2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
(Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
(2008.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Мыналардың:
52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
52-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін
қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны 440389 мың теңге (төрт жүз қырық миллион үш жүз сексен тоғыз мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 23-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 11 қаңтардағы Заңы; «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың, 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық саясатты жүргізу, туризм, спорт және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Дене шынықтыруды, жоғары жетістіктер спортын және салауатты өмір салтын насихаттауды және дамытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес, кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдысын шыңдауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 |
| Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | Туризм және спорт саласының құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін жасау. Мемлекеттік салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру, туризм және спорт салаларының дамуына талдау жүргізу, туризм және спорт индустриясының әлемдік тәжірибесін, оның ішінде кластерлік бастамалар шеңберінде зерделеу және қорытындылау. Туризм, ойын бизнесі, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, салалардың даму жай-күйіне мониторинг жүргізу және жаңа технологиялар әзірлеу. Ойын бизнесі саласындағы заңмен бекітілген біліктілік талаптарына сай болуын қамтамасыз ету. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетулерге рұқсатнама беруді, дене шынықтыру және спорт бойынша қызмет ететін республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы туристік қызмет және ойын бизнесі саласындағы заңнамасының орындауын бақылау. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Дене шынықтыру және спорт мәселелері, туристік саланың индустриалдық-инновациялық дамуы мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер өткізу. Ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
2-1 |
| 002 | Аумақтық органдар аппараттары | Жүктелген функцияларды орындау үшін бекітілген сан лимиті шегінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті аумақтық органын ұстау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
3 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға байланысты келесі тақырыптар бойынша қызметтерді сатып алу: 1) сапа менеджменті жүйесінде персоналды басқару; 2) сапа менеджменті жүйесін құжаттау; 3) қонақ үй және туристік бизнестегі сапа менеджменті жүйесі; Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
4 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетін және Туризм индустриясы комитетінің аумақтық органын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
5 |
| 017 | Ақпараттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Шығын материалдарын, жинақтаушыларды, қосалқы бөлшектерді сатып алу. Техникалық құралдарды сатып алу. Материалдық емес активтерді сатып алу. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу. Веб-сайтты сүйемелдеу және оған қызмет көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туризм және спорт саласындағы нормативтік қызметі; туризм, спорт және ойын бизнесі саласындағы актілермен қамтамасыз ету ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;
мемлекеттік тілді кемінде 34 адамға, ағылшын тілін кемінде 9 адамға үйрету;
мемлекеттік қызметшілердің кемінде 8 адамның біліктілігін арттыру;
туризм және спорт мәселелері бойынша кемінде 6 семинар мен тренинг өткізу;
кемінде 15 ұйымды аккредиттеу.
Түпкі нәтиже: туризм индустриясы мен спорттың одан әрі өсуіне қажетті жағдай жасау;
туристік кластерді дамыту үшін ірі инвесторларды тарту;
әлемдік спорт аренасында республика беделін арттыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін қаржыландырудың орташа шығыны 2373,5 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 73,45 мың теңгеден астам емес;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 26,94 мың теңгеден астам емес;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 36,5 мың теңгеден астам емес.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің қызметін кәсіби деңгейін арттыру арқылы жетілдіру; қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылға 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
53-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спорт жөніндегі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 13465 мың теңге (он үш миллион төрт жүз алпыс бес мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 17-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балалардың таңдаған спорт түрімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 |
| Спорт жөніндегі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы Республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттың «Жас батыр» стадионын жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы Республикалық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың «Жас батыр» стадионының мемлекеттік сараптамадан өткен, белгіленген тәртіпте бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы.
Соңғы нәтиже: спортта дарынды балаларға спортпен шұғылдануға және жаттығуға жағдай туғызу.
Қаржы экономикалық нәтиже: жобаны іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыс орындау жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылға 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
54-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1228337 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма сегіз миллион үш жүз отыз жеті мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14 және 31-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі № 579 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы»Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 613 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балалардың жеке қабілетін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары біліктілігі жоғары спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына үміткерлерді және мүшелерін дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты жетілуге бағытталған жастар арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 |
| Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу |
|
|
|
2 |
| 100 | Спортта дарындылық көрсеткен балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттар | Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу және дарынды балалармен таңдаған спорт түрлері бойынша жыл бойы толық көлемде оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. Спорт резерві мен халықаралық дәрежедегi спортшыларды даярлау. Спорттық іс-шараларға қатысу. Негізгі құралдарды сатып алу. Mемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделi жөндеу жүргізу (Мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 2 мамырдағы № 20-231/2007 қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі- нің Спорт комитеті Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат «Шаңырақ» шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат |
3 |
| 101 | Олимпиадалық резерв және жоғары спорттық шеберлік мектептерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Дарынды балалармен таңдаған спорт түрлерi бойынша толық көлемде жыл бойы оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. Спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Спорттық іс-шараларға қатысу. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша республика құрама командаларына үміткерлер мен мүшелерін даярлауды ұйымдастыру; оқужаттығу сабақтарын өткізу; республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу. Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігi мектебіне негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі- нің Спорт комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 оқушыны, спортта дарынды балаларға арналған Қ.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернаты оқушыларын оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 оқушының, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың, орташа жылдық контингенті 150 оқушыны, «Шаңырақ» шағын ауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа контингенті - 400 адамды құрайды.
Спортта дарынды балаларға арналған Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 19 дана, асхана жабдығы - кемінде 11 дана, медициналық жабдық - кемінде 3 бірлік, автомобиль - 1 бірлік.
Спортта дарынды балаларға арналған К.Ахметов атындағы республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: спорттық мүкәмал - кемінде 36 дана, асхана жабдығы - 1 дана, оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, тұрмыстық техника - 1 бірлік.
Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін сатып алу: оқу кабинеттеріне арналған жабдық - 1 жиынтық, спорттық мүкәммал кемінде 73 бірлік, асхана жабдығы - кемінде 5 дана, жылу қазандығы.
«Шаңырақ» шағын ауданындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының, дайындалуына жағдай жасау үшін - кемінде 7 бірлік спорттық мүкәммал кемінде 12 дана компьютер техникасын сатып алу.
К.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың»«Монтажник» спорт сауықтыру кешеніне күрделі жөндеу жүргізу.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің, оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, спорт құрал-жабдығы - кемінде 31 дана.
Кемінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша 80 оқу-жаттығу жиынын өткізу, 75 республикалық және 45 халықаралық жарысқа қатысу.
Соңғы нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 766,3 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 292,9 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы:»халықаралық дәрежеде 182 спортшы және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шараларды өткізу күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиадалық ойындарда жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылға 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 13869565 мың теңге (он үш миллиард сегіз жүз алпыс тоғыз миллион бес жүз алпыс бес мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 27-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің»Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 |
| Спорт объектілерін салу және реконструкциялау | Келесі объектілердің құрылысы бойынша бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау жүргізу: 1) Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлық базасын салу (Мемлекеттік сараптаманың 24.03.2005 ж. № 7-140/05 жобасы бойынша қорытындысы); 2) Шучье қаласында республикалық шаңғы базасын салу (Мемлекеттік сараптаманың 13.01.2006 ж. № 2-11/06 (І кезегі) жұмыс жобасы бойынша қорытындысы); 3) Астана қаласында республикалық велотрек салу (Мемлекеттік сараптаманың 21.09.2005 ж. № 2-667/05 жобасы бойынша қорытындысы); 4) Азия ойындарын өткізу үшін шаңғы трамплиндерінің (К-90, К-120) құрылысын (Мемлекеттік сараптаманың 19.07.2007 ж. № 7-379/07 ТЭН бойынша қорытындысы), шаңғы және биатлон стадионының құрылысын салу, «Медеу» спорт кешенін, қалыпқа келтіру. Астана қаласында кеп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1255 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында күніне 290 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық велотректің құрылысын аяқтау; Алматы облысында күніне - 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасын және Щучье қаласында күніне 380 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық шаңғы базасын салу (құрылыс-жөндеу жұмыстарының, жалпы құнының 68% мемлекеттік сараптамадан өткен, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес). Азия ойындарын өткізу үшін шаңғы трамплиндерінің (К-90, К-120) құрылысын, шаңғы және биатлон стадионының құрылысын салу, «Медеу» спорт кешенін, қалыпқа келтіру. Астана қаласында көп функционалдық Олимпиадалық даярлау орталығын салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Соңғы нәтиже: Республикалық спорт объектілерін пайдалануға беру велосипед спортынан жоғары дәрежелі спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлері бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшылардың даярлығы үшін, халықтың қыс мезгілінде белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс келісіміне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
56-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 87596 мың теңге (сексен жеті миллион бес жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 |
| Бұқара- лық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс- шараларға қатысу және өткізу. Халық арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту; ұлттық спорт түрлерін дамыту; ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізу. ҚР ардагерлерінің спартакиадасын өткізу, жазғы Паралимпиядалық ойындарға және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер- дің халықаралық спорт ойындарына қатысу. Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық мүкәммалмен және киіммен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу және Паралимпиадалық ойындарға қатысу.
Соңғы нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 1199,9 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
57-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 42800 мың теңге (қырық екі миллион сегіз жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы; «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны-қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тағаммен, медициналық-биологиялық және қалпына келтіру препараттарымен қамтамасыз ету жөнінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, жаттығудың жаңа әдістерін қолдану жолымен спортшылардың ағзаларының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру. Ғылыми негізде жаттығу мен жарысу жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, қалпына келтіру құралдарының қатаң теңгермелік жүйесін жасау, жұмыс қабілетін ынталандыру және спортшы ағзасының функционалдық қорын жұмылдыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 |
| Спорт саласын- дағы қолдан- балы ғы- лыми зерттеу- лер | Спорт саласында 4 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу: 1) орта таулы, биік таулы және жасанды гипоксия жағдайында спортшыларды даярлаудың тиімдi әдістемесін әзірлеу; 2) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына бетке ұстар спортшыларды психологиялық тұрғыда даярлау; 3) Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшылары арасында аурушаңдықпен спорттық жарақаттанушылықтың алдын алу және деңгейін төмендету; 4) Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына дайындалу технологиясын жетілдіру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 4 тақырып бойынша жүргізілген ғылыми зерттеулер негізінде:
орта таулы, биік таулы және жасанды гипоксия жағдайында оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорттық жүктемелерді жоспарлау жөнінде әдістемелік, спортшылардың психикалық-эмоционалдық және дене бітімінің жай-күйін қамтамасыз ету және олардың денсаулығын сақтауға арналған, жоғарыбілікті спортшылар арасында аурушаңдық пен спорттық жарақаттанушылықтың алдын алу және олардың денсаулығын сақтау жөнінде әдістемелік ұсынымдар.
Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларын олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына дайындаудың жаңа технологиялары әзірленетін болады.
Соңғы нәтиже: спорт саласын қызметтермен қамтамасыз етудің тұрақты және дамымалы жүйесі қалыптасатын болады.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: 1 ғылыми жобаны іске асыруға кететін шығынның орташа құны - 10 700 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету; Жоспарланған іс-шараларды уақтылы өткізу.
Сапасы: біліктілігі жоғары спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
58-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 190 мың теңге (бір жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 |
| Мемлеке- ттік сыйлық- ақылар | Yш сыйлықты тапсыру үшін дипломдар әзірлеу, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін үздік журналистерге сыйлықтар төлеу. | Желтоқ-сан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дене шынықтыру туралы жарияланымдары үшін үздік журналистерге арналған 3 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу.
Түпкі нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекті өкілдерді ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 63,3 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
59-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін
дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 5033487 мың теңге (бес миллиард отыз үш миллион төрт жүз сексен жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2008.24.12. № 1255 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерi | «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Рес- публикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысының № 3 қосымшасындағы соманың шегінде және тізбе бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды салудың бекітілген сметалық-жобалық құжаттамаларына сәйкес іс-шараларға спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған мақсатты трансферттерді аудару: - Астана қаласында теннис корты (Мемлекеттік сараптаманың 08.05.2007 ж. № 2-230/07 жобасы бойынша қорытындысы); - Астана қаласында коньки тебу стадионы, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге оның төлеген аванс сомасының сөзсіз қайтарылуын қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару (Мемлекеттік сарапта- маның 29.06.2007 ж. № 2-371/07 жұмыс жобасы бойынша қорытындысы); - Алматы облысы Талдықорған қаласында Жансүгіров көшесінде спорт сарайы (Мемлекеттік сараптаманың 13.03.2007 ж. № 7-117-1/07 (1 кезеңі) жұмыс жобасы бойынша қорытындысы); - Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешені (Мемлекеттік сараптаманың 11.07.2007 ж. № 13-210/07 «Л» жұмыс жобасы бойынша қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының, Алматы және Қызылорда облысының әкімдері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын және Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешені құрылысын аяқтау;
Астана қаласында коньки тебу стадионын және Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау.
Соңғы нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
60-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 401269 мың теңге (төрт жүз бір миллион екі жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық»спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 |
| Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау | Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу. Оқу, әдістемелік, мәдени ағарту, дене шынықтыру және спорттық жұмысты біріктірген білім беру қызметін жүзеге асыру. Білім берудің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген орта кәсіп- тік білімі бар мамандар даярлау үшін оқушылар қабылдау. Республикалық спорт колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға қысқы және жазғы демалыс кезінде жеңілдікпен жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу үшін трансферттер аудару. Республикалық спорт колледжіне негізгі құралдар сатып алуға және Республикалық спорт колледжінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу үшін күрделі трансферттер аудару (Мемлекеттік сараптаманың 2007 жылғы 1 шілдедегі № 7-285/07 қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: оқушылардың кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті 238 адамды оқыту. Республикалық спорт колледжінде мамандар даярлауға жағдайлар жасау үшін негізгі құралдар сатып алу: кемінде 2 жиынтық жиһаз, тұрмыстық техника - кемінде 5 бірлік, көшірме-көбейту аппараты, мінбе. Республикалық спорт колледжінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Соңғы нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 535,0 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына кемінде 76 - орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 505543 мың теңге (бес жүз бес миллион бес жүз қырық үш мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4, 8, 9, 14, 26-баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің»«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы,»«Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы,»«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстанның тартымды туристік объектісі ретінде имиджін жоғарылату және Қазақстанды орталық азия аймағының туристік орталығына айналдыруда туристік кластерді дамыту мен бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық тур өнімді қалыптастыру және оның сапасын әлемдік деңгейге сай қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік имиджін нығайту мақсатында ірі халықаралық іс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру және қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 |
| Қазақстанның туристікимиджін қалыптастыру | Қазақстанның Дуниежүзілік туристік ұйымның Еуропа үшін комиссиясының кезекті отырыстарына қатысу; Қазақстан Республикасының туристік имиджін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының туристік слоганы мен брэндін әзірлеу бойынша жыл сайын ұлттық конкурс өткізу. Туристік саланы дамыту және туристік индустрия үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша республикалық семинарлар және кеңес- тер өткізу; Шетелдік мамандарды шақырумен халықаралық конференция өткізу; Туризмді дамыту мәселелер бойынша ақпараттық-әдістемелік құралдар әзірлеу және басып шығару; Қазақстан Республикасында шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шетелдік БАҚ-та өндіру; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шығару Іле-Балқаш регатасын өткізу; «Сарқылмас саяхат» қазақстандық туристік жәрмеңкесін (жылжымалы) өткізу; Берлин қаласындағы (Германия)»«ІТВ», Сеул қаласындағы (Оңтүстік Корея) «КОТFА», Токио қаласындағы (Жапония) «JАТА», Лондон қаласындағы (Англия) «WТМ», Штутгарт қаласындағы (Германия) «SМТ», Пекин қаласын- дағы (Қытай Халық Республикасы)» «СОТТМ», Мадрид қаласындағы (Испания)»«FITUR», Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы) «МІТТ», Мәскеу қаласындағы (Ресей Федерациясы)» «ІТМ», Алматы қаласындағы»«КІТF -2008» «Туризм и Путешествие» халықара- лық туристік көрмелеріне қатысу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік әлеуетін танымал ету мақсатында Қазақстанның халықаралық тоғыз туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында сегіз ішкі туристік іс-шара өткізу, соның ішінде халықаралық конференция және үш республикалық семинарлар және кеңестер өткізу;
3) туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 121 мың дана етіп басып шығару, Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік болашақ туралы бейнематериалдарды әлемдік арналардан жылына кемінде 500 рет көрсету;
4) Азиядағы жаңа туристік бағыт ретінде Қазақстан Республикасына қызығушылықты ынталандыру мақсатында жыл сайын туристік слоган мен брендті әзірлеу бойынша ұлттық конкурс өткізу;
5) Қазақстан Республикасының халықаралық туристік қоғамдастыққа енуін белсендіру мақсатында Қазақстанның Дүниежүзілік туристік ұйымының Еуропа үшін кезекті комиссиясының отырыстарына қатысу.
Соңғы нәтиже: туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристік өнімді жетілдіру және іске асыру;
әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді танымал ету;
Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;
туризм саласындағы даму және мемлекеттік-жеке серіктігі мәселелер бойынша тәжірибемен алмасу.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
Қазақстанның халықаралық туристік іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етуге орташа шығыс - 21468,88 мың теңге;
ішкі туристік іс-шараны өткізуге орташа шығыс - 5778,3 мың теңге;
туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды жасау мен басып шығаруға орташа шығыс - 0,353 мың теңге;
Қазақстанның туристік әлеуетті жайлы бір жарнамалық-анықтамалық материалды шығару үшін - 1,728 мың теңге;
шетел БАҚ-да Қазақстанның туристік әлеуеті жайлы жарнама-ақпараттық материалды эфирге шығарудың орташа құны - 359,14 мың теңге.
Уақтылығы: Осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде іс-шараларды 2008 жылы және іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуы жөніндегі жұмысты жалғастыруға және жандандыруға, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: Туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту. Елдің туристік әлеуеті мен туристік қызметтердің сапасын жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
62-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4526064 мың теңге (төрт миллиард бес жүз жиырма алты миллион алпыс төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2, 4, 15, 18, 25, 30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің»«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі дайындығының Президенттік сынақтары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) ХХІХ жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы;»«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес турлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 359 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 |
| Жоғары жетістіктер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу (Азия, Еуропа, әлем чемпионаттары мен әлем кубогына, ҚР біріншіліктеріне, кубоктарына және басқа халықаралық турнирлерге, Пекин қ., (Қытай) XXIX жазғы Олимпиада ойындарына, «Азия балалары» IV халықаралық ойындарына Саха Республикасы (Якутия), Қазақстан Республикасының Қысқы спартакиадасын өткізу), ұлттық штаттық командаларды материалдық қамсыздан- дыру, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін халықаралық ресми жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтырушыларды келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту. «Жыл спортшысы» республикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттық- тырушыларды олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлде- герлерін, әлем чемпионатының жеңімпаздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, республикалық құрама командалардың мүгедектеріне медициналық консультативтік кеңес беру. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсету. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармакологиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминді және белоктық-глюкозалық препараттарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшін допингке қарсы зертханада тестілеуден өткізу үшін арнаулы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервін даярлау. Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын мүкәмалмен және киім- мен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының командаларына алынған спортшыларды, жаттықтырушыларды материалдық қамсыздандыруға арналған күрделі трансферттер, сондай-ақ спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына қабылданғандар үшін спорттық мүкәмал сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекциясына күрделі трансферттер аудару. Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығы мен Республикалық допингке қарсы зертхана үшін медициналық жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің жазғы Олимпиада ойындарында спорттың 24 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 680 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу. Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адам республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясына кемінде 140 дана спорттық мүкәмал сатып алу, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 10 дана.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін: спорттық мүкәмал кемінде 128 бірлік, компьютерлер жинағы - кемінде 4 дана, кеңсе техникасы - кемінде 2 дана, тұрмыстық техника кемінде 16 дана, жиһаз - кемінде 12 дана, автокөлік - 2 бірлік сатып алу.
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және допингке қарсы зертханаға кемінде 33 дана медициналық және арнайы жабдық, компьютерлер жинағы - кемінде 3 дана, кеңсе техникасы кемінде 1 дана сатып алу.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір спортшыны дайындауға кететін шығынның орташа құны - 2256,2 мың теңге.
Соңғы нәтиже: жоғары сыныпты спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Олимпиада ойындарында, Әлем, Азия, Европа чемпионаттарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадада табысты өнер көрсету және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 62-1-қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
62-1-қосымша
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
021 «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 48 257 мың теңге (қырық сегіз миллион екі жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығы, «Экономиканың маңызды секторларында пилоттық кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы, «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы, «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 156 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазақстандық және шетелдік келуші туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз және қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 |
| «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын дамыту | 1) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау жұмыстарын жүргізу; 2) "Бурабай" арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжатын әзірлеу. | Маусым желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимаратын салуға арналған жобалық-сметалық құжатын әзірлеу;
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау бойынша келісім-шарт жасау.
Соңғы нәтиже: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы территориясын қоршау, «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы аумағында әкімшілік ғимараты құрылысының жобалық-сметалық құжатын бекіту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, аймаққа инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру.
Уақтылығы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру және дамыту бағдарламасын орындау.
Сапасы: «Бурабай» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар тарапынан арыздардың болмауы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
63-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11510 мың теңге (он бір миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 104 |
| Нашақор- лыққа және есірткі бизнесі- не қарсы күрес | Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған бұқаралықспорттық іс-шаралар ұйымдастыру және спорт және жер-жерлерде өткізу. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Футболдан «Былғары доп» турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыстан республика чемпионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспірімдер клубтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Республикалық туристік саяхатын өткізу. «Туризм есірткіге қарсы» туристік слетін өткізу. Жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту үшін 6 спорттық-бұқаралық және 2 туристік іс-шаралар өткізу.
Соңғы нәтиже: қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға кететін шығынның құны - 1 438,75 мың теңге.
Уақтылығы: белгіленген уақытта жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды сезінуі, республикалық және өңірлік деңгейлерде есірткіге қарсы іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.