Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 Қаулысы

(2009.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де ұйымдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, 30 маусымға және 30 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттікке) олардың орындалуы жөнінде ақпарат ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 1308 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен

қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған

бағдарламасы

 

Мазмұны

 

1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Қазақстанда бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы жай-күйін және проблемаларын талдау

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi

5.1. Субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау

5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру

5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргізу, қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру

5.4. Кәсіпкерліктің еркіндігін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, бәсекелестік мәдениетін көтеру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту

5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және жетілдіру

5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

1. Бағдарлама паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында бәсекелестіктi дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

Бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

 

3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегi іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы

 

 

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi

 

 

Бағдарламаның мақсаты

Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы жағдайлар жасау жолымен еркін бәсекелестікті дамыту

 

 

Бағдарламаның міндеттері

Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау; Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органының институционалдық қайта құрылуын жүргізу; қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтың халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру; кәсіпкерліктің еркіндігін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін дамыту, бәсекелестік мәдениетін көтеру; монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және көтеру; монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету

 

 

Бағдарламаны іске асыру мерзімдерi

2007-2009 жылдар

 

 

Бағдарламаның қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

2007 жылғы республикалық бюджет қаражаты есебінен 117 млн. теңге.

 

 

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық кесімдері әзірленетін және қабылданатын болады;

монополияға қарсы органның тән емес функцияларын жүйелендіру және беру жөнінде шаралар қабылданатын болады;

жаңа компаниялардың экономика секторларына кіру үшін тартымды және ашық шарттарды құру мақсатында монополияға қарсы заңнама реформаланатын болады;

ішкі бәсекелестікті қарқынды ету жөнінде шаралар кешені әзірленетін болады;

бәсекелестік орта дамытылады және нарықты монополияландыруды болдырмайды;

монополияға қарсы орган қызметінің сапасы көтеріледі;

монополияға қарсы органның 150-гe жуық мамандарының біліктілігі арттырылады.

 

2. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасында бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеудің негіздемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы, «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (94-т.), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д. Ахметовте өткен "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы бірінші тоқсандағы қорытындысы туралы" 2006 жылғы 25 сәуірдегі мәжілісінің № 8 хаттамасы (1.5.3-тармақ) болып табылады.

Тиімді нарықтық бәсекелестік қазіргі заманғы экономикалық доктринада және көпшілік әлем елдерінің мемлекеттік дамуының саясаттық тұжырымдамаларында экономиканың табысты дамып келе жатқан негізі ретінде қарастырылады. Бәсекелестікті қорғау және бәсекеге қарсы іс-әрекеттерге тыйым салу мемлекеттік экономикалық саясаттың ортасында тұрады және тиісті құқықтық ресімдеу алады.

Ішкі, сондай-ақ жаhандық нарықтық бәсекелестік нарықтардың тиімділігіне қол жеткізудің және еңбекті өнімдірудің маңызды факторы болып табылады. Бұл жағдайларда нарықта сұранысқа ие, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндіретін компаниялар тиімді дамиды. Тауарларды алмастыруға арналған пайдалы ортаны қамтамсыз ету үшін мемлекет тарапынан ең төмен тосқауылдар болуы тиіс.

Тәуелсіздікті алған және нарықтық қатынастарға өткен сәттен бастап Қазақстан Республикасының бәсекелестік саласындағы саясаты мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауда басты рөлдердің бірін атқарады, өйткені мемлекеттік басқару жүйесі экономикалық және әлеуметтік нормалардың сапасын талап етеді және заңдарды, оның ішінде бәсекелестікті қорғайтын заңдарды қолдануға себепші болады.

Қазақстанда тәуелсіздіктің алғашқы қадамдарынан-ақ адал бәсекелестікті мемлекеттік қолдау және қорғау экономиканың нарықтық түрлендірудің басым бағыттарына жатқызылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бары көзделген. Монополистік қызмет заңмен реттеледі және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады.

Монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы мен қайта құрылуымен қатар жетілдіріледі. Монополияға қарсы саясаттың заңнамалық және институционалдық негіздері жақсарып, монополияға қарсы орган қызметкерлерінің білімі мен дайындықтары көтеріледі.

Осы Бағдарламаны әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестікті дамыту, елдің экономикасын мемлекеттік реттеудегі, оның қызметінің тиімділігін арттырудағы монополияға қарсы органның рөлін күшейту, оның рөлі мен өкілеттіктерін жұртшылыққа түсіндіру, сондай-ақ заңнамалық базасын жетілдіру үшін тартымды және ашық жағдайларды құру қажеттілігінде туындаған.

 

ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-бөлім өзгертілді

3. Қазақстандағы бәсекелестікті дамытудың қазіргі заманғы

жай-күйін және проблемаларын талдау

 

Қазіргі уақытта, нарықтағы тиімді бәсекелестік салалардың көпшілігінде өздігінен өзі дамымайды, мақсатты мемлекеттік саясатқа орай дамиды. Бәсекелестік саясатты тиімді жүргізу осы саладағы арнайы заңнаманы әзірлеуді, институционалдық құрылымды және құқық қолдану тәжірибесін жетілдіруді болжайды.

Бәсекелестікке жәрдемдесу саясаты мен экономикалық үдерістерді монополияға қарсы реттеу Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарының қатарына кірді. Егер, қоғам оның артықшылықтары мен ондағы пайдалар туралы жеткіліксіз құлағдар болса, бәсекелестікті қорғау мен насихаттау мүмкін емес.

Соңғы жылдары экономикалық биліктің шоғырлану және ірі көлденең біріккен құрылымдарды қалыптастыру, сондай-ақ нарықтағы компаниялардың келісілген іс-әрекеттері, жосықсыз бәсекелестік және монополиялық пайдаларды алу фактілері тұрақты сипат ала бастады. Бұл бәсекелестік күрестің ұлғаюына және осы саладағы білімдерінің нарықтық қатынастар субъектілерінде болмауына негізделген.

Нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасауға және нарықтық күштерді дамыту пайдасына қоғамдық сананы қалыптастыруға жәрдемдесетін бәсекелестікті насихаттау және білімдерді тарату - негізгі мақсаты нарықтың барлық субъектілеріне арналған тең құқықтық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету болып табылатын монополияға қарсы саясаттың маңызды құрауыштары.

Егер, мемлекет әлемдік экономикада толыққанды әріптес болу мақсатын қоятын болса, онда бірінші кезекте, ұлттық өнімнің бәсекелестік қабілетін дамыту қажет. Қазіргі заманғы монополияға қарсы жүйесіз осы міндетті іс жүзінде шешу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің соңғы сөз сөйлеулерінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі міндеттерді қойды. Нарықтық экономиканың негізгі қозғалтқышы ретінде бәсекелестікті дамыту осы қызметтегі басымдықтардың бірі ретінде белгіленді; халықаралық бәсекелестік құқықтың талаптарына жауап беруі тиіс монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі міндеттерді қойды.

Республиканың ішкі бәсекелестігін дамыту үшін монополияға қарсы заңнаманы және оны қолданудың құралдарын күшейту ғана емес, сонымен бірге күшті монополиялық орган қажет.

Қазіргі уақытта, республикада міндеті мыналар арқылы тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту болып табылатын Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) осындай орган болып табылады:

жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу;

бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды бақылау;

тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануға жол бермеуді бақылау;

монополистің монополиялық жоғары немесе төмен бағаларын белгілеуіне жол бермеуін бақылау;

экономикалық шоғырлануды бақылау.

Монополияға қарсы орган 2004 жылдың соңында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша табиғи монополиялардың бәсекелестікті қорғау жөніндегі функцияларын тарифтік реттеу жөніндегі функциялардан бөліп алу нәтижесінде құрылды. Республиканың монополияға қарсы органдарын алғаш құру кезіндегі сияқты бәсекелестікті қорғау жөніндегі функциялар табиғи монополияларды тарифтік реттеуден тағы да институционалды тәуелсіз болып шықты, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Монополияға қарсы органдардың тарифтік реттеуден осылайша бөлінуі мен тәуелсіздігі әлемнің дамыған елдерінің көпшілігіне тән. Бұған қоса шет елдердің монополияға қарсы органдарының негізгі фукцияларының бірі өзінің соңғы іс-әрекеттерімен бәсекелестікті шектеуге және монополистерге негізделмеген тарифті белгілеуге жол бермеу мақсатында тарифтік және салалық реттеулер қызметі үшін бақылау болып табылады.

Мәселен, 2006 жылғы 9 айда монополияға қарсы орган тауар нарықтарының 36 талдауын жүргізді, нәтижесі бойынша экономикалық, ұйымдастырушылық және әкімшілік шектеулер, нарықтық инфрақұрылымның дамымағандығы, экологиялық шектеулер анықталды.

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, 2006 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша оның республикалық бөлігінде 61 нарық субъектісі бар, оның ішінде, отын-энергетикалық кешені - 12; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп - 3; көлік және байланыс - 26; мемлекеттік кәсіпорындар - 13; мемлекеттік мекеме - 1 және өзге де салалар - 6.

Тізілімнің жергілікті бөлігінде 821 нарық субъектісі бар, оның ішінде: отын-энергетикалық кешені - 235; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп - 140; көлік және байланыс - 106; мемлекеттік кәсіпорындар - 171; мемлекеттік мекеме - 1 және өзге де салалар - 169.

Компаниялар мен мемлекеттік органдар жүзеге асыратын бәсекелестікке қарсы әрекеттер нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін бұзуға әкелетін экономикалық дамуға теріс әсер етеді.

Кейбір мемлекеттер осыған ұқсас әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында монополияға қарсы саясат шеңберінде қабылданған арнайы заңдардың базасында құқықтық реттеуді жүзеге асырады.

«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) бәсекелестікке жол бермеуге немесе жоюға алып келетін мемлекеттік органдардың кесімдеріне, іс-әрекеттері мен келісімдеріне айрықша тыйым салуды енгізеді. Аталған тыйым салу Қазақстан Республикасының бәріне дерлік мемлекеттік органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, аталған органдардың өзге де функциялары мен құқықтары берілген билік органдары мен өкілдік билік органдарын қоспағандағы ұйымдарға таралады.

Егер, олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің дербестігін шектесе немесе жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің және өзінің нәтижесі бір мезгілде бәсекелестікке жол бермеу, шектеу, жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қорғау болатын немесе болуы мүмкін қызметінің кемсітушілік жағдайын жасаса, аталған органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне заңмен тыйым салынады және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттері болып табылады.

Заң сондай-ақ мемлекеттік органдардың нәтижесінде бәсекелестікке жол бермеу, шектеу немесе жою орын алған немесе орын алуы мүмкін өзара не олардың және шаруашылық жүргізуші субъектінің арасындағы келісімдерге немесе үйлестірілген іс-қимылдарға қатысуына тыйым салынады. Заңда бағаға әсер етуі, нарықтарды бөлуге немесе нарықтарға қолжетімділікті шектеуге не одан бәсекелестерді жоюға алып келуі мүмкін нақты ұсыным бар, бірақ тізім жеткілікті болып табылмайды.

Мемлекеттік органдарға бәсекелестікті шектеуге бағытталған кесімдерді қабылдау мен іс-әрекеттер жасауға тыйым салу іс жүзінде барлық дамыған елдердің монополияға қарсы заңнамасына енгізілген.

Салалық мемлекеттік органдар реттелетін салаларды дамыту мақсатында өздері шығаратын кесімдердің бәсекелестікті шектеу мүмкіндігін болжамайды, сөйтіп дамушы салалардағы бәсекелестікті шектейтін жағдайлар орын алған.

Сонымен бірге, нарықтағы бәсекелестіктің жағдайларын бұрмалауға алып келетін импорттық тарифтер мемлекеттік органдардың тарапынан шетелдік бәсекелестіктен ұлттық өнеркәсіпті қорғаудың дәстүрлі және кең пайдаланылатын құралы болып табылады. Кедендік-тарифтік шаралармен қатар тең емес бәсекелестік шартын жасайтын мүдделі компанияларға мемлекеттік органдардың көптеген рұқсаттарын берумен байланысты қорғаудың тарифтік емес шаралары пайдаланылады.

Импорттық квоталар - импортты сандық шектеу тарифтік қорғаудың тәсілдерінің бірі болып табылады. Мемлекет квоталарды енгізу кезінде әкелуге рұқсат беретін лицензиялардың шектелген санын береді және лицензияланбайтын импортқа тыйым салады. Қазіргі уақытта, Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (бұдан әрі - ДСҰ) ережесі ерекше келісілген жағдайларды қоспағанда, импорттық квоталарды қолдануға тыйым салады.

Мыналар импорттық квоталарды қолданудың теріс салдарлары болып табылады: импортты шектеу, тауар тапшылығының туындауы және сәйкесінше, нарықтағы, әсіресе, бәсекелесетін отандық сала бар сұранысты дербес қанағаттандыра алмайтын бағаның өсуі.

Соңғы жылдары демпингке қарсы және өтемақы шаралары сияқты нарықты қорғаудың тарифтік емес шаралары кең қолдану тапты. Шетелдік сарапшылар жүргізген экономикалық талдау нәтижелеріне сәйкес нақты қазіргі демпинг пен субсидиялардың жағдайында экспорттаушы елдерде ғана емес, сонымен бірге осы шараларды енгізетін елде де экономикалық шығындарға алып келеді.

Қазақстан Республикасындағы тамыр-таныстық саясат сыртқы сауда саясатының бөлігі болып табылады және тиісті мемлекеттік органдар іске асырады. Монополияға қарсы органның осы саясатты жүргізуге әрекет ету мүмкіндігі жоқ және сондықтан да ол қоғамның белгілі бір бөлігінің мүддесін көрсетеді және ішкі және халықаралық нарықтардағы қалыпты бәсекенің шарттарын бұзады.

Бәсекелестікті бұзатын мемлекеттік органдар әрекеттерінің басқа тобы шетелдік бәсекемен тікелей байланысты емес ішкі әрекет болып табылады. Олар бюджеттік субсидиялар, өнеркәсіптік немесе ғылыми-техникалық саясат шаралары, жекелеген салаларды, өңірлерді, өндірістерді қолдау, жекелеген кәсіпорындар үшін жеңілдікті немесе қызметтің керісінше, кемсітушілік жағдайлар жасау нысанында іске асырылуы мүмкін. Ішкі әрекеттер, сыртқы әрекеттер сияқты жалпы және селекциялық сипатқа ие.

Сыртқы шараларға қарағанда, ДСҰ ережелерімен реттелетін ішкі шектеу шаралары мемлекеттің дәрігейі болып қала береді.

Әлемнің көптеген елдерінде үкімет экономиканың белгілі бір саласын, бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қолдауға асығады. Үкіметтік қолдауды қорғаныстық кешен, ғылыми-техникалық әзірлемелер жиі пайдаланады. Көптеген елдердің заңнамасы қоршаған ортаны қорғауды, ғылыми-техникалық әзірлемелерді мемлекеттік қолдауға, экономиканың жаңа салаларын дамытуға, дағдарысты салалардағы қайта құрылымдауға негіздемелі түрде жол береді.

Мемлекеттік органдардың ішкі нарықтағы бәсекелестікті ақтаусыз шектейтін жағдай орын алады. Бұл жерде жалпы сипаттағы шаралар үкіметтің өзі мемлекеттік қолдауға лайықты салаларды немесе өндірістерді таңдағанда және оларға әрқалай жәрдем көрсеткенде өнеркәсіптік немесе ғылыми-техникалық саясат шеңберінде басты түрде алдын ала қабылданады.

Селективтік сипатқа ие мемлекеттер бәсекелестікке анағұрлым қауіпті болып табылады. Мемлекеттік билік органдары белгілі бір кәсіпорындарға нарыққа енудің әртүрлі тосқауылдар, компания қызметінің кемсітушілік немесе керісінше, жеңілдікті шарттарды жасай отырып, негізделмеген эксклюзивтік құқық бере отырып немесе тиімсіз кәсіпорындарды қолдай отырып, бәсекелестікке елеулі залал келтіруі мүкін.

Қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға сәйкес мыналар:

бәсекелестікке қарсы келісім (келісілген іс-әрекеттер) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары:

тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеу (ұстап тұру);

бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келісімдер нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалау;

тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлу;

квоталауды қоса алғанда тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеу;

белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту;

тауар нарығына кіруді шектеуге немесе одан белгілі бір тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретінде нарықтың басқа субъектілерін ығыстыру;

басқа субъектілермен тең шарттарға кемсітетін жағдайлар қолдану;

келісім-шарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды беруді және басқаларын негізсіз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасу нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тыйым салынған іс-әрекеттері болып табылады.

Бұдан басқа, үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісінің тиісті тауар нарығына кіруді шектейтін не бәсекені шектейтін, жоятын және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттеріне, оның ішінде:

монополиялық жоғары (төмен) бағалар белгілеу;

субъектілермен жасалған бірдей келісімдерге объективті негізделмеген себептермен әртүрлі бағалар не әртүрлі шарттар қолдану;

өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгілер, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-aқ саны, бағасы бойынша шектеулер белгілеу;

келісім жасауға нарық субъектісіне өз мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы келісімдердің нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер қабылдату жолымен себеп табу не күштеп таңу;

тиісті тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту;

тауарлар ұсынуды бәсекелестер өндіретін не өткізетін тауарларды сатып алу кезінде шектеулер қабылдаумен себептестіру;

тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұрып, оларды өндіру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді тоқтату;

нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзу сияқты іс-әрекеттеріне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.

Нарық субъектілерінің өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігін немесе бәсекені шектеуді болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның мынадай мәмілелерді жүзеге асыруға алдын ала келісімін алу түрінде көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады:

1) тиісті тауар нарығындағы үлесі 35 пайыздан асатын нарық субъектісін құру;

2) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, қайта құру);

3) тұлғаның (тұлғалар тобының) нар ық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларды (үлестерді, пайларды) иеленуі, сөйтіп осы субъектіде мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) аталған акциялардың (үлестердің, пайлардың) 25 пайызына және одан астамына билік етуге құқық алуы, егер осы иеленуге дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған нарық субъектісінің акцияларына (үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) 25 пайыздан кеміне билік етсе;

4) егер мәміленің мәнін құрайтын мүліктің теңгерімдік құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе біреуге беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтері теңгерімдік құнының 10 пайызынан артық болса, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерін меншікке алуы, иеленуі және пайдалануы;

5) нарық субъектісінің бір немесе бірнеше мәмілелер нәтижесінде (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты) немесе өзге де тәсілмен нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын анықтауға не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтар алуы;

6) белгілі бір жеке тұлғалардың нарықтың екі және одан да көп субъектілерінің атқарушы органдарында, директорлар кеңесінде (байқаушы кеңестерінде) қатысуы.

Бұл ретте монополияға қарсы органның рұқсатынсыз жасалған экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Заңға сәйкес монополияға қарсы орган тиісті нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, сондай-ақ тауар нарығының жағдайын, ондағы бәсекелестік деңгейін зерделеу және монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында тауар нарықтарының талдауын жүргізуге міндетті. Сонымен қатар, ол жыл сайын 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданған шаралар туралы есеп беруге міндетті.

Заңның жаңа редакциясына сәйкес үлесі тауар нарығында отыз бес және одан астам пайыздарды құрайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) ретінде танылады, егер:

1) тиісті тауар нарығында анағұрлым көп үлеске ие үш нарық субъектісінің үлесінен аспайтын жиынтық үлесі елу және одан астам пайыздарды құраса;

2) тиісті тауар нарығында анағұрлым көп үлеске ие төрт нарық субъектісінің үлесінен аспайтын жиынтық үлесі жетпіс және одан астам пайыздарды құраса;

Бірақ, үлесі тиісті тауар нарығында он бес пайыздан аспайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) ретінде танылмады.

Субъектілер қызметін талдаудың деректерін жиынтықтау қарапайым пайдаланушылардың пакеттерінің көмегімен қолмен енгізіледі. Деректердің жинақталуы мен сақталуы кейіннен оларды мұрағатқа тапсыра отырып, қағаз тасығыштарда жүргізіледі. Тарифтердің өзгеруінің серпінін ретроспективті талдау үшін ақпаратты екінші қайтара сұрауға тура келеді. Қағаз жұмысының үлкен көлемі уәкілетті органның ұсынылған материалдарды жан-жақты қарау мүмкіндігін және ең бастысы қабылданған шешімдердің субъектінің өзіне және оның тұтынушыларының жағдайына әсер ету мүмкіндігін бағалауды шектейді.

Бұған қоса нарық субъектілері қолданыстағы монополияға қарсы заңнамаға сәйкес монополияға қарсы органға ай сайын қаржы-шаруашылық қызмет туралы есепті, ай сайын - кәсіпорынның акциялары (үлестері, пайлары) мен өнімдердің монополиялық түрлері: өндірістің көлемдері, босатылым бағасы және өндірістің табыстылығы бойынша ақпараттарды сату мен беру туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Осы ақпарат сондай-ақ қағаз тасығыштарда ұсынылады, ол кейіннен мұрағатқа тапсырылады. Сондай-ақ Заңға сәйкес монополияға қарсы нарық субъектілері мен олардың бірлестіктерін құруға, қайта ұйымдастыруға, акцияларды (үлестерді, пайларды) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Қазіргі кезде монополиялық саясатта институционалдық та және жүйелік те проблемалардың бар болуына байланысты бәсекелестік қабілетті дамыту саласында бірқатар шешілмеген мәселелер әлі де бар.

Монополияға қарсы органның институционалдық әлсіздігі осы органның қызметтерін қолда бар монополиялар мен олардың монополиялық билігін тарату немесе қайта ұйымдастыру арқылы бәсекелестік ортаны құрудың негізгі мәселелеріне тоқталуға мүмкіндік бермей, бағаларға бақылау жасаудың екінші тұрлаусыз мәселелеріне шоғырландыруға әкеп соғады. Бүгінде монополияға қарсы орган өзінің қадағалау функцияларын орындауға арналған өз қызметін, бәсекелестікке жол бермеу және жолын кесу жұмыстарын жандандырудың орынына тұтынушылардың жеке шағымдарын қарауға мәжбүр болып отыр.

Бұған қоса монополияға қарсы органның монополияға қарсы заңнаманың талаптарын сақтауды тиімді бақылау және мемлекеттік реттеу реформасына қатысты да, экономикада тұтастай алғанда да бәсекелестікті қорғау мен насихаттау қабілетін төмендететін бірқатар ұйымдастырушылық және заң проблемалары да бар. Ұйымдастырушылық проблемалардың ең бастысы монополияға қарсы орган функцияларының аса кең спекторы болып табылады. Монополияға қарсы органның миссиясы нарықтық қызметті құру мен реттеуге ауқымды белгілі бір жауапкершіліктен бәсекелестікті құру мен қорғауға нақты шоғырлану жағына ауысуы тиіс.

Заңға сәйкес, Монополияға қарсы органның өкілеттігіне «Бәсекелестік және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзуға жол берген тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыру және нарық субъектілеріне кесімді бағаларды енгізу жатады.

Бұған қоса монополияға қарсы органға маңызды азық-түлік тауарларына, мұнай өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында және бағаның мониторингін жүргізуге, маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағаны өзгертуді талдауға тағы басқаларды тапсыратын нормативтік құқықтық кесімдер қабылданады. Мемлекеттің осындай функциялары өзінің маңызын жоғалтқан жоқ, бірақ олар басқа органдармен жүзеге асырылуы тиіс.

Қазіргі сәтте монополияға қарсы органның міндеттері мүлдем ауқымды және өз табиғаты бойынша әр қилы: жеке органдардың ешқайсысы да заңнаманың сақталуын бақылауға, қамтамасыз етуге, халықпен ақпараттық-білім беру жұмысын жасауға жеткілікті көңіл бөлуге және осы жұмыс бағыттарының әрқайсысы бойынша саясатты әзірлеуге жағдайы жоқ. Әр түрлі міндеттер талдаудың әр түрлі түрлері мен ақпараттардың әр түрлі көздерін талап етеді, мемлекеттік органдардың, фирмалардың, азаматтардың әр түрлі топтарымен ынтымақтастықты талап етеді.

Бұған қоса әлемдік тәжірибеден алғанда монополияға қарсы орган атқарушы билік органдарының жоғары сатылы лауазымында тәуелсіз орган болуы тиіс. Жүргізілген талдау көрсеткендей елдердің көпшілігінде монополияға қарсы органдар төрағалары мен орынбасарлары мемлекеттік органдардың бір де біреуінен тәуелсіз мәртебеге ие және белгілі бір мерзімге тағайындалатын, кез келген дербес, тәуелсіз алқалы орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы монополияға қарсы саясат, жосықсыз бәсекемен күрес саласында халықаралық ұйымдармен және шетелдік ведомстволармен белсенді ынтымақтасады.

Халықаралық қызмет Қазақстан экономикасын әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдасуға жәрдемдесуге; жалпы еуропалық экономикалық кеңістігінің тұжырымдамасын қалыптастыру үдерісіне қатысуға; кәсіби халықаралық ұйымдарға қатысу арқылы қазақстандық мүдделерді қорғауға және практикаға алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізуге, Қазақстанның монополияға қарсы органдары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған.

Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы Бірыңғай Экономикалық Кеңістікті (бұдан әрі - БЭК) құру шеңберіндегі келіссөздердің белсенді мүшесі болып табылады, оны құру идеясы 2003 жылғы 23 ақпанда айтылған Ресей, Қазақстан, Украина және Белоруссия Президенттерінің бірлескен өтінішінде ресми бекітілген, тараптар бірлескен Жоғары деңгейдегі топты құрды және оның міндетін бекіткен болатын. Оның қорытындысы Ялта қаласында 2003 жылғы 19 қыркүйекте қол қойылған БЭК қалыптастыру туралы Келісім болды.

БЭК қалыптастыру мақсаты қатысушы мемлекеттердің экономикасын тұрақты және тиімді дамыту үшін жағдай жасау және халықтың өмірлік деңгейін арттыру болып табылады. Осы шеңберде монополияға қарсы орган БЭК құру туралы келісімге және Бәсеке саласындағы бірыңғай ережелер туралы келісімге қатысушы мемлекеттерде бәсекелестік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары туралы келісімді әзірлеу, келісу және күшіне енгізу үшін жауаптылық алады.

Осы келісімдердің жобалары бірыңғай бәсекелестік саясатты жылжытуда одан әрі ынтымақтастығы үшін іргелі негіз болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстанның монополияға қарсы органы Еуразия экономикалық қоғамдастығының белсенді қатысушысы болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықтың әрекетке қабілетті арнайы тетігінсіз тиімді бәсекелестік саясаттың болуы мүмкін емес, трансұлттық компаниялар және оның бірлестіктері тиісті елдерден тыс жерлерде жүзеге асырылатын сол іс-әрекеттері ішкі бәсекеге елеулі теріс ықпал етуі мүмкін.

1993 жылғы 24 желтоқсанда Ашхабад қаласында қол қойылған Келісілген монополияға қарсы саясатты жүргізу туралы көп жақты шарт дәл осындай тетік болды. Аталған Шарт шеңберінде ТМД елдерінің аумағында монополистік қызметті және жосықсыз бәсекелестікті шектеудің алдын алу және тоқтатудың құқықтық негіздерін құру жөніндегі тараптардың жалпы қызметтерін үйлестіру, бәсекелестік мәселелері жөнінде ұлттық заңнаманы әзірлеуде және жетілдіруде ықпалдасуы және монополияға қарсы саясат және бәсеке саласында нормативтік-құқықтық, әдістемелік және басқа ақпараттар алмасуда ықпалдасуы негізгі міндеттері болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (МСМК) құрылды.

Қазақстанның бәсекелестікті дамыту мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдар жұмысына қатысуының маңызы зор, жеке елдер ішінде ғана емес мемлекетаралық тең экономикалық қатынастарды реттеу құралы ретінде бәсекелестік саясаттың ролін күшейтпейінше, экономиканың тиімділігін арттыру, халықаралық сауданы табысты дамыту және тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың жалпы экономикалық әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес.

Халықаралық сауданың, шетелдік инвестициялаудың жылдам дамуы, ірі трансұлттық қосулардың және трансұлттық корпорацияның (бұдан әрі - ТҮК) қызметтерін кеңейту нәтижесінде жүріп жатқан экономикалық байланысты жаhандандыру кәсіпорындар бәсекелестігін көп жағдайда нарықтық шоғырлану дәрежесіне негізделген барынша халықаралық сипатқа ие болуға еріксіз алып келеді.

Халықаралық бәсекелестікті күшейту ұлттық нарықтар үшін екі жақты рөл атқарады. Бір жағынан, шетел компаниялары үшін, олардың арасында ТҮК маңызды орын алатын ұлттық нарықтарды ашу компаниялардың өзінің құрылымын және өндірісін ұтымды етуге, басқару стратегиялары мен жоспарларын жетілдіруге, озық технологияларды белсенді пайдалануға мәжбүрлейді. Шетел компаниялары үшін ұлттық экономикаға қол жеткізуге жол ашу жалпы алғанда экономикаға қолайлы ықпал ететін осы нарықтардағы бәсекенің жағдайларын жақсартады (немесе бәсеке үшін әлеуеттік жағдайлар жасайды): сатушылардың ортасын кеңейтеді, ассортименттерін көбейтеді, бәсекенің нәтижесінде бағасы төмендейді. Ұлттық нарықтардағы ТҮК қызметі бәсекеге және экономикаға жиі оң ықпал етеді. Нарықта өз тауашасын алуға талпынатын жергілікті компаниялар бәсекелестік артықшылықтар бар салаларда өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бүгін, Трестерге қарсы заңнама саласындағы құзырет ақпараттар, бәсекелестік нарықтар ойындарының аса жаңа теорияларын түсінуге тең, бәсеке, монополия, монополиялық бәсекелестік және олигополия туралы дәстүрлі экономикалық теорияларды жақсы білуді талап етеді. Бұл теориялар осы салада тиісті саясатты талдау үшін бастапқы тармақ болады.

Сондай-ақ монополияға қарсы органның жиі қайта құрылуы кадрлардың кетуіне және білікті мамандардың тапшылығына алып келетінін атап өту маңызды.

Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің білімі мен кәсіби дайындығы әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес болуы керек.

Қолданыстағы жеке кәсіпкерлік туралы заңнамада құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

Сонымен бірге, тәжірибе көрсеткендей экономикалық дамуға байланысты монополияға қарсы заңнама аясындағы бұзушылықтар барлық салаларда мемлекеттің экономикалық дамуына елеулі әсер етеді.

Аталған бұзушылықтардың жолын кесуде басқа мемлекеттік органдардың ақпаратынсыз жәрдемдесу мүмкін емес.

Статистика жөніндегі мемлекеттік органдарды, министрліктерді, салық және құқық қорғау органдарын қоса алғанда басқа мемлекеттік органдардың қарамағындағы ақпараттар монополияға қарсы органға барлық уақытта бірдей ұсыныла бермейді. Бұл ретте, осы ақпарат монополияға қарсы органға тергеу жүргізу және тауар нарықтарын талдау үшін қажет. Барлық мемлекеттік органдардың іскерлік ақпараттардың құпиялылығына қатысты анық құқықтық нормалардың болмауынан нақты нарық субъектісі туралы ақпаратты алу және беру күрделене түседі. Көптеген мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды залалдарды өтеу және осындай ақпараттарды жеткілікті қорғау болып табылатын нақты нормативтік құқықтар туралы жалпы талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықты алады, жариялауға жауаптылығы туралы заңның ережесі ақпарат алмасуға кедергі келтіреді. Бұл проблема бұрыннан бар және Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық кесімдеріне қажетті өзгертулер енгізе отырып шешілуі тиіс.

Сондай-ақ басымдық монополияға қарсы органның жазбаша шешімдеріне қол жетімділігін арттыруға және ресми хабарлама мен ақпарат нақты іс-әрекеттердің фактісі немесе қабылданған шешім туралы деректерден ғана тұрмай, олардың себептері нақты түсіндірілуі тиіс. Бұл жұртшылықтың монополияға қарсы органның «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіруде және қолдануда дұрыс көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұдан кейін, жұртшылықты және іскер қоғамдастықты монополияға қарсы орган жүргізген талдаудың сапалылығына және оның қызметтерінің себебінің бірдейлігіне сендіру үшін айқындылық талап етіледі. Болмаған жағдайда, шешімдер кездейсоқ болып көрінуі мүмкін немесе монополияға қарсы органның нақты ic-әрекеттерінің себептері инвестицияларды тартуға және экономикалық өсуін ұлғайтуға ықпал етпейтін, сенімді болмау және сенімсіздік білдіру атмосферасын құра отырып, монополияға қарсы органның нақты іс-әрекеттеріне жатпайтын себептері туралы ойлары дұрыс болып көрінуі мүмкін.

Халықпен жүргізілетін ақпараттық-білім беру жұмысы мен бәсекелестікті қорғау жеке функциялар ретінде қаралатынына қарамастан олар тығыз байланыста және бәсекелестікті жалпылама түсіну, мақсаты мен пайдасы жоқ жерде бәсекелестікті тиімді қорғау және насихаттау мүмкін емес. Монополияға қарсы органның қызметі баспа беттерінде жиі жарық көрсе де, бұл жарық көрулер қысқаша үрдісте болады және қолданылған іс-әрекеттер немесе қабылданған шешімдер туралы хабарламамен шектеледі.

Республика бойынша Интернетті тұтынудың төмен көлемдері қалың жұртшылық үшін ақпарат көзі болуда интернет-ресурстың қабілеті шектеулі екендігін білдіреді. Монополияға қарсы орган өзінің "Монополист бюллетені" журналын жариялайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнама және бәсекелестік саясат мәселелері жөніндегі баптар мен талдамалы материалдар қамтылған оның бірінші нөмірі жарық көрді. Бірақ, ақшалай қаражат тапшылығы шығару тиражын айтарлықтай шектейді және бүгінгі күні бюллетень басты түрде монополияға қарсы органның құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен басқа мемлекеттік органдарға таратылады.

Монополияға қарсы орган қызметінің ашықтығы оның тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде монополияға қарсы орган алған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтер монополияға қарсы заңнамаға сәйкес жариялауға жатпайды. Осыған байланысты монополияға қарсы орган компаниялардың коммерциялық құпияларының құпиялылығын сақтайды.

Бүкіләлемдік экономикалық форумның баяндамаларындағы деректер бойынша әлемдегі 100-ден артық ел соңғы 10 жыл ішіндегі бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіші бойынша АҚШ, Жапония, Германия, Швейцария дәстүрлі озық тұр, ал соңғы уақытта алдыңғы орындарға сондай-ақ Скандинавия елдері мен Азияның жаңа индустриялды елдері шықты. Қазақстан бұл рейтингте жоғарыда көрсетілген елдерден біршама артта қалуда.

Сонымен бірге, Қазақстанда бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторларды, ұлттық бизнес ортасының елдің өзекті бәсекелестік қабілетіне әсер етуін бағалау мақсаты болып табылатын зерттеу жүргізілуде.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі Бәсекеге қабілеттілігі туралы өзекті есеп беруде екі индекспен бағаланады:

өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексі;

бизнестің бәсекеге қабілеттілігі индексі.

Өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексі орта мерзімді және ұзақ мерзімді болашақта экономиканың нық экономикалық өсуіне қол жеткізу мүмкіндігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл индекс экономикалық теорияға сәйкес макроэкономикалық факторларының әсер етуін бағалайды және көптеген елдердің саясаткерлері мен экономистерінің тәжірибесінде экономиканың өсуі үшін өте маңызды болып танылады.

Бизнестің бәсекеге қабілеттілігі индексі ұлттық экономиканың ағымдағы өндіру деңгейін айқындайтын микроэкономикалық факторларда байқалады, сонымен қатар өсудің бәсекеге қабілеттілігі индексінің болашағын көрсететін макроэкономикалық факторды толықтырады. Тұрақты саяси, заңды және қоғамдық институттар, тиімді макроэкономикалық саясат өндіру және ұлттық гүлденуі үшін әлеуетін жасайды, бірақ елдің шынайы байлығы аса тиімді әдістерді пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерді өндіретін компаниялардың қабілеттілігі микро-деңгейде жасалады.

 

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi

 

Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығының тиімді жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы шарттарды жасау жолымен еркін бәсекелестікті дамыту осы Бағдарламаның мақсаты болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері мыналар:

экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны құру;

субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау;

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның институционалдық қайта құрылуын жүргізу;

қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтық халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;

кәсіпкерліктің еркінділігін және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін дамыту, бәсекелестік мәдениетін көтеру;

монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің тиімділігін дамыту және көтеру;

монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi

 

5.1. Субъектілердің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау

 

Бағдарламаны іске асыру және бәсекелестіктің мәнін нақты түсіндіру мақсатында мемлекеттік органдардың өкілеттігіне заңнамалық деңгейде бәсекелестікті ынталандыру және бәсекелестікті шектеулерді жою жөнінде жеке функцияларды енгізу туралы мәселені қарау қажет.

Монополияға қарсы органның мемлекеттік көмек және оның көмек берумен байланысты билік органдарымен үйлесімділігі туралы ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ, қорғау шаралары қазіргі уақытта сауда саясатының жалпыға бірдей құралы болып табылады, монополияға қарсы орган қорғау шараларының мәселесі жөнінде қабылданатын шешімдерге қатысу үшін қолданыстағы сауда заңнамасының ішіндегі бәсекелестікті кепілдендіру жүйесін құра алады.

Монополияға қарсы орган сыртқы экономикалық саясаттың әділ, ашық сипатын қамтамасыз ету үшін оны қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар оны іске асыруға да қатысуы тиіс. Ішкі нарықты импорттан қорғау шараларын енгізу туралы мәселелерді қарастырған кезде монополияға қарсы органның пікірі ескерілуі тиіс.

Сыртқы экономикалық саясаттың әділ сипатын қамтамасыз ету үшін монополияға қарсы органның қорғау шараларын енгізу туралы шешімдерді әзірлеуге қатысуы қажет.

Бұл жұмыстағы монополияға қарсы органның басты мақсаты ішкі нарықтағы бәсеке шарттарының бұзылуына жол берместен өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері теңгерімін қамтамасыз ететіндей қорғау шараларын енгізу шарттарын қалыптастыру болып табылады. Қорғау шаралары ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекенің шарттарына оңалту кезеңінде ғана әрекет етуі тиіс және лоббизм құралына айналмауы және жеке кәсіпорындарға арналған шаруашылық жүргізудің жеңілдік шарттарын қалыптастыру үшін база болып табылмауы тиіс.

Монополияға қарсы органның қорғау шараларын енгізу туралы шешімдерді әзірлеуге қатысу қажеттілігі сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін қорғауға негізделген. Тұтынушылар, қорғау шараларын енгізу жағдайында бағаларды арттыру және ассортиментті шектеу нәтижелерінде жоғалтуларға ұшырайды.

 

ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 қаулысымен 5-2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.2. Экономиканың барлық салаларында бәсекелестік ортаны

Құру

 

Тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамытуды айқындаудың монополистерді анықтаудың негізі тауар нарығын талдау болып табылады.

Қазіргі сәтте, республиканың тауар нарықтарының зерттеуін, ондағы бәсекелестік ортаның жағдайын, оның ішінде бәсекелестікті дамыту дәрежесін бағалау; тауар нарықтарының дамуын бағалау және бәсекелестікті арттырудың маркетингтік стратегиясын, сондай-ақ әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа "кіру" және "шығу" тосқауылдарының болуын немесе болмауын, олардың еңсерілу дәрежесін айқындау мақсатында жүргізу қажеттілігі туындап отыр.

Осыларға сүйенетін болсақ, монополияға қарсы орган жүргізген тауар нарықтарының талдаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) республиканың тауар нарықтарын олардағы бәсекелік ортаның жағдайын, бәсекелестікті дамыту дәрежелерін бағалау, сондай-ақ тауар нарықтарының дамуын бағалау және бәсекелестікті арттырудың маркетингтік стратегиясын айқындау мақсатында зерттеу;

2) экономиканың әртүрлі салаларында бәсекелік ортаның жағдайын сипаттайтын индикаторларды әзірлеу;

3) тауар нарықтарының шоғырлануын айқындау, олардағы бәсекелестікті дамытудың тосқауылдарын айқындау;

4) экономиканың әртүрлі салаларындағы бәсекелестікті қорғауға бағытталған құралдарды әзірлеу.

Осы міндеттерге сәйкес монополияға қарсы орган олардың акцияларының (үлестерінің, пайларының) сандық және пайыздық қатынастарын көрсете отырып, нарықта басым жағдайға ие субъектілердің құрылтайшылары туралы; олардың акцияларының (үлестерінің, пайларының) сандық және пайыздық қатынастарын көрсете отырып, акционерлердің (үлесшілердің, пайшылардың) бұдан кейінгі өзгерістері туралы ақпараттарды, нарық субъектілерінде болған қайта ұйымдастыру, тарату туралы деректерді; негізгі өндірістік құралдарының теңгерістік құнынан алғанда тізімдер мен пайызды көрсете отырып, мүлікті иеліктен алу туралы мәліметтерді, сенімді басқармада уақытша пайдалануда (жалға беруде) болуы туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттың ауқымды көлеміне ие болуы тиіс.

Экономиканы монополияға қарсы реттеу жүйесін жетілдіру мақсатында монополияға қарсы орган белгілі бір тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің бірыңғай электронды базасын жасау және енгізу қажет.

Ақпараттық база республикалық деңгейге жататын болады, бұл ретте монополияға қарсы органды, оның нарықта үстем жағдайға ие аумақтық бөлімшелері мен кәсіпорындарын қамту жоспарланып отыр.

Тұтастай алғанда нарықта үстем жағдайға ие субъектілердің қызметіне мониторинг жүргізу үшін деректердің ақпараттық базасын құру бақылаудың жеделдігін және тарифтік саясатты реттеудің негіздемелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл кәсіпорындардың пайдаланушылық шығындарын азайтуды қамтамасыз етуі және өз кезегінде мемлекеттің шығындарын азайту есебінен және жеңілдік қызметтерді ұсынудың сомасын азайту есебінен халықтың кірістерін арттыруға ықпал ететін болады.

Факторлардың қалың қатарын қамту мақсатында көптеген сыни факторларды өлшеуге және жасауға рұқсат беретін жаңа жан-жақты бәсекеге қабілетті индекстер әзірленді. Аталған индекс елдің өндірісі және бәсекеге қабілеттілігінің өсуінде әрқайсысының аса маңыздылығы бар мынадай тоғыз:

институттар;

инфрақұрылымдар;

макроэкономика;

денсаулық сақтау және бастауыш білім;

жоғары білім және оқыту;

нарықтың тиімділігі;

технологиялар;

бизнес жүйесі;

инновациялардың айналасында құрылды.

Бәсекеге қабілеттілік индекстерін айқындау басты функциялардың бірі, ал мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру шеңберінде Бүкіләлемдік экономикалық форумда жыл сайын жасалатын дәреже туралы әлемдік табельде Қазақстанның ұстанымын жақсарту мемлекеттік органдар қызметтерінің басты міндеттері болуы тиіс.

Мемлекет басшысы өзінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Үкіметі макроэкономикалық саясатының маңызды басымдықтарының бірі ретінде бәсекелестікті қорғау бойынша одан әрі жұмыстың айқындалғанын және елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беруі тиіс бәсекелестік туралы жаңа заңды қабылдаудың қажеттілігі белгіленгенін атап көрсетті.

Өткен жылдары қабылданған монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру жөніндегі дәйекті шаралар субъектілердің теріс монополистік мінез-құлқының алдын алуға ықпал етуге және жаңа компаниялардың және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар арасында салауатты бәсекелестіктің пайда болуына, қазақстандық экономиканың халықаралық қауымдастыққа жоспарлы ықпалдасуына ықпал ететін жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, монополияға қарсы реттеу жүйесі экономиканың дамуы мен қайта құрылуынан қалмауы тиіс, әлемдік сауданың жаһандануын, экономикалық шекаралардың ашықтығын, сондай-ақ бизнес жүргізудің жаңа нысандарының пайда болуын ескеру қажет. Тез өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен жаңа функционалдық қажеттіліктерге бейімделудің қажеттілігі негізінде монополияға қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіру талап етіледі.

Монополистік қызметке қарсы іс-қимыл мен бәсекелестікті қорғау процесінде монополияға қарсы орган экономикалық жағдай қалай өзгерсе, солайша бизнестің жаңа нысандарының пайда болуына, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға жаңа талаптардың қойылуына қарай жаңа проблемалармен үнемі бетпе-бет келеді.

Бәсекелестік туралы жаңа заңды әзірлеу тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы, бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылардың ымыраласу фактілерін, экономика салаларын «жасырын» монополияландыруды болдырмаудың айқын тетіктерін анықтау, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейту, оның қызметінің тиімділігін арттыру үшін тартымды және айқын жағдай жасау қажеттілігінен туындайды.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің көпшілігі сол немесе өзге тауар нарығында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту дәрежесін бағалау, бәсекеге қабілеттілікті арттырудың маркетингтік стратегиясын, әлеуетті бәсекелестер үшін нарыққа «кіру»/»шығу» тосқауылдарының болуын (болмауын) және оларды еңсеру шараларын айқындау мақсатында оларға жүргізілген талдаулар бәсекелестік жеткіліксіз дамыған экономиканың салаларын анықтады.

Осылайша, заңнамалық реттеу бәсекелестікке келеңсіз әсер ететін ережелерді жою мақсатында жетілдіру қажет экономиканың негізгі салалары.

Қабылданатын нормативтік құқықтық актілер кәсіпкерлерге бизнесте жаңа мүмкіндіктер аша отырып, бәсекелестікті күшейтуге, экономикалық ресурстарды оңтайлы бөлу арқылы елдің экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерге төмен баға белгілеуге ықпал етуі тиіс.

Нормативтік құқықтық актілерді монополияға қарсы заңнамаға сәйкес келтірудің маңызы зор, экономикалық қатынастарды реттеу құралы ретінде бәсекелестікті дамытпайынша, тауарлар мен қызметтерді тұтынушылардың жалпы экономикалық әл-ауқатын жақсарту мүмкін емес.

 

5.3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның

институционалдық қайта құрылуын жүргізу, қолданыстағы

монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтың халықаралық

стандарттарына сәйкес келтіру

 

Қолданыстағы монополияға қарсы заңнама монополияға қарсы нақты заңнама тексеруде монополияға қарсы органға сенімді рұқсат беру мен жеткілікті өкілеттікті ұсына алмайтын жағдайда. Монополияға қарсы органның жеке көзқарасы бойынша істі қараудан бас тарту мүмкіндігінің жоқтығы, кейбір нормативтік құқықтық актілердің шашыраңқы тұжырымдамасы бәсекелестіктің жағдайына толығымен әсер етуі ықтимал іспен толтырылған үйлесімде орындалмайтын орасан жұмыс көлемін береді.

Монополияға қарсы орган мемлекеттік биліктің кәсіпкерлері мен органдарының арасындағы, монополистер мен олардың тұтынушыларының арасындағы жеке дауларды, бәсекелестіктің деңгейін арттыра алмайтын және басқа ведомстволар үлкен тиімділікпен және нәтижелілігімен орындалуы мүмкін іс-әрекеттерді шешуге үлкен қаражат жұмсайды. Егер осы ұйымдастырушылық және заң проблемалары шешілмейтін болса, монополияға қарсы органға бәсекелестікті шектеуге түйінді проблемалар туындататын жағдайларда ден қоюдың тиімділігін арттыру және мемлекеттік реттеуден анықталған экономика салаларында туындаған заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешу қиынға соғатын болады.

Монополияға қарсы органның тәуелсіздігі туралы талаптар монополияға қарсы орган егер олар монополияға қарсы заңнаманы бұзатын болса, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды бақылауы тиіс екендігі фактісіне негізделеді. Егер монополияға қарсы орган қандай да бір жоғарыда аталған органдардың бағынысында болған жағдайда монополияға қарсы шараларды қолдану сайланбалы болады, бұл өз кезегінде монополияға қарсы органның негізгі міндеттерін бұрмалайды.

Монополияға қарсы органның құқық қорғау органдарымен тең дәрежеде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының монополияға қарсы органға ақпарат бермеу не жалған ақпарат беру жауаптылығын қатайта отырып, мемлекеттік органдардан ақпараттар алу құқығын заңнамалық деңгейде бекіту туралы мәселені пысықтауды талап етеді.

Мемлекеттік органдардан мәртебесі мен тәуелсіздігін күшейту, штаттық санын объективті түрде ұлғайту, материалдық базаны күшейту арқылы монополияға қарсы органның құрылымдық күшеюін (институционалдық шара) жалғастыру қажет.

Бұған қоса монополияға қарсы органның өкілеттігін қайта бөлу үдерісі қажет, бұл ретте тарифтік реттеу функциялары мемлекеттік биліктің бір немесе бірнеше органдарға шығарылатын болады.

Бұған қоса монополияға қарсы органға басқа мемлекеттік органдарға тиесілі емес қосымша функциялар, сондай-ақ монополияға қарсы органмен тарифтік және тарифтік емес реттеулерге қорғау шараларын енгізуге бағытталған мемлекетті органдарды шешімдерін келісу жөніндегі функциялар берілуі тиіс.

 

5.4. Кәсіпкерліктің еркінділігін және тұтынушылардың

құқықтарын қорғаудың қоғамдық жүйесін нығайту, бәсекелестік

мәдениетін көтеру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту

 

Қазақстан нарықтарын ашу, сауданы ырықтандыру, ел экономикасына үкіметтің араласуын алып тастау немесе босбелбеулік үдерістері ішкі нарықта халықаралық компаниялардың қызметтерінен теріс салдарлардың пайда болуына тәуекелдің артуымен ұласады, бәсекені асыра пайдаланушылық мүмкіндігі мен бұрмалануы бәсекелестік саясатты жандандыру, заңнаманы нығайту, бәсекені қорғау саласында екі және көп жақты ынтымақтастықты жақсарту және дамыту қажеттігінде негізделген.

Осыған байланысты, Қазақстан Еуропалық Одақ (ЕҚ), БҰҰ-ның сауда және даму мәселелері жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта болуы қажет.

 

5.5. Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетінің

тиімділігін дамыту және жетілдіру

 

Монополияға қарсы органның кадрлық әлеуетін дамыту үшін оның қызметкерлерін белсенді оқыту, монополияға қарсы құқық жөніндегі біліктілігін арттыру курстарынан өткізу қажет. Таяу және алыс шет елдердің монополияға қарсы ведомстволарымен тәжірибе алмасу үшін монополияға қарсы саясат мәселелері жөнінде мүмкін болатын семинарлар, тренингтер жүргізу қажет.

Еңбек ресурстарын дайындау үшін біліктілігі елдің нақты экономикалық қажеттілігіне барабар мамандардың монополияға қарсы органға жоғары деңгейлі дайындықпен келуі үшін қазақстандық жоғары оқу орындарында "Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік саясат" пәнін енгізу туралы мәселені қарау өте маңызды.

Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік саясат саласында жұмыс істейтін кадрлардың дамуына бағытталған негізгі мемлекеттік шаралар ретінде:

1) Қазақстанда бәсекелестік саясатты жүзеге асыратын тиісті сұраныстағы мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында жүйелілік оқытуды ұйымдастыру;

2) менеджменттің біліктілігін арттыру, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістемелік қабылдаулар мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды, даму институттарының әлеуетін пайдалана отырып интерактивті режимде оқып үйретуді жүргізу;

3) жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарынан кейін оқып-үйрететін, оның ішінде шетелдерде қысқа мерзімді курстарды, семинарларды, жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыруға арналған дөңгелек үстелдерді қамтитын кадрларды дайындаудың жүйесін құруды;

4) жоғары кәсіби кадрлар құрамын белсенді тарту және ұстап тұру және оның әлеуетін дамытуды қамтамасыз етуді болжап отыр.

 

ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 5.6 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

5.6. Монополияға қарсы органның жұмысы қағидатының айқындығы

мен ашықтығын қамтамасыз ету

 

Бәсеке және монополияға қарсы заңнаманың ережелері түсіндіріле отырып, қалың оқырманға және іскер қоғамдастыққа арналған ақпараттық материалдарды дайындау және тарату бірінші кезектегі басымдықтары болуға тиіс. Бәсекелестікті ынталандыру мен қорғауда және бұзушылықтарды анықтауда бәсекелестік және монополияға қарсы заңдардың ережелерінің пайдалылығын жақсы түсіну азаматтар және іскер қоғамдастықтың монополияға қарсы органның белсенді әріптес болуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өзекті заңдардың және заңға тәуелді кесімдер мәтіндерінен, өз жұмыстары бағыттарының әр қайсысы бойынша оның қызметі туралы ақпараттардан тұратын монополияға қарсы органның өз интернет-ресурсын құру мәселесін қарау қажет.

Жеке меншік интернет-ресурсы қалың жұртшылық үшін монополияға қарсы органның қызметі туралы ақпараттың көзі болады.

Сайтта жарияланатын материалдар бәсекенің мақсаты мен пайдасының түсіндірмесі қалың жұртшылыққа түсінікті, монополияға қарсы заңнаманың мазмұны қарапайым мазмұндалған, сондай-ақ монополияға қарсы органның жұмыс тәртібіне және талаптарына түсінік беретін материалдарды қамтуы тиіс.

интернет-ресурсында бәсекелестікті қорғау және насихаттау үшін мүмкіндік беретін монополияға қарсы орган жүргізетін жеке тауар нарықтарын талдау топтамаларын жариялау пайдалы жаңа кіріспе болады.

Монополияға қарсы орган:

монополияға қарсы орган жүргізетін тексерудің нәтижелері;

монополияға қарсы орган қызметтерінің қорытындылары туралы мерзімдік есептері;

халыққа бәсекелестіктің артықшылықтарын түсіндіру;

баспасөз парақтары және қызметкерлердің сөйлеген сөздері;

монополияға қарсы заңнама және бәсекелестік саясат мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық кесімдерді түсіндіру;

монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің қызметтері туралы ақпарат өз көрінісін бұқаралық ақпараттар құралдарынан (бұдан әpі - БАҚ) және интернет-ресурстан тауып алуға тиіс.

Осы ақпараттардың үнемі БАҚ-та және интернет-ресурста жарық көруі басқа мемлекеттік органдарға, отандық және шетел компанияларына, тауар мен қызметті тұтынушыларға монополияға қарсы органның құқық қолданудың нақты мәселелеріне деген көзқарасын жақсы түсінуде, өз іс-әрекеттерін соған сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Осыдан, жұмыстың айқын және ашық қағидаттарының артықшылығы мыналарға байланысты:

қоғам және бизнес тарапынан назар аудару, сенім білдіру және қолдау артады;

монополияға қарсы заңнаманы бұзу саны қысқарады;

білікті кадрларды тарту қамтамасыз етіледі;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін мүмкіндік төмендейді;

монополияға қарсы органның қызмет сапасы артады.

 

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

 

Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Осы Бағдарламада көрсетілген шараларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2007 жылы 117 млн. теңге бөлінеді.

Бұл ретте, республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі тиісті жылдың бюджетін қалыптастыру және нақтылау кезінде белгіленген тәртіппен жыл сайын нақтыланып отырады.

 

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық кесімдері әзірленетін және қабылданатын;

монополияға қарсы органның тән емес функцияларын жүйелендіру және беру жөнінде шаралар қолданылатын;

жаңа компаниялардың экономика секторларына кіруі үшін тартымды және ашық шарттарды құру мақсатында монополияға қарсы заңнама реформаланатын;

ішкі бәсекелестікті қарқындандыру жөнінде шаралар кешені әзірленетін болады;

бәсекелестік орта дамытылады және нарықты монополизациялауды болдырмайды;

монополияға қарсы органның қызметінің сапасы көтеріледі;

монополияға қарсы органның 150-гe жуық мамандарының біліктілігі арттырылады.

 

ҚР Үкіметінің 2008.05.05. № 413 (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 2305 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-бөлім өзгертілді

8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

Іс-шараның

атауы

Аяқтау нысаны

Орындауға

жауапты

Орындау

мерзімі

Болжанатын

шығыстар

(мың

теңге)

Қаржыландыру

көздері

1

2

3

4

5

6

7

 1

Дамыған елдер мен Қазақстанның бәсекелестікті қорғау жөніндегі заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізу

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне

ақпарат

ИСМ

2007

жылғы

10 шілде

Талап

етілмейді

  

2

Белгілі бір тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің бірыңғай электрондық базасын құру және енгізу туралы мәселені пысықтау

РБК қарауына

ұсыныс енгізу

ИСМ

2007

жылғы

10 шілде

Талап

етілмейді

  

3

Нарыққа кіру және шығу тосқауылдарын және шоғырлану дәрежелерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне

ақпарат

БҚА

2007

жылғы

10 шілде

117

млн.

теңге

2007

жылғы

республикалық

бюджет

қаражаты

есебінен

«Мемлекеттік

органдар мен

монополияға

қарсы орган

арасында функциялар алмасу, сондай-ақ монополияға қарсы органға басқа да функциялар беру бөлігіндегі бірқатар заңнамалық кесімдерге өзгерістер енгізу туралы» заңды әзірлеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Yкіметі жанындағы

заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

ВАК-тың

шешімі

БҚА

2008-

2009

жылдар

Талап

етілмейді

  

5

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы мерзімінде орындамағаны үшін өсімақы есептеу тәртібі бөлігінде «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заңды әзірлеу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

ВАК-тың

шешімі

БҚА

2008-

2009

жылдар

Талап

етілмейді

  

6

Мемлекеттік органдармен адал бәсекелестікті қолдау мақсатында тауар, оның ішінде қаржы нарықтарының мониторингі жүйесін ескере отырып, бәсекелестік саясат мәселелері жөнінде өзара іс-әрекет тәртібін әзірлеу

Бірлескен

бұйрық

БҚА ,

СА,

Қаржымині,

ЭМРМ,

ККМ,

ЭСЖҚҚКА

(келісім бойынша)

2008

жылғы

10 қаңтар

Талап

етілмейді

  

7

ДСҰ-ға кіруді ескере отырып монополияға қарсы заңнаманы ДСҰ талаптарына кезең-кезеңімен сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Бұйрық

БҚА

2007-

2009

жылдар

Талап

етілмейді

  

8

Монополияға қарсы органды институционалдық қайта құру туралы ұсынысты әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі жұмыс тобының қарауына енгізу

Талдау жазбасы

ИСМ,

ЭБЖМ

2007

жылғы

наурыз

Талап

етілмейді

  

9

"Монополияға қарсы орган туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу туралы және заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған перспективалық жоспарына енгізу туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

ВАК-тың

шешімі

БҚА,

Әділетмині,

ЭБЖМ

2008

жыл

Талап

етілмейді

 

10

Монополияға қарсы органның интернет-ресурсын құру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне

ақпарат

ИСМ

2007

жылғы

10 шілде

Талап

етілмейді

 

11

Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне

ақпарат

ИСМ

2007

жылғы

10 шілде

Талап

етілмейді

 

12

«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» және «Жосықсыз бәсекелестік туралы» заңдарын біріктіретін (біріктірілген заң) Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу және оны заң жобалау жұмыстарының 2008 жылға арналған перспективалық

жоспарына енгізу туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Yкіметі жанындағы заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізу

ВАК-тың

шешімі

БҚА,

Әділетмині

2008 жыл

Талап

етілмейді

 

13

Бәсекелестікті арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында бәсекелестік дамымаған экономиканың бірінші кезектегі салаларын айқындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне

ақпарат

ИСМ, БҚА

2008-2009 жылдар, 10 қаңтарға және 10 шілдеге

Талап

етілмейді

 

 

Жиыны:

 

 

 

117 млн.

теңге

Республикалық

бюджет

14

«Бәсекелестік туралы» Заңның

жобасын Қазақстан Республикасы

Парламентінің Мәжілісіне енгізу

Заң жобасы

БҚА (жинақтау),

ТМРА, ҚҚА, АБА

2008 жылғы

қараша

Талап етілмейді

 

15

Бәсекелестікті шектейтін ережелерді

анықтау мен алып тастау тұрғысынан

заңнамаға түгендеу жүргізу

Қазақстан

Республикасының

Үкіметіне ақпарат

БҚА (жинақтау),

Әділет-мині, ЭБЖМ

2009 жылғы

15 желтоқсан

Талап

етілмейді

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі;

ЭСЖҚҚКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы);

ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі;

Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;

ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі;

ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі;

Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік);

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі;

ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;

АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі.