Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы
1998 ж. 30 маусымдағы № 254-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2024.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары
3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар
3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
4-бап. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу
5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi
7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары
8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы
2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбi
9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш
10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi
11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту
12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi
15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу
16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы
19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртiбiнiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк
21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жылжымайтын мүлік орталықтарының», «жылжымайтын мүлік орталығының», «жылжымайтын мүлік орталықтары», «жылжымайтын мүлік орталығына», «жылжымайтын мүлік орталығын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары» деген сөздер тиісінше «жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының», «жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының», «жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары», «жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына», «жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын», «Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жылжымалы мүлiк - көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу - жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын және тiркеушi органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;
3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) - мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк - тiркеушi орган және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі - жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) - тiркеушi органдар және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) кепілді электрондық тіркеу - жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өтiнiш берушi - тiркеушi органға және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;
7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) уәкілетті орган - жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;
9) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары
Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар:
1) кепiл берушi, кепiл ұстаушы;
2) тiркеушi органдар;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) Мемлекеттік корпорация;
3) үшiншi тұлғалар.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды - тиісті мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-бап. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу
1. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.
3. Кепiлдерi мiндеттi түрде тiркелуге жататын мүлiк түрлерi, меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:
1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;
2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, сондай-ақ Заңда берiлген өкiлеттiк шегiнде жылжымалы мүлiк кепiлiнiң жекелеген түрлерiн тiркеуге уәкiлеттi мемлекеттік органдар жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүргiзу ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн ведомстволық актiлер шығаруға құқылы.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.
ҚР 03.06.03 ж. № 427-11 Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады.
Қара: Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 Заңың; Қазақстан Республикасында Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы ҚР 1997 жылғы 5 наурыздағы № 78-1 Заңың
1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 3-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4-тармақ өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары
Жылжымалы мүлiктiң кепiлi кезiнде жеке кәсiпкер, жеке немесе заңды тұлға кепiлдi кепiл берушi ретiнде де, кепiл ұстаушысы ретiнде де тiркей алады.
8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кепiл берушiнiң аталған мүлкiне үмiткер кепiл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiн (күнiн) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және басқа да заң актілерінiң ережелерiне сәйкес белгiлейдi.
Әрбiр алдыңғы тiркелген кепiл ұстаушы барлық өзiнен кейiн тiркелген кепiл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүлiктiң тiркелмеген барлық кепiл ұстаушыларының алдында мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету кезiнде басымдыққа ие болады.
2. Мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлi құқығы, егер кепiл туралы шартта (кепiл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актілерінде неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе, аталған мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлiк кепiлi тiркелген сәттен бастап пайда болады.
2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртібі
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өтініште:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде);
8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер;
9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс.
Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда «электронды үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс.
Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші - жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.
3-1. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-1-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым
Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тiркелген кепiлдiң өзгерістерiн, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттік тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-2-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 9-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-2-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы
Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.
2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 9-4-баппен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 9-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.
2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.
3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi
1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгізуге;
3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымайтын мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміндегі кепіл туралы мәліметтердің өтініштегі толтырылу толықтығын тексередi.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.
Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:
1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);
2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;
3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;
4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;
5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Егер кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығару бойынша өтініш иесі кепіл ұстаушы болып табылса, онда соңғысы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені кепіл беруші орындағаннан кейін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды
6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.
2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған;
2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мүдделi тұлға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
4. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 03.06.03 ж. № 427-11 Заңымен 12-бап толықтырылды
12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi
1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты);
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi);
3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi;
4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер;
5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi.
2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн.
3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi.
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөніндегі куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);
3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;
7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 3-жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.
15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу
1. Тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қателердi түзеу жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгізу арқылы мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша жасалады.
2. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртібі
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш жіберу арқылы тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркейдi.
Өзгерістер мен толықтыруларды тiркеу тәртібі заңдармен белгiленедi.
17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш
1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерістердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:
1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;
3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;
4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде - жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.
Ақпарат беру «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақтала отырып жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 3-бабында көрсетілген жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Заңның 10-бабының 4-тармағын ескере отырып, жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:
1) кепiл туралы мәлiметтер үзінді көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң соңында берiлгенiне нұсқауды қамтуға;
2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.
3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс.
4. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртібінiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Дауларды шешу тәртiбi
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледi.
21-бап. Тiркеу тәртібін бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгізу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртібін бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөніндегі басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н. Назарбаев |