«Біреудің күтіп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының
тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 қыркүйектегі № 840 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2268 Қаулысымен күші жойылды

 

«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған біреудің күтіп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар ауруларының тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 5 қыркүйектегі

№ 840 қаулысымен

бекітілген

 

Біреудің күтіп-бағуына мұқтаж үш жастан асқан балалар

ауруларының тізбесi

 

Аса ауыр дәрежедегі аурулар және/немесе өзіне-өзі күтім жасай алмаушылық (Денсаулыққа байланысты аурулар мен проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесіне сәйкес, 10-қайта қарау):

1. І класс. Кейбір жұқпалы және паразитарлық аурулар:

(А 00-В 99).

2. II класс. Ісіктер:

қатерлі ісіктер:

(С 00-С 97), (Д 00-Д 09);

қатерсіз ісіктер:

(Д 37-Д 48).

3. III класс. Қан, қан түзілу органдарының аурулары және иммундық тетікті қатыстыратын жекелеген бұзылулар:

(D 55-D 64, D 65-D 70).

4. IV класс. Эндокриндік жүйе аурулары, тамақтанудың бұзылуы және зат алмасу бұзылулары:

(E 00-E 46; E 71; E 85).

5. V класс. Психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы:

(F 0-F 99).

6. VI класс. Жүйке жүйесінің аурулары:

(G 00-G 23; G 25-G 72; G 80-G83).

7. VII класс. Көз бен оның қосалқы аппаратының аурулары:

(H 05; H 15-H 22; H 26-Н 27; H 30-H 36; H 40-H 46; H 54).

8. VIII класс. Құлақ және емізік тәрізді өсіндінің аурулары:

(H 65-H 66; H 70; H 81).

9. IX класс. Қан айналымы жүйесінің аурулары:

(І 09-І 36; І 05; І 10-І 15; І 10-І 15; І 26-І 27; І 30-І 33; І 34; І 40; І 42; І 47-І 50; І 60-І 69; І 84; І 95; І 97).

10. X класс. Тыныс алу мүшелерінің аурулары:

(J22; J45; J01; J04-J05; J10-J11; J32; J36; J44).

11. XI класс. Ас қорыту мүшелерінің аурулары:

(К 11; К 14; К 50-К 52; К 60-К 61; К65; К 75; К 80; К 85).

12. XII класс. Тері және тері астының - майлы жасушаларының аурулары:

(L 04; L 30; L 40; L88).

13. XIII класс. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен байланыстырушы тіннің аурулары:

(M 00; M 05-M 14; M 30-M 36; M 86-M 89).

14. XIV класс. Несептік жыныстық жүйе аурулары:

(№ 00-№ 39).

15. XVII класс. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), пішіннің өзгеруі мен хромосомдық бұзылулар:

(Q 00-Q 99).

16. XIX класс. Жарақаттар, уланулар мен сыртқы себептер әсерлерінің кейбір басқа да салдары:

($01-S 39; S 44-S 49; S 54-S 55; S 57-S 58; S64-S 65; S 67-S 68; S 72-S 74; S 78; S84-S88; S 94-S 95; S 97- S 98; Т 01-T 09; T 17-T 65; T 90-T 98).