“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1343 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 377 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 қазандағы № 1689 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1343 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі үйлестiру кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:

 

Кравченко              - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович          және сауда бiрiншi вице-министрi,
                         төрағаның орынбасары

 

Әйтiмова               - Қазақстан Республикасының Білім және
Бірғаным Сарықызы        ғылым министрi

 

Әмiрин                 - "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік
Ғұсман Кәрiмұлы          қоғамы басқармасының төрағасы (келісім
                         бойынша);

"Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген жолда "Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздерден кейiн "- Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген құрамнан Жақсыбеков Әділбек Рыскелдiұлы, Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы, Доминов Евгений Евгеньевич шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов