Қазақстан Республикасының
Заңы

 

Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы

(2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-ІV ҚР Заңымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3 баптар)

2-тарау. Монополияға қарсы оргaнның функциялары, өкілеттіктерi

(4-6 баптар)

 

3-тарау. Монополистік қызмет

(7-11 баптар)

4-тарау. Экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылау

(12-14 баптар)

5-тарау. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау

(15-18 баптар)

6-тарау. Қазақстан республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша тексеру нысанасы

(19-25 баптар)

7-тарау. Қазақстан республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу

(26-28 баптар)

8-тарау. Мемлекеттік реттеу мен бақылаудың жекелеген нысандары

(29-31 баптар)

9-тарау. Монополияға қарсы оргaнның шешімдерін (нұсқамаларын) орындау, тексеру, қайта қарау, оларға шағымдану тәртібi

(32-36 баптар)

10-тарау. Осы заңды бұзушылықтар

(37-39 баптар)

11-тарау. Қорытынды ережелер

(40-бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды реттейді.

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бәсеке - нарық субъектілерінің дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін жарыстастығы;

2) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - өз функционалдық қызметі, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдері бойынша салыстыруға болатын, сөйтіп, сатып алушы оларды тұтыну процесінде (өндірісте) бір-бірімен алмастыратын тауарлар тобы;

3) келісім (келісілген іс-әрекеттер) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары;

4) монополиялық жоғары баға - тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі негізделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдалану нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға;

5) монополияға қарсы орган - бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік орган;

6) монополистік қызмет - нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;

7) монополиялық кіріс - нарық субъектісінің монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған кірісі;

8) монополиялық төмен баға - тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі тауар нарығынан бәсекелестерді ығыстыру арқылы бәсекені шектеу мақсатында саналы түрде белгілейтін тауар бағасы;

9) нарық субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері);

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган;

10) тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - азаматтық айналым объектісі болып табылатын мүлік;

11) тауар нарығы - тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндігін негізге ала отырып айқындалады;

12) тергеу - монополияға қарсы заңнаманы оны бұзушылық туралы істерді қарау арқылы қолдану;

13) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің атаулы тізбесі;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

14) тіркелген баға - осы Заң бұзылған жағдайларда монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган енгізетін баға;

15) үстем (монополиялық) жағдай - нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы.

 

2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және жеке және заңды тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) қатысатын республиканың тауар нарығындағы бәсекеге ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады.

2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектілерін пайдалануға байланысты келісімдер бәсекені шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектілерге байланысты қатынастарға қолданылмайды.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-тарау. Монополияға қарсы және реттеуші органдардың функциялары,

өкілеттіктерi

 

4-бап. Монополияға қарсы органның жүйесi

Монополияға қарсы органның жүйесін монополияға қарсы орган және оған бағынатын аумақтық бөлімшелер құрайды.

Аумақтық бөлімшелер өз қызметін монополияға қарсы орган белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

 

5-бап. Монополияға қарсы органның функциялары

Монополияға қарсы органның функциялары:

1) бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру;

2) мемлекеттік органдардың бәсекені шектеуге бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;

3) осы Заңның талаптарына қайшы келетін экономикалық шоғырлануды болдырмау;

4) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланулардың алдын алу және жою;

5) бәсекеге қарсы келісімдерді, жосықсыз бәсекені болдырмау және олардың жолын кесу;

6) бәсекені және кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу;

7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.

 

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды

5-1-бап. Реттеуші органның функ-циялары

Реттеуші органның функциялары:

1) мыналарға:

темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне);

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру болып табылады;

2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау болып табылады.

Баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

6-бап. Монополияға қарсы органның өкілеттіктерi

1. Монополияға қарсы орган белгіленген функцияларға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды қолдану практикасын жинақтауға;

2) тауар нарықтарының жұмыс істеу, бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге;

3) мемлекеттік органдардың бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға;

4) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға;

5) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты, сондай-ақ өзінің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуды ұйымдастыруға;

6) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізуге;

7) бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге және бекітуге;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары;

оларға мемлекет реттейтін бағаны енгізу қажет тауарлар номенклатурасы бойынша реттеуші органмен бірлесіп ұсыныстар енгізуге;

9) бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

10) монополиялық кірісті анықтау, монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу ережелерін бекітуге;

11) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылыққа монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекітуге;

12) нарық субъектілерінің бәсекені шектейтін келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекітуге;

13) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жағдайын талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды бекітуге;

14) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге;

15) нарық субъектілеріне:

осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу;

тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу және (немесе) монополиялық кірісті республикалық бюджетке аудару туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;

16) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілерді жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ осы Заңға қайшы өздері жасаған келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;

17) бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;

18) сотқа талап қойып және арыз айтып жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға;

19) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберуге;

20) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекені дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар беруге;

21) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуларына тергеу жүргізуге;

22) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;

23) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

24) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

2. Монополияға қарсы орган:

1) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекенің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есеп жіберуге;

2) тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсеке деңгейін зерделеуге және соның негізінде монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеуге;

3) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

4) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін айқындау мақсатымен талдау жүргізуге;

5) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мәселелері бойынша түсініктеме беруге;

6) өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және өтініш білдірушілерге қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде хабарлауға;

7) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды

6-1-бап. Реттеуші органның өкілеттігі

1. Белгіленген функцияларға сәйкес реттеуші орган:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы жөнінде монополияға қарсы органмен бірлесіп ұсыныс енгізуге;

2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге;

3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға;

4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға;

5) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша тіркелген бағаларды енгізуге;

6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі номенклатураға енгізген кезде нарық субъектілеріне осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге босатылатын бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы.

2. Реттеуші орган:

1) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде оларға белгіленген нысандар бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуге;

2)  өз құзыреті шегінде тиісті тауар нарықтарына  баға түзу тәртібінің мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;

3) алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

3-тарау. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ

 

7-бап. Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерi (келісілген іс-әрекеттері)

1. Нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда қол жеткізілген, нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге), оның ішінде:

1) тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге (ұстап тұруға);

2) бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келісімдер нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалауға;

3) тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлуге;

4) квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге;

5) белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға;

6) тауар нарығына кіруді шектеуге немесе одан белгілі бір тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретінде нарықтың басқа субъектілерін ығыстыруға;

7) басқа субъектілермен тең шарттарға кемсітетін жағдайлар қолдануға;

8) келісім-шарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды беруді және басқаларын негізсіз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасуға қатысты келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге) тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толығымен немесе ішінара жарамсыз деп танылады.

2. Нарық субъектілерінің экономикалық қызметін жеке тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы баптың 1-тармағында аталған салдарларға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жағдайда үйлестіруіне тыйым салынады.

3. Осы бапта көзделген шектеулер:

лицензиялық шарттар;

кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары;

технологияларды беруге байланысты шарттар;

ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар;

зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беруге байланысты өзге де шарттар жөніндегі келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге) қолданылмайды.

 

8-бап. Тұлғалар тобы

1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса:

1) келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) нәтижесінде тұлға немесе бірнеше тұлға бірлесіп заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне тікелей немесе жанама (үшінші тұлғалар арқылы) билік етуге құқығы болса;

2) тұлға немесе бірнеше тұлғалар басқа тұлға немесе тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше айқындауға, оның ішінде басқа тұлғаның немесе тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға не атқарушы органның өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса;

3) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары екі және одан да көп заңды тұлғалардың атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) құрамының елу және одан көп процентіне өкілдік етсе;

4) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар екі немесе одан да көп заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның ішінде осы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға не олардың атқарушы органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса;

5) заңды тұлғада еңбек міндеттерін атқаратын жеке тұлғалар бір мезгілде:

басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) құрамының елу және одан көп процентіне өкілдік етсе;

басқа заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның ішінде осы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса;

6) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкілдері арқылы екі және одан көп заңды тұлғаның әрқайсысының дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне билік етуге құқылы болса;

7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкілдері арқылы бір заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне билік етуге құқылы болса, осы жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары не аталған заңды тұлғалардың өкілдері бір мезгілде басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) немесе өзге де басқару органы құрамының елу және одан көп процентін иеленсе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады.

2. Осы Заңның нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.

 

9-бап. Yстем (монополиялық) жағдай

1. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы, сондай-ақ, егер осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар оларға қатысты орындалатын болса, тиісті тауар нарығындағы жиынтық үлесі бойынша нарық субъектілерінің жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады.

2. Егер:

1) тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі үштен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса;

2) тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі төрттен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады.

Тиісті тауар нарығындағы үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылмайды.

3. Тауар нарығына талдау мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері монополияға қарсы орган белгілеген нысанда табыс ететін деректер негізінде жүргізіледі.

4. Тауар нарығының географиялық шекаралары сатып алушы тауарды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарды сатып алатын немесе сатып алуы мүмкін аумақты және оны осы аумақтан тысқары жерлерде экономикалық, технологиялық, әкімшілік және басқа да себептер бойынша сатып ала алмайтын аумақты айқындайды.

5. Тауар нарығының шекаралары мынадай өлшемдер:

1) осы аумақта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу мүмкіндігі;

2) көліктік шығындардың тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін ақтайтындығы;

3) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тасымалдау кезінде олардың сапасын, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттерін сақтауы;

4) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу-сатуға, әкелу-әкетуге шектеулердің (тыйым салулардың) болмауы;

5) өз шегінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну, өткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекеге тең жағдайлардың болуы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, айқындалады.

6. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарының шекарасын айқындауды:

1) тауар нарықтарының жай-күйін талдау кезінде;

2) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында;

3) нарық субъектісі дәлелді өтініш жасаған жағдайда;

4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.

7. Тауар нарығының көлемі тауарларды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін ескере отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде заттай көрсеткіштердегі (ерекше жағдайларда құн көрсеткіштерінде) өткізу сомасы ретінде айқындалады.

8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарларды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды өткізу көлемінің тауар нарығы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.

9. Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз қажеттігіне пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі қосылады.

 

10-бап. Үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану

Үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісінің тиісті тауар нарығына кіруді шектейтін не бәсекені шектейтін, жоятын және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделеріне қысым жасайтын іс-әрекеттеріне, оның ішінде:

1) монополиялық жоғары (төмен) бағалар белгілеу;

2) субъектілермен жасалған бірдей келісімдерге объективті негізделмеген себептермен әртүрлі бағалар не әртүрлі шарттар қолдану;

3) өзінен сатып алынған тауарларды қайта сатуға аумақтық белгілер, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, сондай-ақ саны, бағасы бойынша шектеулер белгілеу;

4) келісім жасауға нарық субъектісіне өз мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы келісімдердің нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер қабылдату жолымен себеп табу не күштеп таңу;

5) тиісті тауарды өндіру немесе өткізу мүмкіндігі бола тұрып жекелеген сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту;

6) тауарлар ұсынуды бәсекелестер өндіретін не өткізетін тауарларды сатып алу кезінде шектеулер қабылдаумен себептестіру;

7) тұтынушылардың сұраныстары немесе тапсырыстары бар тауарларды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұрып, оларды өндіру көлемін негізсіз қысқарту немесе өндіруді тоқтату;

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Үкімет белгілеген баға белгілеу тәртібін бұзу сияқты іс-әрекеттеріне тыйым салынады және олар жарамсыз деп танылады.

 

11-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерi

1. Бәсекені шектеуге әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін актілер не шешімдер, жазбаша не ауызша нұсқаулар қабылдау, келісімдер жасасу және (немесе) өзге де іс-әрекеттер мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері болып табылады.

2. Атап айтқанда, мыналар:

1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, қызметтің қандай да бір саласында нарық субъектілерінің құрылуына тыйым салу не кедергі келтіру, сондай-ақ қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға, тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салуды белгілеу;

2) нарық субъектілерін шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың белгілі бір тобына бірінші кезекте беруге не белгілі бір сатушылардан тауарларды бірінші кезекте сатып алуға тікелей немесе жанама мәжбүрлеу;

3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тауарларды бір орталықтан бөлуге, сондай-ақ рыноктарды нарық субъектілерінің арасында аумақтық белгілері, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша немесе тұтынушылар әйтпесе сатушылар тобы бойынша бөлуге бағытталған кез келген іс-әрекеттер;

4) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, белгілі бір тауарларды Қазақстан Республикасының бір өңірінен екінші өңіріне өткізуге (әкетуге) тыйым белгілеу;

5) нарықтың жекелеген субъектілеріне оларды бәсекелестерге қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңілдіктер немесе басқа да артықшылықтар беру, мұның өзі бәсекені шектеуге алып келеді немесе алып келуі мүмкін;

6) соның салдарынан нарықтың жекелеген субъектілеріне бәсекелестермен салыстырғанда қызметте қолайсыз немесе кемсітушілік жағдайлар жасалатын іс-әрекеттер;

7) нарық субъектісінің дербестігіне, оның ішінде тауарларды сатып алуға немесе өткізуге, баға белгілеуге, қызмет және даму бағдарламаларын қалыптастыруға, тауарлар өткізуден түскен табысқа (ақшалай түсімге) билік етуге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тыйым салулар мен шектеулер белгіленетін іс-әрекеттер мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері деп танылады.

 

4-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

 

12-бап. Экономикалық шоғырлану

1. Мыналар:

1) тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес проценттен асатын нарық субъектісін құру;

2) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, қайта құру);

3) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларды (үлестерді, пайларды) иеленуі, сөйтіп осы субъектіде мұндай тұлғаның (тұлғалар тобының) аталған акциялардың (үлестердің, пайлардың) жиырма бес процентіне және одан астамына билік етуге құқық алуы, егер осы иеленуге дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған нарық субъектісінің акцияларына (үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акциялардың (үлестердің, пайлардың) жиырма бес проценттен кеміне билік етсе, экономикалық шоғырлану деп танылады.

Осы талап заңды тұлға құрылтайшылары құрылған кезде оған қолданылмайды;

4) егер мәміленің (өзара байланысты мәміленің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе біреуге беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтері баланстық құнының он процентінен артық болса, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құрал-жабдықтары мен материалдық емес активтерін меншікке алуы, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебінен иеленуі және пайдалануы;

5) нарық субъектісінің бір немесе бірнеше мәмілелер нәтижесінде (оның ішінде сенімгерлік басқару туралы шарт, бірлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты) немесе өзге де тәсілмен нарық субъектісінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайларын анықтауға не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтар алуы;

6) белгілі бір жеке тұлғалардың нарықтың екі және одан да көп субъектілерінің атқарушы органдарында, директорлар кеңесінде (байқаушы кеңестерінде) қатысуы экономикалық шоғырлану деп танылады.

2. Мыналар:

1) нарық субъектісінің акцияларын (үлестерін, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, егер осы сатып алу, оларды кейін қайта сату мақсатында аталған ұйым нарық субъектісінің басқару органдарында дауыс беруге қатыспайтын жағдайда жүзеге асырылатын болса;

2) оңалтушы немесе конкурстық басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау экономикалық шоғырлану деп танылмайды.

 

13-бап. Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау

1. Нарық субъектілерінің өзінің үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдалану мүмкіндігін немесе бәсекені шектеуді болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның осы Заңның 12-бабында көзделген мәмілелерді (іс-әрекеттерді) жүзеге асыруға алдын ала келісімін алу түрінде көрінетін экономикалық шоғырлануға мемлекеттік бақылауды монополияға қарсы орган жүзеге асырады.

2. Егер тиісті мәмілелерге қатысушы тұлғалар активтерінің баланстық құны немесе соңғы қаржы жылында өткізілген тауарлардың жиынтық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион есе мөлшерінен асса немесе олардың біреуі тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектici болып табылса, не осы тармақта аталған нарық субъектілерінің қызметін бақылайтын тұлғалар тобы иеленуші болған жағдайларда осы Заңның 12-бабының 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі талап етіледі.

Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарына талдау жасау негізінде осы тармақта аталған мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның алдын ала келісімі қажет нарықтар үшін активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерін белгілеуге құқылы.

3. Егер қаржы ұйымы активтерінің құны не жеке өз капиталының шамасы уәкілетті орган қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген мөлшерден асатын болса, қаржы ұйымдары қатысатын экономикалық шоғырлануға рұқсат алу жүзеге асырылады.

4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу көлемдерін есептеген кезде экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініш берілген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы үшін қосылған құн салығының және акциздің сомасы шегеріліп, тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс (ақшалай түсім) сомасы пайдаланылады.

5. Егер нарық субъектісі экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініш берілген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылынан кем мерзім ішінде жұмыс істеген болса, осы баптың 2-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізу көлемдерін есептеген кезде экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініш бергенге дейінгі, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт ішінде алынған кіріс сомасы пайдаланылады.

6. Осы Заңның 12-бабының 1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тіркеуші орган нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады.

Осы бап бұзылып жүзеге асырылған нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

7. Монополияға қарсы органның рұқсатынсыз жасалған экономикалық шоғырлануды монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкін.

 

14-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру

1. Егер экономикалық шоғырлану нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) үстем (монополиялық) жағдайын орнықтыруға немесе күшейтуге және (немесе) бәсекені шектеуге алып келмейтін болса, монополияға қарсы орган оған рұқсат береді.

2. Монополияға қарсы орган, егер тиісті мәмілеге қатысушылар олардың іс-әрекеттерінен болған оң әсер тиісті тауар нарығындағы келеңсіз салдардан асып түсетінін дәлелдесе, бәсекенің шектелу мүмкіндігі кезінде экономикалық шоғырлануға рұқсат беруге құқылы.

 

5-тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУҒА РҰҚСАТ БЕРУ ТУРАЛЫ

ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ

 

15-бап. Нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштер беруi

1. Экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға ниеттенген нарық субъектілері экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінеді.

Экономикалық шоғырлануға қатысушылар ортақ өтініш береді. Өтінішті қарау үшін қажетті құпия ақпаратты осы тұлғалар монополияға қарсы органға жеке-жеке береді.

2. Егер экономикалық шоғырлану конкурстық рәсімдер (аукциондар, тендерлер, конкурстар) қолданыла отырып жүргізілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өтініш конкурс рәсімі басталғанға дейін де, одан кейін де, бірақ жеңімпаз жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей, берілуге тиіс.

3. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді беру және қарау тәртібін монополияға қарсы орган белгілейді.

 

16-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау

1. Егер өтініш түскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, монополияға қарсы орган өзінің және басқа да құжаттар монополияға қарсы орган белгілеген талаптарға сай келмейді деген хабарламамен қоса оны өтініш берушіге қайтармаса, осы уақыт өткеннен кейін өтініш қарауға қабылданды деп есептеледі.

2. Егер қосымша ақпараттың болмауы өтінішті қарауға кедергі келтіретін болса, монополияға қарсы орган өтініш берушіден және басқа тұлғалардан оны сұрата алады, сондай-ақ сараптама тағайындай алады.

3. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішті қарау мерзімі отыз күннен аспауға тиіс. Сараптама тағайындалған жағдайда көрсетілген мерзім өтінішті қарауға қабылдаған кезден бастап алпыс күннен аспауға тиіс. Көрсетілген мерзім ішінде монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға тиісті шешім қабылдауға тиіс.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген өтінішті қарау мерзімінің соңғы күні экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешім қабылданған күн болып есептеледі.

4. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішті қарау монополияға қарсы орган немесе сот онымен байланысты басқа өтініш бойынша шешім қабылдағанға дейін оның қаралуы мүмкін болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарауды тоқтата тұру және оны қайта бастау туралы шешім қабылдайды, ол туралы өтініш беруші хабардар етіледі.

Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішті қарауды тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлар жойылғаннан кейін қарауды қайта бастайды.

Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау мерзімінің өтуі монополияға қарсы орган өтінішті қарауды тоқтата тұру туралы шешім шығарған күннен бастап тоқтатыла тұрады. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау мерзімінің өтуі қарау қайта басталған күннен бастап жалғасады.

5. Егер монополияға қарсы органның шешімі үшінші тұлғалардың осы Заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін елеулі түрде қозғайтын болса, олар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарауға қатыса алады.

Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішті қарауға қатысуға үшінші тұлғаларды тарту туралы мәселені монополияға қарсы орган шешеді, бұл туралы осы өтінішті қарауға қатысатын тұлғалар хабардар етіледі.

 

17-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштер бойынша шешім

1. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтінішті қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:

1) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы;

2) дәлелді қорытындысымен экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекеге теріс әсерін жоятын немесе жұмсартатын белгілі талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін. Мұндай шарттар мен міндеттемелер, атап айтқанда, мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.

3. Егер монополияға қарсы органның шешімінде өзгеше белгіленбесе, экономикалық шоғырлану монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтініш береді.

4. Өтініш берушіге - шешім не шешімде қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер болған жағдайда монополияға қарсы орган шешімінің үзінді көшірмесі жіберіледі.

 

18-бап. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарауды тоқтату негіздерi

1. Экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы өтініштерді қарау:

1) өтініш берушілерден өтініштерін кері қайтарып алу туралы хабарлама түскен;

2) егер ақпараттың болмауы өтінішті қарауға кедергі келтіретін болса, өтініш беруші мұндай ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде бермеген;

3) өтініш беруші дәйексіз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.

2. Өтінішті қарау тоқтатылғаннан кейін өтініш беруші монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы жаңа өтініш беруге құқылы.

 

6-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА

ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ НЫСАНАСЫ

 

19-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша тексерудің түрлері мен нысанасы

1. Нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың (бұдан әрі - тексерілетін субъектілер) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтауы монополияға қарсы орган жүргізетін тексерудің нысанасы болып табылады.

2. Нарық субъектілері мен мемлекеттік органдарды Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуы тұрғысынан монополияға қарсы орган жүзеге асыратын тексеру жоспарлы және жоспардан тыс болуы мүмкін.

 

20-бап. Жоспарлы тексерулер

1. Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектілердің монополияға қарсы заңнаманы сақтауына байланысты мәселелердің бүкіл кешенін қамтиды.

2. Жоспарлы тексерулер жылына бір реттен жиі жүргізілмейді.

3. Жоспарлы тексерулер тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша немесе оның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері бойынша жүргізілуі мүмкін.

4. Монополияға қарсы органның басшысы жыл сайын бекітетін жұмыс жоспары жоспарлы тексеруге негіз болып табылады. Жоспар тексеру жүргізу көзделіп отырған тексерілетін субъектілер тізбесін және тексеру жүргізу мерзімін қамтуға тиіс.

 

21-бап. Жоспардан тыс тексерулер

1. Монополияға қарсы органның жұмыс жоспарында көзделмеген тексеру жоспардан тыс тексеру болып саналады және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылғаны туралы монополияға қарсы органға келіп түскен не өзі дербес анықтаған ақпаратты растау үшін жүргізіледі.

2. Жоспардан тыс тексеруді жүргізуге:

1) жеке және заңды тұлғалардың монополистік қызмет нәтижесінде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өтініші;

2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылғаны туралы мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;

3) монополияға қарсы органның тауар нарықтарын зерделеуі, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары және өзге де мәліметтер негізіндегі бастамасы негіз болады.

 

22-бап. Тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібінің ерекшеліктерi

1. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган оның басшысы қол қойған, мөрімен куәландырылған және заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелген қатаң есептілік бланкісіндегі нұсқама және тексеруді тағайындау туралы бұйрық қабылдайды, сондай-ақ тексеру жүргізу жоспарын бекітеді.

2. Тексеру жүргізу туралы нұсқама екі дана етіп жасалып, олар тіркеу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына беріледі. Тіркелгені туралы белгісі бар бір данасы іс материалдарына қоса тіркеледі.

3. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелгені туралы белгісі бар нұсқама көшірмесі, сондай-ақ тексеру жоспары тексеру жүргізілетін күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.

Тексерілетін субъектіге тапсырылатын құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелгені туралы белгісі жоқ тексеру жүргізу туралы нұсқаманың көшірмесі жарамсыз болып табылады.

4. Тексеру жүргізу үшін монополияға қарсы орган басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылып, оның құрамы бекітілуі, жұмыс тобының басшысы мен басшысының орынбасары айқындалуы мүмкін.

5. Тексерілетін субъекті тексеру жүргізу туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға монополияға қарсы органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы және тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы қол қояды.

Тексерілетін субъектінің уәкілетті адамы бас тартудың жазбаша негіздемесін бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тарта алады.

Тексеру жүргізу туралы нұсқаманы алудан бас тарту тексеруді болдырмау үшін негіз болып табылмайды.

Тексеруді монополияға қарсы органның тексеруді тағайындау туралы нұсқамада көрсетілген лауазымды адамы (адамдары) ғана жүргізе алады.

 

23-бап. Тексеру жүргізу жоспары және мерзімi

1. Тексеру жүргізу жоспарында:

1) тексеру жүргізу мерзімі;

2) тексеру жүргізудің негізгі міндеттері мен мақсаттары, оларды іске асыру рәсімі;

3) тексеру барысында анықталуға тиіс мәселелер тізбесі мен мән-жайлар тобы;

4) тексеру жүргізу кестесі;

5) тексерілетін субъект қызметінің ерекшелігіне сәйкес өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.

2. Тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі мен алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және тексеруді жүргізу туралы нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

3. Тексерілетін субъект қызметінің ерекшелігіне және жұмыс көлемінің ауқымдылығына байланысты тексерудің заңда белгіленген мерзімде аяқталуы мүмкін болмаған жағдайларда монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыстың нәтижелері мен тексеру жүргізу мерзімін ұзарту қажеттігінің негіздемелері жазылған қызметтік жазбаны табыс етеді.

4. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізудің мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығаруға құқылы. Монополияға қарсы органның басшысы тексеру жүргізу туралы бұйрық пен нұсқамаға, сондай-ақ тексеру жоспарына тексеру мерзімінің ұзартылғаны туралы белгіні енгізеді.

Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

5. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күні тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.

6. Тексерілетін субъектіге тексеру нәтижелері туралы анықтама тапсырылған күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі, бірақ ол тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмеуге тиіс.

 

24-бап. Монополияға қарсы органның тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары

1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізген кезде:

1) тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайына кедергісіз кіруге:

2) тексеру нысанасына сәйкес тексерілетін субъектінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелеріне) қол жеткізуге;

3) тексерілетін субъектінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпарат, құжаттар немесе олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктер сұратуға және алуға құқығы бар.

2. Тексерілетін субъектінің басшысы мен лауазымды адамы монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамының ауызша сауалы бойынша ақпарат, құжат немесе олардың көшірмелерін беруден бас тартқан жағдайда оларға тиісінше жазбаша сауал табыс етіледі. Жазбаша сауалды тексерілетін субъект басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда сауал тексерілетін субъект басшысының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.

3. Монополияға қарсы органға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті коммерциялық құпия монополияға қарсы органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпарат басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін жағдайларды қоспағанда, тексеру барысында монополияға қарсы орган тексерілетін субъект туралы алған кез келген ақпарат таратылмауға тиіс.

4. Монополияға қарсы орган тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.

5. Тексеруді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюға және өтініштер жасауға тыйым салынады.

 

25-бап. Тексерулер нәтижелерi

1. Тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық анықталған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы тексеру аяқталғанға дейін тексерілетін субъектіге қатысты осы Заңға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес монополияға қарсы ден қоюдың қажетті шараларын қолдануға құқылы.

2. Тексеру нәтижелері барлық тексерілетін мәселелер бойынша талдау, қорытындылар мен ұсыныстар қамтылған анықтамамен ресімделеді және анықтама екі дана етіп жасалады, оның біреуі тексерілетін субъектінің басшысына тапсырылады.

3. Тексеру нәтижелері тиісті құжаттармен расталатын тексерілген мәліметтер және фактілер негізінде анықтамада баяндалады. Құжаттармен расталмаған қорытындыларды, ұсыныстар мен деректерді анықтамаға енгізуге жол берілмейді.

4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері бойынша анықтамаға тиісті жазба жазылады.

5. Тексеру нәтижесі бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін субъект басшысы оларды жазбаша түрде көрсетеді.

Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы анықтамаға қоса берілуі мүмкін, ол туралы тиісті белгі жасалады.

6. Тексерілетін субъектінің басшысы тексеру жүргізудің нәтижелері туралы анықтамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда монополияға қарсы органның тексеруді жүргізуге жауапты лауазымды адамы анықтамаға тиісті жазба енгізеді.

7. Анықтаманың екінші данасын монополияға қарсы органның тексеру жүргізуге жауапты лауазымды адамы тексеру аяқталғаннан кейін тексерілетін субъект басшысына тапсырады.

Анықтаманы тексерілетін субъект басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда анықтама тексерілетін субъект басшысының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жіберіледі.

 

7-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ

ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТЕРГЕУ

 

26-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізудің міндеттілігі мен негіздерi

1. Монополияға қарсы орган осы Заңның 7, 10 және 11-баптарында көзделген бұзушылықтар бойынша тергеу жүргізеді.

2. Монополияға қарсы орган жүргізген тексерудің нәтижесі Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылушылықтарына тергеу жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

 

27-бап. Тергеу жүргізу тәртібi

1. Тергеу монополияға қарсы орган тергеу туралы шешім шығарғаннан кейін жүргізіледі.

Монополияға қарсы органның тергеу туралы шешімінде:

1) тергеуді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты;

2) тергеу жүргізу негіздерінің көрсетілуі;

3) осы Заңды бұзушылыққа тартылған нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың тізбесі;

4) тергеу жүргізу мерзімі қамтылуға тиіс.

2. Тергеу туралы шешімге монополияға қарсы органның басшысы не ол уәкілеттік берген өзге тұлға қол қояды, монополияға қарсы органның мөрімен куәландырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптар ескеріле отырып, арнайы журналда тіркеледі.

3. Монополияға қарсы орган бірнеше тексеру барысында анықталған фактілер бойынша бір тергеу жүргізу туралы не бірнеше тергеуді біреуіне біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы.

4. Монополияға қарсы орган тергеу жүргізу үшін негіз пайда болған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей тергеу туралы шешім қабылдайды.

5. Монополияға қарсы орган тергеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының мамандарын, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшыларды тартуға құқылы.

6. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы үш жұмыс күні ішінде тергеу жүргізілетін нарық субъектісіне, мемлекеттік органға тергеу туралы шешімді және қызметтік куәлікті көрсетуге не монополияға қарсы орган осы шешімді нарық субъектісі басшысының, мемлекеттік органның лауазымды адамының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберуге міндетті.

7. Тергеу туралы шешімді және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тергеу жүргізілетін нарық субъектілері, мемлекеттік органдар монополияға қарсы органның лауазымды адамын аумаққа немесе үй-жайға кіргізуге, тергеу жүргізуге қажетті ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.

8. Тергеу жүргізетін монополияға қарсы органның лауазымды адамының аталған аумаққа немесе үй-жайға кіруіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тергеу жүргізген монополияға қарсы органның лауазымды адамы және нарық субъектісінің басшысы, мемлекеттік органның лауазымды адамы қол қояды. Аталған хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда нарық субъектісінің басшысы, мемлекеттік органның лауазымды адамы бас тарту себептерінің жазбаша түсініктерін беруге міндетті.

9. Тергеу оның нәтижелері туралы қорытынды жасаумен аяқталады. Тергеу нәтижелері туралы қорытындыда осы Заңның тиісті нормаларына сілтеме жасала отырып, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың сипаттамасы қамтылуға тиіс. Егер, тергеуде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактісі расталмаса, тергеу нәтижелері туралы қорытындыда бұл жөнінде тиісті жазба жасалады.

10. Тиісті құжаттармен расталатын, тексерілген деректер мен фактілер осы Заңның бұзылуы фактісінің дәлелдері болып табылады.

11. Қорытынды екі дана етіп жасалады және оның біреуі оған қатысты тергеу жүргізілген нарық субъектісінің басшысына немесе мемлекеттік органның лауазымды адамына тапсырылады.

12. Тергеу тергеу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

Қосымша тергеу қажет болған жағдайда, тергеу жүргізуге жауапты монополияға қарсы органның лауазымды адамы монополияға қарсы органның басшысына атқарылған жұмыс нәтижесі баяндалған және тергеу мерзімін ұзарту қажеттігінің негіздемесі келтірілген қызметтік жазба табыс етеді.

13. Монополияға қарсы органның басшысы тергеу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға құқылы.

Тергеу мерзімін ұзарту күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

14. Тергеу мерзімін ұзарту туралы шешімнің көшірмесі оған қатысты тергеу жүргізілген нарық субъектісі басшысының немесе мемлекеттік органның лауазымды адамының атына хабарлама берілетін тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі не нарық субъектісі басшысына немесе мемлекеттік органның лауазымды адамына табыс етіледі.

15. Өзіне қатысты тергеу жүргізілген нарық субъектісіне, мемлекеттік органға тергеудің нәтижесі туралы қорытынды тапсырылған күн тергеудің аяқталған мерзімі болып есептеледі.

16. Тергеу жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

 

28-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның шешімдерi

1. Осы Заңның бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:

1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіздердің жоқтығы туралы;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;

3) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;

4) осы Заңның бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы шешімдер қабылдайды.

2. Монополияға қарсы органның шешімі өтініш берушіге, мемлекеттік органға, тиісті нарық субъектісіне және өзге де мүдделі тұлғаларға жеткізіледі.

3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес қаралады.

 

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ

ЖЕКЕЛЕГЕН НЫСАНДАРЫ

 

29-бап. Yстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мәжбүрлеп бөлу немесе бөліп шығару

Нарық субъектісінің үстем (монополиялық) жағдайы осындай жағдайдың келеңсіз салдарын монополияға қарсы органның тиімді шектеуіне мүмкіндік бермейтін жағдайда, монополияға қарсы орган оны мәжбүрлеп бөлу немесе, егер бұл бәсекені дамытуға алып келетін болса, олардың құрамынан құрылымдық бөлімшелер базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы сотқа жүгінуге құқылы.

 

30-бап. Тіркелген бағаны енгізу

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Нарық субъектілері монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу, нарық субъектілерімен өзара теңдей келісімдерге әр түрлі баға қолдану, Үкімет белгілеген баға қалыптастыру тәртібін бұзу, сондай-ақ келісілген бағалар белгілеуге (ұстап тұруға), басқа субъектілермен бірдей шарттарға кемсітетін бағаларды қолдануға қатысты бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) жасау болып көрініс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланған жағдайда, тіркелген баға енгізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда тіркелген бағаны енгізу қолданылады.

3. Тіркелген баға белгілеу бір жылдан аспайтын мерзімге айқындалған бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарлар бағасының жоғарғы (төменгі) шегі түрінде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Тіркелген баға енгізу туралы шешімді монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган қабылдайды.

 

 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

31-бап. Нарық субъектілерінің ақпарат беру жөніндегі қосымша міндеттемелерi

1. Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің қызметін бақылау және мониторинг жүргізу үшін Тізілім жүргізеді.

2. Тізілімге енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес тоқсан сайынғы қаржылық есеп;

2) өзінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан да көп процентін сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы мәлімет;

3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру (өткізу) көлемдері, өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың босату бағалары және кірістілік деңгейі туралы ай сайын ақпарат беруге міндетті.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері реттеуші органға ай сайын босату бағалары және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың кірістілік деңгейі туралы ақпарат беруге міндетті.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Тізілімге енгізілген темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы нарық субъектілері және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектілері тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаның алдағы көтерілуі және оларды көтерудің себептері туралы реттеуші орган айқындайтын тәртіппен көтеру себептерін растайтын негіздеуші материалдарды міндетті түрде ұсына отырып реттеуші органды күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде хабардар етуге міндеті.

Реттеуші орган бағаның өсу себептері туралы қосымша ақпарат сұратуға құқылы, ол Тізілімге енгізілген нарық субъектісі тиісті сауалды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиіс.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Реттеуші орган осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған жаңа бағалар қолданысқа енгізілгенге дейін, күнтізбелік отыз күннің ішінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға нарық субъектілеріне дәлелді қорытындымен тыйым салуға құқылы.

Тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыруға тыйым салу туралы дәлелді қорытынды алған күннен бастап нарық субъектісі тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды арттыру жөніндегі іс-қимылды тоқтатуға және тұтынушыға осы іс-қимылдармен келтірілген залалдарды  белгіленген тәртіппен өтеуге міндетті.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды

3-2. Бағасын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізетін нарық субъектілері оларды тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) номенклатурасына енгізген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде реттеуші органға осы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпарат береді.

Бұл ретте реттеуші орган тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылатын бағалары туралы ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде нарық субъектісіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға түзілімі тәртібіне сәйкес аталған бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы. Дәлелді қорытындыда реттеуші орган осы тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) асырып жіберуге жол берілмейтін бағаның шекті деңгейін көрсетеді.

Дәлелді қорытындыны алған күннен бастап нарық субъектісі тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бағаны төмендетуге міндетті.

Дәлелді қорытынды нарық субъектісіне өз қолын қойғызып немесе жіберілу және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы және реттеуші органдардың талап етуі бойынша монополияға қарсы және реттеуші органдар өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет дәйекті құжаттар, жазбаша және ауызша түсіндірмелер және өзге де ақпарат, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат беруге міндетті.

5. Монополияға қарсы орган өз қызметін жүзеге асыру барысында алған коммерциялық құпиясы бар мәліметтер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етілмеуге тиіс.

Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жауапты болады.

 

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

9-тарау. Монополияға қарсы оргahhың шешімдерін

(нұсқамаларын) және реттеуші органның шешімдерін орындау, тексеру, қайта қарау,

 оларға шағымдану тәртібi

 

32-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) орындау тәртібi

1. Монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) нарық субъектісі, мемлекеттік орган монополияға қарсы органның шешімінде (нұсқамасында) көрсетілген мерзімде орындайды.

2. Шешім (нұсқама) орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып, сотқа жүгінуге құқылы.

 

33-бап. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерінің шешімдерін (нұсқамаларын) тексеру

1. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері қабылдаған шешімдер (нұсқамалар) мүдделі тұлғалардың өтініштері бойынша немесе монополияға қарсы органның өз бастамасы бойынша өзі белгілеген тәртіппен тексерілуі мүмкін.

2. Монополияға қарсы орган аумақтық бөлімшенің шешімін (нұсқамасын) тексеру кезінде оны тексеру аяқталғанға дейін аумақтық бөлімше шешімінің (нұсқаманың) орындалуын тоқтата тұруы мүмкін, бұл туралы мүдделі тұлғаларға жазбаша хабарланады.

3. Аумақтық бөлімшенің шешімін (нұсқамасын) тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның:

1) шешімді (нұсқаманы) өзгеріссіз қалдыруға;

2) шешімді (нұсқаманы) өзгертуге;

3) шешімнің (нұсқаманың) күшін жоюға;

4) жаңа шешім (нұсқама) қабылдауға құқығы бар.

 

34-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) қайта қарау

1. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:

1) елеулі мән-жайлар монополияға қарсы органға белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін болмаған, мұның өзі заңсыз немесе негізсіз шешімдер қабылдауға алып келген;

2) шешім дәйексіз ақпарат негізінде қабылданып, бұл заңсыз немесе негізсіз шешім қабылдауға алып келген;

3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары талаптар мен міндеттемелерді орындамай, монополияға қарсы органның шешімі осыларға байланысты болған;

4) экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешім қабылдануға негіз болған мән-жайлар ендігі жерде болмаған жағдайларда өз шешімін (нұсқамасын) қайта қарауы мүмкін.

Шешім қабылдаған монополияға қарсы орган шешімнің орындалуын оны қайта қарау аяқталғанға дейін тоқтата тұруы мүмкін, бұл туралы іске қатысушы тұлғаларға жазбаша хабарланады.

2. Қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:

1) шешімді (нұсқаманы) өзгеріссіз қалдыруы;

2) шешімді (нұсқаманы) өзгертуі;

3) шешімді (нұсқаманы) жоюы;

4) жаңа шешім (нұсқама) қабылдауы мүмкін.

3. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдаған жағдайда, экономикалық шоғырлану нәтижесінде құрылған нарық субъектісін мемлекеттік тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

 

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

35-бап. Монополияға қарсы органның шешімдеріне (нұсқамаларына) және реттеуші органның шешімдеріне шағымдану

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Монополияға қарсы органның шешімдеріне (нұсқамаларына) және реттеуші органның шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

2. Аумақтық бөлімшелердің шешімдеріне (нұсқамаларына) монополияға қарсы органға шағым жасау үшін:

1) іс үшін маңызы бар мән-жайлардың толық анықталмауы;

2) іс үшін маңызы бар және анықталған деп танылған мән-жайлардың дәлелденбегендігі;

3) шешімде жазылған қорытындылардың істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу немесе дұрыс қолданбау негіз болып табылады.

3. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің шешіміне (нұсқамасына) нарық субъектісі өзінің құқықтары, бостандықтары және заңмен қорғалатын мүдделері бұзылғаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап үш айдың ішінде монополияға қарсы органға не сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

 

36-бап. Тексеруді немесе тергеуді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібi

1. Тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектілердің не оларға қатысты тергеу жүргізілетін нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін субъект он күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органның лауазымды адамының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауға құқылы.

2. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезіндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа әкеп соғады.

 

10-тарау. ОСЫ ЗАҢДЫ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

 

37-бап. Осы заңды бұзушылықтар

Мыналар:

1) бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер);

2) үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану;

3) мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;

4) монополияға қарсы органның шешімін (нұсқамасын) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау;

5) рұқсаттың болуы қажет болған жағдайда монополияға қарсы органның осындай тиісті рұқсатын алмастан экономикалық шоғырлану;

6) монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу немесе ақпаратты толық көлемде бермеу;

7) монополияға қарсы органға дәйексіз және (немесе) жалған ақпарат беру;

8) монополияға қарсы органның лауазымды адамдары өз функцияларын орындауы кезінде тексерілетін нарық субъектісінің, тергеу жүргізілетін мемлекеттік органның үй-жайына және аумағына кіруіне кедергілер жасау;

9) экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы осы Заңды бұзушылықтар болып табылады.

 

38-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін (нұсқамаларын) орындау міндеттілігi

1. Нарық субъектілері, мемлекеттік органдар осы Заңды бұзған кезде:

1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес келтірілген шығынды өтеуге;

3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға;

4) Осы Заңды бұзу нәтижесінде алынған монополиялық кірісті бюджетке аударуға міндетті.

2. Осы Заңның 7-бабында көрсетілген талаптарды бұзушылық монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен нарық субъектілеріне оларды таратуға дейін шара қолдану үшін негіз болып табылады.

 

39-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

40-бап. Қорытынды ережелер

1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

2. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 13-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-і.

№ 173-III ҚРЗ