Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Мемлекеттік статистика туралы

(2023.02.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

4-бап. Мемлекеттік статистика органдары

5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері

6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат

7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету

9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті

12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау

12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

14-бап. Уәкілетті орган

15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету

16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері

17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері

18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары

3-тарау. СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау

20-бап. Статистикалық байқау

21-бап. Ұлттық санақтар

22-бап. Статистикалық әдіснама

23-бап. Статистикалық сыныптауыштар мен тіркелімдер

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия

24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері

25-бап. Өңдеу және сақтау

26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

 

Осы Заң мемлекеттік статистикалық қызмет процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) арнайы құрылған комиссия - ұлттық санаққа дайындыққа және оны жүргізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаулық мәселелерді шешу үшін құрылған комиссия;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) ауыл шаруашылығы санағы - ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) әкімшілік дереккөздер - статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) әкімшілік деректер - алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) бағаларды тіркеу - жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

4) ведомстволық статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;

5) жалпымемлекеттік статистикалық байқау - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) интервьюер - жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;

6) мемлекеттік статистика - ресми статистикалық ақпаратты түзу;

7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

7-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) пайдаланушы - ресми статистикалық ақпаратты алуға өтініш жасайтын және (немесе) оны пайдаланатын тұлға;

9) ресми статистикалық ақпарат - статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;

10) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигі - пайдаланушыларды статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық көрсеткіштер туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін құжат;

11) респондент - статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;

12) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигі - респонденттердің тобы, статистикалық байқаулардың атаулары, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну кезеңділігі мен мерзімдері және алғашқы статистикалық деректердің жиналуына жауапты мемлекеттік орган туралы мәліметтерді қамтитын құжат;

13) статистикалық ақпарат - алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;

14) статистикалық әдіснама - статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы;

15) статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;

16) статистикалық байқау объектісі - өздері туралы сандық және (немесе) сапалық сипаттамалар жиналуға тиіс әлеуметтік-экономикалық объект және (немесе) құбылыс не олардың жиынтығы;

17) статистикалық жұмыс жоспары - ұлттық санақтарды қоспағанда, жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізудің алғашқы статистикалық деректерді жинау мерзімдерін, ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мерзімдерін айқындайтын жылдық жоспары;

18) статистикалық қызмет - осы қызметті жоспарлауды, статистикалық әдіснаманы әзірлеуді, статистикалық байқау жүргізуді, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді өндеуді, қорғау мен сақтауды, статистикалық ақпаратты қалыптастыру мен таратуды қамтитын процесс;

19) статистикалық нысан - статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді белгіленген тәртіппен алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электрондық жеткізгіштегі формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақтама, сауал-нама, санақ парағы және басқа да формулярлар);

20) статистикалық сыныптауыш - статистикалық байқау объектісін топтарға, сыныптарға, разрядтарға бөлуге мүмкіндік беретін, жасау және жүйелеу принциптерінің, әдістерінің сипатталуын, сондай-ақ оны сәйкестендіру құралы болып қызмет ететін кодты қамтитын, оның нақты бір белгісі мәндерінің жүйеге түсірілген тізбесі;

21) статистикалық тіркелім - статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі - телефонмен респонденттерге сауал салу арқылы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) ұлттық санақ - халық санағын және ауыл шаруашылығы санағын қамтитын, статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган жүргізетін арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау;

23) үй шаруашылығы - бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды

23-1) халық санағы - белгілі бір уақыт кезіндегі жағдай бойынша респонденттерді сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау, өңдеу, біріктірілген деректерді талдау және тарату процесін қамтитын статистикалық байқау;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24) шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары мен шаруа және (немесе) фермер қожалықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика  саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және статистикалық ақпаратты түзу мен тарату процесіне байланысты қатынастарға қолданылады.

2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргізу саласындағы қатынастар «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңмен реттеледі.

3. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

4-бап. Мемлекеттік статистика органдары

Мемлекеттік статистка органдарына:

1) уәкілетті орган;

2) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жатады.

 

5-бап. Мемлекеттік статистиканың принциптері

Мемлекеттік статистиканың негізгі принциптері:

1) мемлекеттік статистиканың жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттармен, сыныптамалармен және әдістермен үйлесімді және салыстырмалы болуы;

2) статистикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі кәсіптік тәуелсіздік және дербестік;

3) пайдаланушылардың ресми статистикалық ақпаратқа теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету;

4) алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуы;

5) сапасын, уақтылығын, шығындарды және респонденттерге жүктемені ескере отырып, ақпарат дереккөздерінің барлық түрлерін пайдалану;

6) ресми статистикалық ақпараттың дәйектілігі, ғылыми негізділігі, уақтылы берілуі мен жалпыға бірдей қолжетімділігі;

7) статистикалық ақпараттың, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректердің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

6-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаты мемлекеттік статистиканы жасауға, жұмыс істетуге, дамытуға және жетілдіруге бағытталған.

2. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттік статистиканың принциптеріне негізделеді.

3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға өздерінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған құзыреті шегінде қатысады.

4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің қызметінде ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып пайдаланады, қандай да бір әлеуметтік-экономикалық объект немесе құбылыс бойынша ресми статистикалық ақпаратты алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана ол бойынша өзге ақпаратты жинайды және пайдаланады.

 

7-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер

Мемлекеттік статистика саласындағы міндеттер:

1) статистикалық әдіснаманы қалыптастыру;

2) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;

3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

 

8-бап. Ұсынылатын деректердің құпиялылық және қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз ету

1. Алғашқы статистикалық деректер құпия болып табылады және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік статистика органдары тек қана статистикалық ақпаратты түзу мақсатында пайдаланады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және сақтау кезінде осы деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің респондентке қатысты алғашқы статистикалық деректерді пайдалануына, оның ішінде өздері бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырған кезде пайдалануына жол берілмейді.

3. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру жөніндегі қызметіне орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де тұлғалардың араласуына жол берілмейді.

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті орган қалыптастыратын дерекқордағы мынадай мәліметтер:

1) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;

2) экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша экономикалық қызмет түрі;

3) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) экономика секторларының сыныптауышы бойынша коды;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) меншік нысандары мен түрлерінің сыныптауышы бойынша коды;

4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

5) әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауышы бойынша коды;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің, сондай-ақ дара кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлер саны жөніндегі мөлшерлік сыныптауышы бойынша коды;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жалпыға қолжетімді ақпаратқа жататын респонденттер туралы ақпарат құпия болып табылмайды.

2015.08.06. № 317-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде және осы баптың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, респондентті тікелей немесе жанама анықтауға немесе ол туралы алғашқы статистикалық деректерді айқындауға мүмкіндік беретін статистикалық ақпарат және дерекқор құпия болып табылады және ол респонденттің келісімі болғанда ғана таратылуы мүмкін.

Сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін тергеп-тексеру мақсаттары үшін ұсынылады.

Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұратуы бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеуді қолдану мақсаттары үшін ұсынылады.

Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген, ұсынылған мәліметтерді сыртқы сауда қызметі және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары және сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, шет мемлекеттердің, шет мемлекеттер одағының құзыретті органдарына беруі мүмкін.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға және пайдалануға жол беріледі.

7. Мемлекеттік құпияларды қамтитын статистикалық ақпаратты беру тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

 

9-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық

1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер немесе халықаралық ұйымдар арасындағы мемлекеттік статистика саласындағы ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік статистика органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде статистикалық ақпаратты таратуға және пайдаланылатын статистикалық әдіснама бойынша тәжірибе алмасуға құқығы бар.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік реттеу

 

10-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік статистика саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік статистика саласында:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) ұлттық санақ жүргізу туралы шешім қабылдайды және оны жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;

4) ұлттық санақтар жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;

5) өзіне Конституцияда, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-бап. Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіреді;

2) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді және іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

4) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдіснаманы қалыптастырады;

5) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы, оның ішінде әдістемелерді бекітеді;

6) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу тәртібін айқындайды және оны жүргізеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды

6-2) жалпымемлекеттік және (немесе) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық нысандардың және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтардың жобаларын тестілеу және талқылау тәртібін айқындайды және оларды респонденттердің ерікті негізде қатысуымен жүргізеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) бағаларды тіркеу тәртібін айқындайды және оны жүргізеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, сондай-ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес өтеулі қызметтер көрсету шарты бойынша интервьюерлер санын және олар көрсететін қызметтердің құнын есептеуді бекітеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде адамдарды интервьюер ретінде тарту тәртібін айқындайды;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін сәйкестендірілмеген түрде ұсыну тәртібін әзірлейді және бекітеді;

10) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын бірыңғай есептілік тізілімін әзірлейді;

11) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат түзу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

12) ведомстволық сыныптамаларды жүргізудің үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді ұсынған кезде оларды статистикалық нысандармен және осы нысандарды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз етеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен байланыс операторларынан респонденттер жөнінде байланыс деректерін алады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15-2) тармақшамен толықтырылды

15-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардан уәкілетті орган қалыптастыратын ресми статистикалық ақпаратты жүргізу үшін қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 15-3) тармақшамен толықтырылды

15-3) сұрау салу негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен сыртқы сектор статистикасын қалыптастыру мақсатында иесіздендірілген түрде жиналатын алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үй шаруашылықтарынан өздерінің кірістері мен шығыстары туралы қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алады;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) статистикалық ақпаратты түзу кезінде алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалаулары анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді қамтитын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін пайдаланады;

2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес салықтық әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабында есепке алынған әкімшілік деректерді мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.21.12. № 167-VІІ ҚР Заңымен 19-2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-2) тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан мемлекеттік тапсырыстар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру кезінде қалыптастырылған деректерді, оның ішінде статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде Жерді қашықтан зондтау деректерін өтеусіз негізде алады және пайдаланады;

20) оларды уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы мемлекеттік статистика органдарын статистикалық сыныптауыштармен қамтамасыз етеді;

21) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқор жинақтауды, жүргізуді және оны жаңартуды қамтамасыз етеді;

22) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін ұйымдастырады;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 23) тармақша жаңа редакцияда

23) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық қызметінің мемлекеттік органдардың статистикалық ақпарат жүргізу процесін сипаттаудың үлгілік әдістемесінде бекітілген талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізеді, сондай-ақ талдау жүргізу үшін қажетті құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

24) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеруді қоспағанда, респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

24-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады;

26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау

1. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

2. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау:

1) әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандарды;

2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;

3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;

4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық органдары ресми дереккөздерден уәкілетті орган алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен жүргізеді.

6. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылауды:

1) орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша - уәкілетті орган;

2) жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша - уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.

7. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда:

1) орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша - бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

2) жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды ресімделеді және жіберіледі.

8. Қорытынды әкімшілік дереккөзге қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің ресми интернет-ресурсынан) алынған электрондық мекенжай бойынша не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.

9. Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалады.

10. Әкімшілік дереккөз қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға және (немесе) аумақтық органға қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне енгізу арқылы әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 12-2-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді және 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)

12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік статистиканың тиісті органдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

2. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылаудың мақсаты респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзуына жол бермеу, оларға бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру және оларға түсетін әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

3. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ олардың анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынуын анықтау түрінде жүзеге асырылады.

4. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде мыналарды:

1) респонденттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынатын статистикалық нысандарды;

2) алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін статистикалық ақпаратты түзу кезінде - өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика органдарының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты талдау арқылы жүргізіледі.

5. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.

6. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қорытынды мынадай жағдайларда:

1) алғаны туралы белгі қойылып - қолма-қол;

2) тапсырыс хат арқылы - поштамен;

3) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген респонденттің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап - электрондық тәсілмен;

4) респондент бұрын ұсынған статистикалық нысанда көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген күннен бастап - мәтіндік хабарламамен табыс етілді деп есептеледі.

7. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

8. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жиілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген статистикалық нысандарды ұсынудың кезеңділігі бойынша айқындалады.

9. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды белгіленген мерзімде орындалмаған кезде, мемлекеттік статистика органдары әкімшілік іс жүргізу қозғайды.

10. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелерін тиісті мемлекеттік статистика органдары мемлекеттік статистика органдарының тиісті ақпараттық жүйелерінде электрондық түрде есепке алады.

 

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

13-бап. Мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті

Осы Заңның 4-бабының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік статистика органдары:

1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен статистикалық әдіснаманы әзірлейді, қалыптастырады және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) уәкілетті органмен келісу бойынша ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарын бекітеді;

3) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізеді және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастырады;

4) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталған жағдайда алғашқы статистикалық деректердің дәйектілігін растау үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етеді;

5) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу кезінде респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алады;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қайта қарайды;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды

5-2) үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшінші тұлғаларға бермей статистикалық мақсаттарда ғана пайдалану үшін уәкілетті органнан иесіздендірілген алғашқы статистикалық деректерді сұрау салу негізінде алады.

 

14-бап. Уәкілетті орган

1. Уәкілетті органның кәсіптік тәуелсіздігі, оның ішінде статистикалық әдіснаманы әзірлеу мен бекіту бойынша кәсіптік тәуелсіздігі болады.

2. Уәкілетті органның бірыңғай жүйесін орталық атқарушы орган мен оған бағынысты аумақтық органдар құрайды.

3. Аумақтық органдар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктері және орталық атқарушы орган бекіткен ереже шегінде жүзеге асырады.

 

15-бап. Уәкілетті органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету

Уәкілетті органның тәуелсіздігі:

1) уәкілетті органның қызметіне мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының және өзге де ұйымдардың құқыққа сыйымсыз араласуына жол бермеу арқылы;

2) оның қызметін жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

 

16-бап. Әкімшілік дереккөздердің құқықтары мен міндеттері

1. Әкімшілік дереккөздердің осы Заңның 26-бабына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты алуға құқығы бар.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге, уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыруға және шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін қамтамасыз етуге міндетті.

3. Әкімшілік дереккөздер:

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдануға;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органмен келісу бойынша бекітуге;

2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) әкімшілік деректерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өтеусіз негізде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органға банктік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, әкімшілік деректерді ұсынады.

 

17-бап. Респонденттердің құқықтары мен міндеттері

1. Респонденттердің:

1) ресми статистикалық ақпаратты алуға;

2) мемлекеттік статистика органдарынан алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын сақтауды талап етуге;

3) уәкілетті органнан статистикалық нысандарды толтыру тәртібі жөнінде түсініктер алуға;

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) алғашқы статистикалық деректерді мынадай тәсілдердің бірімен:

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен электронды түрде;

қағаз жеткізгіште;

телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы;

интервьюер жеке сауал салуды жүргізген кезде ұсынуға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) алғашқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсыну үшін қажетті статистикалық нысанды және (немесе) бағдарламалық қамтылымды өтеусіз негізде алуға;

5) уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға құқығы бар.

2. Респонденттер:

1) статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) статистикалық нысандарды ұсыну мерзімінің соңғы күні ақпараттық жүйеде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсынбауына алып келген техникалық ақаулардың туындағанын растау болған кезде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімін ұзарту және мерзімді ауыстыру туралы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған хабарлама негізінде техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күні статистикалық нысандарды ұсынуға;

2) мемлекеттік статистика органдарының осы Заңда көзделген талаптарын орындауға міндетті.

 

18-бап. Пайдаланушылардың құқықтары

Пайдаланушылардың:

1) ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес ресми статистикалық ақпаратқа бір мезгілде және теңдей қол жеткізуге;

2) ресми статистикалық ақпаратты дереккөзге сілтеме жасай отырып жеке мақсатта пайдалануға құқығы бар.

 

 

3-тарау. Статистикалық қызмет

 

19-бап. Статистикалық қызметті жоспарлау

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Статистикалық қызмет уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 15 қарашасына дейін бекіткен статистикалық жұмыстар жоспары негізінде жүзеге асырылады.

2. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын орындау үшін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін бекітеді.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Уәкілетті орган статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұсыныстарын ескере отырып, сондай-ақ статистикалық қызметті талдау қорытындысы негізінде алдағы күнтізбелік жылға арнап қалыптастырады.

Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз ұсыныстарын жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде уәкілетті органға ұсынады.

4. Уәкілетті орган жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде статистикалық жұмыс жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

20-бап. Статистикалық байқау

1. Мемлекеттік статистика органдары статистикалық байқауларды статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық нысандар бойынша жүргізеді.

2. Статистикалық байқауларды жүргізу кезінде оған орталық және жергілікті атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, олардың бірлестіктерінің араласуына жол берілмейді.

 

21-бап. Ұлттық санақтар

1. Ұлттық санақтарды жүргізу қажеттігін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

2. Уәкілетті орган ұлттық санақтарды статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізеді.

3. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді уәкілетті органға да, арнайы құрылған комиссияға да жүктеуі мүмкін.

4. Ұлттық санақтар барысында алынған мәліметтер алғашқы статистикалық деректерге жатады және олар жеке немесе заңды тұлғаға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қиындату мақсатында пайдаланылмауға тиіс.

5. Ұлттық санақтар жүргізу кезінде респонденттер алғашқы статистикалық деректерді міндетті түрде өтеусіз негізде ұсынады.

 

22-бап. Статистикалық әдіснама

1. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснаманы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді және бекітеді.

4. Статистикалық әдіснама ғылыми әдістер мен көзқарастар негізінде әзірленеді, оны мемлекеттік статистика органдары таратады және ол қолжетімді болуға тиіс.

5. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың статистикалық әдіснаманы қалыптастыруға араласуына жол берілмейді.

Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін қараңыз

 

23-бап. Статистикалық сыныптауыштар мен тіркелімдер

2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Статистикалық қызметті жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әзірленген және бекітілген статистикалық сыныптауыштардың қолданылуы міндетті.

2. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін уәкілетті орган мынадай статистикалық тіркелімдерді:

1) статистикалық бизнес-тіркелімді;

2) халықтың статистикалық тіркелімін;

3) ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімін;

4) тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады.

3. Статистикалық тіркелімдер тек қана статистикалық мақсаттарда жүргізіледі және оларды статистикалық байқау объектілерінің тіркелімдерде қамтылған қасиеттерін және (немесе) сандық сипаттамаларын ресми растау үшін пайдалануға болмайды.

4. Статистикалық бизнес-тіркелім Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

5. Халықтың статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан жеке тұлғалар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша тұрып жатқан оның азаматтары туралы ақпаратты қамтиды.

6. Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін субъектілер жөніндегі ақпаратты қамтиды.

7. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімі Қазақстан Республикасының барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлері туралы ақпаратты қамтиды.

8. Статистикалық тіркелімдердің деректеріне өзекті сипат беру алғашқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректер негізінде жүргізіледі.

 

2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 23-1-баппен толықтырылды

23-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия

1. Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополияға мынадай қызмет түрлері:

2018.05.11. № 192-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар және ұлттық санақтар кезінде алынған, аумақтық статистика органдары мен респонденттер ұсынған алғашқы статистикалық деректерді жинау, өңдеу және оларды электрондық түрде сақтау;

2) ақпараттық-статистикалық жүйелерді, дерекқорларды және олардың тұғырнамаларын, статистика тіркелімдерін, уәкілетті органның интернет-ресурсын қалыптастыру, сүйемелдеу және оларды өзекті ету;

3) статистикалық жарияланымдарды қалыптастыру және статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес уәкілетті органның таратуына жататын ресми статистикалық ақпаратты тарату;

4) ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты қалыптастыру жатады.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

 

24-бап. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру дереккөздері

Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде:

1) алғашқы статистикалық деректер;

2) әкімшілік деректер;

3) мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты;

4) басқа мемлекеттердің статистика органдары мен халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпараты дереккөз ретінде қызмет етеді.

 

25-бап. Өңдеу және сақтау

1. Статистикалық байқаулар жүргізу кезінде алынған алғашқы статистикалық деректер және (немесе) әкімшілік деректер статистикалық әдіснамаға сәйкес және мемлекеттік статистиканың принциптері сақтала отырып өңделеді.

2. Алғашқы статистикалық немесе әкімшілік деректерді қамтитын қағаздағы жеткізгіштер көрсетілген деректер негізінде қалыптастырылған ресми статистикалық ақпарат таратылған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады. Алғашқы статистикалық немесе әкімшілік деректерді қамтитын электрондық жеткізгіштер кемінде елу жыл сақталады.

 

26-бап. Статистикалық ақпаратты тарату

1. Ресми статистикалық ақпарат ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес статистикалық жұмыс жоспарында көзделген көлемде таратылуға жатады.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік статистика органдары пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинада оқылатын деректер және статистикалық әдіснама форматындағы ақпаратқа бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды оларды мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында және «электрондық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.

3. Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және оны әзірлеуге қосымша шығындарды талап ететін статистикалық ақпарат өтеулі негізде беріледі.

Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асыруы мақсатында олардың біржолғы сауалдары негізінде ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген және респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне сәйкес респонденттер ұсынатын алғашқы статистикалық деректер негізінде әзірленген статистикалық ақпарат, осы Заңның 8-бабының талаптары сақтала отырып, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өтеусіз негізде берілуі мүмкін.

4. Статистикалық ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.

5. Мемлекеттік органдар әкімшілік деректер бойынша қалыптастырылатын статистикалық ақпаратты өздері дербес таратады.

 

 

4-тарау. Қорытынды ережелер

 

27-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік статистика органдарының жұмыскерлері респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) дерекқорды жоғалтқаны, сатқаны, бергені және өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

3. Мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің немесе олардың лауазымды адамдарының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді не статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, жария етуі салдарынан жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуге жатады.

 

28-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 91-құжат; 2001 ж., № 4, 23-құжат; 2002 ж., № 1, 3-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 143-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 жылғы 9 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2010 жылғы наурыздың 19-ы.

№ 257-ІV ҚРЗ