«Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін
жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан
босатылатын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы № 1075 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1326 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 224-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 11 қарашадағы

№ 1075 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану

келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол

келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары

қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі

 

Р/с

Салық төлеуші

1

«Арман» бірлескен кәсіпорны

2

«Маерск Ойл ГмбХ» компаниясының қазақстандық филиалы

3

«Қазгермұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

«Қуатамлонмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

«АДЖИП ККО» компаниясының қазақстандық филиалы

6

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны

7

«Қазақтүрікмұнай» бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі