Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1689 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 27 қазандағы

№ 1689 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 49, 560-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 шілдедегі № 764 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 377 қаулысы.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1184 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 594-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы  № 442 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 194-құжат).

6. «Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1006 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1352 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 563-құжат).