Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы
2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2023.03.01. № 188-VІІ ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

Осы Заңға түсініктемені қараңыз

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары

3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы

4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi

5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi

8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi

9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi

10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру

11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу

12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу

13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi

14-бап. Арнайы есепке алуды түзу

15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу

16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі

16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі

16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері

16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер

17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

 

 

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Осы Заң мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың және арнайы есепке алуды жүргiзудiң құқықтық негiздерi мен қағидаттарын, уәкiлеттi орган мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің өкiлеттiктерi мен функцияларын айқындайды.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы ведомстволық есепке алудың орталықтандырылған жүйесiне негiзделген мемлекеттік статистика саласы;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесi - уәкiлеттi органның және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң бiрiккен статистикалық электрондық ақпараттық ресурстары;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) құқықтық статистикалық ақпарат - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi уәкiлеттi органға беретiн құжатталған ақпарат;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) құжатталған ақпарат - қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, әкiмшiлiк-құқықтық салалардағы тұлғалар, заттар, фактiлер, оқиғалар, мән-жайлар және басқа да құқықтық құбылыстар мен процестер туралы мәлiметтер;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) ақпараттық есепке алу құжаты - өз негiзiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерi құралатын, белгiленген үлгiдегi құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттiк, оптикалық, электрондық) жеткiзушiсi;

6) құқықтық статистикалық байқау - заңдылықтың, құқықтық тәртiптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының жалпы жай-күйiне әсер ететiн құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7) азаматтық-құқықтық статистика - азаматтық-құқықтық саладағы азаматтық құқықтық қатынастардың, азаматтық және әкімшілік сот iсiн жүргiзудiң, сондай-ақ атқарушылық iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7-1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталары - мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің нақты уақыт режимінде елді мекендердің географиялық координаттарында құқықтық статистикалық ақпаратты визуализациялауды қамтамасыз ететін құрамдасы;

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) қылмыстық-құқықтық статистика - қылмыстық-құқықтық саладағы қылмыстық теріс қылық пен қылмыстылықтың, сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеп-тексерудің, қылмыстық сот ісін жүргізудің, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізудің жай-күйі, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалғаны үшiн жазалау және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының қолданылуы туралы мемлекеттiк құқықтық статистика саласы;

9) әкiмшiлiк-құқықтық статистика - әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң жай-күйi туралы мемлекеттік құқықтық статистика саласы;

10) ведомстволық есепке алу - жедел және арнайы есепке алумен байланысты емес, мемлекеттік органның iшкi ведомстволық қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар, заттар және оқиғалар туралы мәлiметтер жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау және сақтау;

11) арнайы есепке алу - мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшiн жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

12) жедел есепке алу - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жедел iздестiру қызметiн қамтамасыз ету үшiн тұлғалар туралы мәлiметтердi жинау, тiркеу, жүйелеу, сыныптау, сақтау;

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi -Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органға құқықтық статистикалық ақпарат беретiн құқық қорғау, арнаулы, сот және өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, сондай-ақ адамдар;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

14) уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

15) есептік-тіркеу тәртібі - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің уәкілетті орган белгілеген өлшемшарттарға, шектерге, параметрлерге, көлемдерге және мерзімдерге сәйкес құқықтық статистикалық ақпаратты беруі.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдары

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың нысанасы

Бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстар мен процестердiң нақты орын мен уақыт жағдайындағы сандық жағы олардың сапалық ерекшелiгiн, даму үрдiсi мен заңдылығын ашу мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканың нысанасы болып табылады.

Статистикалық байқау жолымен бұқаралық құқықтық немесе басқа да заңи мәнi бар құбылыстардың жиынтығын сипаттайтын құжатталған ақпарат арнайы есепке алу нысанасы болып табылады.

 

4-бап. Мемлекеттік құқықтық статистиканы және арнайы есепке алуды қалыптастырудың негiзгi мiндеттерi мен принциптерi

1. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мiндеттерi:

1) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды бiртұтас статистикалық принциптер және стандарттар негiзiнде елдегi заңдылық пен құқық тәртібінiң жай-күйi туралы ақпаратпен тиiмдi және жеткiлiктi қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн жетiлдiру және дамыту болып табылады.

2. Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу:

1) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистика жүйесiн басқарудың бiртұтастығы;

2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығы, объективтілiгi, жеткiлiктілігi, тұрлаулылығы және салыстырымдылығы;

3) құқықтық статистикалық ақпараттың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектерде қолжетiмдiлiгi және ашықтығы;

4) адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң мүлтiксiз сақталуы принциптерiнде жүзеге асырылады.

 

5-бап. Құқықтық статистиканы қалыптастыру

Құқықтық статистиканы қалыптастыру тәртібін, белгiлерiн, өлшемдерiн, көлемiн және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган:

1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) жедел, ведомстволық есепке алуды және жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын органдармен құпия негiзде ынтымақтасып жұмыс істейтін адамдарды есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргiзедi;

3) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына, жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн белгiлейдi;

4) құқықтық статистикалық байқаулар өткiзедi;

5) құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу саласында ақпараттық-талдау қызметiн жүзеге асырады;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда

6) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді жүзеге асырады және (немесе) есепке алуды жүргізеді;

7) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) уәкілетті органның тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

9) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

10) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық принциптер және стандарттар, әдiстеме әзiрлейдi;

12) құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлейдi;

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеуді және есепке алуды үйлестіреді;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 12-2) - 12-5) тармақшалармен толықтырылды

12-2) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтерді жариялайды;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелер, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының:

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;

пайдалануды, қолдап отыруды, дамытуды, мониторингті жүзеге асыру;

іркіліссіз және тиісінше жұмыс істеуді, сондай-ақ қорғауды қамтамасыз ету;

электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

анықталған кемшіліктерге жедел ден қоюды және оларды жою жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету бойынша функцияларын жүзеге асырады;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-4) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-4) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелердің, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуі, оған әкімшілік ету, пайдалану үшін жауапты лауазымды адамдарды айқындайды;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-5) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-5) мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің географиялық ақпараттық карталарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 12-6) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-6) тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдауды, беруді, олармен танысуды, сақтауды және жоюды жүзеге асырады;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-7) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12-7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мемлекеттік бақылау актілерінің және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың нысандарын әзірлейді және бекітеді;

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 12-8) тармақшамен толықтырылды

12-8) реттеуші мемлекеттік органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-9) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

12-9) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

12-9) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіреді;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

12-10) жолданымдарды қарау бойынша операциялық бағалау жүргізеді;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 12-11) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

12-11) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ведомство аумақтық органдармен және оларға теңестірілген органдармен өз қызметін уәкілетті органның құзыреті шегінде жүзеге асырады.

 

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді

7-бап. Уәкілеттi органның құқықтары мен мiндеттерi

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1. Уәкiлеттi орган өз өкілеттiктерi шегiнде:

1) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алуды жүргiзу мәселелерi жөнiнде құқықтық статистикалық ақпаратты, ведомстволық есептілікті, бастапқы есепке алу құжаттары мен нысандарын, сондай-ақ статистикалық ақпаратты және арнайы есепке алуды жүргiзу үшiн басқа да ақпаратты тегiн алуға;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырумен және арнайы есепке алуды жүргізумен байланысты емес қызметіне араласпай, олар беретiн құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығына, объективтілігiне, анықтығына және жеткiлiктілігiне қадағалауды жүзеге асыруға;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықтың сақталуына тексеру, заңдылықтың жай-күйіне талдау, күшіне енген актілерге бағалау жүргізуге;

4) 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайларда, оларды тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тартуға;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) құқықтық статистикалық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен қолжетімділік беруге;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкiлеттi орган өз өкiлеттiктерi шегiнде:

1) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында ақпарат жинауды, өңдеудi, жинақтауды, жиынтықтауды және жаңартып отыруды;

2) жүргiзiлетiн құқықтық статистикалық байқаулардың бағдарламасын мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келiсудi және бекiтудi;

3) мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудi;

4) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiн құқықтық статистикалық ақпаратпен, арнайы есепке алу мәлiметтерiмен өтеусiз негiзде қамтамасыз етудi;

5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес республикалық бюджетке түсетiн өз қаражаттары есебiнен, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген шекте, көлемде және мерзiмде жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетудi;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) мемлекеттiк құпиялар мен дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, алынған мәлiметтердiң сақталуын;

7) ақпарат жүйелерiн заңсыз қол сұғудан, құқықтық статистика және арнайы есепке алу объектілерi туралы деректердiң бүлiнуiнен немесе жойылуынан қорғауды;

8) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргiзу кезiнде адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

9) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуды;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауды жүзеге асыруға міндетті.

 

8-бап. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнің құқықтары мен мiндеттерi

1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi өз өкілеттiктерi шегiнде:

1) мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есепке алуды жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізуге;

2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық құқықтық статистикалық байқаулар жүргізуге және жедел-iздестiру, қарсы барлау және қызметтік жұмысты қамтамасыз етуге арналған жедел, ведомстволық есепке алуды жүргізуге құқығы бар.

2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi:

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шекте, көлемде және мерзiмдерде ақпараттық есепке алу құжаттарын, өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi органға беруге;

2) құқықтық статистикалық ақпараттың тұтастығын, объективтілігiн, анықтығын және жеткiлiктілігiн қамтамасыз етуге және өз өкiлеттiктерi шегiнде құқықтық статистикалық ақпараттың көрсетiлуiнiң толымдылығын және анықтығын бақылауды жүзеге асыруға;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мемлекеттiк құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын алынатын мәлiметтердiң, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру және арнайы есепке алуды жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйелерден, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

4) уәкілетті органда тіркеуге жататын тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын тағайындау туралы актілерді тiркеуге мiндеттi.

 

9-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Құқықтық статистикалық ақпаратты тiркеу, жинақтау, өңдеу, сақтау және беру барысында уәкiлеттi орган мемлекеттік құпияларды, дербес деректерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қорғау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолданады.

2. Тергеу мен анықтау деректерiн құрайтын нақты құбылыстар, процестер және тұлғалар туралы құқықтық статистикалық ақпарат жария етуге жатпайды. Егер тергеу мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының, заңмен қорғалатын мүдделерiнiң бұзылуына байланысты болмаса, бұл ақпарат тергеушi, анықтаушы, прокурор және сот мүмкiн деп таныған көлемде, олардың рұқсатымен жария етiлуi мүмкiн.

3. Адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мақсатында уәкiлеттi органға берiлген барлық бастапқы құқықтық статистикалық ақпараттың сақталуы қамтамасыз етiледi.

4. Уәкiлеттi орган әрбiр азаматқа арнайы есепке алудағы оған қатысты, оның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн қозғайтын мәлiметтермен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

5. Ол туралы мәлiметтердiң арнайы есепке алуға заңсыз енгiзiлу фактiсiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауға болады.

 

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру

Уәкiлеттi орган орындайтын статистикалық жұмыстар республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

 

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11-бап. Құқықтық есептiк тiркеу

Құқықтық есептiк тiркеудi уәкiлеттi орган азаматтық-құқықтық, қылмыстық-құқықтық және әкiмшiлiк-құқықтық құжатталған ақпаратты қабылдау, есепке алу және жүйелеу арқылы жүзеге асырады.

 

12-бап. Арнайы есепке алуды тағайындау мен жүргізу

1. Арнайы есепке алу:

1) мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңдарын жетiлдiру жөніндегі қызметiн;

2) мемлекеттік органдардың құқық қолдану қызметiн;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.

2. Уәкілеттi орган арнайы есептi жинауды, тiркеудi, өңдеудi, жинақтауды, жүйелеудi, сыныптауды, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етедi.

3. Уәкiлеттi орган арнайы есепке алудың мынадай түрлерiн:

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды;

2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды;

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарып жүрген адамдарды;

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) хабарсыз жоғалып кеткен іздеудегі адамдарды;

5) жеке басы анықталмаған мәйiттердi;

6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамдарды;

6-1) 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)

6-2) шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын;

2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) сот әрекетке қабiлетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды;

2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған адамдарды;

9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды;

2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда

10) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңының 3-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, мемлекеттік бақылаудың, сондай-ақ қадағалаудың басқа да нысандарын;;

2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен 10-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;

2005.23.02. № 33-III ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.03.11. № 244-V ҚР Заңымен (2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда

11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды;

2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды;

2011.28.12. № 522-IV ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

13) адамдардың қаза болуына немесе жаралануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын;

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды

14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды

16-1) кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды;

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 16-2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

16-2) туысқандарымен байланысты жоғалтқан іздеудегі адамдарды;

2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды

16-3) өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды; 2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыс татуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты тәркіленген мүлік сомаларын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған, Қазақстан Республикасына қайтарылуға жататын және қайтарылған сомаларды;

2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18) тармақша өзгертілді

18) қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға байланысты өзара құқықтық көмек пен өзге халықаралық сұрау салуларды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.

19) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

20) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Жедел және ведомстволық есепке алуды қоспағанда, арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

13-бап. Арнайы есепке алу объектiлерi

1. Шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, азаматтығына, дiнге көзқарасына, сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге мүшелiгiне, тұратын жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлға, сондай-ақ заңды тұлға арнайы есепке алу объектiсi болуы мүмкiн.

2. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, өзi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органның арнайы есепке алу жүйесiне енгізу үшiн есепке алынған объектiнiң келісімi талап етiлмейдi.

3. Егер, заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік орган өзiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде есепке алынған объект туралы мәлiметтердi пайдалануға оның келісімi талап етiлмейдi.

4. Адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi, туған жерi, сондай-ақ осы деректердi сол адамның өзгерту фактiсi, бұрынғы деректер сияқты, жеке немесе отбасылық құпия болып табылмайды. Адам заңды жолмен алынған осы, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi арнайы есепке алу iсiне енгізуге тыйым салуға немесе рұқсат етуге құқылы емес.

 

14-бап. Арнайы есепке алуды түзу

1. Әртүрлi мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу кезiнде мәлiметтерi пайдаланылуы мүмкiн арнайы есепке алу уәкілеттi органда ғана жүргізілуге тиiс.

2. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi арнайы есепке алуды түзу үшiн ақпараттық есеп құжаттарын және өзге де қажеттi материалдар мен мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, шектерде, көлемде және мерзiмдерде бередi.

 

15-бап. Ведомстволық есепке алуды тағайындау және жүргiзу

1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi ведомстволық есепке алуды өздерiнiң құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу мақсатында жүзеге асырады.

2. Ведомстволық есепке алуды қалыптастыру тәртібі ведомстволық нұсқаулықтармен айқындалады.

3. Ведомстволық есепке алуда бар мәлiметтер тек қана мемлекеттік органның құзыретiне кiретiн мiндеттердi шешу шегiнде пайдаланылуы мүмкін.

 

16-бап. Құқықтық статистикалық ақпаратты пайдалану мен сақтау тәртібі

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында статистикалық ақпаратты жариялауға, статистикалық жинақтар шығаруға және құқықтық статистикалық ақпаратты практикалық және ғылыми-зерттеу мақсаттарында өзгедей пайдалануға құқылы.

2. Құқықтық статистикалық ақпарат ақпараттық есепке алу құжаттары және есептілік нысандары түрiнде уәкiлеттi орган анықтайтын талаптарға сәйкес оның сақталуы қамтамасыз етiлетiн жағдайларда сақталады.

3. Құқықтық статистикалық ақпаратты сақтау мерзiмiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-1-баппен толықтырылды

16-1-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың қызметкерлеріне және (немесе) жұмыскерлеріне мемлекеттік, өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен электрондық ақпараттық ресурстарды беруге арналған, электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана олардың осы Заңға сәйкес өз қызметін жүзеге асыру шеңберіндегі сұрау салулары бойынша алуына мүмкіндік беретін құпия ақпараттық жүйе құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі болып табылады.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Өзге де органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен өздеріне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және өзге де органдардың бірінші басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

2. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің жұмыс істеуін құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы және ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

3. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.

 

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-2-баппен толықтырылды

16-2-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тәртібі мен негіздері

1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алуды жүйеде тіркелген пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы және байланыстың қорғалған арналары арқылы жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сай келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салу қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей дәрежеде болады.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істердің, іздестіру істері мен атқарушылық іс жүргізудің шеңберінде ақпарат алу үшін сұрау салуда ақпаратты талап етіп алдыруға негіз болған мән-жайлар көрсетіледі.

Сұрау салудың негізділігі құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі операторының дерекқорларда пайдаланушының іс жүргізуінде сұрау салуға бастама жасау үшін негіз болған материалдардың бар-жоғын салыстырып-тексеру арқылы тексеруіне жатады.

Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен электрондық ақпараттық ресурстарды алу тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда ғана мүмкін болады.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларының бірлескен нормативтік-құқықтық актілерінде айқындалады.

4. Соттарға ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес және осы баптың 3-тармағының талаптары сақтала отырып, қаралатын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер шеңберінде беріледі.

2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу тәртібі мен негіздері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының және қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

 

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 16-3-баппен толықтырылды

16-3-бап. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша шектеулер

1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда пайдаланылуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Алынған ақпарат өзін сұратуға негіз болған материалдарда сақталады. Мұндай ақпараттың көшірмесін жасауға, оны алып қоюға, кейіннен беруге, таратуға тыйым салынады.

3. Ақпаратты сақтау мерзімдері, шарттары негізгі материалдың мазмұнына сүйене отырып айқындалады. Ақпарат тиісті материалдармен бірге жойылуға жатады.

4. Сұрау салулардың негізділігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен алынған электрондық ақпараттық ресурстармен жұмысты ұйымдастыруға және оларды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарды осы органдардың басшылары айқындайды.

5. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.

 

17-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев