«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 645 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысымен  күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 630-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақта «2008 жылғы 1 шілдеден бастап» деген сөздер «2009 жылғы 1 қаңтардан бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарында:

«Тарифтің шекті деңгейі (теңге, ҚҚС-сыз)» бағанында «2007» және «2008» деген сандар тиісінше «2008» және «2009» деген сандармен ауыстырылсын;

«Өзгеруі» бағанында «2008/2007» деген сандар «2009/2008» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов