Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 553 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 544 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижеге бағдарланған бюджетті енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 5-жолдың 2 және 3 бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңірлердің 2010 - 2014 жылдарға» арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының және 2010 - 2012 жылдарға арналған бюджеттік параметрлерінің болжамдарын мақұлдау
Әкімдіктер отырыстарының хаттамалары»;
реттік нөмірлері 13, 14 және 15-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 17-жолдың 2-бағанында «оларға қол қою» деген сөздер «оларды бекіту» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 21, 27, 28 және 29-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 31-жолдың 2-бағанында «және аудит» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 32-жолдың 5-бағанында «2010» деген цифрлар «2009» цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов
|