Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау
жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарлама туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705; 02.02.01 ж. № 178; 19.07.02 ж.
№ 808 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
«Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарлама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда көрсетілген бағдарламаның орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Үкіметінің 1999 жылғы
2 наурыздағы № 193 қаулысымен
| бекітілген |
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың
алдын алу және оған бақылау жасау
жөніндегі 1999-2002 жылдарға
арналған бағдарлама
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен бағдарламаның тақырыбы өзгертілді
1. Кіріспе
1999 жылдан бастап Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратындар үздіксіз өсу тенденциясына ие болды. Мерезбен ауыратындардың тіркелген өскелең көрсеткіші 1998 жылы 100 000 тұрғындарға шаққанда 230,0 құрап, 164 есеге өсті. Мерез Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 0,4% тұрғынын, Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының 0,3%-ке жуық тұрғынын, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының 0,2% тұрғынын қамтыды. Мерез жылдан жылға салыстырмалы түрде алғанда неғұрлым жиі кеш кезеңдерінде аңғарылуда.
Гонореямен тіркелген ауыру 1998 жылы Қазақстан бойынша орташа алғанда 100 000 тұрғынға шаққанда 81,4 құрап, Атырау облысының 100 000 тұрғынына шаққанда 14,7-ден Ақмола облысының 100 000 тұрғынына шаққанда 218,5-ке дейін ауытқыды. Урегенитальдік трихомониазбен ауыру 1997 жылы қазақстан бойынша статистикалық деректерге сәйкес орташа алғанда 100 000 тұрғынға шаққанда Қостанай облысындағы ең төменгі 60,4-тен Ақмола облысындағы ең жоғары 289,0-мен 138,6 құрады.
Елдің тері-венерологиялық диспансерлерінің бұл инфекцияны аңғаруға мүмкіндік бермейтін әлсіз лабораториялық базасына орай урогенитальдық хламидиозбен ауру туралы деректер (1998 жылы орташа алғанда 100 000 тұрғынға 20,0) нақты емес. Шын мәнінде, Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында (ТВҒЗИ) алынған тері-венерологиялық мекемелердің урологиялық және гинекологиялық кабинеттеріне келген ауруларды тексерудің нәтижесі урогенитальдік хламидиоздың анықталу жиілігі осындай гонококколықтан 3 есе жоғары, неғұрлым көп таралған инфекциялардың бірі деп санауға мүмкіндік береді. Ано-генитальдық герпеспен ауыру есептік деректерге сәйкес тұрғындардың 100 000-на шаққанда 0,9 ды құрайды. Алайда, бұл деректерді герпатикалық инфекция практика жүзінде әлі күнге дейін жиі еленбейтіндіктен нақты деп есептеу қиын. Гарднереллездің, урогенитальдік уреамикоплазмоздың, цитомегаловирусты инфекциялардың, генитальдық кандидоздың таралуы туралы дерек жоқ.
Халықтың жекелеген топтарын зерттеудің нәтижесі бойынша урогенитальдік инфекциялардың 70%-тен астамы аралас болып табылғанмен олардың өсуінің жиілігі туралы деректер жоқ.
ЖЖБА-ның өсу себебі әрқилы. Әлеуметтік себептердің арасынан тәуекелдің негізгі тобының: жауапсыз жыныстық қатынас жасаушы адамдардың саны күрт өсіп бара жатқанын атап өткен жөн. Бұл топты халықтың отбасынан ұзақ уақыт қол үзіп, ұсақ тасымал саудамен айналысатын кең ауқымды контингенті, әртүрлі қоныс аударушылар, жұмыссыздар мен үйсіздер, нашақорлар мен алкоголиктер толықтырады. Моральдік құндылықтардың құнсыздануының, жыныстық қызмет көрсетудің көлеңкедегі рыногының пайда болуының, дайын емес негізге себілген эротикалық және парнографиялық өнімдердің күшейіп келе жатқан ағынының, жыныстық қатынастардың ымырашылдануы маңызды мән алуда. Денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының; оның ішінде тері-венерологиялық диспансерлер патронаждық қызметтерінің эпидемиологиялық жұмыстарды жүргізуді қиындататын; лабораториялық-диагностикалық қызметтерді ЖЖБА-ны тану мен оның мониторингінің сапасына әсер ететін; оларды санациялаудың деңгейін төмендететін, ауруларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деңгейінің нашарлауы рөл атқарады. Қарым-қатынас жасаушы адамдарды милиция органдарының іздестіру мүмкіндігі азайды. Басқа адамдарды венерологиялық аурулармен қасақана зақымдаушы азаматтар өте сирек жауапқа тартылады. ЖЖБА ауруды ұстап тұруға етек жайып келе жатқан медициналық қызмет көрсетулер рыногының да рөлі әрдайым қолайлы емес. Жеке меншік емдеу мекемелерінің статистикалық есеп беруі жолға қойылмаған, жеке практика жүргізетін дәрігерлердің ЖЖБА-мен ауыратындарға медициналық көмек көрсетуін лицензиялау мәселелері реттелмеген; инфекция ошақтары эпидемиологиялық жұмыстармен қамтамасыз етілмейді.
ЖЖБА-мен ауырудың өсуі себептерінің арасынан табиғи-биологиялық проблемаларды, атап айтқанда, аурушылықтың ырғақты толқуын, сірә, қоздырғыштың контагиоздігінің циклдік өзгеруімен негізделген проблемаларды есептен шығаруға болмайды.
Қазақстандағы ЖЖБА жанындағы медициналық көмек, әдетте әрбір облыста және Алматы қаласында (жекелеген әкімшілік-аумақтық бірлікте) бар мамандандырылған бейінді емдеу мекемелерінде, тері-венерологиялық диспансерлерінде көрсетіледі. Қазақстанның бірқатар қалалары мен аудандарында жеке дербес қалалық, аудандық және ауданаралық тері-венерологиялық диспансерлер (43) немесе аурухананың бөлімшесі құқығындағы диспансерлер, медициналық-санитарлық бөлімдердің бөлімшелері (барлығы 30), сондай-ақ 225 амбулаториялық қабылдау кабинеттері (соңғысы іс жүзінде әрбір аудан орталығында бар) кең қанат жайған. Қалалар мен аудандардың тері-венерологиялық қызмет бөлімшелері жергілікті басқару органына немесе өзінің бейінді емдеу мекемесінің басшылығына, ал әдістемелік жағынан - облыстық (Алматы қалалық) тері-венерологиялық диспансерлерге бағынады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институты елдің дерматология-венерология жөніндегі ғылыми, клиникалық, консультациялық, диагностикалық, ұйымдастыру, әдістемелік, оқу орталығы болып табылады. Институт тері-венерологиялық диспансерлердің қызметін де, Қазақстанның барлық алты медициналық жоғары оқу орындарының 4 дербес кафедралары мен екі тері-венерологиялық аурулар курстарында жүзеге асырылатын дәрігер кадрларды даярлауды да үйлестіреді.
1998 жылдың аяғында Қазақстан Республикасында 959 немесе 100 000 тұрғынға 0,6 практика жүргізуші дерматология-венеролог дәрігерлер жұмыс істеді. Бір дерматовенерологтың халыққа қызмет көрсетуінің орташа радиусы 30 км. құрады. Елдің медициналық жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауды 38 оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, 18 ғылым кандидаты жүргізді, ТВҒЗИ-де ЖЖБА бойынша ғылыми-әдістемелік қызметті 25 ғылыми қызметкер жүзеге асырды, олардың 5-і ғылым докторы және 10-ы ғылым кандидаты.
Жаңа тарихи жағдайларда халыққа дерматология-венерологиялық көмек көрсетудің қалыптасқан жүйесі өзінің тиімділігін төмендетіп алғанын атап өту қажет. ЖЖБА-ның өсу себебінің объективті сипаты мен денсаулық сақтаудың қазіргі жай-күйінің негізінде соңғысының ЖЖБА жөніндегі ахуалға ықпалы шектелді. Маңызы өсіп келе жатқан бастапқы алдын алу жөніндегі жұмыстың ЖЖБА-мен ауруды тежеу оны төмендету ісіне іске асырылған әлеуметтік араласуы жеткіліксіз болып табылатындығын мойындауымыз қажет.
ЖЖБА-мен ауруды тежеуге және төмендетуге бағытталған кешен бойынша венерологиялық инфекциялардың таралуын айқындайтын тиімді шаралар әзірлеу және медициналық-әлеуметтік процестерге енгізу болып табылады.
2. ЖЖБА-ның таралуын шектеу жөніндегі
бағдарламаның бағыты
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қоғамдық қызметтің түрлі салаларында:
- денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласындағы құқықтық қатынастар саясатында;
- ЖЖБА-ны анықтауды және оны емдеуді тікелей қамтамасыз ету саласындағы;
- бастапқы алдын алу саласында: халықтың кең ауқымын қауіпсіз жыныстық қатынасқа үйрету, қорғанудың жеке құралдарын қолдануды қамтамасыз ету саласында;
- ЖЖБА-ны тікелей белсенді анықтау саласында;
- медицина қызметкерлері кадрларын даярлау саласында;
- медицина, педагогика, психология ғылымдарының қызметі саласында;
- халықаралық ақпараттар алмасу саласында іс-шараларды өмірге енгізу қажет.
3. ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар
ҚР Үкіметінің 13.11.00 ж. № 1705; 19.07.02 ж. № 808 қаулыларымен 3.1-тарау өзгертілді
Мақсат: ЖЖБА-мен ауруды төмендетуге бағытталған барынша тиімді әлеуметтік ықпал етуді қамтамасыз ету үшін оңтайлы құқықтық база жасау
Күтілетін нәтиже: ЖЖБА-мен ауыратындардың барынша көп құрамын білікті медициналық көмекпен қамтамасыз ету, оған тәуекелді жыныстық қатынастардың құрамдарын енгізе отырып алдын алу жұмысының аймағын барынша кеңейту
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу | Аяқтау | Қаржыландырудың жыл- | |
|
|
|
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.1.1. | Психикалық белсенді құралдарды өт- | Қазақстан Республикасының | 1999 ж. IV | Есеп | 0,5 | |
3.1.2. | Жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен | Бұл да | 1999 ж. IV | Есеп | 0,5 | |
3.1.3. | ҚР Қылмыстық кодексінің "Медицина- | Қазақстан Республикасының | 1999 ж. IV | Есеп | 1,0 | |
3.1.4. | Білім беру туралы заңдарға өзгеріс- | Қазақстан Республикасының | 1999 ж. IV | Есеп | 0,5 | |
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|
|
|
| 2,5 | 1,0 |
3.2. Медициналық ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар
Мақсат: эпидемиологиялық жағдайдың негізінде жүргізілетін іс-шаралардың барынша тиімділігін қамтамасыз ететін ұйымдастыру және емдеу-алдын алу бағдарламаларын әзірлеу
Күтілетін нәтиже: эпидемиологиялық жағдайдың дәл базалық білімдері, тәуекел топтарын және олардың серпінін айқын байқау, осыған орай атаулы алдын алу жұмысының негіздерін қамтамасыз ету, түрлі ЖЖБА-мен ауыратындарды дәрі-дәрмектік қамтамасыз етудің қажеттілігін жоспарлау мүмкіншілігі және дәрі-дәрмектің болмау жағдайын болдырмау немесе олардың ұтымсыз запастарын жасауды болдырмау, демек ЖЖБА-ны емдеу үшін бюджеттік қаражатын тиімді бөлу.
ЖЖБА-ның лабораториялық диагностикасы үшін оңтайлы мұқтаждықтарды айқындау және ауруларды қажетті лабораториялық қамтамасыз ету. ЖЖБА кезінде білікті медициналық көмек көрсетуде түрлі социумдардың ауыл және қала топтары тұрғындарының оңтайлы мұқтаждықтарын айқындау
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу | Аяқтау | Қаржыландырудың жыл- | |
|
|
|
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.2.1. | ЖЖБА-мен ауырудың жай-күйiне эпиде- | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Жыл сайынғы | 6,5 | 6,5 |
3.2.2. | Мерезбен, гонореямен, урогенитальдi | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Бұйрық | 1,0 | 1,0 |
3.2.3. | ЖЖБА бойынша республиканың аумағынд | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Ведомст- | 1,0 | 1,0 |
3.2.4. | ЖЖБА диагностикасы үшiн пайдаланы- | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Ведомст- | 1,0 | 1,0 |
3.2.5. | ЖЖБА терапиясының әдiстемелерi, | Терi-венерологиялық | Ұдайы | Нұсқаулық | 1,0 | 1,0 |
3.2.6. | Түрлi бейіндегі мамандардың, оның | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Бұйрық | 0,5 | 0,5 |
3.2.7. | ЖЖБА мәселелерiн пысықтайтын ғылы- | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Қазақстан | 0,5 | 0,5 |
3.2.8. | Олардың жеке басы мен жыныстық | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Ведомст- | 0,5 | 0,5 |
| Жиыны: |
|
| 12,0 | 12,0 |
3.3. Тері-венерологиялық мекемелердің қажетті
материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету, медициналық және
дәрі-дәрмектік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен 3.3.-тарау өзгертілді
Мақсат: аурулар мен ЖЖБА-дағы медициналық қызметкерлерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың базасын қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже: инфекцияның ошақтарын толық санациялау және аурулардың одан әрі таралуын тоқтату
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл. |
| |
| | | |||||
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
| |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|
3.3.1. | Терi-венерологиялық диспансерлердi | Облыстардың, Астана және | 2002 жылдың | Есептер | 100,0 | 100,0 |
|
3.3.2. | Мемлекеттік емдеу-алдын алу ұйым- | Бұл да | 2000 жылдың | Есептер | 150,0 | 150,0 |
|
3.3.3. | Мемлекеттік емдеу-алдын алу ұйым- | Облыстардың, Астана және | 1999 жылдың | Есептер | 300,0 | 300,0 |
|
3.3.4. | Бюджеттік қаражаттың есебiнен об- | Қазақстан Республикасы | 2001 жылдың | Үкiметке жыл сайын ақпарат | | |
|
3.3.5. | Аудандық және қалалық буындарының | Қазақстан Республикасы | Ұдайы | Бұл да | | |
|
3.3.6. | ЖЖБА-мен ауыратындарды емдеуге ар- | Қазақстан Республикасы | | | | |
|
| Жиыны |
|
|
| 7621,0 | 7423,0 |
|
3.4. Білім беру кешенінің іс-шаралары
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен 3.4.-тарау өзгертілді
Мақсаты: халықтың түрлі құрамын сексуалдық гигиена және ЖЖБА жеке басының алдын алу мәселелеріне оқыту
Күтілетін нәтиже: сексуалдық гигиена мәселелері және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың жеке бастық алдын алу шаралары жөніндегі сапалы білім алу
NN р/с | Іс-шара Жауапты атқарушылар | Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл- | ||
|
| 1999 ж. | 2000 ж. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.4.1. | Ұйымдастыру іс-шаралары: |
|
|
|
|
|
3.4.1.1. | Оқытушыларды даярлау жүзеге асыра- | Қазақстан Республикасының | | | | ! |
| -белгіленген тәртіппен оқыту бағ- | | 2000 жылдың | Оқу бағдарламаларына арнал- | | |
| -арнаулы оқу әдебиетін әзірлеу | | 2000 жылдың | Бұл да | | |
3.4.1.2. | Жыныс гигиенасының және жыныстық | Қазақстан Республикасының | 2000 жылдың | Оқу бағдарламасы мен | 700,0 | 700,0 |
| -белгіленген тәртіппен 14-18 жас- | | Бұл да | Бұл да | | |
| - оқу әдебиетін әзірлеу және басып | | 2000 жылдың | Оқу әдебиеті | | |
3.4.1.3. | Барлық меншік нысанындағы және ве- | Қазақстан Республикасының | | | | |
| - оқыту бағдарламасын әзірлеу | | 2000 жылдың | Оқу бағдарламасы мен | | |
3.4.1.4. | Студенттік жатақханаларда (қала- | Қазақстан Республикасының | 2000 жылдың | Оқушы жастардың арасында | Шығыстар 3.6.1-тар- | |
3.4.2. | Медицина ғылымдарының өкілдерімен | Қазақстан Республикасының | 2002 жылдың | Ғылыми есеп | 200,0 | 200,0 |
Жиыны |
|
|
| 1030,0 | 1030,0 |
3.5. Оқудан тыс ұжымдарды ЖЖБА бастапқы алдын алу
жөніндегі іс-шаралардың жүйесі
Мақсаты: ЖЖБА-ның жоғары тәуекелі бар топтарында оның таралуын төмендету және өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігі сезімін қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Халықтың қалың көпшілігінің жіктерінде, бәрінен бұрын қауіпті жыныстық өзін-өзі ұстау топтарында қауіпсіз секс принциптерін енгізу
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу мерзімі | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл- дар бойынша жоспарлан- ған көлемі, мың АҚШ доллары | |
1999 ж. | 2000 ж. | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.5.1 | Оқудан тыс ұжымдарда сексуалдық гигиена және ЖЖБА-ның алдын алу мәселелерін оқытуды жүргізу: | |||||
- орта мектептерде оқумен қамтылма- ған жастар; | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | Үнемі өткізіледі | Оқыту, оның ішінде интерак. тивті әдістерді пайдалана отырып | 300,0 | 300,0 | |
- арнаулы орта оқу орындарында оқумен қамтылмаған жастар; | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | Бұл да | Бұл да | 50,0 | 50,0 | |
- жоғары оқу орындарында оқумен қамтылмаған жастар | Қазақстан Республикасыны Ғылым және жоғары білім министрлігі | Бұл да | Бұл да | 50,0 | 50,0 | |
- Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде; | Қазақстан Республикасыны Қорғаныс министрлігі | Бұл да | Бұл да | 50,0 | 50,0 | |
- Ішкі істер министрлігінің әскерлерінде; | Қазақстан Республикасыны Ішкі істер министрлігі | Бұл да | Бұл да | 50,0 | 50,0 | |
- көлік кәсіпорындарының ұжымда- рында; | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | Бұл да | Бұл да | 20,0 | 20,0 | |
- мектеп мұғалімдерінің ұжымдарында; | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі | Бұл да | Бұл да | 75,5 | 75,5 | |
- қоғамдық бірлестіктерде | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Бұл да | Бұл да | 100,0 | 100,0 | |
3.5.2. | ЖЖБА жоғары тәуекелі бар топтары- ның арасындағы адамдарға жеке алдын алу құралдарын тегін үлесті- руді жүзеге асыру | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігіні Денсаулық сақтау комитет | Ұдайы | Практикалық шаралар | 120,0 | 120,0 |
3.5.3. | ЖЖБА-ның алдын алу мәселелері бойынша плакаттар, үнпарақтар, кітапшалар, жаднамалар және басқа да баспа өнімін, теледидарлық және ағарту мазмұнындағы радио хабар- ларын шығару | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім- дері, Қазақстан Республи касының Денсаулық сақтау білім және спорт министр лігі, Мәдениет, бұқара- лық ақпарат және қоғамды келісім министрлігі | Ұдайы | Оқу-ағарту өнімін басып шығару | 150,0 | 150,0 |
3.5.4. | Халықтың арасында, оның ішінде ЖЖБА жоғары тәуекелі бар топтарда ЖЖБА-ның алдын алу мәселелері бойынша баспа өнімін тарату | Қазақстан Республикасыны Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі, Үкіметтік емес қоғам (келісім бойынша) | Ұдайы | Санитарлық-оқу ағарту материалдарын тарату | 20,0 | 20,0 |
Жиыны: | Жиыны: | 985,5 | 985,5 |
3.6. Жастар, дене тәрбиесі және спорт істері жөніндегі
органдардың іс-шаралары
Мақсаты: халықтың, әсіресе жастардың ЖЖБА-ның алдын алу және отбасын жоспарлау туралы ақпаратты алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже: жастар мен жас отбасының ақпараттық-консультативтік орталықтарын ашу
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар | Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл. | |
|
| 1999 ж. | 2000 ж. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
3.6.1 | Жыныс гигиенасы және ЖЖБА мен ВИЧ/ | Қазақстан Республикасының | | | | |
| Барлығы: |
|
|
| 500,0 | 500,0 |
3.7. Жергілікті әкімшіліктердің іс-шаралары
Мақсаты: ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД-тің таралуын болдырмауға бағытталған алдын алу жұмысымен ересек тұрғындардың барынша көпшілігін қамту
Күтілетін нәтиже: ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД-тің алдын алу мәселелері бойынша халықтың білім деңгейін арттыру, жыныс жолымен берілетін жұқпалы аурулардың бұрын алдын алу медкабинеттерінің жүйесін құру
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 |
3.7.1 | ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД алдын алу мәсе- лелері бойынша кең ауқымды сани- тарлық насихатты ұйымдастыру үшін қаражаттың мақсатты бөлінуін қам- тамасыз ету, оның ішінде ересек тұрғындар үшін үнпарақтар, кітап- шалар, жаднамалар басып шығару | Облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдері |
3.7.2 | Зат-мүлік рыноктарында стенділер орнату, ЖЖБА-мен ВИЧ/СПИД-тің бастапқы алдын алу пункттерін ұйымдастыру | Бұл да |
3.7.3 | Бұқаралық ақпарат құралдарына ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД алдын алу мәселелері бойынша халықпен әңгі- мелесулер жүргізу үшін 20-22 са- ғаттардың аралығында кемінде 10 минут кешкі сағаттарда ай сайын эфирлік уақыт беруді; апта сайын жыныс гигиенасы және ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД-тің алдын алу жөніндегі материалдарды жария- лау үшін баспа басылымдарында орын беруді ұсыну | Облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдері |
3.7.4 | Халықтардың көп жиналатын жерле- рінде: теміржол вокзалдарында, аэровокзалдарда, автовокзалдарда: -ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД туралы баспа ақпаратын тарату; -оның ішінде жеке қорғану құрал- дарын тегін тарату; -алдын алу өңдеулерін жүргізу мақсатында жеке алдын алу пункт- терін ұйымдастыру | Бұл да |
3.7.5 | ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД алдын алу бойын- ша ұшақтарда, алыс жолға шығатын поездарда кітапшалар, үнпарақтар, жаднамалар, басқа да баспа өнім- дерін тарату | Бұл да |
3.7.6 | Елді мекендердің газет-журнал киоскілерінде ЖЖБА мен СПИД-тің алдын алу мәселелері бойынша әдебиеттерді кең түрде ұйымдастыру | Бұл да |
Жиыны: |
таблицаның жалғасы
Орындалу мерзімі | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл. дар бойынша жоспарлан. ған көлемі, мың АҚШ доллары | |
1999 ж. | 2000 ж. | ||
4 | 5 | 6 | 7 |
Ұдайы | Жыл сайын Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлі- гіне ақпарат беру | 100,0 | 100,0 |
Ұдайы | Бұл да | 50,0 | 50,0 |
Ұдайы | Бұл да | 20,0 | 20,0 |
Ұдайы | Бұл да | 200,0 | 200,0 |
Ұдайы | Бұл да | Әдебиеттерді сатудан түскен пайд есебінен қаржыландыр | |
Ұдайы | Бұл да | Әдебиеттерді сатудан түскен пайда есебінен қаржыландыру | |
370,0 | 370,0 |
3.8. ЖЖБА-ның қайталама алдын алу жөніндегі іс-шаралар
Мақсаты: Өзіне ауруды жұқтыруымен қоршаған ортаға мейлінше көп зиян келтіруі мүмкін адамдардың арасынан ЖЖБА-мен ауырғандарды толық анықтауды қамтамасыз ету және оларды емдеу үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасау
Күтілетін нәтиже: ауру ошақтарын ықтимал жасауға қабілетті ЖЖБА-мен ауырған адамдарды дер уақытында және толық анықтау, ауру жұқтырған адамдарды емдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, бұл олардың емдеу-алдын алу мекемелеріне келуін арттырады, емделуге кепілдік беретін емдеудің толық курсынан өтуді қамтамасыз етеді.
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 |
3.8.1 | Мерездi тегiн тексерудi қамтамасыз | Қазақстан Республикасының |
3.8.2 | Несеп жыныс саласындағы асқыну ау- | Қазақстан Республикасы |
3.8.3 | Бюджет есебiнен шығыстарды жабуды | Қазақстан Республикасы |
3.8.4 | Аурулардың болу орны бойынша әрбiр | Қазақстан Республикасы |
3.8.5 | ЖЖБА мен ауыратындарды тұратын жерi | Қазақстан Республикасы |
| Жиыны: |
|
таблицаның жалғасы
Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жылдар бойынша жоспар- ланған көлемі, мың АҚШ доллары | |
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
4 | 5 | 6 | 7 |
Ұдайы | Ведомстволық акт | 2500,0 | 2500,0 |
Ұдайы | Бұл да | 150,0 | 150,0 |
Ұдайы | Бұл да | 250,0 | 250,0 |
Ұдайы | Ведомстволық акт | 200,0 | 200,0 |
Ұдайы | Бұл да | 100,0 | 100,0 |
|
| 3200,0 | 3200,0 |
3.9. ЖЖБА саласында медициналық білім беруді жетілдіру
жөніндегі іс-шаралар
Мақсаты: ЖЖБА-ның диагностикасы, терапиясы мен алдын алу мәселелері бойынша арнаулы оқу орындарының оқушыларының, медициналық жоғарғы оқу орындары студенттері мен орта медицина қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыру
Күтілетін нәтиже: ЖЖБА-мен ауыратындарды анықтауды арттыру, диагностикалық қателіктердің санын азайту
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 |
3.9.1 | Орта арнаулы оқу орындарында жалпы | Қазақстан Республикасы |
3.9.2 | Медициналық жоғары оқу орындарында | Қазақстан Республикасы |
3.9.3 | Дәрігерлерді жетілдіру институты | Қазақстан Республикасы |
3.9.4 | Әрбір облыстық орталықта және | Қазақстан Республикасы |
3.9.5 | Барлық емдеу ұйымдарында ЖЖБА-мен | Қазақстан Республикасы |
3.9.6 | Клиникалық ординаторларды оқыту | Қазақстан Республикасы |
| Жиыны: |
|
таблицаның жалғасы
Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл- | |
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
4 | 5 | 6 | 7 |
Ұдайы | Оқу бағдарламалары мен | 20,0 | 20,0 |
Ұдайы | Оқу бағдарламалары мен | 20,0 | 20,0 |
| Оқу бағдарламалары мен жос- | 6,0 | 6,0 |
Ұдайы | Ведомстволық акт | 15,0 | 15,0 |
Ұдайы | Ведомстволық акт |
|
|
1999 жылдың ІІІ | Оқу бағдарламасы мен жос. | 5,0 | 5,0 |
|
| 66,0 | 66,0 |
3.10. Қазақстанда ЖЖБА диагностикасын, терапиясын, алдын алуын
жетілдіру бойынша іс-шараларды зерделеу мен әзірлеу
саласындағы медицина ғылымының міндеттері
ҚР Үкіметінің 02.02.01 ж. № 178 қаулысымен 3.10.-тарау өзгертілді
Мақсаты: Қазақстанда ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД науқастануды тежеу мен төмендетудің оңтайлы және мейлінше аз шығынды жолдарын негіздеу
Күтілетін нәтиже: Қазақстанда ЖЖБА мен ВИЧ-СПИД-тің әлеуметтік және медициналық-биологиялық сипаттамасы берілетін, қоздырушылар мен олардың ассоциацияларының циркуляцияланатын штаммдарының биологиялық қасиеттері, ерекшеліктерінің, халықтың иммундық мәртебесін, сондай-ақ әлеуметтік психологияның, дәстүрлердің, халықтың құрамының, тәуекел топтарының, құқықтық қатынастардың, халыққа медициналық көмек көрсетудің құрылымын ескере отырып Қазақстанда ЖЖБА мен ВИЧ/СПИД-тің алдын алу мен терапиясының қазіргі заманғы технологияларына нақты негіз жасау әзірленетін болады. Практикалық денсаулық сақтауға Қазақстандағы ЖЖБА мен ВИЧ/СПИДке қарсы күресті оңтайлы ұйымдастыру жөніндегі әзірленген және тексеруден өткен ұсынымдар енгізілетін болады.
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 |
3.10.1 | Әртүрлі ЖЖБА мен ВИЧ-СПИД жоғары | Тері-венерологиялық |
3.10.2 | ЖЖБА мен ВИЧ-СПИД аурушаңдығындағы | Тері-венерологиялық |
3.10.3 | Қазақстандағы қоздырғыштар мен оның | Тері-венерологиялық |
3.10.4 | Қоздырғыштардың биологиялық қасиет- | Тері-венерологиялық |
| Жиыны: |
|
таблицаның жалғасы
Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл. | |
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
4 | 5 | 6 | 7 |
2002 жылдың | Ғылыми есеп | 20,0 | 20,0 |
2002 жылдың | Ғылыми мақалалар, әдістеме. | 20,0 | 20,0 |
2002 жылдың | Ғылыми мақалалар, әдістеме. | 50,0 | 50,0 |
2002 жылдың | Ғылыми мақалалар, әдістеме. | 110,0 | 110,0 |
2002 жылдың | Ғылыми мақалалар, әдістеме. | | |
|
| 200,0 | 200,0 |
3.11. Ақпарат және халықаралық ынтымақтастық саласындағы міндеттер
NN р/с | Іс-шара | Жауапты атқарушылар |
1 | 2 | 3 |
3.11.1 | Шет мемлекеттермен және бәрінен | Қазақстан Республикасы |
3.11.2 | Ғылыми-зерттеу тері-венерологиялық | Қазақстан Республикасы |
3.11.3 | ЖЖБА мен СПИД-тің алдын алу және | Қазақстан Республикасының |
| Жиыны: |
|
таблицаның жалғасы
Орындалу | Аяқтау (енгізу) нысаны | Қаржыландырудың жыл. | |
|
| 1999 ж. | 2000 ж. |
4 | 5 | 6 | 7 |
Ұдайы | Ғылыми практикалық конфе- | 10,0 | 10,0 |
2002 жылдың | Ақпараттық орталықты | 10,0 | 10,0 |
Өткізуіне | Қаржылық қамтамасыз ету | 10,0 | 10,0 |
|
| 30,0 | 30,0 |