Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 Қаулысы

(2008.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысымен  күші жойылды

 

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;

2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысының (Қазақстан Республикасыны ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 407-құжат);

2) «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысының;

3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1001 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

ҚР Үкіметінің 2008.30.06 № 645 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1369 қаулысымен

бекітілген

 

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің

тізбесі

 

Р/с

Әмбебап қызметтердің атауы

Қол жетімділік деңгейі

1.

Тіркелген жергілікті телефон

байланысының қызметтері

елді мекендерде:

тұрғындар саны 50-де 200

адамға дейін - қоғамдық

телефон/таксофон арқылы;

тұрғындар саны 200 және одан артық адам бар -

аралас* (жеке**/ұжымдық***)

қол жетімділікті ұйымдастыру

2.

Тіркелген ішкі аймақтық телефон байланысының қызметтері

елді мекендерде:

тұрғындар саны 50-ден 200

адамға дейін - қоғамдық

телефон/таксофон арқылы;

тұрғындар саны 200 және одан артық адам бар - аралас*

(жеке**/ұжымдық***) қол

жетімділікті ұйымдастыру

3.

Тіркелген қалааралық телефон байланысының қызметтері

елді мекендерде:

тұрғындар саны 50-ден 200

адамға дейін - қоғамдық

телефон/таксофон арқылы;

тұрғындар саны 200 және одан артық адам бар-аралас*

(жеке**/ұжымдық***) қол

жетімділікті ұйымдастыру

4.

Интернет желісіне қол жеткізу

қызметтері

тұрғындар саны 1000 және одан артық адам бар елді

мекендерде - ұжымдық қол жетімділік***

5.

Қазақстан Республикасы

бойынша телеграф байланысының

қызметтері (жеделхаттар

жіберу)

  

 

Ескертпе:

Тіркелген жергілікті телефон байланысының қызметтерін байланыс операторлары телефон қосылыстары қызметтерінің уақытпен есептеу төлем жүйесін қолдана отырып немесе онсыз көрсетуі мүмкін.

* аралас (жеке/ұжымдық) қол жетімділік - телекоммуникация қызметтеріне жеке қол жетімділіктің артықшылығы.

** жеке қол жеткізу жеке абонентке негізгі не қосарланған телефон аппаратын орнату арқылы іске асырылады.

*** телекоммуникацияның қызметтеріне ұжымдық қол жеткізу мынадай жолмен іске асырылады:

әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігі бар), таксофондар орнату;

факсимильді аппарат немесе модемді қосу мүмкіндігі бар, деректер тарату қызметтерінің және Интернет желісіне қол жеткізудің тіркелген қосылымдары арқылы дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрін ұсынатын телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізу орталықтарын (сөйлесу пункттерін) ұйымдастыру;

**** дауыстау телефоны қызметтің мынадай түрлерін қамтиды:

жергілікті қосу қызметтері;

ішкі аймақтық қосу қызметтері;

қалааралық қосу қызметтері;

басқа операторлардың желілеріне қосу қызметтері.

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1369 қаулысымен

бекітілген

 

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау

Жоспары

 

ҚР Үкіметінің 2008.30.06 № 645 Қаулысымен жоспар өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

 

р/с

Әмбебап қызметтердің

атауы

Ақы төлеу тәсілі

Тарифтің шекті деңгейі (теңге,

ҚҚС-сыз)

2009/2008

%-бен

өзгеруі

2008 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

6

1.

Тіркелген жергілікті

телефон байланысының

қызметтері

Телефон қосылыстары

қызметтерінің

уақытпен есептеу

төлемінің жүйесі

қолданылмай бір

негізгі/қосарланған телефон аппараты үшін

абоненттік төлем

(айына):

  

  

  

  

  

қалалық жерлерде

382,61/300

440/345

115

  

  

ауылдық жерлерде

215,65/181,00

265,25/222,63

123

  

  

Қалалық жерлерде

телефон қосылыстары қызметтерінің уақытпен

есептеу төлемінің

жүйесін қолдана

отырып, бір негізгі/қосарланған телефон аппараты үшін

абоненттік төлем

(айына):

190/134,00

218,5/154,1

115

  

  

Телефон қосылыстары

қызметтерінің

уақытпен есептеу

төлемінің жүйесін

қолдану кезіндегі

жергілікті телефон

қосылыстары (қосу

ұзақтығының әрбір

толық және толық

емес 10 секунды

үшін)

0,0696

0,08

115

2.

Тіркелген ішкі аймақтық

телефон байланысының

қызметтері

қосу ұзақтығының

әрбір толық және

толық емес 10 секунды үшін (аймақ бойынша

орташаландырылған

тариф)

1,305

1,175

90

3.

Тіркелген қалааралық

телефон байланысының

қызметтері

қосу ұзақтығының

әрбір толық және

толық емес 10 секунды үшін (аймақ бойынша

орташаландырылған

тариф)

1,305

1,175

90

4.

Интернет желісіне қол

жеткізу қызметтері

қосудың әрбір толық және толық емес минуты үшін

0,48

0,48

100

5.

Қазақстан

Республикасы

бойынша телеграф

байланысының

қызметтері

(жеделхаттар жіберу)

бір сөз үшін

 

 

 

қарапайым

3,565

3,565

100

жедел

8,52

8,52

100