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттік білім ұйымдарының басшыларына білім ұйымын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) бiтiрушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тiлегi бойынша, 9-қосымшада көзделген киiмнiң, аяқ киiмнiң, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтардың орнына, қажет болған жағдайда, екiншi деңгейдегi банкке бiтiрушiнiң атына салым аудару арқылы ақшалай өтемақы беру құқығы берiледi.
Жергiлiктi атқарушы органдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, білім мекемелерiнiң (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы бiтiрушiлерiн мiндеттi түрде еңбекке орналастыруды қамтамасыз етедi және оларға тұрғын үй бередi.
8. Жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектептен тыс мемлекеттік ұйымдарда білім алуы аталған ұйымдардың есебiнен жүзеге асырылады.
9. Бiлiм алу кезеңiнде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде болған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруге байланысты шығыстары оқушылардың және студенттердiң жол жүру билеттерiнiң құны есебiмен мемлекеттік білім ұйымдарының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балалар, жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi негiзiнде, жол жүруге байланысты жеңiлдiктер мен шығыстарды пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 847 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Даму мүмкiндiктерi шектеулі балалар (жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа), мүгедек балалар, мінез-құлқы ауытқымалы балалар, көп балалы отбасынан шыққан балалар, атаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасынан шыққан балалар мен қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленуші балалар, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және сауықтыру орталықтарындағы балалар, орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерiнiң оқушылары мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің студенттерi үшiн:
3-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
5-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгіленедi.
Жалпы және санаторийлік үлгідегi мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар үшiн жұмсақ мүкәммалмен, тамақтандырудың заттай нормаларымен қамтамасыз етудiң нормалары 5 және 12-қосымшаларға сәйкес белгiленедi.
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, ясли-бақшаларда және мектепке дейiнгi санаторийлік ұйымдарда тәрбиеленушi жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 4-қосымшаға сәйкес белгiленедi;
11. Толықтай және iшiнара мемлекеттік қамтамасыз етудегi жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын оқушылар үшiн тамақтандырудың заттай нормалары 6-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
12. Сәбилер үйiнде тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн:
10-қосымшаға сәйкес киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары;
11-қосымшаға сәйкес тамақтандырудың заттай нормалары белгiленедi.
3. Бiлiм беру ұйымдары басшыларының әлеуметтiк
көмек көрсетудегi құқықтары
13. Бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беретiн мемлекеттік білім ұйымдарының басшыларына:
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге каникул кезеңiнде заңнамада белгiленген тәртiппен оқу орны қаражатының есебiнен олар тәрбиеленген ұйымдарға және отбасыларына жол жүру ақысын, тәулiктiк шығыстарды төлеуге;
каникул кезiнде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан оқушылар мен студенттерге, тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегiнде, қолма-қол ақша беруге құқық берiледi.
ҚР Үкіметінің 07.10.04 ж. № 1032 қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
14. Мемлекеттік білім ұйымдарының басшыларына мүмкiндiктер болған жағдайда жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және бала кезінен мүгедек балаларды, мүгедек балаларды еңбек лагерьлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерьлеріне, ал дәрігерлік көрсеткіштері болған жағдайда тиісті бейіндегі санаторийлерге жолдамамен тегін қамтамасыз ету құқығы беріледі.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Мемлекеттік мектепке дейiнгi және жалпы орта білім беру
ұйымдарында (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)
тәрбиеленетiн және оқитын жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азаматтарды киiммен,
аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Мектеп жасындағы бір тәрбиеленушіге | Мектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге | ||
саны | киілу мерзімі (жыл) | саны | киілу мерзімі (жыл) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту: Білiм беру ұйымдарының басшыларына сән мен
тәрбиеленушiлердің мүдделерiн ескере отырып, көрсетілген құн шегінде осы
тізбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Мемлекеттік бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беру
ұйымдарында оқитын (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)
жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан студенттер мен оқушыларды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Беру мөлшері | Киілу мерзімі (жыл) | |
ер балалар үшін | қыздар үшін | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескерту: Оқу орындарының басшыларына көрсетілген құнның шегінде осы
тiзбеге жекелеген өзгерістер енгізу құқығы беріледі.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларды (жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалардан басқа) мүгедек балаларды және
мiнез-құлқы ауытқымалы балаларды, көп балалы отбасынан шыққан балаларды
арнаулы әлеуметтiк көмек алатын отбасылардың балаларын және
қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) және патронаттағы, интернат
ұйымдарында тәрбиеленетiн балаларды киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ
мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Бір тәрбиеленушіге арналған норма | Киілу мерзімі (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Балалар яслилерiнде, бала бақшаларда, және мектепке дейiнгі
санаторийлiк ұйымдарда тәрбиеленуші балаларға арналған Tамақтандыру
нормалары
(бiр балаға күнiне граммен)
Тағамдар | Балалардың жас мөлшері | Санаторийлік мекемелерде | |||||
3 жасқа дейін | 3-7 жасқа дейін | ||||||
Мекемелерде болу ұзақтығы | 3 жасқа дейін | 3-7 жасқа дейін | |||||
9-10,5 сағат | 12-24 сағат | 9-10,5 сағат | 12 сағат | 24 сағат | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); ҚР Үкіметінің 2008.11.09. № 847 қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
5-қосымша
Балалар үйлерiнде және интернат ұйымдарында тәрбиеленуші балалар,
орта арнаулы музыка және көркем сурет мектептерінде оқитын балалар,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің студенттерi,
сондай-ақ кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу
және оңалту орталықтарындағы балалар үшiн
Tамақтандыру нормалары
Атауы | Бір балаға арналған норма (күніне граммен) | |
мектеп жасына дейінгі | мектеп жасындағы | |
1 | 2 | 3 |
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi,
мереке күндерi, каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстардың
нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Негiзгi тағам өнiмдерi бойынша азық-түлікті ауыстыру кестесiне сәйкес жекелеген тамақ өнiмдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
3. Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатарынан балалар үйлерi мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерiн бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім беретiн оқу орындарына оқуға түсуге жiберген кезде оларға балалар үйлерi мен мектеп-интернаттарды ұстауға бөлiнетiн қаражаттың есебiнен жолда болу уақытына қызметтiк iссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәулiктік шығыстары төленедi. Бұл ретте осы тәрбиеленушiлер үшiн тамақтандыруға арналған белгiленген шығыстар жүргiзiлмейдi.
4. Бар үлгiдегi балалар үйлерiнің, интернаттық ұйымдардың басшыларына жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндерi, жексенбi, мереке күндерi туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру мөлшерiне сәйкес азық-түлiк немесе тағамның құны шегiнде қолма-қол ақша беруге рұқсат етiледi.
5. Даму мүмкіндіктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету ұйымдарында оқитын (тұрмай) оқушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күнiне бiр оқушыға арналған тағам құнының 75 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
6-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 6-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Жекелеген пәндер тереңдетiле оқытылатын мамандандырылған
мектеп-интернатта, дарынды балаларға арналған
мамандандырылған мектеп-интернатта оқитындарды
Тамақтандыру нормалары
Атауы | Бір оқушыға арналған норма (күніне граммен) |
1 | 2 |
Ескерту: Тамақтандыру мөлшерiнің нәрлiлiгiн сақтай отырып, негiзгi
тағамдар бойынша азық-түлiктердi алмастыру кестесiне сәйкес жекелеген
тағам өнімдерiн алмастыруды жүргiзуге рұқсат етiледi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
7-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк білім беру ұйымдарының
оқушылары мен студенттерін Tамақтандыру нормалары
Атауы | Бір адамға арналған норма (күніне граммен) |
1 | 2 |
Ескерту: 1. Жазғы сауықтыру кезеңiнде (90 күнге дейiн), жексенбi,
мереке күндерi және каникул күндерi тамақтандыруға арналған шығыстар
нормасы 10 пайызға көбейтiледi.
2. Студенттер мен оқушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бiр-екi рет тамақтандырылған кезде тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерiнде (саудалық үстеме бағасы ескерiле отырып) толық немесе iшiнара ақшалай өтемақы төленедi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
8-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 8-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың
қатарынан олар бастауыш, орта және жоғары кәсiптік білім беру
ұйымдарына (түрi мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға
түскен кезде мемлекеттік білім беру ұйымдарының бiтiрушiлерiне
берiлетiн киiмдер мен аяқ киiмдердiң
Тізбесі
Атауы | Өлшем бірлігі | Бір тәрбиеленушілерге арналған саны |
1 | 2 | 3 |
Ескерту: Киiмнің және аяқ киiмнің жоғарыда аталған тiзбесiмен жетiм
балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, азаматтардың
қорғаншылықтағы (қамқорлықтағы) патронаттағы азаматтар қамтамасыз етiледi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
9-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар
жұмысқа жiберiлген және жұмысқа орналасқан кезде берiлетiн киiмдердiң,
аяқ киiмдердiң, жұмсақ мүкәммалдың, жабдықтардың
Тізбесі
Атауы | Өлшем бірлігі | Заттар саны | |
жігіттерге | қыздарға | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескерту: Бастауыш кәсiптік, орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк білім
беру оқу орындарының басшыларына көрсетiлген құнның шегінде осы тiзбеге
жекелеген өзгерістер енгізу құқығы берiледi. Оқушылар мен студенттердің
қалауы бойынша киiмнің, аяқ киiмнің, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтың
орнына (ерекшелік ретiнде) қолма-қол ақша беруге немесе оны киiмдi, аяқ
киiмдi, жұмсақ мүкәммалды және жабдықты өз бетiнше сатып алуға студенттiң
(оқушының) жинақ банкiндегі жеке шотына аударуға рұқсат етіледi.
Оқушы, студент еңбекке орналасқан немесе оқуға жiберiлген кезде оқу кезеңінде олардың пайдалануында болған, кию мерзiмi бiтпеген киiм мен аяқ киiмдi оларға қалдыруға (қалауы бойынша) рұқсат eтiлeдi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
10-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 10-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Сәбилер үйiндегi балаларды киiммен, аяқ киiммен және
жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Балалардың жас мөлшеріне қарай | |||||
1 жасқа дейін | 1 жастан 2 жасқа дейін | 2 жастан 3 жасқа дейін | ||||
саны | кию мерзімі (жыл) | саны | кию мерзімі (жыл) | саны | кию мерзімі (жыл) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ескерту: Сәбилер үйлерiнің бас дәрiгерлерiне сәбилер үйлерiндегі
балаларды киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етудің
нормаларына олардың бiр балаға арналған толық жиынтығы құнының шегінде
жекелеген өзгерістер енгізуге құқық берiледi.
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
11-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 11-қосымша жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
Сәбилер үйлерiндегi балаларды тамақтандыру
Нормалары
Тағамдар | Бiр балаға арналған норма (күніне граммен) |
1 2 |
Ескерту: Созылмалы іш ауруымен, туберкулезбен ауыратын балалар,
денсаулығы әлсiреген балалар үшiн, сондай-ақ оқшаулағыштағы ауру балалар
үшiн 15 пайыздық үстеме сақталады.
ҚР Үкіметінің 14.10.03 ж. № 1050 қаулысымен 12-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 17 мамырдағы
№ 738 қаулысына
12-қосымша
Жалпы және санаторийлiк үлгiдегi мектеп-интернаттарда, мектеп
жанындағы интернаттарда тұратын балаларды жұмсақ мүкәммалмен
қамтамасыз ету
Нормалары
Атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Ұсталу мерзімі (жыл) |
1 2 3 4 | |||
Жұмсақ мүкәммал Ақ жайма дана 3 3 Көрпе тысы " 3 4 Жастықтың сыртқы тысы " 3 3 Жастықтың iшкi тысы " 1 5 Сүлгi (аяқ сүртетiн сүлгiнi қоса) " 3 1 Түкті сүлгі " 1 2 Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе " 1 6 Бәйкi көрпе " 1 5 Матрац " 1 8 Мамық қауырсынды жастық " 1 8 Төсек жапқыш " 1 6 |