Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 Қаулысы

(2009.20.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Бюджет процесін жетілдіру және нәтижеге бағдарланған бюджетті кезең-кезеңімен енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Орталық атқарушы органдар және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 10 шілдеге және 15 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша 25 шілдеге және 30 қаңтарға дейін жылына 2 рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

5. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 273 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 8-жолдың 2-бағаны «(1-кезең)» деген сөздермен толықтырылсын;

реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15 және 16-жолдар алынып тасталсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 6 маусымдағы

№ 544 қаулысымен

бекітілген

 

ҚР Үкіметінің 2009.20.04  № 553 Қаулысымен  жоспар өзгертілді  (бұр. ред. қара)

 

Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушы

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1. Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру

1.

Орталық атқарушы органдардың нәтижеге

бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін

және бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар

жоспарларын бекітуі

Орталық атқарушы

органдардың бұйрықтары

Орталық атқарушы

органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

2.

Макроэкономикалық болжам мен 2009 - 2013

жылдарға арналған фискалдық саясаттың

негізгі параметрлерін мақұлдау (2-кезең)

Қазақстан Республика-

сының Үкіметі мәжілісінің

хаттамасы

ЭБЖМ (жинақтау),

мемлекеттік органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

3.

Орталық атқарушы органдардың 2009 -

2011 жылдарға арналған стратегиялық

жоспарларын бекіту

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулылары

Орталық атқарушы

органдар

2008 жылғы

4-тоқсан

4.

Жергілікті атқарушы органдардың нәтижеге

бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін

және бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар

жоспарларын бекітуі

Әкімдіктердің қаулылары

Жергілікті атқарушы

органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

5.

Өңірлердің 2010 - 2014 жылдарға» арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамдарын мақұлдау

 

Әкімдіктер отырыстарының хаттамалары

Жергілікті атқарушы

органдар

2009 жылғы

3-тоқсан

6.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын

атқарушы органдардың 2010 - 2012 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарларын бекіту

Әкімдіктер-

дің қаулы-

лары

Жергілікті атқарушы

органдар

2009 жылғы

4-тоқсан

7.

Орталық атқарушы органдардың 2009 -

2011 жылдарға арналған стратегиялық

жоспарларын іске асыру туралы

есеп жасау және беру

ЭБЖМ-ге есеп

Орталық атқарушы

органдар

2010 жылғы

1-тоқсан

8.

Орталық атқарушы органдардың 2009 -

2011 жылдарға арналған стратегиялық

жоспарларын іске асыру туралы

2009 жылға ЭБЖМ-нің ақпарат пен

қорытындылар беруі

Қазақстан Республика-

сының Үкіметіне ақпарат

ЭБЖМ

2010 жылғы

1-тоқсан

9.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын

атқарушы органдардың 2010 - 2012 жылдарға

арналған стратегиялық жоспарларын іске асыру

туралы 2010 жылға есеп жасау және беру

Әкімдікке есеп

Жергілікті бюджеттерден

қаржыландырылатын

жергілікті мемлекеттік

органдар

2011 жылғы

1-тоқсан

10.

Квазимемлекеттік сектор операцияларын

мемлекеттік қаржыларға кіріктіру жөніндегі

ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республика-

сының Үкіметіне ұсыныстар

ЭБЖМ

(жинақтау),

Қаржымині

2010 жылғы

1-тоқсан

2. Бюджеттік жоспарлауды жетілдіру

11.

Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы

ЭБЖМ (жинақтау),

Қаржымині, Әділетмині,

мүдделі мемлекеттік

органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

12.

2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық

бюджет туралы Заң жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы

Заңының жобасы

ЭБЖМ (жинақтау),

мүдделі мемлекеттік

органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

13.-15 ҚР Үкіметінің 2009 ж. 20 сәуірдегі № 553 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

16.

Республикалық бюджетті жоспарлаудың, орталық

мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері

мониторингінің бірыңғай ақпараттық жүйесін

әзірлеу және енгізу

Бағдарламалық өнім

ЭБЖМ

2008-2011

жылдар

3. Стратегиялық жоспарлауды мемлекеттік органдар

қызметінің операциялық деңгейіне көшіру жүйесін енгізу

17.

2009 жылға арналған меморандумдарды

әзірлеу және оларды бекіту

Меморандумдар

Орталық атқарушы

органдар

2009 жылғы

1-тоқсан

18.

Орталық атқарушы органдардың 2009 жылға

арналған операциялық жоспарларды әзірлеуі

Орталық атқарушы органдардың

бұйрықтары

Орталық атқарушы

органдар

2009 жылғы

1-тоқсан

4. Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі

мен қаржылық есептілігін жетілдіру

19.

ҚСҚЕХС-ны енгізу мәселелері жөніндегі

жұмыс тобын құру

Бұйрық

Қаржымині (жинақтау),

ЭБЖМ, мүдделі

мемлекеттік

органдар

2008 жылғы

3-тоқсан

20.

Қазынашылық жүйесі шеңберінде мемлекеттік

мекемелердің қаржысы мен активтерін басқару

жөніндегі «Қазынашылық-Клиент» бірыңғай

бағдарламалық өнімін жасау

Бағдарламалық өнім

Қаржымині

2009 жыл

21.

ҚР Үкіметінің 2009 ж. 20 сәуірдегі № 553 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

22.

ҚСҚЕХС талаптарына сәйкес келетін «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп» бағдарламалық өнімін жасау

Бағдарламалық өнім

Қаржымині

2011 жылғы

1-тоқсан

23.

Бюджеттік жоспарлау органдарының бірыңғай бағдарламалық өнімін қазынашылықтың ақпараттық жүйесімен кіріктіру

Бағдарламалық өнім

Қаржымині

2011 жыл

24.

Пилоттық мемлекеттік органдарда ҚСҚЕХС-ке

сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілік жүйесін енгізу

Қазақстан Республика-

сының Үкіметіне

ақпарат

Қаржымині

2012 жыл

25.

ҚСҚЕХС-қа мемлекеттік  мекемелердің маманда-

рын, сыртқы және ішкі аудиторларды оқыту

Семинарлар

Қаржымині

2012 жыл

26.

Барлық мемлекеттік мекемелерде ҚСЕСХС-ке

сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілік жүйесін енгізу

Қазақстан Республика-

сының Үкіметіне

ақпарат

Қаржымині

2013 жылдан

бастап

5. Мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі, бақылау, аудиті және бағалау жүйесін енгізу

27.-29. ҚР Үкіметінің 2009 ж. 20 сәуірдегі № 553 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 

30.

Мемлекеттік органдардың қызметін бағалау жүйесін құру және енгізу

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау),

мемлекеттік органдар

2009 жылғы

3-тоқсан

31.

Ішкі бақылау  қызметтерін құру (нығайту)

Қазақстан Республика-

сының Үкіметіне

ақпарат

Қаржымині (жинақтау),

әкімдер, мемлекеттік

органдар

2009-2010 жылдар

6. Нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізуді қолдау (әлеуетті арттыру)

32.

Мемлекеттік органдардың мамандарын нәтижелерге бағдарланған бюджеттеудің элементтеріне оқыту

Семинарлар

ЭБЖМ (жинақтау),

Қаржымині

2008-2009

жылдар

33.

Мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың нәтижелілік көрсеткіштерге, лауазымдық регламенттерге негізделетін жүйесін қалыптастыру және енгізу (нәтижелер бойынша еңбекақы төлеу жүйесін енгізу және т.б.)

Нормативтік құқықтық акт

ЭБЖМ (жинақтау),

МҚА (келісім

бойынша)

2009 жылғы

3-тоқсан

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын есеп комитеті

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

ҚСҚЕХС - қоғамдық секторға арналған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары