Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңы

(2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда және кiрiспе алынып тасталды

 

2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен Конституциялық заңның бүкіл мәтіні бойынша, 14-тарауды қоспағанда, »«жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», « жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздер тиісінше «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесінің», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшесін», «өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшесі» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

 

 

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Конституциялық заң реттейтiн қатынастар

2-бап. Сайлау бостандығы

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

5-бап. Тең сайлау құқығы

6-бап. Төте сайлау құқығы

7-бап. Жанама сайлау құқығы

8-бап. Жасырын дауыс беру

9-бап. Сайлау жүйелерi

2-тарау. Сайлау органдары

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

15-бап. Алып тасталды

15-1-бап. Округтік сайлау комиссиялары

16-бап. Алып тасталды

16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері

17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi

20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары

20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi

21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi

22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау

23-бап. Сайлау учаскелерiн құру

4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi

24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi және оларды жасау тәртібі

25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгізу

26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен таныстыру

26-1-бап. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімін қалыптастыру

5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт

27-бап. Сайлау алдындағы үгiт

28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы

29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы

30-бап. Алып тасталды

31-бап. Сенім бiлдiрген адамдар

32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

6-тарау. Сайлауды қаржыландыру

33-бап. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру

34-бап. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

36-бап. Сайлау науқанын өткізуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

7-тарау. Дауыс беру тәртібі

37-бап. Сайлау бюллетенi

38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны

39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай

40-бап. Дауыс берудi ашу

41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру

42-бап. Дауыс берудi өткізу

8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау

44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу

46-бап. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, әкімнің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі

9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi

47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi

48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi

49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою

50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткізудiң ерекшелiктерi

50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi

50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар

50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай

50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi

50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру

50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде дауыстарды санау

50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу

50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану

50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғыларды сақтау

 

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

 

10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы

51-бап. Республика Президентінің кезектi сайлауы

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы

52-бап. Алып тасталды

53-бап. Республика Президентi сайлауын жариялау

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау

57-бап. Алып тасталды

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезіндегі дауыстарды санау

63-бап. Қайта дауыс беру

64-бап. Қайта сайлау

65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу

66-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу

67-бап. Алып тасталды

68-бап. Республика Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөніндегі мәселенi қарауы

11-тарау. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау

69-бап. Сенат депутаттарын сайлауын тағайындау

70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау

73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу

74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткізу тәртібі

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау

79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау

81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу

83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу

84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Соттың қарауы

12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлау

85-бап. Мәжіліс депутаттарын сайлауын тағайындау

86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну

88-бап. Сайлау жарнасы

89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу

90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

91-бап. Алып тасталды

92-бап. Алып тасталды

92-1-бап. Саяси партияның, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

93-бап. Алып тасталды

93-1-бап. Алып тасталды

93-2-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

94-бап. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыстарды санау

94-1-бап. Алып тасталды

95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру

96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау

97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу

98-бап. Мәжіліс депутаттарын тіркеу

99-бап. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізу

100-бап. Конституциялық Соттың Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы

101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар

103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тiркеу

105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутат тығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

106-бап. Саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшері

107-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыстарды санау

109-бап. Алып тасталды

109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу

112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тіркеу

113-бап. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды өткізу

13-1-тарау. Әкімді сайлау

113-1-бап. Әкім сайлауды тағайындау

113-2-бап. Әкімге қойылатын талаптар

113-3-бап. Әкім болуға кандидатты ұсыну

113-4-бап. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау

113-5-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу

113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну

113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау

113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау

113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау

113-11-бап. Әкімді тіркеу

13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу

113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау

113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі

113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері

113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері

113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі

14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау

114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау

115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар

116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

120-бап. Алып тасталды

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізу

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

128-бап. Алып тасталды

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртібі

130-бап. Алып тасталды

130-1-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзімдері Мәслихаттардың депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайлау осы Конституциялық заңда көзделген негіздер басталған кезде, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

132-бап. Алып тасталды

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

 

 

I. Жалпы бөлiм

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің, мәслихаттардың депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.

 

2-бап. Сайлау бостандығы

Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 3-бап өзгертілді

3-бап. Сайлау құқығы принциптерi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша - әкімдерді), өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.

3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 4-бап өзгертілді

4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы

1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Парламент, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.

3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

4. Мыналар:

1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабы 4-тармағы 2) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 28-НҚ нормативтік қаулысын қараңыз

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 5-бап өзгертілді

5-бап. Тең сайлау құқығы

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Сайлаушылар Президентті, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлауға, сондай-ақ әкімдерді сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады.

2. Сайлаушылар Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады.

3. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi.

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Төте сайлау құқығы

Республика Президентiн, Парламентi Мәжілісiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I Конституциялық Заңымен 7-бап өзгертілді

7-бап. Жанама сайлау құқығы

1. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады.

2. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

3. алынып тасталды

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді

8-бап. Жасырын дауыс беру

Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) (қолданысқа енетін мерзімін қара) Конституциялық Заңдарымен 9-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-бап. Сайлау жүйелері

1. Президентті, Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мынадай:

дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) дауысының елу пайызынан астамын жинаған;

қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшiлiгiн жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

2. Парламент Мәжілісінің депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі.

3. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады: біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік ету жүйесі бойынша - депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі басқа кандидаттарға қарағанда оның кандидатурасын жақтап дауыс берсе, кандидат сайланды деп есептеледі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттары мандаттарының саны тақ болған жағдайда, жартысынан асатын мандат бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланады.

4. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

5. Әкімді сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

6. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі дауыс берген кандидаттар сайланды деп есептеледі.

 

 

2-тарау. Сайлау органдары

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi

1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:

1) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы;

2) аумақтық сайлау комиссиялары;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) округтік сайлау комиссиялары;

3) 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) учаскелiк сайлау комиссиялары.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық және округтік сайлау комиссияларын - Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын және учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

 Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.

Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.

Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.

Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және олардың өкілеттік мерзімінің бітуіне үш күн қалғанда аяқталады.

Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешімдер, олардың құрамы мен орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.

6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Сайлау комиссиясының қызметі сайлау комиссиясын құратын органның шешімі бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негізінде сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін.

8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.

 

2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді

11-бап. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы

1. Орталық сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.

Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның отырысында сайланады.

3. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды(бұр. ред. қара)

4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.

f2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-1. Орталық сайлау комиссия сының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, олардың функциясына аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық қызметіне жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құруды, дамытуды, енгізуді, қолдап отыруды, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды үйрету кіреді.

5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді

12-бап. Республиканың орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Орталық сайлау комиссиясы:

1) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;

2) Президент пен Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық етедi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттар депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін құрады және олардың шекараларын белгілейді, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің тізімін және олардың шекаралары туралы мәліметтерді жариялайды;

3) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3-1) алынып тасталды

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен, аумақтық сайлау комиссиялары беретін бюджеттік өтінімдердің негізінде сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Республика Үкіметіне ұсынады;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттарын кері шақырып алу жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді; сайлау жүйелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін, Парламент Сенатының депутаттарын, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ қорғалу дәрежесін, сайлаушылар (таңдаушылар) тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға, Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған және әкім болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдір материалдан жасалған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді; Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;

6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;

7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

8) Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін жариялайды.

10) Республика бойынша тұтас алғанда Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;

12) Парламент депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;

13) шығып қалғандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды;

14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді

15) мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16) жаңа сайланымды қалыптастыру кезінде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;

16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық Тізілімін жүргізеді;

16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;

16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-5), 16-6), 16-7), 16-8) және 16-9) тармақшалармен толықтырылды

16-5) консультативтік-кеңесші органдарды құрады;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-6) тармақша өзгертілді

16-6) сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

16-7) оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, қолдап отыру, оларға әкімшілік жүргізу, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алады;

16-8) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

16-9) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-12) сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-13) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді

13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.

2. Аумақты сайлау комиссиялары:

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;

2) жетi адамнан құрылады.

3. алынып тасталды

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және әкімді сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен;14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді

14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi

Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;

2-1) Президенттікке кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси, партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2) бастамашының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу жөніндегі өтінішін тіркейді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-3) шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) төмен тұрған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады; округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған барлық сайлау комиссиясының орындауын ұйымдастырады;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1) округтік сайлау комиссияларынан тиісті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалар алады және округтік сайлау комиссияларының тіркелген кандидаттардың тізімдерін жариялауын қамтамасыз етеді;

4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайды;

5) Сенат депутаттары сайлауын өткізудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналған пункттер дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн Орталық сайлау комиссиясына бередi;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;

6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтінін белгілейді және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің дайындалуын, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жеткізілуін қамтамасыз етеді;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынатын саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркейді, саяси партиялардың және кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабар жариялайды;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8-1) әкімдерді сайлауды, шығып қалғандардың әкімдерді сайлауды тағайындайды және өткізуді ұйымдастырады; әкім болуға кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жариялайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен  (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау учаскелері бойынша дауыс беру нәтижелерін белгілейді, мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды, әкімді тіркейді және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл туралы хабарды жариялайды; сайлау қорытындыларын шығару және Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында жариялау үшін жоғары тұрған сайлау комиссиясына тиісті сайлау округтері мен учаскелері бойынша дауыстарды санау хаттамаларын ұсынады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

10) Сенат депутаттарына қайта дауыс беруді және оларды қайта сайлауды, мәслихаттар депутаттарын, әкімді қайта сайлауды, сондай-ақ Парламент Сенатының және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелерінің орнына сайлауды тағайындайды және ұйымдастырады; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттарды, олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жариялайды; мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындыларын шығарады; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жариялайды;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-2) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын өңірлік және жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

11-3) егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асырады;

12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

15-бап. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 15-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

15-1-бап. Округтік сайлау комиссиялары

1. Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

2. Округтік сайлау комиссияларының құрамы бес мүшеден тұрады.

3. Округтік сайлау комиссияларының құрамы осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда, сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін не дауыс беру тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

16-бап. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

16-1-бап. Округтік сайлау комиссиясының өкілеттіктері

Округтік сайлау комиссиясы:

1) тиісті сайлау округінің аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды өткізуді ұйымдастырады;

3) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын қайта сайлауды және шығып қалғандардың орнына сайлауды өткізеді;

4) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньнің мәтінін белгілейді;

5) учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; олардың шешімдерінің күшін жояды және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды;

6) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды, олардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді, кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

7) сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сайлауға дайындыққа және оны өткізуге байланысты мәселелер бойынша есептерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға құқылы;

8) учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар алады;

9) жоғары тұрған сайлау комиссиясына сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелерін беруді қамтамасыз етеді;

10) осы Конституциялық заңның 13-2-тарауына сәйкес кері шақырып алу рәсіміне бастама жасалған жағдайда дауыс берудің өткізілуін ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 17-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Учаскелік сайлау комиссиялары

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Учаскелік сайлау комиссиялары тиісті сайлау учаскелерінде Президентті, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын:

1) тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылар саны екі мыңға дейін болған кезде - бестен жеті мүшеге дейін;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тиісті сайлау учаскесінде сайлаушылар саны екі мыңнан асатын болған кезде - жетіден тоғыз мүшеге дейін айқындайды.

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы тақ болуға тиіс.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он бес күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссиялардың құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

18-бап. Учаскелiк сайлау комиссияларының өкiлеттiктерi

Учаскелiк сайлау комиссиясы:

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі сайлау шараларын жүргiзедi;

2) учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады;

3) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды;

4) азаматтарды сайлаушылардың тiзiмiмен таныстырады, тiзiмдердегi қателiктер мен жаңсақтықтар туралы арыздарды қарайды және оған тиiстi өзгерістер енгізу туралы мәселелердi шешедi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;

5) сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) дауыс беруге арналған үй-жай дайындайды, кабиналар мен жәшiктердiң болуын қамтамасыз етедi;

7) сайлау күнi сайлау учаскесiнде дауыс берiлуiн ұйымдастырады;

8) дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды;

9) дауыс берудi әзiрлеу мен ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі арыздар мен шағымдарды қарайды және солар бойынша шешiмдер қабылдайды;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкiлдерiмен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнiнде семинарлар өткiзедi;

10) Республика заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 19-бап өзгертілді

19-бап. Сайлау комиссиясы мүшесiнiң мәртебесi

1. Сайлау комиссияларының мүшелерi мемлекеттік органдардың өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Сайлау комиссиялары мүшелерiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңымен және өзге де заң актілерімен айқындалады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Мыналар:

сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;

сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;

халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.

19-баптың 3-тармағының қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 133-баптың редакциясында қолданылды (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері, оның аппаратының қызметкерлері, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары, хатшылары, мүшелері, сондай-ақ өзге де аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары мен хатшылары өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес белгіленеді.

Өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асыратын аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға құқылы емес.

4. Сайлау комиссиясының осы баптың 3-тармағында аталмаған мүшелерi сайлау өткізу кезеңiнде өздерiнiң келісімiнсiз жұмыс берушiнiң ұйғарымы бойынша жұмыстан шығарылмайды не басқа жұмысқа ауыстырылмайды.

5. Сайлау комиссиясының мүшесi:

1) тиiстi сайлау комиссиясының отырыстары туралы, жедел шешiм қабылдауды қажет ететiн жағдайларды қоспағанда, қырық сегiз сағат бұрын хабардар етiледi;

2) сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, тиісті сайлау комиссиясының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге және олар бойынша дауыс берiлуiн талап етуге құқылы;

3) күн тәртібіне сәйкес отырыстың басқа қатысушыларына сұрақтар қоюға және оларға мәнi бойынша жауаптар алуға құқылы;

4) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясының құжаттарымен және материалдарымен танысуға, олардың куәландырылған көшiрмелерiн алуға;

5) өзi құрамында тұрған сайлау комиссиясы мүшелерінің төрттен үшiнің даусымен расталған уәкiлеттігі бойынша төменгi тұрған сайлау комиссиясының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы;

6) Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Конституциялық заңының және өзге де заңдарының талаптарын, жалпыжұрт таныған әдеп нормаларын сақтауға мiндеттi;

7) өзiне жүктелген мiндеттердi, сайлау комиссиясының және оның төрағасының, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға мiндеттi;

8) азаматтардың сайлау құқықтары мен заңды мүдделерiнің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, шешiмдер қабылдау кезiнде әдiл және тәуелсiз болуға, сондай-ақ кандидаттар мен партиялық тiзiм ұсынған саяси партиялардың қызметiне жария баға беруден аулақ болуға мiндеттi;

9) өзi өкiлi болып табылатын саяси партияның не өзге де қоғамдық бiрлестiктiң шешiмдерiмен байланысты болмайды және олардың мүдделерiн қорғауға құқығы жоқ.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сайлау комиссиясының мүшесі:

1) сайлау комиссиясының белгіленген өкілеттік мерзімі өткенде;

2) сайлау комиссиясының қызметі тоқтатылған кезде өз міндеттерінен босатылады.

Жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша төмен тұрған сайлау комиссиясының мүшесі:

1) міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

3) тиісті сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен;

4) соттың оған қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген;

5) соттың оны іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе оны қайтыс болған деп жариялағаны туралы шешімі заңды күшіне енген;

6) ол қайтыс болған;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен саяси партия өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы шешімді не сот өзін ұсынған саяси партияны тарату туралы заңды күшіне енген шешімді қабылдаған жағдайларда, өз міндеттерінен босатылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Сайлау комиссиясының мүшесі лауазымдық өкілеттіктерін немесе осы Конституциялық заңның талаптарын бірнеше мәрте бұзған жағдайда, осы сайлау комиссиясының құрамын құрған мәслихат оны лауазымынан босатады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Жоғары тұрған сайлау комиссиясы шығып қалған комиссия мүшесінің орнына, қажет болған жағдайда,» деген сөздермен ауыстырылып, «сайлағанға дейін» сөздерден кейін «бос орынға сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыратын орган осы Конституциялық заңның 10-бабында белгіленген тәртіппен сайлау комиссиясының мүшесін сайлағанға дейін сайлау комиссиясының мүшесін тағайындайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. №44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 20-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертілді

20-бап. Сайлау комиссияларының қызмeтін ұйымдастыру және олардың әрекеттеріне шағым жасау. Сайлау комиссияларының қызметіндегі жариялылық

1. Сайлау комиссияларының қызмeті алқалылық, жариялылық және ашықтық негізінде жүзeгe асырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Алғашқы отырыстарды:

1) Орталық сайлау комиссиясының отырысын - комиссияның Төрағасы комиссия сайланғаннан кейін он төрт күн ішінде;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарын - осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат айқындаған адам жаңа құрам қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) төмен тұрған сайлау комиссияларының отырыстарын - тиісті жоғары тұрған комиссиялардың төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) округтік сайлау комиссияларының отырыстарын аумағында сайлау округі орналасқан аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары олардың құрамы қалыптастырылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей шақырады.

3. Сайлау науқанын әзірлeу мен өткізу кeзeңіндe комиссиялардың отырыстары кeміндe eкі аптада бір рeт өткізіледі. Өзгe уақытта комиссиялар өздeрінің отырыстарын қажeтіне қарай комиссия төрағасының немесе мүшелерінің кeміндe үштeн бірінің бастамашылығымен өткізеді.

4. Егер сайлау комиссияларының отырыстарына комиссия мүшелері жалпы санының кeміндe үштeн eкісі қатысса, олар заңды бoлады.

5. Кoмиссиялардың шeшімдeрі, осы Конституциялық заңда бeлгілeнгeннен өзге жағдайларды қоспағанда, олардың мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Сайлау комиссиясының оның шешімімен келіспейтін мүшелері ерекше пікірін айтуға құқылы, ол дереу жоғары тұрған сайлау комиссиясының назарына жеткізіледі және комиссия отырысының хаттамасына жазбаша нысанда тіркеледі.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын, ал осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда өзгедей жариялауға жататын өз шешімдерімен бүкіл адамның еркін танысуы үшін жағдай жасайды.

Сайлау комиссияларының құрамында өкілі жоқ саяси партиялар сайлау науқанын даярлау және өткізу кезеңіне тиісті сайлау комиссиясына сайлау тағайындалған немесе жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей өз өкілін кеңесші дауыс құқығымен жіберуге құқылы.

Партия жарғысына сәйкес уәкілетті адамдар қолдарын қойған және мөрмен расталған, саяси партия өкілін жіберу туралы акт тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі. Актіге азаматтың комиссияға кеңесші дауыс құқығымен кіруге келісімі туралы өтініші қоса беріледі.

Сайлау комиссиясы кеңесші дауыс құқығымен сайлау комиссиясының мүшесін тағайындау туралы шешім қабылдайды.

Саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдеріне ақы төленбейді.

Саяси партияның кеңесші дауыс құқығы бар өкілі сайлау комиссиясының отырысында сөз сөйлеуге, сайлау комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге, сайлау комиссиясының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасауға құқылы.

Саяси партиялардың кеңесші дауыс құқығы бар өкілдері комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс бермейді және комиссияның құжаттарына қол қоймайды.

7. Сайлау комиссиясының отырыстарына кандидаттар, сенім білдірілген адамдар, байқаушылар, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

Депутаттыққа кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өздеріне қатысты мәселелер қаралатын кезде тиісті сайлау комиссияларының отырыстары мен күн тәртібі туралы алдын ала хабардар етіледі.

Сайлау комиссиясының үй-жайында сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Дауыс беру күні дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін сайлау учаскесінде бір мезгілде әрбір кандидаттан немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партиядан сенім білдірілген бір-бір адамнан, қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл және Қазақстан Республикасының әрбір саяси партиясынан, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір-бір байқаушыдан және аудармашы бірге жүруге құқылы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатысуға құқылы.

9. Егер осы Конституциялық заңда шағым жасаудың өзге мерзімдері белгіленбесе, сайлау комиссиясының шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шешім қабылданған немесе іс-әрекет (әрекетсіздік) жасалған күннен бастап он күннің ішінде жоғары тұрған сайлау комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасалуы мүмкін. Көрсетілген мерзімдер өткеннен соң сайлау комиссиясының шешіміне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) берілген өтініш қарауға жатпайды.

Өтініштер сайлау комиссиясы мен сотта бір мезгілде қаралған кезде сайлау комиссиясы сот шешімі күшіне енгенге дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Сот түскен өтініш туралы және оны қарау нәтижелері бойынша сот шешімінің заңды күшіне енгені жөнінде сайлау комиссиясын хабардар етеді.

10. Мeмлeкeттік органдар, ұйымдар, жeргілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары сайлау комиссияларына өздерінің өкілeттіктeрін жүзeгe асыруға көмeк көрсeтугe, оларға қажeтті мәлімeттeр мен материалдар беругe, сайлау комиссияларының өтініштеріне — үш күн мерзім ішіндe, ал сайлау күні және оның қарсаңындағы күні дeрeу жауап қайтаруға міндeтті.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді

11. Аумақтық, округтік, учаскeлік сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлeу мен өткізу кeзeңіне өздерінің қалауымен комиссияның шeшімі бойынша сайлауды өткізуге бөлінген қаражаттың есебінен ақы төлене отырып, өндірістік немесе қызмeттік міндeттeрін орындаудан бoсатылуы мүмкін.

Сайлау комиссияларының мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің сайлауды әзірлеу мен өткізу кезеңінде өздерінің негізгі жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақысы сақталады. Сайлау комиссияларының өзге мүшелеріне осы кезеңде сайлау өткізуге бөлінген қаражат есебінен кемінде ең төменгі үш жалақы мөлшерінде жалақы белгіленеді.

Сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын мүшелерінің үстеме жұмысына, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысына, түнгі уақыттағы еңбегіне ақы төлеу сайлау өткізугe бөлінгeн қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Мыналар:

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) Парламент, мәслихаттар депутаттары, әкімдер, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) Президенттікке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне кандидаттар, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірілген адамдары;

3) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар;

4) Қазақстан Республикасы соттарының судьялары сайлау комиссияларының мүшелері бола алмайды.

Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар осы кандидат қатысатын сайлауды сайлау округінде тікелей ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларының құрамында бола алмайды.

Сайлау комиссиясының мүшесі ретінде осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында және екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың міндеттерін орындау сайлау комиссиясының шешімімен сайлау науқаны кезеңіне тиісті кандидат тіркелген күннен бастап тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген сайлау комиссиясы мүшесінің орнына тиісті сайлау науқаны кезеңіне жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімі бойынша сайлау комиссиясының мүшесі тағайындалуы мүмкін.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 20-1-баппен толықтырылды; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20 -1 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 20-1-бап өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

20-1-бап. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Саяси партиялардан, сондай-ақ өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерден, коммерциялық емес ұйымдардан Қазақстан Республикасының азаматтары байқаушылар ретінде жіберіледі.

Байқаушының өкілеттіктері оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, жазбаша нысанда куәландырылуға тиіс. Бұл құжат байқаушыны жіберген ұйымның мөрімен куәландырылады және байқаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды болады. Құжаттар байқаушы туралы деректерді есепке алу журналына енгізу арқылы оны тіркеу үшін сайлау комиссиясының төрағасына не оны алмастыратын адамға көрсетіледі.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Егер осы Конституциялық заңда өзгеше белгіленбесе, аккредиттеудің қолданылу мерзімі бір жыл болады.

Қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуді алу үшін тиісті сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды жіберуге тиіс:

1) Орталық сайлау комиссиясы белгілеген нысан бойынша өтініш;

2) сайлауға байқауды жүзеге асыру құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірме.

Аккредиттеуге өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік отыз күнді құрайды.

Аккредиттеуден бас тартуға немесе аккредиттеудің күшін жоюға мыналар негіз болып табылады:

1) құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;

2) жарғының осы баптың талаптарына сәйкес келмеуі;

3) қоғамдық бірлестік, коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы.

Сайлау комиссияларының сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан аккредиттеуден бас тарту немесе аккредиттеудің күшін жою үшін негіздердің бар-жоғын анықтауға қажетті ақпарат сұрау салу алынған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде беріледі.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:

1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;

2) дауыс беруге, соның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;

3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;

4) тасымалданатын сайлау жәшігін бақылап жүруге, соның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;

5) сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін барлық аталған рәсімдерді анық көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;

6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;

7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігі болмаған жағдайда олардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруін өткізу кезінде қатысуға;

8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және жоюы кезінде қатысуға;

9) дауыс беру барысына және оның қорытындыларын шығаруға кедергі жасамай, фотожазба, дыбысжазба және бейнежазба жасауға;

10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;

11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;

12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға бұзушылықтар туралы тиісті жазбаша мәлімдемелерді, актілерді табыс етуге және табыс еткені туралы белгі соқтыруға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініштері бойынша дауыстарды санау хаттамасына олардың жасаған актілерін қоса беруге міндетті.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:

1) олардың жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;

2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;

3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;

5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;

6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

8) фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру және тарату кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптарды сақтауға міндетті.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де аккредиттелген қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеудің күшін жоюға құқылы.

 

2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 20-2- баппен толықтырылды; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 20-2-бап өзгертілді

20-2-бап. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері

1. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысуға шақыруды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Сыртқы істер министрі жібере алады.

Шақыру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы жіберіледі.

Шақыруда миссия саны мен құрамына, сондай-ақ миссияда гендерлік балансты, елдік өкілдікті қамтамасыз етуге қатысты тілектер қамтылуы мүмкін.

2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеледі.

Аккредиттеу үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне өз байқаушыларының, өкілдерінің тізімін ұсынады.

Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болып табылмайтын жеке тұлғалар аккредиттеуге жатпайды.

Қазақстан Республикасында саяси, экономикалық немесе басқа мүдделері бар не Қазақстан Республикасының, шет мемлекеттің заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған нормаларын бұзғаны үшін олардың аккредиттелуі кері қайтарып алынған (күші жойылған) не аккредиттеуге өтінім бергенге дейінгі бес жыл ішінде қылмыстық іс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе сайлау кезеңінде заңсыз қызмет жасауда кінәлі деп танылған адамдар ак-кредиттелмейді.

3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың аккредиттелген байқаушыларына олардың сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі қызметі үшін негіз болып табылатын, Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлік беріледі. Аккредиттеуді жүргізу дауыс беру күнінен бес күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің өз мәртебесін Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқауға қатысы жоқ қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға құқығы жоқ.

6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің:

1) сайлау процесінің барлық кезеңдеріне қатысуға;

2) сайлау комиссияларында сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алуға;

3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіруге;

4) сайлау процесіне қатысушылармен кездесуге;

5) өздерінің байқағандары, анықталған заң бұзушылықтар туралы сайлау комиссияларының мүшелерін хабардар етуге, ұсынымдар енгізуге;

6) жария мәлімдемелер жасауға;

7) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға құқығы бар.

7. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері:

1) жеке басын және аккредиттелгенін куәландыратын құжаттарын өздерімен бірге алып жүруге;

2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға;

3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;

4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;

5) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге;

6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

8. Осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алуға құқылы.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

9. Байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасын немесе халықаралық құқықтың жалпыжұрт таныған нормаларын бұзған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясына шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының аккредиттелуін кері қайтарып алу туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысын аккредиттеуді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша тиісті шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның өтініші негізінде Орталық сайлау комиссиясы кері қайтарып алуы мүмкін.

 

 

3-тарау. Сайлау округтерi мен учаскелерi

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 21-бап өзгертілді

21-бап. Сайлау округтерi мен олардың жүйесi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде аумақтық сайлау округтері жүйесі құрылады және пайдаланылады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.

2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді сайлау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аумақтық сайлау округі құрылады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау округтері өңірлердің әкімшілік-аумақтық бөлінісі мен сайлаушылардың саны ескеріле отырып құрылады.

5. Өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде қалалық және селолық қауымдастықтардың аумақтарын қамтитын көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады.

 

2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

22-бап. Сайлау округтерiн құру және олардың шекараларын қайта қарау

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтерін Орталық сайлау комиссиясы құрады.

Мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау бойынша сайлау округтерін аумақтық сайлау комиссиялары құрады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсетіп, тиісті сайлау комиссиялары сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Сайлау округінің шекараларын және округтік сайлау комиссияларының тұрған жерлерін айқындауды тиісті сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

Тиісті сайлау комиссиялары сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін он күннен кешіктірмей, шекаралары және округтік сайлау комиссияларының тұрған жері көрсетілген сайлау округтерінің тізімін тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

3. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 23-бап өзгертілді

23-бап. Сайлау учаскелерiн құру

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткізу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң аумақтық сайлау комиссияларымен келісілген шешiмдерiмен сайлау учаскелерi құрылады. Сайлау учаскелерi сайлаушыларға барынша қолайлық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге жағдаяттар ескерiле отырып, құрылады.

2. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар:

1) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;

2) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы ескерiле отырып құрылады.

3) алынып тасталды

3. Қазақстан Республикасына қарайтын әскери бөлiмдерде және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында олардың орналасқан жерi, кеменiң тiркелген порты немесе тұрған жерi бойынша тиiстi сайлау округтерiне кiретiн сайлау учаскелерi құрылады.

Шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң жанынан Республика Сыртқы iстер министрлігі орналасқан аумақтағы сайлау округiне қарайтын сайлау учаскелерi құрылады.

4. Сайлау учаскелерiн құру кеме капитандарының, бөлiмдер немесе әскери құрамалар командирлерiнiң, осы баптың 3-тармағында аталған мекемелер басшыларының тиiстi әкiмдер мен Республиканың Сыртқы iстер министрлігінiң ұсыныстарына сәйкес жүзеге асырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Тиісті әкімдер сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он бес күн мерзімде, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды өткізген кезде жеті күн мерзімде сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы құлақтандырады.

 

 

4-тарау. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмi

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 24-бап өзгертілді

24-бап. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерi және оларды жасау тәртібі

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Парламент Мәжілісi мен мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмi жасалады. Сенат депутаттарын сайлау кезiнде таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады.

2. алынып тасталды

3. Нақтылы сайлау учаскесiнде азаматты сайлаушылар тiзiмiне енгізу үшiн оның осы сайлау учаскесiнiң аумағында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу фактiсi негiз болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Сайлаушылар тізімі әліпби тәртібімен немесе өзге тәртіппен жасалады. Тізімде сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы (он сегіз жастағылар үшін - қосымша күні мен айы), жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты мекенжайы көрсетіледі. Таңдаушылар тізімі әліпби тәртібімен немесе өзге тәртіппен жасалады және тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, жеке сәйкестендіру нөмірін, таңдаушы депутаты болып табылатын мәслихаттың атауын және оның тұрғылықты мекенжайын қамтиды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Сайлаушылардың тұрғылықты жері бойынша тізімін тиісті жергілікті атқарушы орган жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде жасайды.

Әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.

Егер сайлаушыға сайлаудан кемінде отыз күн бұрын сайлау күні өзінің тіркелген орны бойынша дауыс беруге арналған үй-жайға келу мүмкіндігінің болмайтыны белгілі болса, ол өзінің болатын жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу жөнінде жазбаша өтініш беруге құқылы.

Азамат осы тармаққа сәйкес өтініш жасаған кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен алып тастауды және оны сол азамат дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.

Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне өзінің шешімімен учаске құрылған әкім қол қояды және ол дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша ұсынылады.

Сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жергілікті атқарушы орган әр жылдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына қарай электрондық түрде ақпаратты салыстырып тексеруді және жоғары тұрған сайлау комиссияларына беруді қамтамасыз ететін тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсынады.

Мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары тиісті сайлау комиссиясы ұсынған сайлаушылар тізімдерінің, сондай-ақ сайлаушылар туралы деректердің анықтығы үшін жауапты болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Жатақханаларда тұратын, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанында оқитындар сайлаушылардың тізіміне жатақхананың орналасқан жері бойынша енгізіледі.

7. Әскер бөлiмдеріндегі сайлаушы әскери қызметшiлердiң, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылардың тiзiмi әскер бөлiмдерiнiң командирлерi берген мәлiметтер негiзiнде жасалады.

8. Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiмдерi аталған мекемелердiң басшылары, тиiстi әкiмдер, өкiлдiктер басшылары мен кеме капитандары берген деректер негiзiнде жасалады.

Уақытша болу орындарында (демалыс үйлерінде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерінде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерi жанынан, Қазақстан Республикасының

иелiгіндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде) құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тізімдері дауыс берiлетiн күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша мiндеттi түрде нақтылануға тиiс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тiзiмдерiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) мәслихаты төрағасының ұсынуы бойынша жасайды.

10. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 25-бап өзгертілді

25-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiне енгізу

1. Сайлаушылар тiзiмдерiне:

1) Республиканың белсендi сайлау құқығы бар азаматтары;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) азаматтар тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша енгізіледі.

Уақытша тіркелген азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша тізімнен алып тастала отырып, сайлаушылар тізімдеріне өздерінің жергілікті атқарушы органға берген өтініші негізінде енгізіледі;

3) демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторы мен уақытша ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасына қарайтын және дауыс беретiн күнi жүзуде жүрген кемелерде құрылған сайлау учаскелерi бойынша дауыс берудi өткiзетiн күнi аталған мекемелер мен ұйымдарда немесе кеме бортында болған азаматтардың бәрi;

4) әскер бөлiмдерi бойынша әскер бөлiмдерiнде тұрған әскери қызметшiлердiң барлығы, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi және әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын басқа да сайлаушылар енгiзiледi. Әскер бөлiмдерiнен тыс жерлерде тұратын әскери қызметшiлер сайлаушылар тiзiмiне тұрғылықты жерi бойынша жалпы негiзде енгiзiледi;

5) шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанындағы сайлау учаскелерi бойынша тиiстi шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Республиканың жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi. Шет мемлекетке жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Республика азаматтары учаскелiк сайлау комиссиясына өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.

2. Таңдаушылар тiзiмiне:

1) облыс аумағында орналасқан мәслихаттардың;

2) тиiсiнше республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы мәслихатының барлық депутаттары енгiзiледi.

3. Азамат (таңдаушы) сайлаушылардың (таңдаушылардың) бiр ғана тiзiмiне ене алады.

 

14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 26-бап өзгертілді

26-бап. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) тiзiмiмен таныстыру

1. Азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тiзiмдерiн дауыс беретiн күнге он бес күн қалғанда тиiстi сайлау комиссиялары танысу үшiн сайлаушыларға бередi.

Әскери бөлiмдерде, Қазақстан Республикасына тиесiлі және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын жерлерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша, ұстау изоляторларында, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегi шетелдiк мекемелерінiң жанынан құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылар тiзiмдерi сайлаушыларға танысу үшiн дауыс беруге бес күн қалғанда; өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау өткiзiлетiн кезде құрылған сайлау учаскелерi бойынша - дауыс беруге жетi күн қалғанда берiледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша таңдаушылар тізімдері танысу үшін сайлаудан кемінде жеті күн бұрын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен ұсынылады, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының интернет-ресурстарына орналастырылады.

3. Азаматтарға (таңдаушыларға) тиiстi сайлау комиссияларының үй-жайларында сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiмен танысу, сондай-ақ оларға енгiзiлген сайлаушылар (таңдаушылар) жөніндегі деректердiң дұрыстығын тексеру мүмкiндiгi берiледi.

Учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесін, дауыс беру күнін қоспағанда, тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Әрбiр азамат (таңдаушы) сайлаушылар тiзiмдеріндегі өзi туралы деректердi тексеруге және тiзiмге енгiзiлмегенi, дұрыс енгiзiлмегенi немесе тiзiмнен шығарып тасталғаны, сондай-ақ тiзiмдердегi сайлаушы (таңдаушы) туралы деректерде жаңсақтық жiберiлгенi үшiн шағымдануға құқылы. Сайлаушылар тізіміне енгізу, одан шығару не тізімдерге түзетулер жасау қажеттiгi туралы арыздарды тиiстi сайлау комиссиясы сайлау комиссиясына арыз келiп түскен күнi қарайды. Арыз мақұлданбаған жағдайда сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызының мақұлданбағаны туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешiмге сайлау комиссиясы орналасқан жердегі тиiстi сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшiн дұрыс шешiм қабылданған жағдайда сайлау комиссиясы сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмiне түзетудi немесе енгiзiлмеген сайлаушыны тiзiмге енгізудi дереу жүргiзедi.

 

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 26-1-баппен толықтырылды

26-1-бап. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімін қалыптастыру

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін тиісті әкім дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына - электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште, аумақтық және округтік комиссияларға электрондық түрде ұсынады.

2. Сайлаушылар тізіміне өзгерістер енгізілген жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы бұл туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясына хабарлайды.

3. Төмен тұрған аумақтық сайлау комиссиясы сайлау шылар тізімін Қазақстан Республикасының сайлаушы аза маттарының электрондық тізіліміне енгізу үшін жоғары тұрған комиссияға электрондық түрде ұсынады.

4. Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

 

 

5-тарау. Сайлау алдындағы үгiт

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 27-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 27-бап өзгертілді

27-бап. Сайлау алдындағы үгiт

1. Сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет.

Шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Сайлау алдындағы үгiт кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

3. Сайлау алдындағы үгiт:

1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы;

2) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және заңнамада белгiленген тәртiппен және осы Конституциялық заңда тыйым салынбаған өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), сондай-ақ кандидаттардың және олардың сенім бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткізу жолымен;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) онлайн-платформалар арқылы жүзеге асырылады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Мыналарға:

1) мемлекеттік органдарға, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік мiндеттерiн орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;

2) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшiлерiне, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьяларға;

3) сайлау комиссияларының мүшелерiне;

4) діни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің жаңалықтар, талдау бағдарламаларында кез келген үгіт материалдарын таратуына тыйым салынады.

5. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары болып табылатын кандидаттарға өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалануға тыйым салынады.

Осы Конституциялық заңда мыналар:

1) бағынышты немесе басқа да қызмет жағынан тәуелдi адамдарды, аталған адамдар кандидаттың сенім бiлдiрген адамдары ретiнде үгіттi жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге тарту;

2) кандидаттың, партиялық тiзiм ұсынған саяси партияның сайлануына септiгiн тигiзетiн қызметтi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдар орналасқан үй-жайларды пайдалану, егер өзге кандидаттарға, саяси партияларға аталған үй-жайларды осындай шарттармен пайдалануға кепiлдiк берілмесе, лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдалану деп ұғынылады;

Осы тармақта белгiленген шектеулердi сақтау лауазымды адамдарға өздерiнің қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрмеуге тиiс.

6. Кандидаттар не олардың сенім бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жазып-көрсетуді жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан қалыс қалуға; аталған адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін баспа басылымының ең таяудағы нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік беруге міндетті. Радио және телевизия арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, ал аталған теле- және радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда - оған тақырыптық бағыты сәйкес келетін өзге теле- және радиобағдарламада берілуге тиіс.

Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі есе және одан үлкен болмауға тиіс.

Бұқаралық ақпарат құралдары барлық кандидаттарды және партиялық тізімдерді ұсыну, оларды сайлау комиссияларының тіркеуі жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты баспасөз бетіндегі орны, эфир уақыты бойынша бірдей көлемде таратуға міндетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары тиісті сайлау комиссияларына осы Конституциялық заңда белгіленген сайлау алдындағы науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды жариялау мүмкіндігін дереу береді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7-1. Онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; аталған тұлғаларға өздерінің ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.

8. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдары, осы Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттар мен саяси партиялардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқан пiкiрлерi үшін жауапты болмайды.

9. Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады. Сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенім бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады.

10. Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келісімiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерінің жазбаша келiсімінсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 28-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді

28-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығы

1. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңына, өзге де заң актілеріне сәйкес белгілi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергiсiз сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кепiлдiк бередi.

Осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Конституциялық заңға сәйкес белгiленген тiркеу мерзiмi аяқталған кезден бастап, үгіт науқаны аяқталғанға дейiн кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өздерiнiң сайлау алдындағы бағдарламаларын үгiттеуге және насихаттауға құқығы бар.

Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді. Кандидаттарға қаражат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

Президенттікке кандидаттар, Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар, әкім болуға кандидаттар сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады, оларды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы.

Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу тәртібі мен шарттары бірдей болуға және қайсыбір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бермеуге тиiс.

Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.

Онлайн-платформаларды пайдаланушылар тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін береді.

Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қайсыбір кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге тиіс.

Шарттық негізде ұсынылған үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ олар Президентті және партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына, Парламент Сенаты, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.

Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынған мәліметтер орналастырылады. Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар үшін бірдей болуға тиіс.

Кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға берген келісім басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім беру болып табылады

Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен не егер жолданымдар бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.

Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар өкілдерінің телевизия мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздерiнен кейін сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.

4. Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай береді. Үй-жай беру шарты барлық кандидаттар үшін бірдей және тең болуға тиіс.

Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тиісті сайлау комиссиялары партиялық тізімдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттарға плакаттар, үнпарақтар, ұрандар мен өзге де үгіт материалдарын басып шығару үшiн бiрдей сомада ақша бөледi. Барлық үгіт материалдарында осы материалдарды шығарған ұйым (баспа материалдары бойынша - олардың басылған жері және таралымы), тапсырыс жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан ақысы төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Үгіт материалдарын Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде дайындауға, анонимдік үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Егер онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын шарттық негізде дайындаса, онлайн-платформаларға қатысты осы тармақтың талаптары қолданылады.

6. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орналастырылады.

Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.

Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға тыйым салынады.

Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда кандидаттың фотосуретiмен және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мәліметтердің стандартты жиынтығымен, бiр нысанда кандидаттар туралы ақпарат орналастырылады.

Сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат орналастырылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз сайлау қорларының қаражаты есебiнен бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығуға, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге, қосымша үгіт материалдарын шығаруға байланысты шығындарды төлеуге, сондай-ақ көлiк және iссапар шығыстарының орнын толтыруға құқылы. Бұл мақсатқа кез келген басқа көздерден өзге ақша тартуға, сайлау науқаны барысында кандидаттар пайдаланатын, кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан ақысы төленбеген жеке және заңды тұлғалардың кез келген тауарын, жұмысы мен қызметiн қабылдауға, аталған жеке және заңды тұлғаларға осы қызметтердің көрсетiлгенi үшін кандидат тарапынан жәрдемнің кез келген түріне тыйым салынады.

Кандидатқа, саяси партияларға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда олардың осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келісімi болуға тиiс. Жазбаша келісімi жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Осы Конституциялық заңға сәйкес міндетті түрде жариялануға жататын мәліметтер жергілікті атқарушы органдар мен сайлау комиссияларының интернет-ресурстарына орналастырылады. Мерзімді баспасөз басылымдары сайлау комиссияларының хабарларын Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен және көлемде республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастырады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9. Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде сауал жүргізген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейді.

Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 29-бап өзгертілді

29-бап. Кандидаттың, саяси партияның сайлау алдындағы бағдарламасы

Президенттiкке, Парламент және мәслихат депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзінің болашақ қызметiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндайды. Сайлау алдындағы бағдарламада Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс.

Аталған талаптар бұзылған жағдайда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркеуден, саяси партияның партиялық тiзiмін тiркеуден бас тартуға, ал кандидат немесе саяси партия мұндай сайлау алдындағы бағдарламаны тiркелгеннен кейiн ұсынған жағдайда кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.

 

30-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 31-бап өзгерді

31-бап. Сенім бiлдiрген адамдар

1. Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргізетін, кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіретін сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқылы.

2. Кандидаттар, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар сенім бiлдiрiлген адамдарын өздерінің қалаулары бойынша тиісті сайлау округіндегі әр сайлау учаскесіне үш адамнан аспайтын санда анықтайды және оларды тiркеу үшiн тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды.

Сенат депутаттығына кандидаттың әрбiр ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім бiлдiрiлген адамдары болуына құқығы бар.

Кандидат, саяси партия сенім бiлдiрiлген адамдар ретiнде ұсынған адамдар тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сенім бiлдiрiлген адам болуға келiскенi туралы өз өтінішін табыс етедi.

3. Сайлау комиссиясы сенім бiлдiрiлген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiк бередi.

4. Сенім білдiрiлген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол Сенат депутатын сайлау кезiнде мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, саяси мемлекеттік қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.

5. Сенім білдірілген адамдар Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының құқықтарын иеленеді, міндеттеріне ие болады және кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етеді.

6. Сенім білдiрiлген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн, өз ұйғарымымен, кандидаттың және партиялық тізiмiн ұсынған саяси партияның шешiмiмен, сондай-ақ кандидатты, партиялық тiзімдi тіркеудiң күшi жойылған, осы Конституциялық заң бұзылған жағдайларда өз мәртебесiнен айырылады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

32-бап. Сайлау алдындағы үгiттi тоқтату

1. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.

 

 

6-тарау. Сайлауды қаржыландыру

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268-III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 33-бап өзгертілді

33-бап. Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Президенттiң, Парламент, мәслихаттар депутаттарының, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттарға арнап ашылған шоттары арқылы қаржыландырылады. Бұл шоттарға республикалық бюджеттен түсетін бюджет қаражатына иелік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібi Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленеді.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Әкімдерді сайлау жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Осы мақсаттарға арналған бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленеді.

2. Республикалық бюджет қаражатынан:

1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметiне, үй-жайды жалға алуға, iссапар шығыстарына, консультанттарға, сарапшыларға, лингвистикалық комиссияның мүшелерiне, электронды сайлау жүйелерінің пайдаланылуын қамтамасыз ететін мамандарға еңбек ақы төлеуге;

2) осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөздерiне;

3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүргiзiлетiн кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткізуге, партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға;

4) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiкке;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын Президенттікке, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттар туралы, сондай-ақ партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға жұмсаған шығындары жабылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-1. Жергілікті бюджет қаражатынан:

1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне, үй-жайларды жалға алуға, іссапар шығыстарына, консультанттардың, сарапшылардың, электрондық сайлау жүйесін пайдалануды қамтамасыз ететін мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) әкім болуға кандидаттардың осы Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуіне;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) осы Конституциялық заңның 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес өткізілетін әкім болуға кандидаттардың сайлау алдындағы жария іс-шараларын өткізуге және кандидаттардың үгіт материалдарын шығаруға;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) әкім болуға кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясы белгілейтін мөлшердегі көліктік шығыстарына;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) сайлау комиссиясының үй-жайында және дауыс беруге арналған үй-жайда орналастырылатын әкім болуға кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстар жабылады.

Әкім болуға кандидаттарға бөлінетін, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген шығыстардың мөлшерін тиісті облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алуға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

Сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлауға, референдумға дайындыққа және оны өткізуге арналған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуға байланысты сатып алу Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады.

4. ҚР 2005.15.04. № 44-III Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді

34-бап. Сайлауды мемлекеттік емес қаржыландыру

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президентті, Парламент депутаттарын және мәслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтiн осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыруға болады.

2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Сайлау қорлары мынадай көздерден:

1) кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан.

2) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан;

3) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтарына тыйым салынады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Сайлау қорларына заңды жолмен алынған қаражат қана жұмсалуы мүмкін. Қорға түскен жалпы ақша сомасы мен ерікті қайырмалдықтардың сомасы, оның көзі және сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін бес күн ішінде:

Президент, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;

Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы кезiнде - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары;

мәслихаттар депутаттарының сайлауы кезінде аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

5. Аталған көздерден сайлау қорларына жолдануы мүмкiн ақшалай қаражаттың шектi мөлшерi осы Конституциялық заңның Ерекше бөлiмiнде белгiленедi. Белгiленген мөлшерден артық түскен ақша қаражаты сайлау қорына есептеуге жатқызылмайды және оларды қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарылып берiледi. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады. Дерегi жоқ қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне енгiзiледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты кандидат, партиялық тiзiм тiркелгеннен кейiн тиiстi сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шоттарға түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Осы Конституциялық заңда аталған мақсаттар үшiн сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға берiледi. Банктер тиiстi сайлау комиссиясына арнаулы уақытша шотқа келiп түскен қаражат және олардың жұмсалуы туралы апта сайын есеп бередi. Тиiстi сайлау комиссиясының сұратуы бойынша сол мәлiметтер жиырма төрт сағаттың ішiнде берiледi. Арнайы уақытша шот ашу, сайлау қорларының қаражатын жұмсау тәртібін және тиісті банк мекемесін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

7. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға жатады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.

8. Арнаулы уақытша шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысулар, міндеттi аударымдар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер сайлаудың алдындағы күнi сағат 18-де тоқтатылады.

Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсіруге рұқсат берілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есе ұлғайтылады.

Қайтадан дауыс беру өткізілген кезде өздеріне қатысты қайтадан дауыс беру өткiзiлетiн кандидаттардың арнаулы уақытша шоттары бойынша қаржы операциялары қайтадан дауыс беру тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады.

Сайлау қорына ол құрылған кезден бастап түскен ақшаның жалпы сомасы осы Конституциялық заңмен белгiленген шектен аспауғa тиiс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған сайлау қорының ақшалай қаражатының үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады.

10. Кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның осы баптың 1-8-тармақтарында белгiленген ережелердi, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген сайлау қорлары қаражатын жұмсау тәртібін бұзуы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға, ал сайлау өткiзiлгеннен кейiн кандидаттың Президент, Парламент депутаты, мәслихат депутаты, өзге де жергiлiктi өзін-өзi басқару органының мүшесi ретiнде тiркелуiне дейін тиiстi аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

35-бап. Сайлау шараларын сайлау комиссияларының қаржыландыруы

1. Президенттi, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау iс-шараларын қаржыландыруды Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Сайлау комиссияларының төрағалары ақшалай қаражатқа иелiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi жөніндегі шешiмдерiне сай келуi үшiн жауап бередi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 36-бап өзгертілді

36-бап. Сайлау науқанын өткізуге бөлiнген қаражаттың жұмсалуын бақылау

1. Сайлау науқандарына республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты кандидаттардың жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi жүзеге асырады.

3. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша аталған бақылауды жүргiзуге өздерiнiң құзыретiне сәйкес мемлекеттік органдардың мамандары тартылуы мүмкiн.

 

 

7-тарау. Дауыс беру тәртібі

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 37-бап өзгерді

37-бап. Сайлау бюллетенi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетіле отырып, барлық тіркелген кандидаттар және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне жеребемен айқындалған тәртіппен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргізеді. Жеребе тартуды жүргізудің тәртібін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Орталық сайлау комиссиясы кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды.

2. Сайлау бюллетеньдерi мемлекеттік тiлде және орыс тілiнде басылады.

Сайлау бюллетеньдерi сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Сайлау бюллетеньдері учаскелік сайлау комиссияларына сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы резервімен жеткізіледі.

4. алынып тасталды

5. Сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй мөрлеп бекiтіліп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады.

 

14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді

38-бап. Дауыс беру уақыты мен орны

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Парламент Мәжілісi мен мәслихаттар депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күнi жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн өткiзiледi. Аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат алтыдан ерте бастап, сағат жиырма екiден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық комиссиялардың шешiмi сайлаушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

2. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретiн уақыт пен орын туралы дауыс беру өткiзiлетiн күнге дейiн он күннен кешiктiрмей, ал мәслихаттардан басқа, өзге де өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын өткiзген кезде бес күннен кешiктiрмей сайлаушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ өзге де әдiстермен хабардар етуге тиiс.

3. Қазақстан Республикасының иелiгіндегі және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, сондай-ақ шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан құрылған сайлау учаскелерiнде, егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi сайлау комиссиясы сайлауға дейiн жетi күннен кешiктiрмей, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды өткiзгенде үш күннен кешiктiрмей бекiтедi.

4. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бiр күннiң iшiнде өткiзiледi. Бұл ретте дауыс беру уақытын аумақтық сайлау комиссиясы анықтайды.

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Дауыс беруге арналған үй-жай

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға дауыс беру арнайы бөлiнген бөлмелерде өткiзiлуге тиiс, оларда жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталуға, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар белгiленiп, дауыс беруге арналған жәшiктердiң қойылуы дауыс беретiн адамдар оларға жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей болуға тиiс.Бұл ретте байқаушылар, сенім бiлдiрілген адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi мен сайлау комиссиясы мүшелерiнiң сайлау жәшiктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кірудi және шығуды бақылауына жағдай жасалуға тиiс.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезін де мүмкіндігі шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы адамдар дауыс берудi өткізу жөніндегі комиссия белгiлеген ережелердi қатаң сақтауға мiндеттi. Тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы бiр мезгiлде дауыс беруге арналған үй-жайдағы сайлаушылардың санын реттейдi; тәртiпке жауапты болады және осы Конституциялық заңның ережелерiн бұзып, дауыс берудi өткізуге кедергi келтiрген кез келген адамның ол жерден кетуiн талап етуге хақылы.

Дауыс беру күнi дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесiне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының Сайлау туралы заңдарын бұзған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесi оның жұмысына қатысудан дереу шеттетiледi, ал байқаушы мен өзге адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелдi шешiмi бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылады.

Осы шешiмнің орындалуын iшкi iстер органдары жүзеге асырады, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының шеттетiлген мүшесiн, сондай-ақ шығарылған байқаушыны немесе өзге адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қабылдайды.

3. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тәртiптi қамтамасыз ету iшкi iстер органдарына жүктеледi. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi дауыс беруге арналған үй-жайда комиссия төрағасының шақыруымен ғана болуға тиiс және тәртiп қалпына келтiрiлгеннен кейiн не комиссия төрағасының өтініші бойынша ол жерден дереу шығуға мiндеттi.

 

14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 38-бап өзгерді

40-бап. Дауыс берудi ашу

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Мәжілістің депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беретiн күнi учаскелiк сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған учаскелердi аша бастауға тиiс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сенат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беретiн күнi тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру басталғанға дейiн бiр сағат бұрын дауыс беруге арналған пункттердi аша бастауға тиiс.

3. алынып тасталды

4. Учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы;

1) дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерiнiң қатысуымен сайлау жәшiктерiнде сайлау бюллетеньдерiнiң бар екенiн немесе жоқ екенiн, жәшiктердiң бүтiндiгiн тексередi, дауыс беруге арналған жәшiктерге пломба салады немесе мөр басады;

2) комиссияның сайлау бюллетеньдерiн беруге жауапты мүшелерiн белгiлейдi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 41-бап өзгертілді

41-бап. Дауыс берудi ұйымдастыру

1. Әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi.

2. Сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге және сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi.

3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi.

4. Сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды.

5. Комиссияның бюллетеньдi (бюллетеньдердi) берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi (бюллетеньдердi) алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды.

Сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының бюллетеньдер бepуге құқығы жоқ.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс.

Осы тармақта көрсетілген өтініш келіп түскен жағдайда, сайлау комиссиясының төрағасы өтiнiш берген сайлаушының сайлаушылар тiзiміндегі аты-жөнiнің тұсына тиiстi белгi қояды.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастырған кезде тасымалданатын жәшiктердi сайлау комиссиясының екі мүшесi алып жүредi.

Учаскелiк сайлау комиссиясының мүшелерi байқаушыларды, сенім бiлдiрілген адамдарды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруі туралы хабардар етуге мiндеттi.

Сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру үшiн шыққан кезде оларға байқаушылар не сенім бiлдiрілген адамдар iлесiп жүруге құқылы.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi ұйымдастыру кезiнде сайлау комиссиясының мүшелерi, сайлау бюллетеньдерiнiң бүлiнуi мүмкiн екендiгi ескерiле отырып, олардың қажеттi мөлшерiмен қамтамасыз етiлуге тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру кезінде бюллетень (бюллетеньдер) сайлаушыларға сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсету арқылы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтініш негізінде беріледі, олар бұл туралы өтінішке қол қояды.

Бюллетень (бюллетеньдер) берген комиссия мүшесi оған өз қолын қояды, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiшке де қол қояды.

6-1. Жалпы жұрттың танысуы үшін сайлаушылар тiзiмдерiн ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болу орнын ауыстырған кезде учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін табыс етедi. Бұл ретте сайлаушылар тiзiміне тиiсті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беретін күнi сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тiзiміне енгізедi.

Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беретін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.

7. алынып тасталды

8. алынып тасталды

9. Дауыс берудi осы баптың 6-тармағына сәйкес ұйымдастырып, өткізу азаматтардың сайлау құқықтарын бұзу, дауыс беру құпиясын бұзу немесе сайлаушының ерiк бiлдiруiн бұрмалау мүмкiндiгiн болдырмауға тиiс.

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 42-бап өзгертілді

42-бап. Дауыс берудi өткізу

1. Дауыс берушiлер сайлау бюллетеньдерiн жасырын дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады. Оларды толтыру кезiнде дауыс берушiден басқа кiмнiң болса да кiрiп тұруына тыйым салынады. Бюллетеньдердi өз бетiнше толтыруға мүмкiндiгi жоқ сайлаушы (таңдаушы) өзi сенетiн адамның көмегiн пайдалануға хақылы, оның аты-жөнi дауыс бергеннен кейiн сайлаушылардың тiзiмiне тiркелiп, тұсына сайлаушының (таңдаушының) бюллетень алғандығы жөнiнде қолы қойылады. Мыналар ондай адам болуға тиiс емес:

1) сайлау комиссиясының мүшесi;

2) жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның лауазымды адамы;

3) кандидаттың сенім бiлдiрген адамы;

4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi-журналист;

5) тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген байқаушы.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс беретiн кандидат тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі соғады.

Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға не «Бәріне қарсымын» деген жолдың оң жағында орналасқан шаршыға кез келген белгі қояды.

3. Сайлаушы мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелерін сайлаған кезде өзi дауыс беретiн кандидаттар тегiнiң оң жағындағы бос шаршының iшiне кез келген белгi соғады.

3-1. Бюллетеньге қарындашпен белгi қоюға, сондай-ақ оған қандай да болсын түзету енгізуге жол берiлмейдi.

4. Толтырылған бюллетеньдердi сайлаушы (таңдаушы) дауыс беруге арналған жәшiкке салады.

5. алынып тасталды

 

 

8-тарау. Дауыс беру қорытындыларын анықтау

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 43-бап өзгертілді

43-бап. Сайлау учаскесіндегі (дауыс беру пунктіндегі) дауыстарды санау

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттi, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезiнде барлық сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау, егер сол учаскеде осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса, жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада басталады. Дауыс беру уақыты өзгерген жағдайда дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн басталады.

Дауыстарды санауды сайлау комиссиясының мүшелерi дауыс беру қорытындысы анықталғанға дейiн үзіліссiз жүргiзедi, қорытындылар осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысатын адамдардың назарына жеткiзiлуге тиiс. Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауға тиiс.

Дауыс беруге арналған үй-жайдағы дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар учаскелiк сайлау комиссиялары мүшелерiнiң iс-әрекетiн үй-жайдағы қатысушы барлық адамдардың көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады. Дауыстарды санау кезiнде қатысатын сенім бiлдiрiлген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды бюллетеньдердегi белгілердiң көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлетiндей қашықтық пен жағдайда байқап тұрады.

Сайлау бюллетеньдерiн санау кезiнде комиссия төрағасы немесе комиссияның белгiлi бiр мүшесi қатысушыларға сайлау бюллетенiн көрсетедi және сайлаушының ерiк бiлдiруiн жариялайды.

Бұл ретте бюллетеньдер әрбір кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия бойынша жеке-жеке қатталып, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер үшін және жарамсыз бюллетеньдер үшін жеке-жеке қатталып жиналады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Парламент Сенаты депутаттарын сайлау кезiнде дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейiн кiдiрiссiз басталады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Дауыстарды санау әрбiр кандидат әрбiр саяси партия, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер бойынша жеке-жеке жүргiзiледi. Дауыс беруге арналған жәшiктердi төраға дауыс берудiң аяқталғаны туралы хабарлағаннан кейiн тиiстi сайлау комиссиясы ашуға тиiс. Дауыс беру аяқталғанға дейiн жәшiктердi ашуға тыйым салынады.

3-1. Дауыс беру аяқталған соң бюллетеньдер салынған жәшіктердi ашқанға дейiн учаскелiк сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша бюллетеньдер алған сайлаушылардың есебiн жүргiзедi және олардың жалпы санын анықтайды. Учаскелiк сайлау комиссиясының төрағасы не оның орнындағы комиссия мүшесi санау нәтижелерiн жария етедi және оларды дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаға енгiзедi.

Бiрiншi болып тасымалданатын сайлау жәшiктерi кезегiмен ашылады. Тасымалданатын сайлау жәшiгіндегі бюллетеньдердің саны дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру мүмкiндiгiн жасау туралы жазбаша өтiніштердiң санына сәйкес келуге тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшiгiнде белгiленген үлгідегі сайлау бюллетеньдерiнің саны жазбаша өтініштердің тиісті санынан артық болып шықса, онда бұл жәшіктегі барлық сайлау бюллетеньдерi жарамсыз деп танылады. Бұл жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен алынған барлық сайлау бюллетеньдерiнiң жарамсыз деп танылғаны туралы акт жасалады, онда сонымен бiрге осы тасымалданатын жәшiктiң көмегiмен дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берудi өткiзген комиссия мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiледi. Дауыс беруге арналған тасымалданатын жәшiктер ашылғаннан кейiн тұрақты жәшiктер ашылады.

4. Жәшiктердi ашардың алдында пайдаланылмаған барлық бюллетеньдердi тиiстi сайлау комиссиясы санайды және жояды. Сайлау комиссиясы сайлаушылардың тiзiмдерi бойынша:

1) учаскедегi (дауыс беру пунктіндегі) сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;

2) бюллетеньдер алған сайлаушылар (таңдаушылар) санын;

3) комиссияның әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер санын анықтайды.

4-1. Жәшiктердi ашқаннан кейiн сайлау комиссиясы бюллетеньдердiң саны бойынша:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) жалпы санын;

2) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берілген дауыстар санын;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер санын;

3) жарамсыз ден танылған бюллетеньдер санын;

4) учаскелiк сайлау комиссиясы алған бюллетеньдер санын;

5) жойылған бюллетеньдер санын анықтайды.

Дауыс беруге арналған жәшiктерден алынған бюллетеньдердiң саны сайлаушылар тiзiмдерiнің және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беру туралы өтiнiштердiң негiзiнде берiлген бюллетеньдер санынан асып кеткен жағдайда, сайлау комиссиясының әрбiр мүшесi берген бюллетеньдер саны анықталады.

5. Мынадай бюллетеньдер:

1) белгiленбеген үлгiдегi;

2) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзін басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде дауыс беруді қоспағанда, бір саяси партиядан артық, бір кандидаттан артық белгіленген;

4) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылады.

Дауыстарды тiкелей санау кезiнде жарамсыз сайлау бюллетеньдерi дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) бюллетеньдерi қатарынан алып тасталады.

6. алынып тасталды

7. Келiспеушiлiк пайда болған жағдайда мәселенi учаскелiк комиссия дауыс беру жолымен шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жартысынан астамы даусымен қабылданады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-1. Учаскелік сайлау комиссиясы (Сенат депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиясы) сенім білдірілген адамның жазбаша нысанда берілген арызы бойынша дауыстарды қайта санауды осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген мерзімде бір рет қана жүргізеді.

8. Дауыстарды санау нәтижелерiн учаскелiк сайлау комиссиясы қарап, хаттамаларға түсiредi, оларға сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Сайлау комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаларға учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

Дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамаларды қарындашпен және әр түстi сиялармен толтыруға, сондай-ақ оларға қандай да бiр түзетулер енгізуге жол берiлмейдi. Бұл ретте дауыс беру нәтижелерiнiң сандық мәнi сөзбен жазылып қайталануы тиiс.

Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.

Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшiрмесi беріледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-1. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнің үй-жайында ілінедi және үй-жайда үш күн бойы тұрады.

Осы Конституциялық заңға сәйкес, дауыстарды санау кезінде қатысқан адамның тiлегi бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, сайлау комиссиясының мөрiмен куәландырылған хаттаманың көшірмесі беріледі.

8-2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Тиiстi жоғары тұрған сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының (Сенат депутаттарын сайлаған кезде аумақтық сайлау комиссияларының) хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудiң дұрыстығына күмәнданатын болса, ол комиссия тиiстi учаскелiк (аумақтық) сайлау комиссиясы сайлаушыларының дауысын қайта санау туралы шешiм қабылдауға хақылы. Сайлаушылардың дауысын қайта санау жоғары тұрған сайлау комиссиясы мүшесiнiң және дауыстардың дұрыс саналмағандығы фактілерiн табыс еткен өтiнiш берушілердің қатысуымен жүргiзiледi.

Сайлау комиссиясы шешімінің негiзiнде жүзеге асырылатын дауыстарды қайта санау сайлау қорытындылары ресми жарияланғанға дейiн жүргізілуге тиiс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 44-бап өзгертілді

44-бап. Сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мәслихат депутаттарын, әкімді, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын аумақтық сайлау комиссиялары анықтайды.

3. Сайлау қорытындылары хаттамаға түсiрiлiп, оған сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды. Комиссияның төрағасы болмаған жағдайда оның орнына хаттамаға комиссия төрағасының орынбасары немесе хатшысы қол қояды.

4. Сайлау қорытындылары туралы хабарды:

1) Президентті, Парламент депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) мәслихаттар депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) әкімді, мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау қорытындылары туралы хабарды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Орталық (аумақтық) сайлау комиссиясының хабарында мыналар көрсетіледі: сайлау датасы, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiне енгiзілген және дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы саны; сайлау округтерiнiң жалпы саны; дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны; есептен шығару куәліктері бойынша дауыс берген сайлаушылардың саны; дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны; сайлауға қатысқан саяси партиялардың саны; қайта дауыс беру өткізілетін әкімшілік-аумақтық бірліктер (сайлау округтері) саны; Президенттiкке, Парламент Сенаты депутаттығына, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттығына әрбiр кандидат үшiн, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстар саны; «Бәріне қарсымын» деген жолда белгісі бар бюллетеньдер саны; сайланған Президент, Парламент Сенатының депутаттары, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттары, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, олардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылы, атқаратын лауазымы (жұмыс түрі), тұрғылықты жерi, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы, қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Орталық және аумақтық сайлау комиссияларының хабарларындағы деректер сайлау округтері бойынша ұсынылады.

6. 2006 ж. 22 желтоқсандағы № 208 -III ҚР Конституциялық заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 45-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

45-бап. Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін тіркеу

Тиісті сайлау комиссиялары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен, сайланған Президентті, Парламент, мәслихаттар депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін тіркеуді олардан жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Республика заңдарына сәйкес Президенттің, Парламент, мәслихат депутатының, әкімнің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін жүргізеді.

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 46-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 46-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

46-бап. Президенттің, Парламент, мәслихаттар депутатының куәлігі мен төсбелгісі, әкімнің және өзге де жергілікті өзі-өзі басқару органы мүшесінің куәлігі

1. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде Президентке тиiстi куәлiгi мен Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi тапсырады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Парламентi депутаттарын сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейiн әрбiр депутатқа куәлiгi мен ол белгілеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiсiн тапсырады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдарында:

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мәслихаттар депутаттарының тізімі жарияланғаннан кейін - олардың әрқайсысына мәслихат депутаттарының куәлiгiн және Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген үлгiдегi омырауға тағатын белгiнi бередi;

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) әкімдердің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің тізімі жарияланғаннан кейін - олардың әрқайсысына әкімнің, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органы мүшесінің Орталық сайлау комиссиясы белгілеген үлгідегі куәлігін береді.

 

 

9-тарау. Сайлау бостандығының кепiлдiктерi

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2014.04.07. № 232-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді

47-бап. Кандидаттар қызметiнiң сайлау науқаны барысындағы кепiлдiктерi

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға кандидаттар тiркелген күнiнен бастап және сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттарын сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына, әкім болуға, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелiгiне кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн өздерiнiң келісімiнсiз жұмысынан босатуға, басқа жұмысқа немесе лауазымға ауыстыруға, сондай-ақ iссапарларға жiберуге не әскери жиындарға шақыруға болмайды.

3. Қылмыс үстінде ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайлардан басқа кезде, Президенттiкке, Парламент депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент, Парламент депутаты ретiнде тiркелгенге дейiн Орталық сайлау комиссиясының келiсiмiнсiз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді

48-бап. Мемлекеттік органдардың сайлау бостандығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметi

1. Соттар, прокуратура мен iшкi iстер органдары үшiн, сондай-ақ тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар үшiн дауыс беру күнi мен соның қарсаңындағы күн жұмыс күнi болып табылады.

2. Iшкi iстер органдары мен тұрғын үй қорын пайдалану жөніндегі ұйымдар сайлау комиссиялары қажет ететiн, тиiсiнше, мынадай:

1) дауыс берудi өткізу кезiнде қоғамдық тәртiп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету;

2) сайлаушылар тiзiмдерiн нақтылау;

3) сайлау комиссияларының қызметiнде туындаған басқа да мәселелер жөнiнде көмек көрсетуге мiндеттi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыста жәрдемдесуге міндетті.

3. Егер сайлау комиссиясы өзiнiң атына берiлген өтiнiштi тексеру кезiнде өтiнiште көрсетiлген мән-жайларды құқық қорғау органдарының тексеруi қажет деп тапса, онда тиiстi органдар сайлау комиссиясының өтiнiшi бойынша мән-жайларды тексередi және өтiнiштi алған күннен бастап - үш күндiк мерзiмде, ал егер өтiнiш дауыс берілетiн күн алдындағы бес күнге жетпейтін уақыт ішінде не дауыс берілетін күні алынған жағдайда дереу өтiнiш бойынша шешiм шығарады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді

49-бап. Сайлау науқаны барысындағы шешiмдер мен iс-әрекеттерге шағым беру және олардың күшiн жою

Соттар мен прокуратура органдары сайлау комиссиялары мүшелерiнiң, азаматтардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiнiң дауыс берудi өткізу мәселелеріне қатысты, оның ішінде сайлау туралы заңнаманың бұзылуы туралы сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңiнде келiп түскен арыздарын қабылдауға, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, оларды - бес күн мерзiмде, ал дауыс беру алдындағы бес күнге жетпейтiн уақыт iшiнде және дауыс беру күнi келiп түскендерiн дереу қарауға мiндеттi.

Жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару органдарының, кәсiпорындар мен ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының сайлау туралы заңдарды бұзатын шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне сотқа шағым жасалады.

Соттар, прокуратура органдары мен сайлау комиссиялары өз жұмысын сайлау процесi кезiнде, оның iшiнде демалыс күндерi және сайлау өтетiн күнi, шағымдарды қабылдау мен қарауды осы Конституциялық заңда белгiленген мерзiмде қамтамасыз ететіндей етiп ұйымдастырады.

Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.

Сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер осы Конституциялық заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 50-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 50-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

50-бап. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Тұлға:

1) сайлау комиссиясының жұмысына араласқан;

2) дауыс беруге кедергi келтiрген;

3) кандидатты, партиялық тiзiмдердi тiркеуге байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;

4) дауыстарды санауға және сайлау қорытындыларын анықтауға байланысты мiндеттердi орындауға кедергi келтiрген;

5) кандидатты, саяси партияны сайлау мақсатында өзiнiң лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;

6) сайлау құжаттарын қолдан жасаған;

7) дауыстарды көрiнеу қате санаған;

8) сайлау нәтижелерiн көрiнеу қате айқындаған;

9) дауыс беру құпиясын бұзған;

10) Республика азаматының өз сайлау құқығын еркiн жүзеге асыруына зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту, сатып алу жолымен кедергi келтiрген жағдайда заңмен белгiленген қылмыстық жауаптылықта болады.

2. Тұлға:

1) осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес мәлiметтердi бермеген немесе жарияламаған;

2) сайлау комиссиясының өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмiн орындамаған;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) сайлау алдындағы үгiттi кандидатты, саяси партия ұсынған партиялық тiзiмдi тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, сайлау күнi не соның алдындағы күнi жүргiзген;

4) сайлау алдындағы үгіт жүргiзу құқығына кедергi келтiрген;

5) кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер таратқан немесе олардың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасаған;

6) сайлау комиссиясы мүшелерiнiң құқықтарын бұзған;

7) азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзған;

8) сайлаушылар тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы жалған мәлiметтер берген;

9) басқа адамдар үшiн дауыс беру мақсатымен азаматтарға сайлау бюллетеньдерін берген;

10) сайлауға қатысу үшін демалыс бермеген;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 11) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

11) бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргiзу талаптарын бұзған;

12) анонимдi үгiт материалдарын дайындаған немесе таратқан;

13) үгiт материалдарын қасақана жойған немесе зақымдаған;

14) кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық (материалдық) қолдау көрсеткен;

15) кандидатты сайлау үшiн шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан, азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдық алған;

16) сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу жүргiзудің талаптарын бұзған;

17) сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi мен байқаушылардың заңды қызметiне кедергi келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген әкiмшілiк және өзге де жауаптылықта болады.

3. Осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде сайлау комиссиясы сотқа не прокуратураға жүгiнуге құқылы.

4. Кандидат, саяси партия осы Конституциялық заңның талаптарын бұзған кезде, кандидатты тiркеуден бас тарту немесе тiркеудiң күшiн жою үшiн негiз болып табылатын талаптарды қоспағанда, оларға ескертiледi, ал қайта бұзған кезде тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

 

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 9-1-тараумен толықтырылды

9-1-тарау. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткізудiң ерекшелiктерi

 

ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 50-1-бап өзгерді

50-1-бап. Электрондық сайлау жүйесi

1. Сайлау өткізу кезiнде сайлаушылардың тiзiмiн жасау, дауыс беру, дауыс берудiң қорытындыларын белгiлеу мен сайлау нәтижесiн анықтау үшiн сайлау округi аумағында электрондық сайлау жүйесi пайдаланылуы мүмкiн.

Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде осы Конституциялық заңның нормалары электрондық сайлау жүйесiн пайдаланудың ерекшелiктерi ескеріле отырып қолданылады.

2. Электрондық сайлау жүйесi - сайлауға әзiрлену мен оны өткізу кезiнде ақпараттық процестердi автоматтандыруға арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының жиынтығы.

Электрондық сайлау жүйесiнде пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификатталуға тиiс.

3. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып сайлау өткiзген кезде сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi осы Конституциялық заңда көзделген құқықтар мен мiндеттерге толық көлемде ие болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Электрондық сайлау жүйесі немесе оның жекелеген элементтері пайдаланылатын сайлау округтері мен сайлау учаскелерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

5. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары учаскелiк сайлау комиссиясы мүшелерiнiң қатысуымен дауыс беруге кемiнде үш күн қалғанда ашылып, орнатылады, ол туралы акт жасалады.

Жабдықтарды ашу және орнату кезiнде сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы. Электрондық сайлау жүйесiнiң жабдықтары орнатылған кезден бастап сайлау учаскесiн күзетудi iшкi iстер органдарының қызметкерлерi қамтамасыз етедi.

6. Жергiлiктi атқарушы органдар дауыс берiлетiн күнi сайлау учаскесi ашылған кезден бастап дауыс беру нәтижелерi Орталық сайлау комиссиясына берiлгенге дейiн электрондық дауыс беру өткiзiлетiн учаскелерге электр энергиясының үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етедi.

7. Электрондық сайлау жүйесiн пайдалану тәртiбінiң осы Конституциялық заңмен регламенттелмеген бөлiгiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

50-2-бап. Электрондық сайлау жүйесіне қойылатын талаптар

1. Электрондық сайлау жүйесi Конституция және осы Конституциялық заң талаптарының сақталуын, оған енгізілетiн және одан шығатын ақпараттардың дұрыстығын, толықтығын және уақтылығын қамтамасыз етуге тиiс.

2. Электрондық сайлау жүйесi ақпараттарға рұқсат етiлмеген жолмен қол жеткізудi, ақпараттарды жинаушы, өңдеушi, жинақтаушы, сақтаушы, iздестiрушi және берушi бағдарламалық-техникалық құралдардың жұмыс ырғағын бұзуды, аталған құралдардың iстен шығуын болдырмайтын тиiстi қауiпсiздiк шараларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.

3. Сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде мыналарға:

Орталық сайлау комиссиясы белгілегеннен басқа электрондық жүйелердi пайдалануға;

оны ортақ қолжетiмдi телекоммуникациялық желiлерге және электрондық сайлау жүйесінде қолданылмайтын өзге де ақпараттық жүйелер мен байланыс желiлеріне қосуға;

электрондық дауыс берудi өткізуге, дауыстарды санауға, сайлау нәтижелерi туралы ақпараттарды беруге заңсыз араласып, бақылау жасауға жол берiлмейдi.

4. Электрондық сайлау жүйесi кез келген енгізілген ақпаратты оның енгізілуiне қарай iс-әрекеттi сипаттап және енгізудiң дәл уақытын көрсете отырып, автоматты түрде сақтауға мүмкiндiк беретiн бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын (дауыс беру туралы деректердi жазу құрылғысын) қамтуға тиiс.

 

50-3-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай

1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жай, дауыс беруге арналған кабинада дауыс берудi қоспағанда, қатысып отырған адамдарға электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру кезіндегі iс-әрекеттің көрінуі қамтамасыз етілетіндей болып жабдықталады.

2. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беруге арналған үй-жайда электрондық сайлау жүйесiне қызмет көрсетуге Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртіппен рұқсат алған маман бола алады.

 

50-4-бап. Электрондық сайлау бюллетенi

1. Электрондық сайлау жүйесін пайдаланып сайлау өткiзген кезде дауыс беру электрондық сайлау жүйесi құралдарымен жасалатын электрондық бюллетеньмен жүргiзiледi.

2. Электрондық сайлау бюллетенiнiң мәтiнi мемлекеттік тiлде және орыс тілінде жазылады және осы Конституциялық заңның 37-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келуге тиiс.

 

2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 50-5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

50-5-бап. Электрондық дауыс берудi ұйымдастыру

1. Сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан отыз минут бұрын комиссия мүшелерінің қатысуымен:

электрондық сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс iстеп тұрғандығын тексередi;

комиссияның сайлаушыларды есепке алуға және электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны беруге жауапты мүшелерiн анықтайды.

Электрондық сайлау жүйесiнiң жұмысын тексерген кезде дауыс беруге арналған үй-жайда сенім бiлдiрiлген адамдар, байқаушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерi болуға құқылы.

Осы тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық сайлау жүйесiне қатысты ic-әрекеттi кiмнiң болса да жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Дауыс беру басталғанға дейін сайлау комиссиясының төрағасы электрондық сайлау жүйесін қосудың мөр басылып жабылған паролiн ашады және электрондық сайлау жүйесiн оны енгізу жолымен iске қосады. Бұл ретте қатысушыларға парольдің сақталу шараларының бүтiндiгiне алдын ала көз жеткізу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуi тиiс.

Электрондық сайлау жүйесін қосу Орталық сайлау комиссиясы белгілеген уақытта жүргізіледі.

3. Сайлаушы электрондық дауыс беруге сайлаушылардың тiзiмдерi негiзiнде сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуi бойынша жiберiледi.

4. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген кезде осы Конституциялық заңға сәйкес сайлаушылар дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғының көмегімен дауыс бередi, ол дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген барлық сайлаушылардың дауыстары туралы деректердiң сақталу мүмкiндiгiмен қамтамасыз етілуге тиiс.

Осы Конституциялық заңның 41-бабының 6-тармағына сәйкес берген өтiнiштерi негiзiнде сайлаушылар тiзiмiнен олар туралы деректер электрондық дауыс беруге арналған тасымалданатын құрылғыға алдын ала енгізiлiп қойылады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Сайлаушы электрондық дауыс берудi жасырын дауыс беруге арналған кабинада жүзеге асырады, онда осы Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, дауыс беретiн адамнан басқа адамның қатысуына тыйым салынады.

Сайлаушы электрондық дауыс беру бюллетенінен электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн кандидаттың аты-жөнiн немесе «Бәріне қарсымын» деген жолды табады және соған дауыс бергенiн растайды.

Сайлаушы саяси партия үшiн дауыс берген кезде электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны басқару элементтерiн пайдалану жолымен өзi дауыс бергiсi келетiн саяси партияның атауын немесе «Бәріне қарсымын» деген жолды табады және соған дауыс бергенiн растайды.

Дауыс беруге арналған кабинада дауыс берген сайлаушы электрондық дауыс беруге арналған құрылғыны сайлау комиссиясының мүшесіне бередi.

6. Электрондық дауыс беруге және дауыстарды санауға кедергi келтiретін техникалық ақаулар туындаған жағдайда сайлау комиссиясы бағдарламаны қайта қосу туралы шешiм қабылдауға құқылы, ол хаттамамен ресiмделедi және оған сайлау комиссиясының мүшелерi қол қояды.

Бұл шешiмнiң орындалуы электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды қамтамасыз ететiн маманға жүктеледi.

7. Егер жабдықтың техникалық жай-күйi сайлауды тиiстi дәрежеде өткізуге мүмкiндiк бермесе, онда тиiстi сайлау учаскесiнде дауыс беру Орталық немесе тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының шешiмiмен ақауларды жоюға және дауыс берудi ұйымдастыруға қажеттi мерзiмге кейiнге қалдырылады.

Тиiстi сайлау учаскесiнде ақаулар туындағанға дейiн дауыс берген сайлаушылар кейінгі дауыс беруге жалпы негiзде қатысады.

50-6-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде дауыстарды санау

1. Электрондық дауыс берудi пайдаланған кезде дауыстарды санау электрондық сайлау жүйесiмен жүргізiледi.

Дауыстарды санау осы Конституциялық заңмен белгіленген уақытта басталады, бiрақ осы учаскедегі дауыс беруге арналған барлық құрылғылардағы деректер электрондық сайлау жүйесiне енгізілмей тұрып басталмауы керек.

Дауыстарды санау туралы мәлiметтер дауыс беру туралы деректер құрылғысында тiркелуге тиiс.

2. Сайлау учаскесiндегі электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы ақпарат электрондық жүйемен электрондық хаттамаға енгізiлiп, ол комиссия мүшелерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбаларымен расталады.

Сайлау комиссиясының мүшелерi қол қойған электрондық хаттаманың қағаздағы көшiрмесi сайлау учаскесiнің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орынға iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады.

3. Осы Конституциялық заңға сәйкес дауыстарды санау кезiнде қатысқан адамның тiлегі бойынша оған комиссия төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, тиiстi сайлау комиссиясының мөрiмен расталған, электрондық дауыс беру нәтижелерi туралы электрондық хаттаманың қағазға түсiрiлген көшiрмесi беріледi.

50-7-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау қорытындыларын белгiлеу

1. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланған кезде сайлау округтері бойынша сайлау қорытындыларын электрондық хаттамалар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы белгілейдi және олар тиiстi сайлау комиссияларына хабарланады.

Электрондық сайлау жүйесі арнайы бөлiнген коммуникациялық желiлерге осы тармаққа сәйкес ақпарат беру үшін қажеттi мерзімге ғана қосылады.

2. Егер дауыс беру осы Конституциялық заңның 50-5-бабының 7-тармағымен көзделген тәртiппен кейiнге қалдырылған жағдайда, тиiсті сайлау округы бойынша сайлау қорытындылары тиiстi сайлау округының барлық учаскелерiнде дауыс беру өткiзiлгеннен кейiн белгiленедi.

50-8-бап. Электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану

1. Жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа электрондық сайлау жүйесiн пайдаланып дауыс беру нәтижелерiне шағымдану кезінде дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы дәлелдеме ретiнде қаралады.

2. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар осы баптың мақсаттары үшін тиiсті облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) аумақтық сайлау комиссиясында сақталады.

50-9-бап. Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғыларды сақтау

Дауыстар саналғаннан кейiн дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғы пакетке салынып, сайлау комиссиясының мөрiмен бекітіледi және тиiстi облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиясына берiледi.

Дауыс беру туралы деректердi жазуға арналған құрылғылар сайлау аяқталған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.

 

 

II. ЕРЕКШЕ БӨЛIМ

10-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы

06.11.98 ж. № 285-II; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 51-бап өзгертілді

51-бап. Республика Президентінің кезектi сайлауы

Президенттiң кезектi сайлауы жеті жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

 

2011.03.02. № 404-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 51-1-баппен толықтырылды

51-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауы

1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалған күнінен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кезектен тыс сайлаудан кейінгі Президенттің кезекті сайлауы жеті жыл өткен соң осы Конституциялық заңда белгіленген мерзімде жарияланады.

 

52-бап. ҚР 06.11.98 ж. № 285-II Заңымен алынып тасталды

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-II Заңымен 53-бап өзгертілді; ҚР 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара); 2010.14.06. № 289-ІV (бұр.ред.қара) Конституциялық Заңдарымен 53-бап өзгертілді

53-бап. Республика Президентi сайлауын жариялау

1. Президенттiң кезектi сайлауын Парламент Мәжілісi қыркүйектің екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей жариялайды.

2. алынып тасталды

3. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

54-бап. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Президент болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 41-бабының 2-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жылды құрайтын жұмыс тәжірибесі болуға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

2. Президенттiкке кандидатқа Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылатын талаптарға оның сәйкестiгiн Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшірме кандидаттың дауысқа түсуге келiсiм беруi туралы өтiнiшiмен және кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжатпен бірге ұсынылған кезден бастап бес күн iшiнде анықтайды.

Президенттiкке кандидат Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Бұл ретте Президенттiкке кандидаттың Қазақстан Республикасында соңғы он бес жыл тұрып жатқандығын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды, ал кандидаттың мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгергенiн анықтау рәсімі Республика Конституциялық Кеңесінің Конституцияның 41-бабының 2-тармағын ресми түсiндiру туралы шешіміне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен айқындалады.

Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтау рәсімі кандидатурасы өкілеттіктердің келесі мерзіміне қайта ұсынылған, жұмыс істеп жүрген Республика Президентіне қолданылмайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 55-бап өзгертілді

55-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Президенттiкке кандидаттарды ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерге тиесілі болады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

3. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да хаттамадан үзiндi жасалады. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының шешiмi:

1) Президенттiкке кандидатқа жеткiзiледi;

2) Президенттiкке кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруi туралы өтiнiшiмен қоса Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады.

4. 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Егер кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 56-бап өзгертілді

56-бап. Республика Президенттiгiне кандидатты қолдап қол жинау

1. Сайлаушылардың Президенттiкке кандидатты қолдауы олардың қол жинауы арқылы расталады.

2018.28.12. № 209-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Президенттiкке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi қолдауға тиiс.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Президенттікке кандидатты қолдап қол жинауды сенім бiлдiрiлген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың Конституциямен және осы Конституциялық заңмен белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруден кейiн бес күн мерзiмнен кешіктірмей осы Конституциялық заңның 55-бабының 3-тармағында белгiленген оны ұсыну туралы құжаттар негiзiнде Орталық сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.

4. Әрбiр қол қою парағының рет нөмiрi болуға тиiс және оған кандидаттың тегi, аты, әкесiнiң аты мен оның сенім бiлдiрген адамының жеке қолы, қол жинаушының тегi, аты, әкесiнiң аты, қол жинау жүргiзiлген елдi мекеннiң атауы, сондай-ақ қол қоятын адамдар туралы мынадай мәлiметтер бар бағаналар енгiзiлуге тиiс:

1) тегi, аты және әкесiнiң аты;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы;

3) туған күнi, айы мен жылы;

4) тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерiнiң мекен-жайы;

5) жеке қолы.

5. Қол жинаушы адам қол жинаған кезде тиiстi қол қоятын парақта жеке қолы қойылған кандидаттың сенім бiлдiрген адамының тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетуге тиiс.

6. Орталық сайлау комиссиясы:

1) қол қою парағының үлгiсiн бекiтедi;

2) Президенттiкке кандидаттарды қол қою парақтарының қажеттi санымен қамтамасыз етуге мiндеттi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Президенттiкке кандидатты қолдауға қол жинау жөніндегі толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол он күн iшiнде құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн қатыстыра отырып қойылған қолдардың шын екендiгiн тексерудi жүзеге асырады, тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.

8. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру, осы баптың 2-тармағына сәйкес, Президенттікке кандидатқа қажеттi дұрыс қойылған қолдар саны анықталғанға дейiн жүргізiледi.

 

57-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

58-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

Кандидаттың сайлау қорын:

1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспауға тиiс кандидаттың өз қаражаты, кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспауға тиiс Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 59-бап өзгертілді

59-бап. Республика Президенттiгiне кандидаттарды тiркеу

1. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

59-баптың 2-тармағының бірінші, екінші және үшінші бөліктері 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері 133-баптың редакциясында қолданылды

2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

Осы Конституциялық заңның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтер болып табылады.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Президенттiкке кандидаттың Республика Президентінің міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін ауруларының жоқ екендігін растау үшін оған медициналық куәландыру жүргізіледі, оның қорытындысы денсаулығының жай-күйі туралы тиісті медициналық қорытындымен ресімделеді.

Медициналық қорытындыға қойылатын талаптар мен Республика Президенттігіне кандидат болып тіркелуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесі Орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

3. Президенттiкке кандидаттар нешеу болса да тiркеуге ұсынылады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Президенттiкке кандидаттарды тiркеу, егер сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн екi ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

5. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:

1) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлігінде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi;

2) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтiнiш;

3) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары;

4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;

4-1) алынып тасталды

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-баптың 5-тармағының 4-2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.

6. 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Орталық сайлау комиссиясы:

1) Президенттiкке кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей бұқаралық ақпарат құралдарында әрбiр кандидаттың тегiн, аты мен әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн көрсетiп, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай орның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi жариялайды.

2) тiркелген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейiн сайлау алдындағы үгiт жүргiзген;

сот кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетіне нұқсан келтiретін, оның iскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған; сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнің күшiн жояды;

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

59-баптың 7-тармағының 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешiмнің күшiн жояды.

Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейдi.

8. Орталық сайлау комиссиясының Президенттiкке кандидатты тiркеуден бас тартуына немесе тiркеу жөніндегі шешiмнiң күшiн жоюына кандидаттың жеке өзi не оны ұсынған қоғамдық бiрлестiк он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым беруi мүмкiн, ол шағымды берiлген күнiнен бастап он күн мерзiм iшiнде қарайды. Жоғарғы Соттың шешiмi түпкiлiктi болып табылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 60-бап өзгертілді

60-бап. Кандидатурасын алып тастау, кандидат ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

1. Президенттiкке кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып өз кандидатурасын алып тастай алады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейін және одан кейiн кез келген уақытта тиiсiнше Орталық сайлау комиссиясына ұсыныс жасау арқылы Президенттiкке кандидат ұсыну жөніндегі өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр ететiн себептерсiз жүргiзiлген болса, онда Орталық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстың бiр бөлiгiн оны ұсынған қоғамдық бiрлестiктiң есебiне жатқызуға хақылы.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 61-бап өзгертілді

61-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Республика Президенттiгiне кандидаттар ұсыну

1. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Президенттікке екiден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы өз қаулысымен сайлауды екi айдан аспайтын мерзімге ұзартады.

2. Мұндай жағдайда Президенттiкке кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 62-бап өзгертілді

62-бап. Республика Президентiн сайлау кезіндегі дауыстарды санау

1. Президент сайлауында дауыстарды санау нәтижелерi аумақтық сайлау комиссияларының мәжілістерiнде белгiленедi және хаттамаға енгiзiледi, оған комиссия төрағасы мен мүшелерi қол қойып, екi күн мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жолданады.

2. Дауыстарды санау нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 06.11.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 63-бап өзгертілді

63-бап. Қайта дауыс беру

1. Егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша Президент сайлауы жөнiнде қайта дауыс беру тағайындайды. Кандидаттардың біреуі шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетенiне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгізіледi.

2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптарын сақтай отырып екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта дауыс берудi өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

3. алынып тасталды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 64-бап өзгертілді

64-бап. Қайта сайлау

1. Егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе, Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын қайта тағайындайды.

2. Қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Дауыс беру бастапқы сайлауды өткізу үшiн жасалған тiзiм бойынша және сол сайлау учаскелерiнде өткiзiледi.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру, Президенттiкке кандидаттар ұсыну мен тiркеу, басқа да сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте сайлау шаралары мерзiмiнiң қысқартылуын Орталық сайлау комиссиясы анықтайды.

4. Қайта сайлау өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

 

ҚР 11.06.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 65-бап өзгертілді

65-бап. Республика Президентi сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.

2. Республика Президентi болып:

1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған;

3) алынып тасталды

3. Республика Президентi сайлауының қорытындысын анықтау мен жариялауға байланысты өзге мәселелер осы Жалпы Конституциялық заңның бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 11.06.98 ж. № 285-I; 06.05.99 ж. № 375-I; Конституциялық Заңдарымен 66-бап өзгертілді

66-бап. Сайланған Республика Президентiн тiркеу

1. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде сайланған Республика Президентiн тiркейдi.

2. Егер учаскелердiң немесе әкiмшiлiк бөлiнiстердiң жалпы санының кемiнде төрттен бiр бөлiгiнде:

1) сайлау жарамсыз деп танылса;

2) не оның барысында немесе дауысты санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi сайлау комиссияларының ұсынысы, азаматтардың арыздары бойынша сайланған Президентi тiркеуден бас тартуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ретпен қабылданған Орталық сайлау комиссиясының шешiмiне Президенттiкке кандидат оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде түпкiлiктi шешiм қабылдайды.

 

2011.03.02. № 404-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 66-1-баппен толықтырылды

66-1-бап. Республика Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу

Президенттің кезектен тыс сайлауы осы Конституциялық заңда Президенттің кезекті сайлауы үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

 

67-бап. ҚР 06.11.98 ж. № 285-I Конституциялық Заңымен алынып тасталды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 68-бап өзгертілді

68-бап. Республика Конституциялық Сотының Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөніндегі мәселенi қарауы

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейін он күн ішінде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Сот дау туындаған жағдайда Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөніндегі мәселенi шешедi. Бұл ретте Республика Президентінің қызметке кiрiсуi өтiнiштi қарау кезiнде тоқтатыла тұрады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентi сайлауын өткізудiң дұрыстығы жөнiнде дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) Республика Президентi сайлауы Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиiстi учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) екi ай iшiнде қайта дауыс беру өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды.

 

 

11-тарау. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2013.03.10. № 133-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді

69-бап. Сенат депутаттарын сайлауын тағайындау

1. Сайлау тағайындауға мыналар:

1) кезектi сайлау үшiн - Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi;

2) кезектен тыс сайлау үшiн - Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы;

3) шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу үшiн депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы негiз болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-тармақшасында белгiленген жағдайда депутаттар сайлауын Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне дейiн кемiнде төрт ай қалғанда Республика Президентi тағайындайды және ол конституциялық өкiлеттiк мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын өткiзiледi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда депутаттарды сайлауды Республика Президенті Парламенттің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдаумен бір мезгілде тағайындайды және ол Парламенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

Республика Президентінің Парламентті тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

Парламент Сенатында өкілдігі жоқ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған жағдайда, депутаттарды сайлауды Президент әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей тағайындайды және ол сайлау тағайындалған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайда шығып қалғандар орнына депутаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған, депутаттық мандатынан айырылған, не оның қайтыс болған сәтiнен бастап екi айдан кешiктiрмей тағайындайды.

5. Сенат депутаттары сайлау Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып тағайындалады және мерзiмi бойынша Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 70-бап өзгертілді

70-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

Сенат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 71-бап өзгертілді

71-бап. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған кейiн келесi күнi басталып, сайлау өткiзiлетiн күнге бiр ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну:

1) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында жүргiзiледi. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерiнiң мәслихаттардағы өкiлдері арқылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бiрнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкiн;

2) өзiн-өзi ұсыну тәртібімен жүргiзiледi.

3. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат ұсыныла алады.

4. Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну жөніндегі шешiм тиiстi мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады және бұл шешiм:

1) ұсынылған кандидатқа жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімi туралы өтінiшiмен бiрге тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының сайлау комиссиясына жiберiледi.

5. Сенат депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына осы әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiс бойынша өзiнiң Сенат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi жайында өтiнiш беру арқылы жүргiзiледi.

6. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды және осы баптың 4-тармағының 2)-тармақшасында, 5-тармағында көрсетiлген оның ұсынылуы туралы құжаттар негiзiнде оған таңдаушылардың қолдарын жинау үшiн қол қою парақтарын бередi.

7. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi Сенаттың депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 72-бап өзгертілді

72-бап. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинау

1. Сенат депутаттығына кандидат облыс мәслихаттарының, республикалық маңызы бар қала немесе Республика астанасы мәслихатының өкiлдерi болып табылатын таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс.

2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бiр кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.

3. Сенат депутаттығына кандидатты қолдап қол жинауды сенім бiлдiрілген адамдар ұйымдастырады және бұл тиiстi облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы беретiн қол қою парақтарымен ресiмделедi.

4. Әрбiр қол қою парағында рет номерi мен кандидаттың және қол жинаушының тегi, аты мен әкесiнiң аты, кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолдарын қоятын таңдаушылар жайында мынадай мәлiметтердi бiлдiретiн бағаналар болуға тиiс:

1) тегi, аты мен әкесiнiң аты;

2) өзi депутаты болып табылатын мәслихат;

3) туған күнi, айы мен жылы;

4) тұрғылықты мекен жайы;

5) жеке қолы;

5. Қол қою парағының үлгiсiн Орталық сайлау комиссиясы бекiтедi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Толтырылған қол қою парақтары тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тапсырылады, олар бес күн мерзiм iшiнде жиналған қолдардың растығын құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерiн қатыстыра отырып тексерудi жүзеге асырады және тиiстi хаттаманы ресiмдейдi.

7. Егер қойылған қолдардың растығын тексеру нәтижесiнде жиналған қолдардың бiр процентiнен артығы рас болмай шыққан жағдайда, Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеуден бас тартылады.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 73-бап өзгертілді

73-бап. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу

2018.28.12. № 209-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Сенат депутаттығына кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн, сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерiлгеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына депозит ретiнде заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.

73-баптың 2-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктері 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейiн басталып, егер сайлау тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлау күнiне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

4. Мәслихаттан (мәслихаттардан) ұсынылған Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етiп ұсыну туралы шешiмi;

2) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшi;

3) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеруiнiң нәтижесi туралы хаттамасы;

4) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi;

4-1) алынып тасталды

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

73-баптың 4-тармағының 4-2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

4-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгендiгiн куәландыратын құжаты болған жағдайда жүзеге асырылады;

5. Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу ол өзiн-өзi ұсынған жағдайда, мына құжаттар:

1) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

3-1) алынып тасталды

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-2) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

73-баптың 5-тармағының 3-2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

3-2) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат болған жағдайда жүзеге асырылады.

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы:

1) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеген кезде оларға тиiстi куәлiк бередi;

2) Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн жетi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат сайлау алдындағы үгiтті кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейiн жүргiзген;

кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

73-баптың 6-тармағының 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.

7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.

8. Тиістi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күндік мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына табыс етiледi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 74-бап өзгертілді

74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Сенат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейінгі және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөніндегі өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

Кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайрымдылықтарының шекті мөлшері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 76-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну

1. Тіркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.

2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 77-бап өзгертілді

77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткізу тәртібі

1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.

2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.

3. Егер Сенат депутатын сайлау жөніндегі отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихаттың төрағасы төрағалық етушi болып табылады.

5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.

6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат төрағасының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.

8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 78-бап өзгертілді

78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау

1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжілісiнде анықталады.

2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:

1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;

2) таңдаушылардың бiрлескен мәжілісiнде жария етiледi;

3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.

3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 79-бап өзгертілді

79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.

2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.

3. алынып тасталды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 80-бап өзгертілді

80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау

1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқада шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

4. алынып тасталды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді

81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.

2. Сенат депутаты сайлауында:

1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;

2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған;

3) алынып тасталды

3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 19.06.97 ж. № 133-1; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді

82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу

2018.28.12. № 209-VI ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңның бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Сенат депутаттығына кандидат Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, ол он күн мерзiмде түпкілікті шешiм қабылдайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 83-бап өзгертілді

83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу

1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 84-бап өзгертілді

84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Соттың қарауы

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Сот дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды.

 

 

12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң депутаттарын сайлау

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен; 2013.03.10. № 133-V ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 85-бап өзгертілді

85-бап. Мәжіліс депутаттарын сайлауын тағайындау

1. Мыналар:

1) Мәжіліс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;

2) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;

3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрмей өткiзiледi.

3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.

Республика Президентінің Парламентті немесе Парламент Мәжілісін тарату туралы актісі қолданысқа енгізілген күн депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткізілуге тиіс мерзімнің басталу кезі болып табылады. Бұл мерзім екі ай өткен соң аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

3-1. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.

5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 86-бап өзгертілді

86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңдарымен 87-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 87-бап жаңа редакцияда; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 87-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну

1

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Парламент Мәжілісінің депутаттығына:

1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы - саяси партияларға;

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен жүргізіледі. Саяси партиялардың партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқығы жоқ.

Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Саяси партиялар адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібін дербес айқындайды. Партиялық тізімді саяси партияның өкілі саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бірге бір мезгілде Орталық сайлау комиссиясына ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

4. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.

Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы орган хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде Парламент Мәжілісінің депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаттыққа екеуден аз кандидат ұсынылған болса, онда тиісті округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін бес күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 88-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 88-бап жаңа редакцияда

88-бап. Сайлау жарнасы

1. Партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия осы баптың 1-тармағында белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына әрбір кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясының шотына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 89-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап жаңа редакцияда; 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тіркеу

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеуді - Орталық сайлау комиссиясы, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара, 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

89-баптың 2-тармағы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім және кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.

2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргізіледі:

1) Республиканың Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

89-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат.

Кандидаттар - мүгедектігі бар адамдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарға халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамаларды қосымша ұсынады.

2020.25.05. № 335-VI ҚР Конституциялық заңымен (бұр.ред.қара); 2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі.

Партиялық тізімде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдарың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірмелер;

2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) азаматтың осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-2. Округтік сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-3. Округтік сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы және қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидаттарды тіркеу туралы хабар жариялайды;

2) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді;

3) мынадай жағдайларда:

саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсынған кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенім білдірілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсынған кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

5. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Орталық сайлау комиссиясы:

1) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі оныншы күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы хабар жариялайды;

2) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәліктер береді;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) мынадай жағдайларда:

саяси партия партиялық тізімді ұсыну ережелерін бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;

партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркелу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;

тұтас партиялық тізімнің елу процентінен астамын құрайтын адамдар партиялық тізімнен шыққан;

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған басқа саяси партияның немесе партиялық тізімге енгізілген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;

партиялық тізімді ұсынған саяси партияның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) мынадай жағдайда:

партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында  және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;

партиялық тізімге енгізілген адамның өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;

партиялық тізімге енгізілген адамның партиялық тізімді ұсынған саяси партияның кандидатының немесе партиялық тізімге енгізілген басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, олардың іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін сот анықтаған;

89-баптың 6-тармағының 5) тармақшасының бірінші бөлігінің алтыншы абзацы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;

партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін сот анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам Жоғарғы Сотқа шағым жасай алады, оның шешімі түпкілікті болып табылады.

Партиялық тізімге енгізілген адамды дауыс беретін күнге екі күн қалғанда шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді;

6) 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Партиялық тізімді, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде Орталық сайлау комиссиясына және (немесе) Жоғарғы Сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл ретте, Орталық сайлау комиссиясы немесе Жоғарғы Сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Партиялық тізімдерді және кандидаттарды тіркеу, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлауға отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 90-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 90-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

90-бап. Кандидатураны алып тастау, Мәжіліс депутаттығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

1. Партиялық тізімге енгізілген адам Орталық сайлау комиссиясына жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын партиялық тізімнен кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайларда Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын ала алмайды.

Саяси партияның және қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беретін күнге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркелгенге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

Мұндай жағдайларда округтік сайлау комиссиясы кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

2. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

91-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

92-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 92-1-баппен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 92-1-бап өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

92-1-бап. Саяси партияның, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi

1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы жоқ.

2. Саяси партияның сайлау қоры:

1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспауы тиiс жеке қаражатынан;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспауы тиiс ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жүз еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен аспауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Кандидаттың сайлау қоры:

1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен аспауға тиіс.

 

93-бап. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

93-1-бап. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 93-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

93-2-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

1. Тиісті сайлау округі бойынша тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін барлық кандидаттар шығып қалған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша өз қаулысымен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол екі айдан аспауға тиіс.

2. Бұл жағдайда Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 94-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 94-бап жаңа редакцияда

94-бап. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыстарды санау

1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

2. Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған комиссия төрағасы мен мүшелері қол қояды және ол дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.

3. Сайлау нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының отырысында тиісті аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде анықталады.

4. Дауыстарды санаудың нәтижесі мен сайлау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

 

94-1-бап. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 95-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 95-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

95-бап. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтін бұзушылық орын алса, Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық немесе округтік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі немесе сайлау округіндегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкін. Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте немесе сайлау округінде қайта дауыс беруді тағайындайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қайта дауыс беру Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мерзімде, бірақ бір айдан аспайтын мерзімде сол партиялық тізімдер және сол кандидаттар бойынша, сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі. Қайта дауыс беруді өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Егер сайлау бюллетеніне Парламент Мәжілісінің депутаттығына екеуден көп кандидат енгізілсе және олардың бірде-біреуі сайланбаса, округтік сайлау комиссиясы ең көп бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша депутатты сайлау жөнінде қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесінде бір кандидат қалса, оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткізілмейді және ол сайланды деп есептеледі.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 96-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен 96-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

96-бап. Мәжіліс депутаттарын қайта сайлау

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер Мәжіліс депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылған болса не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауын өткізу туралы шешім қабылдайды. Қайта дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сол сайлаушылардың тізімдері бойынша өткізіледі.

2. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейін екі ай мерзімнен кешіктірілмей немесе Орталық сайлау комиссиясы белгілейтін мерзімде өткізіледі. Қайта сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларының қысқартылған мерзімдерін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды.

4. Қайта сайлауды өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара)Конституциялық Заңдарымен 97-бап өзгертілді

97-бап. Мәжіліс депутаттары сайлауының нәтижелерiн анықтау және жариялау

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республиканы тұтас алғанда Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап он күн мерзiм iшiнде анықтайды.

2. 2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Сайлау қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен 97-1-баппен толықтырылды; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара);2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен 97-1-бап жаңа редакцияада (2007 жылы 18 тамызда партиялық тізімдер бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері тоқтатылғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)

97-1-бап. Депутаттық мандаттарды партиялық тізімдер бойынша дауыс берудің қорытындыларына қарай бөлу

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының бес және одан да көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Бес пайыздық кедергіден өткен саяси партияны жақтап дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі жіберіледі.

Екі саяси партияға берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.

Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан партиялардың тізімімен алынған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысқан саяси партия кемінде екі мандат алады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген іс-әрекеттен кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған жағдайда басымдық бұрын тіркелген партиялық тізімге беріледі.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындысы бойынша бес пайыздық кедергіні еңсерген партиялық тізімге беріледі.

2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы осы Конституциялық заңның 89-бабының 4-тармағына сәйкес партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде саяси партияның басшы органы алынған депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындамаған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен партия алған депутаттық мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпбилік ретімен тіркелген тізімдерге сай жүзеге асырылады.

Депутаттық мандаттарды бөлген кезде үш санат өкілдерінің: әйелдердің, жастардың, мүгедектігі бар адамдардың саны жиынтығында, партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

2022.07.02. № 105-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда, оның мандаты Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен саяси партияның тізіміне енгізілген кандидаттар арасынан саяси партияның басшы органы осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындайтын келесі кандидатқа беріледі. Бұл ретте осы баптың 5-тармағы үшінші бөлігінің талаптары сақталуға тиіс.

Тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаған жағдайда Мәжіліс депутаттарының келесі сайлауына дейін мандат бос қалады.

Саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш және саяси партияның басшы органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме бере отырып, кандидаттардың партиялық тізімдегі кезектілігін өзгертуге құқылы.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 133-I; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңдарымен 98-бап өзгертілді; 2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен 98- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

98-бап. Мәжіліс депутаттарын тіркеу

Орталық сайлау комиссиясы сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 99-бап өзгертілді

99-бап. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын және шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізу

1. Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы және шығып қалған депутаттар орнына сайлау осы Конституциялық заңның Мәжіліс депутаттарының кезектi сайлауы үшiн белгiленген ережелерiне сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда, шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 100-бап өзгертілді; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 100-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

100-бап. Конституциялық Соттың Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi қарауы

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн ішінде берiлуi мүмкін ұсынысы бойынша Конституциялық Сот дау туындаған жағдайда Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Мәжіліс депутаттарын тiркеу ұсынысты қарау уақытына тоқтатыла тұрады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Сотқа бередi.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Конституциялық Сот Конституцияны бұзу анықталған әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумақтарындағы Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлауды Конституцияға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің немесе сайлау округтерінің аумағындағы сайлауды жарамсыз деп тану және қайта дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

4. 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

13-тарау. Республика мәслихаттары депутаттарының сайлауы

 

06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 101-бап өзгертілді

101-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауын тағайындау

1. Мыналар:

1) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуы заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда кезектi сайлауды;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мәслихаттар өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқталуы кезектен тыс сайлауды;

3) 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4) депутат өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы не мандаттан айырылу шығып қалғандардың орнына депутаттарды сайлауды тағайындауға негіз болып табылады.

2. Мәслихат депутаттарының кезектi сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттардың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуынан кемiнде үш ай бұрын тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде бiр ай қалғанда өткiзiлуге тиiс.

3. Өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы мәслихат өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы Президент Жарлығының, мәслихаттың өзін-өзі тарату туралы шешімінің негiзiнде тағайындайды және ол мәслихаттар өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiлуге тиiс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы тағайындайды.

Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау наурыздың соңғы жексенбісінде және (немесе) қазанның соңғы жексенбісінде бір мезгілде өткізіледі.

Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлауды тиісті сайлау комиссиясы Орталық сайлау комиссиясымен келісу бойынша басқа күнге тағайындауы мүмкін.

4. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауы бiр мезгiлде өткiзiледi және мерзiмi жөнiнен Президент сайлауына, Парламент Сенаты сайлауына тұспа-тұс келмеуге тиiс.

6. Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 102-бап өзгертілді

102-бап. Мәслихаттар депутаттарына қойылатын талаптар

Мәслихат депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 86-бабының 3-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес сайлау құқығына ие болуға тиiс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 103-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 103-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

103-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мәслихаттар депутаттығына:

1) партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы - саяси партияларға;

2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік мәслихатының депутаты етіп сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен жүргізіледі.

3. Саяси партиялар өздерінің мүшелері болып табылмайтын адамдарды партиялық тізімдерге енгізуге құқылы емес.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Саяси партиядан мәслихат депутаттығына сайлау үшін партиялық тізімге енгізілген адам бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылуға құқылы емес.

4. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

5. Адамдарды партиялық тізімге орналастыру тәртібі саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімімен айқындалады. Саяси партияның өкілі партиялық тізімді тиісті аумақтық сайлау комиссиясына саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмемен бір мезгілде ұсынады. Өкілдің өкілеттіктері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың өзін-өзі ұсынуын азаматтар тиісті округтік сайлау комиссиясына осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүргізеді.

Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) кандидатты ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына азаматтың ұсынуға келісімі туралы өтінішімен бірге, жоғары басшы органның хаттамасынан үзінді көшірмені, құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені жіберу арқылы жүргізіледі.

Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік не оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) осы қоғамдық бірлестіктің мүшелері болып табылмайтын адамдарды кандидаттар ретінде ұсынуға құқылы. Саяси партияларды қоспағанда, қоғамдық бірлестік және оның құрылымдық бөлімшесі (филиалы мен өкілдігі) әрбір сайлау округінде мәслихат депутаттығына бір ғана кандидат ұсына алады.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешім қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді. Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен және құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмемен бірге тиісті округтік сайлау комиссиясына жіберіледі.

6. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Егер тиісті сайлау округі бойынша партиялық тізімдерді немесе кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз партиялық тізім немесе кандидат тіркелген болса, тиісті сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

 

08.05.98 ж. № 222-I ҚР Конституциялық Заңымен; 06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 104-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 104-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 104-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тiркеу

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

Тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын төлемейді.

Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

3. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берілген партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;

2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;

3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

4) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.

2020.25.05. № 335-VI ҚР Конституциялық заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Тиісті сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына партиялық тiзiмдерді және кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) партиялық тізімдерді тіркегеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;

2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мынадай жағдайларда:

саяси партия партиялық тізімді ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеу үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған;

партиялық тізімді ұсынған саяси партия, ол ұсынған кандидаттар, оның сенім білдірілген адамдары сайлау алдындағы үгітті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;

сот кандидаттың және (немесе) оның сенiм бiлдiрілген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;

бүкіл партиялық тізімнің елу пайызынан астамын құрайтын адамдар партиялық тізімінен шыққан;

сот партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның немесе оның сенiм бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімді тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған партиялық тізімді қалпына келтіруге жол берілмейді;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мынадай жағдайларда:

партиялық тiзiмге енгiзiлген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сай келмеген;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған;

партиялық тізімге енгізілген адам өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;

сот партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.

Партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешімге партиялық тізімді ұсынған саяси партия не партиялық тізімнен шығарылған адам сотқа шағым жасай алады, соттың шешімі түпкілікті болып табылады.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда партиялық тізімге енгізілген адамды шығару туралы шешім қабылдауға жол берілмейді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6-1. Округтік сайлау комиссиясы:

1) бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға, қоғамдық бірлестікке қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, кандидатты тіркеу туралы хабар жариялайды;

2) тіркеу кезінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарға тиісті куәлік береді;

3) мынадай жағдайларда:

саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері), олар ұсынған кандидаттар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттар, сондай-ақ сенім білдірілген адамдар тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), кандидаттың және (немесе) сенiм бiлдiрілген адамдардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi тарату фактiсiн анықтаған;

сот саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің), олар ұсынған кандидаттардың, өзін-өзі ұсыну тәртібімен кандидаттардың, сондай-ақ сенім білдірілген адамдардың сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

кандидат Конституциямен және осы Конституциялық заңмен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды;

4) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Дауыс беретін күнге екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Партиялық тізімді, кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға жеті күн мерзімде жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша саяси партия, қоғамдық бірлестік олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынған кандидатты тіркеуден бас тартылған немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда, мұндай шешімге кандидаттың өзі де, кандидатты ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік, олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) де шағым жасай алады. Бұл ретте жоғары тұрған сайлау комиссиясы немесе сот шағым берілген күннен бастап жеті күн мерзімде шағым бойынша шешім шығарады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 105-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 105-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

105-бап. Кандидатураны алып тастау, мәслихат депутат тығына кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Партиялық тізімге енгізілген адам аумақтық сайлау комиссиясына және саяси партияға бұл туралы жазбаша өтінішпен жүгіне отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат өз кандидатурасын кері қайтарып ала алады, бұл туралы тиісті округтік сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта тиісті сайлау комиссиясына мәслихат депутаттығына кандидатты партиялық тізімнен шығару не кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жою туралы тиісті ұсынумен жүгіне алады.

Қоғамдық бірлестіктің, оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) басшы органы дауыс беруге дейінгі соңғы екі күнді қоспағанда, тіркеуге дейінгі және одан кейінгі кез келген уақытта округтік сайлау комиссиясына тиісті ұсынумен жүгіне отырып, мәслихат депутаттығына кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда, тиісті сайлау комиссиясы партиялық тізімге енгізілген адамдарды шығарып тастайды, кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат дауыс беретін күнге екі күн қалғанда өз кандидатурасын алып тастай алмайды.

4. Егер кандидатураны алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою осыған мәжбүр ететін мән-жайларсыз жүргізілсе, аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджет қаражатынан жұмсалған шығыстардың бір бөлігін оны ұсынған саяси партияның шотына жатқызуға міндетті.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 106-бап жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 106-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

106-бап. Саяси партияның, мәслихат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшері

1. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдер құрамында дауысқа түсетін кандидаттар өздерінің сайлау қорларын құруға құқылы емес.

2. Саяси партиялардың әрбір партиялық тізімге сайлау қорлары:

1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір мың еседен аспауға тиіс меншікті қаражатынан;

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі мың еседен аспауға тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында екі жүз елу еседен аспауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен екі жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен он еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында жиырма бес еседен аспауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Аудандар мен қалалар мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:

1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиісті өз қаражатынан;

2) Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бір жүз еседен аспауға тиісті ерікті қайырмалдықтарынан құралады.

Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен бес еседен және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен аспауға тиіс.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 107-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 107-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 107-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

107-бап. Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдердің, кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың екеуден аз партиялық тізімі не екеуден аз кандидат қалса, тиісті сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиіс.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Бұл жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгіленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 108-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 108-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

108-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыстарды санау

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Учаскелік сайлау комиссиясы аудандық (қалалық) және облыстық мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу тиісті сайлау комиссиясына (аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік) жіберіледі.

Округтік сайлау комиссиялары сайлау округі бойынша дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына жібереді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Аудандық, қалалық сайлау комиссиялары дауыс беру нәтижелері бойынша округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау күнінен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей аудандық және қалалық мәслихаттарға депутаттар сайлау қорытындыларын белгілейді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық, округтік сайлау комиссиялары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарын сайлау барысындағы дауыс беру нәтижелері бойынша хаттамалар жасайды, олар дереу жоғары тұрған сайлау комиссияларына жіберіледі.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары көрсетілген хаттамалардың негізінде сайлау күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына депутаттарды сайлау нәтижелерін белгілейді.

 

109-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 109-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

109-1-бап. Мәслихат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру

1. Егер сайлау бюллетенiне мәслихат депутаттығына екеуден көп кандидат енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, округтiк сайлау комиссиясы ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша депутатты сайлау жөніндегі қайта дауыс беруді тағайындайды. Егер кандидатуралардың шығып қалуы нәтижесiнде бiр кандидат қалса, онда оның кандидатурасы бойынша қайта дауыс беру өткiзiлмейді және ол сайланды деп есептеледі.

2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткізіледі. Қайта дауыс берудi өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 110-бап өзгертілді

110-бап. Мәслихаттар депутаттарын қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды. Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде бастапқы сайлауды өткізу үшiн жасалған сайлаушылар тiзiмдерi бойынша өткiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлауда жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

3. Қайта сайлау өткізу туралы жергiлiктi ақпарат құралдарында хабарланады.

4. алынып тасталды

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 111-бап өзгертілді

111-бап. Мәслихаттар депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмнен кешiктiрмей анықтайды.

2. 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Мәслихат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау мен жариялауға байланысты басқа мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 111-1-баппен толықтырылды

111-1-бап. Партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес және одан да көп пайызын алған әрбір партиялық тізім үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Бес пайыздық кедергіні еңсерген саяси партиялар үшін берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау бөлінді саны (квота) болып табылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының бес пайызын тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі.

Екі саяси партия үшін берілген сайлаушылар дауысының жиынтығы таратылатын депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау бөлінді саны (квота) болып табылады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатын әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді.

Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын партияның тізімі алған дауыстардың саны алғашқы сайлау бөлінді санына бөлінеді және 0,7 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізімді қалыптастырған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

Бес пайыздық кедергіні еңсермеген және осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлуге қатысатын саяси партия кемінде бір мандат алады.

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер осы баптың 3-тармағына сәйкес жүргізілген әрекеттерден кейін бөлінбеген мандаттар қалса, оларды қайта бөлу жүргізіледі. Бөлінбеген мандаттар осы баптың 3-тармағына сәйкес бөлудің нәтижесінде алынған санның ең көп бөлшектенген бөлігіне (қалдығына) ие болған партиялық тізімдерге бір-бірден беріледі. Ең көп қалдық тең болған кезде бұрын тіркелген партиялық тізімге артықшылық беріледі.

Осы баптың 2-тармағына сәйкес мандаттарды бөлу кезінде бөлінбеген мандаттар дауыс беру қорытындылары бойынша бес пайыздық кедергіні еңсерген партиялық тізімге беріледі.

5. Депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бес күннен кешіктірмей айқындайды.

6. Депутат мерзімінен бұрын шығып қалған жағдайда оның мандаты тиісті аумақтық сайлау комиссиясының қаулысымен партиялық тізімге енгізілген кандидаттардың арасынан саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) басшы органы айқындайтын келесі кандидатқа беріледі.

Егер тиісті партиялық тізімде кандидаттар қалмаса, мандат мәслихат депутаттарының келесі сайлауына дейін бос қалады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 112-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 112-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

112-бап. Мәслихаттар депутаттарын тіркеу

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Тиісті сайлау комиссиясы сайланған мәслихаттар депутаттарын тіркейді.

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы аудандық (қалалық), округтік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың өтініштері бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде осы Конституциялық заңды бұзушылық орын алса, мәслихат депутаттарын сайлауды жарамсыз деп тани алады және мәслихат депутаттарын тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне қабылданған күнінен бастап он күн ішінде партиялық тізімді ұсынған саяси партия, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды ұсынған саяси партия, қоғамдық бірлестік және кандидаттың өзі сотқа шағым жасай алады, сот он күн мерзімде шешім қабылдайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 113-бап өзгертілді; 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 113-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 113-бап өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

113-бап. Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды өткізу

Мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды және шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауды осы Конституциялық заңда мәслихаттар депутаттарын кезекті сайлау үшін белгіленген қағидаларға сәйкес өткізіледі. Бұл ретте сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Мәслихат өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.

 

 

2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 13-1-тараумен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 13-1-тарау жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-1-тарау. Әкімді сайлау

 

113-1-бап. Әкім сайлауды тағайындау

113-1-баптың 1-тармағының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 133-баптың төртінші бөлігінің редакциясында қолданылады

1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

1) әкімнің заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімінің аяқталуы;

2) заңда белгіленген жағдайларда, әкім өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

113-1-баптың 2-тармағының қолданысы 2025 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ 133-баптың төртінші бөлігінің редакциясында қолданылады

2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алпыс күн бұрын тағайындайды. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

Әкімді сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.

3. Әкімді сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекаралары өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) күннен бастап бір ай ішінде тағайындайды және тағайындалған күнінен бастап аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі үшін - елу күн ішінде, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі үшін қырық күн ішінде өткізіледі.

4. Сайлау болатын күн туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

113-2-бап. Әкімге қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының азаматы әкім болып сайлану үшін осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тиісті аумақтық сайлау комиссиясы ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

Әкім болуға кандидат Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін тиісті аумақтық сайлау комиссиясына қажетті құжаттарды ұсынады, оның тізбесін Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

 

113-3-бап. Әкім болуға кандидатты ұсыну

1. Әкім болуға кандидатты ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар - өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді.

Саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидат ұсынуға құқылы.

2. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының әкім болуға кандидатты ұсыну туралы шешімі хаттамадан үзінді көшірмемен ресімделеді.

3. Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының шешімі:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткізіледі;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге тиісті аумақтық сайлау комиссиясына әкім болуға кандидатты ұсыну туралы хаттамадан үзінді көшірмемен бір мезгілде жіберіледі.

4. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

5. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін күнге отыз күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

6. Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат ұсынылса, онда тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.

Бұл ретте, ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күнге бір кандидат ұсынылған жағдайда, жоғары тұрған әкім тиісінше екі не бір кандидатты ұсынуға құқылы.

 

113-4-бап. Әкім болуға кандидатты қолдап қол жинау

1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тиісті сайлау округінің дауыс беруге құқығы бар сайлаушыларының жалпы санының кемінде бір пайыз даусымен қолдау табуға тиіс.

2. Сайлаушылардың қолдауы олардың қолын жинаумен куәландырылады.

3. Кандидатты қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттың осы Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы беретін қол қою парақтарымен ресімделеді.

4. Қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тіркеу кезеңі аяқталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

5. Әрбір қол қою парағының реттік нөмірі болуға және онда кандидат пен қол жинайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), кандидаттың жеке қолы, сондай-ақ өз қолын қоятын сайлаушылар туралы мынадай мәліметтер қамтылған бағандар болуға тиіс:

1) тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

2) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы;

3) туған күні, айы және жылы;

4) тұрғылықты жерінің мекенжайы;

5) жеке қолы.

6. Қол жинайтын адам қол жинау кезінде тиісті қол қою парағында жеке қолы тұратын кандидаттың сенім білдірілген адамын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуге тиіс.

7. Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді.

8. Толтырылған қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады, ол үш күн мерзімде құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, жиналған қолдардың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады және тиісті хаттаманы ресімдейді.

9. Қойылған қолдардың дұрыстығын тексеру осы баптың 1-тармағына сәйкес әкім болуға кандидатқа қажеттi көлемдегі қолдардың дұрыстығы анықталғанға дейiн жүргізiледi.

 

113-5-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу

1. Кандидаттарды тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.

2. Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.

Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына әрбір ұсынылған кандидат үшін сайлау жарнасын:

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі болуға кандидаттар үшін - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттар үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір еселенген мөлшерінде енгізеді.

Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және жергілікті бюджет кірісіне айналдырылады.

3. Тіркелгенге дейін кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын мемлекеттік кірістер органдары кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде тексереді.

Бұл ретте, кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтерді ұсынуы туралы мемлекеттік кірістер органдарының талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.

4. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы құжаттар тіркеуге келіп түскен кезден бастап кандидаттың құжаттарын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына арнайы тексеру жүргізу үшін жібереді.

Арнайы тексерудің нәтижелерін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан құжаттарды алған кезден бастап отыз күн ішінде аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынады.

Бұл ретте, арнайы тексеру барысында Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының мәліметтерді ұсыну туралы талабын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап үш күн ішінде беруге міндетті.

5. Саяси партия ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) саяси партияны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, осы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы отырысының кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

6) адамның саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

6. Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік сайлаушыларының кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасы;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

7. Жоғары тұрған әкім осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген тәртіппен ұсынған кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) жоғары тұрған әкімнің ұсынуы;

2) азаматтың әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамалары;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіретін азаматтарға арнайы тексеру жүргізуге қажетті құжаттар.

8. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды.

9. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмыс түрін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің мекенжайын, ұсынылу тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды.

10. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы тіркеу кезінде кандидаттарға тиісті куәлік береді.

11. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы:

1) кандидат ұсыну қағидаларын бұзған, тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбаған;

2) кандидат осы Конституциялық заңмен, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен өзіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

3) кандидат өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

4) кандидат, сондай-ақ кандидатты ұсынатын саяси партия тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін сайлау алдындағы үгітті жүргізген;

5) сот кандидаттың және (немесе) оның сенім білдірген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату фактісін анықтаған;

6) сот кандидаттың және оның сенім білдірген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

7) арнайы тексерудің теріс нәтижелері алынған жағдайларда;

8) осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда, кандидатты тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыс еместігі декларация тапсыру кезінде анықталған жағдайда, кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

12. Дауыс беру күніне екі күн қалғанда кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейді.

13. Кандидатты тіркеуден бас тартуға немесе оны тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға кандидаттарды ұсынған саяси партия, жоғары тұрған әкім немесе кандидат үш күн мерзімде тиісті облыстық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады. Шағым бойынша шешімді сот немесе жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы шағым берілген күннен бастап үш күн мерзімде шығарады.

14. Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, кандидатты тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

 

113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою

1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

Саяси партия немесе жоғары тұрған әкім ұсынған әкім болуға кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе жоғары тұрған әкімді хабардар етеді.

2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе жоғары тұрған әкім тіркеуге екі күн қалғанда кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.

 

113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну

1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.

2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша әкім болуға екеуден аз кандидат қалған жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген жағдайларда, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

113-8-бап. Әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау

1. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жеткізіледі.

2. Дауыстарды санау нәтижесін айқындауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

 

113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

3. Қайталама сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі.

Қайталама сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі.

 

113-10-бап. Әкімді сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Сайлау қорытындылары учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде тиісті аумақтық сайлау комиссиясының отырысында сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей анықталады.

Сайлау қорытындылары туралы хаттама жасалады, оған тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қояды.

2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың басқа кандидаттармен салыстырғанда ең көп дауыс санын жинаған кандидат әкім болып сайланды деп есептеледі.

3. Сайлау қорытындыларын анықтау мен жариялаудың өзге де мәселелері осы Конституциялық заңның Жалпы бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес шешіледі.

 

113-11-бап. Әкімді тіркеу

1. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімдерді учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде тіркейді.

2. Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау кезінде не сайлау нәтижелерін айқындау кезінде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, учаскелік сайлау комиссиясының ұсынуы немесе азаматтардың жолданымдары бойынша әкімді сайлауды жарамсыз деп тани алады және әкімді тіркеуден бас тарта алады. Бұл ретте, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының осы шешіміне кандидаттар шешім қабылданған күнінен бастап бес күн ішінде сотқа не жоғары тұрған сайлау комиссиясына шағым жасай алады, олар бес күн мерзімде шешім қабылдайды.

 

 

2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 13-2-тараумен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

13-2-тарау. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу

 

113-12-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін бастама жасауға сайлаушылардың сенімін жоғалту, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаны орындамауға байланысты сенімін жоғалту негіз болып табылады.

2. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау депутат жұмыс істеген бірінші жыл және соңғы жыл ішінде қолданыла алмайды.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға қайта бастама жасауды депутаттың мандаты сақталатын, дауыс беру қорытындылары жарияланған кезден бастап бір жыл өткенге дейін қолдануға болмайды.

3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау құқығы тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушыларына тиесілі.

 

113-13-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алуға бастама жасау және бастамашы топты қалыптастыру тәртібі

1. Тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушысы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы өтінішпен тиісті аумақтық сайлау комиссиясына осындай кері шақырып алуға бастама жасау негіздерін баяндай отырып, жүгінеді.

2. Сайлау комиссиясы өтінішті осы Конституциялық заңның 113-14-бабының және осы баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарап шығып, бастамашыны және жоғары тұрған комиссияны өтінішті тіркеу не тіркеуден бас тарту туралы үш күннен кешіктірмей хабардар етеді.

Өтінішті тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап он күн ішінде бас тарту бойынша сотқа шағым жасалуы мүмкін.

3. Аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша қол жинау үшін қол қою парақтарын өзінің интернет-ресурсында орналастырады, олардың нысанын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді.

 

113-14-бап. Қол жинау тәртібі мен мерзімдері

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін азаматтардың қолын жинауды бастамашы тиісті аумақтық сайлау комиссиясында өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұйымдастырады.

2. Қол жинау мерзімі аяқталғаннан кейін:

1) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызынан астам болған кезде бастамашы қол қою парақтарын тиісті сайлау комиссиясына ұсынады;

2) қойылған қолдар саны тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының он пайызына жетпеген не тиісті сайлау комиссияларына қол қою парақтары ұсынылмаған кезде тиісті сайлау комиссиясы қол қою парақтарын жарамсыз деп тану, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу жөніндегі қызметті тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Тиісті сайлау комиссиялары құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтарындағы осы бірмандаттық аумақтық сайлау округі азаматтары қолының және тұрғылықты жерінің дұрыстығын он күн ішінде тексереді.

3. Әрбір азамат қол қою парағына тек бір рет қана қол қоюға құқылы. Азаматтың қолы оның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тіркеу орны, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері және параққа қол қою күні толық көрсетіле отырып толықтырылады.

4. Белгіленбеген үлгідегі қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.

Осы баптың талаптары бұзыла отырып толтырылған қол қою парақтары дауыстарды санау кезінде есепке алынбайды.

 

113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері

1. Тиісті сайлау комиссиясы ұсынылған қол қою парақтары осы Конституциялық заңның 113-14-бабының талаптарына сәйкес келген кезде дұрыстығын тексеру мерзімі өткен соң бір күннен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

2. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа оны кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы хабарлама жібереді.

3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру - дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа және оны кері шақырып алу бастамашысына:

бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын - күнтізбелік бес күн ішінде;

бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын күнтізбелік үш күн ішінде береді.

 

113-16-бап. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру тәртібі

1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу дауыс беруді өткізу арқылы жүзеге асырылады.

2. Дауыс беру осы бапта көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, депутаттарды сайлау сияқты тәртіппен өткізіледі.

3. Егер дауыс беруге тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округі сайлаушыларының кемінде үштен бірі қатысса, дауыс беру өткізілді деп есептеледі.

4. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат, егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы оны кері шақырып алуға дауыс берсе, кері шақырып алынған болып есептеледі.

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің немесе мәслихаттың депутатын кері шақырып алу бойынша дауыс беру қорытындылары тиісінше Орталық немесе аумақтық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады, хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері қол қояды.

Сайлау комиссиясының бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу туралы ресми хабары дауыс беру өткізілген күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

6. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутат кері шақырылып алынған жағдайда, тиісті сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңның ережелеріне сәйкес депутаттарды сайлауды тағайындайды.

 

 

2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

14-тарау. Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 114-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

114-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлау тағайындау

1. Мыналар:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң аяқталуы сайлау тағайындауға;

2) өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оның мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғанның орнына мүше сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын аумақтық сайлау комиссиясы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде екi ай бұрын тағайындайды және олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiне кемiнде бiр ай уақыт қалғанда өткiзiлуге тиiс.

Сайлауларды өткізу тәртібін Орталық сайлау комиссиясы осы Конституциялық заңға сәйкес айқындайды.

3. Сайлау күнi туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 115-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

115-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiне қойылатын талаптар

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесi болып сайлану үшiн азамат Қазақстан Республикасының тиiстi заңымен белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ оның Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес сайлану құқығы болуға тиiс.

 

116-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезіндегі сайлау округтерi мен сайлау комиссиялары

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде:

1) халық топтары жинақы тұратын ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардың аумақтары сайлау округтерi болып табылады.

2) 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi учаскелiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 117-бап өзгертілді

117-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну құқығы сайлау құқығы бар әрi ауылдық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтарда жинақы тұратын кемiнде елу азамат болған жағдайда құқылы азаматтар жиналысында, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтарда болады.

2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына кандидаттар ұсыну туралы шешiмдi жиналысқа қатысқан азаматтар санының көпшiлiк даусымен қабылданады, ол тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

3. Азаматтар жиналысының шешiмi:

1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;

2) кандидаттың дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшiмен бiрге тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

4. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсынуы өзiн-өзi ұсыну тәртібімен тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне тиiстi ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағы бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi.

5. Осы ауылдық немесе қалалық жергiлiктi қауымдастық аумағында тұрмайтын азамат жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып ұсыныла алмайды.

6. Ұсынылатын кандидаттар саны шектелмейдi.

7. Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан кейiнгi келесi күннен басталып сайлау күнiнен он төрт күн бұрын аяқталады.

8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күні жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттар ұсыну мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол жиырма күннен аспауға тиiс.

9. Аумақтық сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.

 

ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 118-бап өзгертілді

118-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды тiркеу

1. Кандидаттарды тiркеудi аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

118-баптың 1-1-тармағы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.

Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

2. Азаматтар жиналысы ұсынған кандидатты тiркеу мына құжаттар:

1) азаматтар жиналысының хаттамасы;

2) азаматтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшелiгiне кандидат болып дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшi;

3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер.

4) алынып тасталды

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

118-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.

3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мен құжаттар:

1) кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;

2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер.

3) алынып тасталды

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

118-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.

4. Тiркеуге кандидаттардың кез-келген саны ұсынылады.

5. Кандидаттарды тiркеу жөнiнде аумақтық сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

2015.31.07. № 340-V ҚР Конституциялық Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Аумақтық сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тiркегеннен кейiн төртiншi күннен кешiктiрмей әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың өз қалауына қарай оның қоғамдық бiрлестiкке қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;

2) тiркеген кезде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) мынадай жағдайда:

кандидат ұсыну ережелерiн бұзған, тiркеу үшін қажеттi құжаттарды табыс етпеген;

кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;

кандидат сайлау алдындағы үгiтті тіркеу мерзімі аяқталғанға дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күнi жүргізген;

кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;

сот кандидат пен оның сенім бiлдiрiлген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

2015.18.11. № 413-V ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

118-баптың 6-тармағының 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі 2021 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұрған кезеңде 133-баптың редакциясында қолданылды

3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

Дауыс беретiн күнге екі күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.

7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеу туралы шешiмiнiң жойылуына азаматтар жиналысы немесе кандидаттың өзi үш күн мерзiм iшiнде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте аумақтық сайлау комиссиясы немесе сот шағым берiлген күннен бастап үш күн iшiнде шағым жөнiнде шешiм шығарады.

8. Кандидатты тiркеу сайлау күнiнен жиырма күн бұрын басталып, оған он үш күн қалғанда аяқталады.

 

ҚР 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 119-бап өзгертілді

119-бап. Кандидатурасын алып тастау, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшелiгiне кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы мүшелігіне кандидат тіркелгенге дейін және дауыс беруге екі күн қалғанға дейінгі кезеңде тиiсті аумақтық сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

2. Азаматтар жиналысы тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта аумақтық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидатты ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.

3. Мұндай жағдайларда аумақтық сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

 

120-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 121-бап өзгертілді

121-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттар ұсыну

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күнге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелеріне екіден кем кандидат тіркелген жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы сайлау мерзімін өз шешімімен ұзартады, бірақ ол бір айдан аспауға тиіс.

2. Мұндай жағдайда кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 122-бап өзгертілді

122-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшесiн сайлау кезiнде берiлген дауыстарды санау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды, ол дереу аумақтық сайлау комиссиясына жiберiледi.

2. Дауыстарды санаудың нәтижелерiн анықтауға байланысты өзге мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 123-бап өзгертілді

123-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау

1. Егер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда, аумақтық сайлау комиссиясы бастапқы сайлау өткiзiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң қосымша сайлауын тағайындайды.

2. Қосымша сайлау осы Конституциялық заңда бастапқы сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 124-бап өзгертілді

124-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қайта сайлау

1. Егер сайлау жарамсыз деп танылған болса, аумақтық сайлау комиссиясы қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды.

Дауыс беру сол сайлау учаскелерiнде және сайлаушылардың бастапқы сайлауды өткізу үшiн жасалған тiзiмдерi бойынша жүргiзiледi.

2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген сайлау шаралары осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

3. Қайта сайлау өткізу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

4. алынып тасталды

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 125-бап өзгертілді

125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау

1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжілісiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.

1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.

2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 126-бап өзгертілді

126-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiркеу

1. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiн сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмде тiркейдi.

2. Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы учаскелiк сайлау комиссиясының ұсынысы немесе азаматтардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңды бұзу орын алса, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын жарамсыз деп тануы және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте кандидаттар аумақтық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап бес күн iшiнде сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 127-бап өзгертілді

127-бап. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізу

1. Шығып қалғандардың орнына жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау осы Конституциялық заңда кезектi сайлау үшiн белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы белгiлейдi.

2. Жергiлiктi өзін-өзі басқару органы өкiлеттігiнің Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзімi аяқталуына бір жыл қалғанда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шығып қалған мүшесiнiң орнына сайлау өткiзілмейдi.

 

 

15-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

 

128-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 129-бап өзгертілді; 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

129-бап. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Парламент Сенатының жаңа сайланымы депутаттарын сайлау тәртібі

1. Кезектен тыс сайлау өткiзген кезде Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау іс-шаралары, дауыс берудi өткізудi, сайлау қорытындыларын белгілеудi және Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындауды қоспағанда, осы Конституциялық заңға сәйкес өткiзiледi.

2. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауы бойынша таңдаушылардың - облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) мәслихаттары депутаттарының бiрлескен отырысында дауыс беру Сенат депутаттарының екi мандатына бiр мезгiлде өткiзіледi.

3. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық тiркелген кандидаттарды сайлау бюллетенiнде әлiпби тәртібімен орналастырады. Кандидаттың аты-жөнiнiң оң жағынан қай кандидатқа дауыс бергенiн белгiлеу үшiн екі шаршы орналастырылады. Бiр шаршы - алты жылға сайланатын кандидат үшiн, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидат үшiн белгi қоюға арналады.

4. Таңдаушы дауыс беру кезiнде өзi дауыс беретiн кандидаттардың аты-жөнінің оң жағындағы бос тұрған екi шаршыға кез келген белгiнi, тиiсiнше бiр шаршыға белгiнi - алты жылға сайлау үшiн, екiншi шаршыға үш жылға сайлау үшiн қояды.

5. Дауыс санау мен дауыс беру нәтижесiн анықтау Сенат депутаттарының екi мандаты бойынша бөлек жүргiзіледi.

6. Сенаттың жаңа сайланымы депутаттарының сайлауында дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санының елу процентiнен астамының даусын алған кандидаттар сайланған деп есептеледi.

7. Егер Сенат депутаттары дауыс берудің бiрiншi турында сайланбаса, қайтадан дауыс беру өткiзiледi. Қайтадан дауыс беру әртүрлi бюллетеньдер бойынша, бір бюллетень алты жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшін, екiншiсi үш жылға сайланатын кандидатқа дауыс беру үшiн жүргiзiледi. Сайлау бюллетенiне дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың неғұрлым көп дауысына ие болған екi кандидат енгiзiледi. Басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылар дауысының көбiне ие болған кандидат сайланған деп есептеледi.

 

130-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 130-1-баппен толықтырылды

130-1-бап. Мәслихаттар депутаттарын сайлау мерзімдері Мәслихаттардың депутаттарын пропорционалды сайлау жүйесі негізінде сайлау осы Конституциялық заңда көзделген негіздер басталған кезде, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.

Көрсетілген мерзімге дейін осы Конституциялық заңның тиісті нормалары бұрынғы редакцияда қолданылады.

 

2007.19.06 № 268 -III Конституциялық Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

131-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау мерзiмi

Республика Конституциясында көзделген, мәслихаттардан басқа, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайлауын тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мәртебесi мен өкiлеттiктерiн белгiлейтiн заң қолданысқа енгізілгеннен кейiн тағайындайды.

 

132-бап. ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен; 2017.13.03. № 52-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 296-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  133-бап өзгертілді

133-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне енуi және қолданылуы

Осы Конституциялық заң:

1) жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi;

2) осы Конституциялық заң күшiне енгеннен кейiн пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

19-баптың 3-тармағының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«3. Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, мүшелері және оның аппаратының қызметкерлері өз өкілеттіктерін кәсіби тұрақты негізде жүзеге асырады.

Сайлау комиссиясының төрағасы сотта және басқа да мемлекеттік органдарда комиссияның мүдделерін білдіреді, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүдделерін білдіру жөніндегі өкілеттікті тиісті сенімхат беру арқылы басқа адамдарға беруге құқылы.»;

2021 жылғы 1 қаңтарға дейін мыналардың:

1) 59-бапта:

2-тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктердің;

5-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

7-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

2) 73-бапта:

2-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бiрiнші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде тексереді.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктердің;

4-тармақтың 4-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

5-тармақтың 3-2) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) кірістері мен мүлкi туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәлiметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

3) 89-бапта:

2-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«2. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкi туралы декларациялар ұсынады.

Саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Бұл ретте саяси партия ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкi туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап үш күн ішінде тексереді.

Бұл ретте Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкi туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап екі күн ішінде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;

3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

5-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6-тармақтың 5) тармақшасы бірінші бөлігінің алтыншы абзацы және 6) тармақшасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, партиялық тізімге енгізілген адам мен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;»;

«Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес, декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған жағдайда;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы абзацтардың;

2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) 104-бапта:

1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«1-1. Партиялық тізімге енгізілген кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне кірістер мен мүлік туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтердің анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексереді.

Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;

2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«5) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістер мен мүлік туралы декларациялар тапсырғаны жөніндегі анықтамалары;» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3-1) мынадай жағдайларда:

партиялық тізімге енгізілген адам Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкес келмеген;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес декларация тапсыру кезіне кандидат немесе оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтердің анық еместігі анықталған;

партиялық тізімге енгізілген адам өзінің сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызметтік жағдайын пайдаланған;

партиялық тізімге енгізілген адам сайлау алдындағы үгітті партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін жүргізген;

сот партиялық тізімге енгізілген адамның немесе оның сенім білдірілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;

осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда партиялық тізімге енгізілген адамды осы тізімнен шығару туралы шешім қабылдайды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің;

5) 118-бапта:

1-1-тармақ тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«1-1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тіркеуге дейін тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда кірістері мен мүлкі туралы декларациялар ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидат тiркелген күннен бастап он бес күн ішінде тексередi.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы мәліметтер ұсыну жөніндегі мемлекеттік кіріс органдарының талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақтың;

2-тармақтың 5) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүргізіледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

3-тармақтың 4) тармақшасы тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы тармақшаның;

6-тармақтың 3-1) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай:

«3-1) декларацияны тапсыру кезіне кандидат немесе оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анық еместiгi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы тоқтатыла тұрсын.

Осы Конституциялық заңның 113-1-бабы 1 және 2-тармақтарының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұрған кезеңде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«1. Сайлау тағайындауға мыналар негіз болып табылады:

1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің заңда белгіленген өкілеттіктер мерзімінің аяқталуы;

2) пилоттық өңірлердің тізбесін және аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізу күнін белгілеу туралы мәслихаттың шешімі;

3) заңда белгіленген жағдайларда, аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрылуы, шекараларының өзгеруі (қосылуы, бөлініп шығуы немесе бөлінуі).

Әкімшілік-аумақтық бірлік құрылған, шекарасы өзгерген (қосылған, бөлініп шыққан немесе бөлінген) кезде сайлау жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірлікте ғана тағайындалады.

2. Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттың шешімімен белгіленген, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлауды өткізетін күнге дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлауды тиісті аумақтық сайлау комиссиясы әкімнің өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын тағайындайды.

Аудан, облыстық маңызы бар қала әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мәслихаттың шешімімен белгіленген күні өткізілуге тиіс.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау осы Конституциялық заңның 113-3-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 113-9-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оның заңда белгіленген өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс.».

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

Н. Назарбаев