«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қазандағы № 974 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Жоба

 

Қабылданды- 2009.23.02  № 139-IV ҚР  Заңын  қара

Қазақстан Республикасының Заңы

 

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісімді

ратификациялау туралы

 

Мәскеуде 2008 жылғы 25 қаңтарда қол қойылған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті