Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705
қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 жылғы 19 шілдедегі № 808 қаулысы

(2006.29.06. берілген өзгерістерімен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оларға бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 наурыздағы № 193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 55-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жыныстық жолмен берiлетiн аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөніндегі 1999-2002 жылдарға арналған бағдарламада:

"ЖЖБА-ның таралуының алдын алу жөніндегі iс-шаралар" 3-бөлiмiнiң реттiк нөмiрi 3.1.5-жолы алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3) "Қазақстан Республикасындағы адамгершiлiк-жыныстық тәрбие жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 қарашадағы № 1500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 40, 517-құжат):

2-тармақ алынып тасталсын.

2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1705 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 47-48, 560-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

И. Тасмағамбетов