Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 Қаулысы
(2006.18.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы № 559-29қ қаулысы;
2) «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 34-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы халқын тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 404-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 623 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесi
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже мыналарды айқындайды:
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін;
2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін;
3) әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін;
4) жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін.
2-тарау. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және өткізу тәртібi
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
5. Заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті атқарушы органның шешімімен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары құрылады.
6. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына мыналар жүктеледі:
шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру;
шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешім қабылдау;
Заңның 27, 28-баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату.
7. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алады, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және шақыру пунктіне уақтылы келулерін қамтамасыз етеді.
Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын шақырылушылар жергілікті әскери басқару органдарының шақыруы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру пунктіне келеді.
8. Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келісімен, шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы болмаған жағдайда Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Шақырылушы шетелге қызметтік іссапарға шығатын кезде тиісті мемлекеттік органның өтініші негізінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті анықтама береді.
9. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың шақыру пункттеріне келуі туралы хабарлауды жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары шақыру қағазбен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолын қоя отырып жүргізеді.
Шақыру комиссиясына шақырылатын жылы он сегіз жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы аяқталған азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жөнелту мерзімді әскери қызметке шақырылудан босатылған және шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар адамдарды қоспағанда, шақырылушы он сегіз жасқа толысымен жүзеге асырылады.
10. Шақырылушылардың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкін болмаған барлық жағдайларда қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары оларды іздестіру және келуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлайды. Шақырудан қасақана жалтарып, сондай-ақ азаматтардың шақыру пункттеріне уақтылы келуіне кедергі келтірген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға тапсырылады.
11. Мыналар азаматтардың шақыру пункттеріне келмеуінің дәлелді себептері болып танылады:
еңбек қабілетін жоғалтуымен байланысты ауруы (жарақаты);
басқа адамның көмегіне мұқтаж, толық мемлекеттік күтімге алынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған жағдайда шақырылушы адамның тарапынан күтімді талап ететін жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы;
азаматтың жеке өзінің келу мүмкіндігінен айырған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны, өрт және басқалар).
Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс.
12. Шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Медициналық куәландыру жабдықталған, осы жұмыс үшін арнайы бейімделген шақыру (жиын) пункттерінде жүргізіледі.
Шақыру пунктіндегі медициналық персоналдың жұмысына басшылықты дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы - әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың қатарынан тағайындалатын шақыру комиссиясының мүшесі жүзеге асырады.
13. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары шақырылушылар мен әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес шешім шығарады.
14. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді, осыған байланысты, әдетте:
зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығаруға байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі;
режимді және арнайы бөлімдерді жасақтау үшін көрсетілген командаға алдын ала іріктелген шақырылушылар жіберіледі;
әуе-десант әскерлерін жасақтау үшін шақырылушыларды бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан іріктеу жүзеге асырылады. Шақырылушылардың кемінде орта білімі, жақсы дене бітімі (бойы 170 см-ден кем емес) болуы тиіс.
Республикалық ұланды жасақтау үшін дене дайындығы жақсы (бойы 178 см-ден төмен емес), кемінде орта білімі бар шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады;
жоғары білімі бар шақырылушылар оқу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери дайындық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі;
заң факультетін бітірген шақырылушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі;
математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген шақырылушылар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының барлық түрлерінің байланыс бөлімдеріне жіберіледі;
ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру бітірген шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі;
сәулет, көркемсурет және кинотехникалық факультеттерді бітірген шақырылушылар инженерлік-саперлік бөлімдерге жіберіледі;
медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген шақырылушылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиісінше медицина және фармацевтика қызметтеріне жіберіледі;
егіз ағайындылар, егер олар мерзімді әскери қызметке бір мезгілде және бір шақыру комиссиясымен шақырылса және білімі мен арнайы дайындығы, денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуы бойынша және басқа да деректері жөнінен бірдей болса, бірге бір әскери бөлімде қызмет ету үшін жіберілуге тиіс.
15. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңның 27-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен беріледі.
16. Отбасы жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға ұсынылған құжаттар мен олардың отбасы жағдайын тексерудің негізінде беріледі және осы мәселені алғашқы қараған кезде бір рет қабылданады.
Тексеруді жергілікті атқарушы органның, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің), білім беру ұйымдары мен өзге де мекемелердің өкілдерінен құралған комиссиялар жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес шақырылушының отбасы жағдайын тексеру актісін жасайды. Аталған акт шақырылушыға мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну кезінде жасалады.
Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) әрбір шақыру алдында отбасы жағдайы бойынша шақырудан кейінге қалдырылған адамдарға тиісті мекемелер мен ұйымдардан шақырылушының отбасы жағдайы деректерді растайтын анықтама сұратады. Көрсетілген анықтамалар шақырылушының жеке ісіне тігіледі.
17. Отбасы жағдайы бойынша шақыруды кейінге қалдыру негіздемесін жоғалтқан адамдар мерзімді әскери қызметке жалпы негіздерде шақырылады.
18. Азаматтарға білім алуын жалғастыру үшін шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында шақырылушыға берілетін анықтаманың негізінде шығарылады және шақырылушының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан бастапқы өтуі кезінде бір рет қабылданады.
Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) жыл сайын 1 қазанға дейін тиісті білім беру ұйымдарынан шақырылушылардың оқуларын жалғастырып жүргенін растайтын анықтамаларды сұратады. Көрсетілген анықтамалар шақырылушының жеке ісіне тігіледі.
Білімін жалғастыру үшін шақыруды кейінге қалдыруды ресімдеу шақырылушыларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясына шақырумен, оларды медициналық куәландырудан өткізбестен жүргізіледі. Осындай шақырылушылардың денсаулық жағдайы туралы деректер осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес оларды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудың нәтижелері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына енгізіледі.
19. Денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға шақыру комиссиясының шешімімен бір жыл мерзімге дейін беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін әскери қызметке жарамдылығы туралы түбегейлі қорытынды шығарылады.
ҚР Үкіметінің 2006.18.10. № 1005 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
20. Азаматтарға басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңға сәйкес беріледі.
21. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды беру туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының шешімдері аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына, кейінге қалдыруды беру мерзімін және негіздемесін көрсете отырып, шақырылушылардың есепке алу карталарына және тіркеу туралы куәлігіне жазылады.
22. Шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар шақырылушылар өздерінің қалауы бойынша өз еркімен бас тарту туралы өз қолымен жазылған және нотариалдық куәландырылған өтінішін, олардың келіскендігі туралы мүдделі адамдар мен халықты әлеуметтік қорғау органдарының нотариалдық куәландырылған құжатын ұсынған жағдайда мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
23. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босату Заңның 28-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен беріледі. Мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған барлық азаматтарға әскери билеттер жазылады және олар запастағы әскери міндеттілердің әскери есебіне беріледі.
24. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп таныған және осыған байланысты әскери міндеттілердің әскери есебіне алынған адамдар бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыруға жатпайды.
25. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының төрағасы шақыру комиссиясының жұмысын, оның мүшелерінің толық құрамында отырыс өткізуді қамтамасыз етеді және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырумен, оларды мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды немесе босатуды берумен байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуі үшін тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырады.
26. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып құжаттарды ресімдеу жүргізіледі:
шақырылушының есептік-қызметтік карточкасында шақырылушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қай әскер түрі мен тегіне тағайындалғаны туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі жазылады;
отбасы жағдайы бойынша, білімін жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы бойынша және басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды алған адамдардың шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктеріндегі «Шақыру комиссиясынан өту нәтижелері» бөлімінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітілетін тиісті жазба жазылады;
бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығарылумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді көшірмелер толтырылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен кейінге қалдырылған немесе босатылған барлық азаматтардың жеке істері зерделеу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларына жіберіледі. Құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы шақырылушының есептік карточкасында аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі соғады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен келіспеген азаматтар қайта куәландыруға жатады. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін запас бойынша есептік-әскери құжаттар ресімделеді.
Есептік-әскери құжаттар ресімделгеннен кейін үш данада тізім жасалады және шақырылушылардың есепке алу карталарымен қоса әскери билеттер жазып беретін қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің есепке алу бөліміне ұсынылады. Шақырылушылардың есепке алу картасында онда әскери билеттің үзінді көшірмесінің сериясы, нөмірі мен күні белгілене отырып, әскери билеттермен тізімнің екінші данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады.
27. Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар, олардың ата-аналары және өзге де мүдделі адамдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы шығарған шешіммен келіспеген жағдайда заңнамаға сәйкес шағымдана алады.
28. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар ұйымдасқан түрде облыстық жиын пунктіне келеді. Оларды жеткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) қызметкерлері қатарынан бірге жүрушілер тағайындалады. Бірге жүрушілерге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес атаулы тізімнің үш данасы және мөр басылған түрде жеке істер, есептік-қызметтік карточкалар, амбулаторлық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақтар беріледі.
Атаулы тізімнің № 1 және 2-даналары облыстық жиын пунктінің бастығына беріледі, ал облыстық жинау пунктінің бастығы команданы қабылдап алғандығына қол қоятын № 3 данасы бірге жүрушілермен қоса қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады.
Атаулы тізімнің № 2 данасы команданы облыстық жиын пунктінен жөнелткен күні қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады. Онда жіберілген әрбір азаматтың тегінің тұсына: қашан (күні, айы мен жылы) және қандай әскери команда жөнелткені немесе қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қандай себеппен қайтарылғаны туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасына облыстық жиын пунктінің бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
Облыстық жиын пунктінен алынған атаулы тізімнің № 2 данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) кіріс журналы бойынша ескеріледі. Осы тізімнің негізінде есептік-әліпбилік кітаптың тиісті бағанында әскерге жөнелтілген әрбір шақырылушының тегінің тұсында: «200 ___ жылы ____ № ______ әскери командамен жөнелтілді» деген белгі қойылады, содан кейін осы тізім қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) істеріне тігіліп, 10 жыл бойы сақталады.
Атаулы тізімнің № 1 данасы тізімге енгізілген адамдардың қашан және қандай әскери командамен жөнелтілгені немесе қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қандай себептермен қайтарылғаны туралы белгілермен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ісіне тігіледі және 10 жыл бойы сақталады.
29. Заңға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары құрылады.
30. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жөнелту алдында тікелей облыстық жиын пунктінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясымен мерзімді әскери қызметке шақырылған адамдарды медициналық тексеруден өткізеді.
31. Облыстық жиын пунктіндегі медициналық тексеру нәтижесінде әскери қызметке кедергі келтіретін ауруы анықталған шақырылушылар шақырылған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) жіберіледі.
Облыстық жиын пунктінен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылған шақырылушылар осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес облыстық жиын пунктінен қайтарылған шақырылушыларды есепке алу кітабына енгізіледі.
Қайтарылатын әрбір шақырылушыға облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының төрағасы қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының атына осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шақырылушының қайтару себебін көрсетіп қызметтік хат жібереді. Бұл қызметтік хат шақырылушының жеке ісіне тігіледі.
Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары облыстық жиын пунктінен қайтарылған барлық адамдарды облыстық жиын пунктінен алынған жаңа деректерді ескере отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесін шешу үшін шақыру комиссиясына қайта шақырады.
Облыстық жиын пунктіндегі дәрігерлердің жұмысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін шақырылушыларды медициналық тексерудің соңғы кезеңі болып табылады. Медициналық тексеру кезінде денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды болдырмау үшін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының ықтимал қателері анықталады.
32. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыруды өткізу мерзімі, орны және куәландыруға жататын азаматтар туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларын хабардар етеді. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке ісімен және қойылған диагнозы мен шығарылған қорытындысы бар медициналық құжаттарымен жіберіледі. Егер қайта куәландыру нәтижесінде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгерсе, дәрігер-маман медициналық куәландыру парағын ресімдейді, ал облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссияның шешімінің күшін жояды және хаттамалар кітабында ресімделетін және азаматқа хабарланатын өз шешімін шығарады. Шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді көшірме шешімі қайта қаралған шақыру комиссиясына жіберіледі. Егер қайта куәландырудың нәтижесінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі өзгермесе, хаттамалар кітабы мен есепке алу картасында оның бекітілгені туралы жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресімделмейді.
33. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларының сонымен қатар шақырылушы азаматтардың, олардың ата-аналары мен өзге де мүдделі адамдардың шақыру мәселелері бойынша шағымдарын қарау жүктеледі.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне шақырылушының және басқа да адамдардың шағымдары осы шешімнің орындалуын тоқтатпайды.
34. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыру аяқталғаннан кейін облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары мынадай жұмыстарды жүргізеді:
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары төрағаларының: шілдеде - көктемгі шақырудың қорытындылары бойынша қаңтарда - күзгі және тұтастай алғанда бір жылғы шақырулардың қорытындылары бойынша атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі есептер тыңдайды;
аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы және 27 жасқа толған адамдарды запасқа беру туралы шығарған шешімдерінің дұрыстығын тексереді;
бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шақырылудан кейінге қалдырылған шақырылушылардың барлық жеке істерін тексеруді жүргізеді;
азаматтарға Заңда көзделген мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудың дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша шақырылушының есепке алу картасында және хаттамалар кітабынан үзінді көшірмеде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы (белгіленген үлгідегі мөртабанмен және қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен) немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасалады.
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары қабылдаған шешімдерді тексеру нәтижелері осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының хаттамалар кітабына енгізіледі.
35. Жергілікті әскери басқару органдары Заңға сәйкес жабдықталған жиын пункттерімен мынадай мақсатта қамтамасыз етіледі:
шақырылушылармен әскери командаларды жасақтау;
командаларды әскери командаларды қабылдап алу және ілесіп жүру үшін әскери бөлімдерден келген өкілдерге беру;
әскери командаларды қажетті мүлікпен және тағайындалған жерге дейінгі жолға қажетті тамақпен қамтамасыз ету;
командаларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ұйымдасқан түрде жөнелту.
Облыстық жиын пункттерінде шақырылғандардың ішінен жекелеген адамдар науқастану немесе басқа да себептермен кейінге қалдырылған жағдайда командаларды толықтыру үшін қажеттілігіне қарай пайдаланылатын әскери командамен жөнелтілетіндердің санынан 1 пайызға дейінгі мөлшерде шақырылушылар резервінің болуына рұқсат етіледі. Облыстық жиын пункттерінде резервте тұрған шақырылушыларды 2 күннен артық ұстауға жол берілмейді.
қорғаныс істері жөніндегі басқармалардан (бөлімдерден) келетін жеке құрамды орналастыру үшін үй-жай;
жеке құрамды санитарлық тазартуға арналған (монша, сусебезгі) үй-жайлар;
шақырылушы азаматтар арасында олар жиын пунктінде болған кезде тәрбие жұмысын жүргізуге арналған үй-жайлар;
әрбір дәрігер-маманға бір бөлме есебінен медициналық тексеруге арналған бөлмелер;
флюорографиялық тексеруге арналған кабинет;
әскери командаларды жасақтау бөлімшелері үшін үй-жай;
әскери командаларды әскери бөлімдерге қабылдап алу және ілесіп жүру үшін әскерлерден келген жеке құрамды орналастыруға арналған үй-жай;
тамақтану пункті, буфет;
дезинфекциялық камералары бар санитарлық өткізуші, екі инфекция изоляторы, санитарлық тораптар;
жеке құрамды сапқа тұрғызу және олармен саптық және спорттық жаттығуларды өткізуге арналған орын болуы тиіс.
Барлық үй-жайлар, кабинеттер, санитарлық өткізуші санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес болуы тиіс.
Бұдан басқа, жиын пунктінде жиын пунктінің қолбасшылығын, кезекші қызметті және әскери тәртіпті сақтау үшін тағайындалатын басқа да адамдарды орналастыруға арналған орындар қарастырылуы тиіс.
37. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер бастықтары және олардың тәрбие, әлеуметтік және психологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары облыстық жиын пункттерінде әзірленген жоспарларға сәйкес шақырылушылар арасында қажетті тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты ұйымдастырады, шығарып салуға келген ата-аналармен түсіндіру жұмысын жүргізеді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен шақырылушылардың ата-аналарының қатысуымен әскери командалардың жеке құрамын салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады.
Облыстық жиын пункттерінде, сондай-ақ жүру жолында шақырылушылармен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты жүргізу кезінде жоғары ұйымдастырушылық пен тәртіпті қамтамасыз етуге, жергілікті тұрғындарға қатысты бұзақылық және басқа да адамгершілікке жат қылықтар жасауға жол бермеуге назар аударылады. Жүру жолында және тоқтаған жерлерде мінез-құлық ережелері мен қауіпсіздік шаралары, жеке құрамның әскери тәртіпті, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қатаң сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.
38. Әскери командаларды қабылдап алуға және ілесіп жүруге тағайындалған жеке құрам облыстық жиын пункттеріне әскери командалардың жөнелтілуіне дейін 2 тәулік бұрын келуге тиіс.
Әскери командаларды қабылдап алу және ілесіп жүру үшін әскерлерден келген жеке құрам облыстық жиын пунктінің бастығына бағынады. Ол облыстық жиын пунктінің қолбасшылығымен бірлесіп әскери командаларды құрады, жеке істері бойынша әңгімелесу жолымен шақырылушыларды зерделейді, жеке құрамды ас ішуге, санитарлық қараудан өтуге ілесіп жүреді және облыстық жиын пунктінің жұмыс тәртібіне сәйкес басқа да іс-шараларға қатысады.
39. Команда жетекшілеріне әскери командаларға ілесіп жүру құқығына сенімхат беріледі.
40. Облыстық жиын пункттерінде шақырылған азаматтар осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес атаулы тізім бойынша команданың бастығына тапсырылады.
Атаулы тізім жөнелтілетін әскери команданың әрқайсысына 4 данада жасалады. № 1 және 2 даналары есептік-қызметтік карточкаларымен, амбулаторлық науқастың медициналық картасына шақырылушыға қосымша парақтарымен әскери команданың бастығына табыс етіледі. Тізімнің № 3 данасы әскери команда бастығының шақырылушыларды қабылдағаны туралы қолхатымен қорғаныс істері жөніндегі департаментте қалады. Тізімнің № 4 данасы әскери билеттерді беру ведомосімен бірге тігіледі.
Бұдан басқа, әскери команда бастығына әскери бөлімге дейінгі жүру жолына тасымалдау құжаттары тапсырылады.
41. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау шығыстарын өтеуді олар ұсынған шоттар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.
42. Команда жетекшілері белгіленген жерге келгеннен кейін жеке құрамды атаулы тізім мен есептік-қызметтік карточкалар бойынша қабылдау пункттерінің бастықтарына тапсырады. Осымен бір уақытта тиісті бастықтарға әскери тәртіптің жағдайы туралы және жүру жолындағы оның барлық бұзылу оқиғалары туралы баяндайды.
Қабылдау пункттерінде тізімнің бірінші данасының 8-бағанында әрбір тегінің тұсына шақырылушының қашан және қандай әскери бөлімге (орналасу пунктін көрсетпей бөлімнің шартты нөмірі) мерзімді әскери қызметті өткеруге жіберілгені туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасы шақырылушыларды қабылдау аяқталған соң командирлердің (бастықтардың) өкімімен қабылдау пункті құрылған әскери бөлімге беріледі. Жаңа буынды қабылдау туралы белгісі бар, елтаңбалы мөрмен куәландырылған екінші данасы жаңа буын келген қорғаныс істері жөніндегі департаментке жіберіледі. Әскери бөлімдерден келген атаулы тізімдері бар істер 10 жыл бойы сақталады.
3-тарау. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру мен өткізу тәртібi
43. Запастағы офицерлерді офицерлік құрам лауазымына әскери қызметке шақыру Заңның 24-бабына сәйкес жүргізіледі.
44. Запастағы офицерлерді шақыру үшін іріктеуді өткізу кезінде жасақтау үшін офицерлер тағайындалатын әскери бөлімдердің өкілдері іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына енгізілуі мүмкін.
45. Жергілікті әскери басқару органының бастығы әскери бөлімнің (мекеменің) өкілімен бірлесіп, шақырылуға жататын запастағы офицерлерді зерделеу және іріктеу жөніндегі жұмысты жүргізеді.
46. Запастағы офицер шақырылатын Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, мекемелер бастықтары:
1) денсаулық жағдайына, моральдық-іскерлік қасиеттеріне, отбасы жағдайына назар аудара отырып жеке әңгімелеседі, қажет болған жағдайда кандидатты қосымша тексеру мен медициналық тексеру туралы шешім қабылдайды, кәсіби даярлық деңгейін анықтау үшін жалпы сауалнама өткізеді;
2) әңгімелесуді жүргізу нәтижелері бойынша іріктелген кандидатпен зерделеу парағын ресімдейді;
3) шақыруға кандидатты алдын ала зерделеу және іріктеу үшін қажетті білім деңгейі және қызмет тәжірибесі бар офицерлер қатарынан өкілдер тағайындайды;
4) аумақтық жасақтау қағидатын ескере отырып, одан әрі әскери қызмет өткеру үшін запастағы офицерлерді әскери лауазымдар бойынша алдын ала бөлуді жоспарлайды;
5) әскери бөлімнің (бөлімшелердің) тәрбие құрылымының командирлерімен, офицерлерімен запастан шақырылған офицерлермен жұмыс жүргізу нысандары мен әдістері бойынша сабақтар (нұсқамалар) өткізеді.
ҚР Үкіметінің 2006.18.10. № 1005 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Шақыру үшін іріктелген кандидаттарға материалдарды ресімдеу тек Ереженің 45 және 46-тармақтарында көрсетілген лауазымды адамдар зерделегеннен кейін жүргізіледі.
48. Запастағы офицерлер қатарынан шақыруға іріктеліп алынған кандидаттар әскери қызметке жарамдылық тұрғысында медициналық куәландыруға жіберіледі.
Бұл ретте кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыратын лауазымды адам медициналық тексеру картасының, жеке ісінің және басқа да шақыру құжаттарының толық және сапалы толтырылуын тексереді. Жергілікті әскери басқару органының бастығы арнайы тексеру өткізу үшін тиісті органдарға сұрау салуды ресімдейді.
Кандидаттың әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім медициналық куәландыру мен арнайы тексеруді жүзеге асыратын тиісті органдардың жауаптарының нәтижелері бойынша қабылданады.
49. Әскери бөлімдердің лауазымды адамдары іріктеп алған және әскери қызметке шақыруға жарамды кандидаттардың тізімі тиісті командирмен (бастықпен) келісілгеннен кейін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
50. Запастағы офицерлерді шақыру кезінде жергілікті әскери басқару органының бастығы мынадай құжаттарды ресімдейді және ұсынады:
1) қызметтік карта;
2) жеке ісі;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі көшірмесі;
4) шақыруға кандидаттың зерделеу парағы;
5) туберкулез, тері-венерологиялық, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден, флюорография, ЭКГ нәтижелері, зәр мен қанның жалпы анализдерінің, RW (Вассерман реакциясы) және АҚТҚ инфекциясына қан анализдерінің анықтамаларын қоса медициналық куәландыру картасы;
6) тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының анықтамасы;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінен анықтама;
8) зейнеткерлік шартының көшірмесі;
9) әлеуметтік жеке кодтың көшірмесі.
51. Уәкілетті органның басшысы офицерлер лауазымына шақыруға жататын запастағы офицерлерге жергілікті әскери басқару органдарынан ұсынылған материалдар бойынша жеке құрам бойынша шақыру туралы бұйрық шығарады.
52. Запастағы офицерлерді шақыру туралы жеке құрам бойынша бұйрықтардан үзінді көшірмелер тиісті әскери бөлімдер (мекемелер) мен жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі.
53. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі жеке құрам бойынша бұйрықтан үзінді көшірмені алған сәттен бастап жергілікті әскери басқару органдарына сұрау салуды жібере отырып, запастан шақырылған офицерлердің келуін бақылауды жүзеге асырады, қызмет орнына кету мерзімін нақтылайды.
54. Шақырылған офицердің жеке ісі алдын ала белгіленген тәртіппен әскери қызмет орнына кетуі туралы ұйғарымды бергенге дейін жіберіледі.
55. Жергілікті әскери басқару органының бастығы шақырылушы офицерге ұйғарымды тапсырады және оның әскери бөлімге (мекемеге) кетуін бақылауды жүзеге асырады. Офицерлердің әскери бөлімге келуін жергілікті әскери басқару органының бастығы мен әскери бөлімнің командирі бақылайды.
56. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі офицер әскери бөлімге (мекемеге) келісімен әскери бөлімнің жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрық шығарады және үлестің барлық түріне қоюды жүргізеді, баяндауды жүзеге асырады, жергілікті әскери басқару органын хабардар етеді және офицерлердің есептік мәліметтерін нақтылауды жүргізеді.
57. Запастан шақырылған офицерлер әскери бөлімге келгеннен кейін командир (бастық) мынадай нұсқаулар береді:
1) әлеуметтік-демографиялық деректерін, бейімін, қабілеті мен даярлық деңгейін зерделеу мақсатында әңгіме жүргізу туралы;
2) взвод (рота) өмірінің, тұрмысының және жауынгерлік жаттығудың барлық ерекшеліктерімен, техника мен қару-жарақтың жай-күйімен таныстыру туралы, бөлімше алдында тұрған негізгі міндеттерді жеткізеді;
3) сынақ тапсырумен функционалдық міндеттерін, жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруды, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануды регламенттейтін басшылық құжаттарды зерделей отырып, жиындар өткізу туралы;
4) оқу пәндері бойынша әдістемелік-нұсқамалық сабақтар өткізу туралы;
5) атыстан, жауынгерлік машиналарды жүргізуден, техниканы пайдалану мен қызмет көрсету кезінде нормативтерді орындаудан бақылау сабақтарын өткізу туралы;
6) даярланған офицерлер қатарынан тәлімгерлер тағайындау қалыптасуға, тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы;
7) тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы;
8) қызмет орнына үй заттарын жеткізу, әйелдерін жұмысқа орналастыру, балаларын мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектептерге орналастыру мәселелерін шешуге көмек көрсету туралы.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскер тектері мен түрлерінің, өңірлік қолбасшылықтар мен әскери бөлімдердің кадр органдары офицер қызмет орнына келмеген жағдайда себебін нақтылайды және офицердің есептік деректерін, жеке құрам бойынша бұйрықтың нөмірін көрсете отырып, облыстардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне сұрау салады.
Нақтылаудан кейін әскери полиция органдарымен бірлесіп, іздестіру іс-шараларын жүргізеді, қабылданған шараларды көрсете отырып, шақырылған офицердің белгіленген мерзімде келмегені туралы жоғары тұрған кадр органына баяндауды жүзеге асырады.
4-тарау. Әскери жиындарға шақыру
58. Әскери жиындар деп Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын арттыру мақсатында оларды әскери бөлімдерге шақырумен әскери қызметшілердің, сондай-ақ әскери міндеттілердің әскери дайындық, әскери білімін жетілдіру бойынша өткізілетін іс-шаралар түсініледі.
Әскери жиындардың негізгі мақсаты бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталынатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлықтарын арттыру, соғыс уақытында жасақтау аудандарында жұмылдыру және жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын өрістетуге қажетті әскери-оқытылған ресурстарды даярлау және запаста жинақтау болып табылады.
59. Әскери міндеттілер әскери жиындарға жоспарлы жылға запастағы контингенттің шақыру көлемін анықтайтын Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде шақырылады.
60. Әскери жиындарды өткізу жөніндегі нақты міндеттер жыл сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен айқындалады.
61. Әскери міндеттілерді даярлау сипаты мен мақсаттары бойынша әскери жиындар мынадай түрлерге бөлінеді:
1) оқу-жаттығу жиындары;
2) арнайы жиындар;
3) тексеру жиындары.
62. Тіркелген құрамның оқу-жаттығу жиындарында мыналар өткізіледі:
жұмылдыру мақсатына сәйкес міндеттерді шешу үшін запастағы офицерлерді, сержанттарды және солдаттарды даярлау;
есепшоттарды, бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды соғыс уақытының штаттары мен ұйымдастырылуына жақындатылған жағдайда жауынгерлік үйлестіру;
жұмылдыру жоспарларымен көзделген жекелеген іс-шараларды тексеру.
63. Әскери міндеттілерді даярлау, қайта даярлау және әскери білімдерін жетілдіру бойынша оқу-жаттығу жиындарында мыналар өткізіледі:
запастағы офицерлерді жоғары лауазымдарға даярлау;
запастағы сержанттар мен солдаттар қатарынан запастағы офицерлерді даярлау;
жұмылдыру жоспары бойынша әскери міндеттілердің әскери білімін жетілдіру және қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа түрлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жасақтау үшін қажетті басқа да мамандықтарға даярлау.
64. Қару-жараққа, техникаға және жұмсалмайтын қор мен ұзақ сақталатын қордағы мүліктерге қызмет көрсету жөніндегі оқу-жаттығу жиындарында әскери міндеттілердің қызмет көрсетілетін техниканы зерделеуі, сондай-ақ оларды пайдалану мен жауынгерлік қолдану жөніндегі практикалық дағдыларға баулу жүргізіледі.
65. Тексеру жиындарында жұмылдыру жоспарына сәйкес әскери бөлімдерге тіркелген әскери міндеттілермен олардың әскери даярлықтары мен практикалық дағдыларын талап етілетін деңгейде ұстау жөнінде сабақтар, сондай-ақ қару-жарақ пен техниканың жаңа түрлерінде оларды жауынгерлік қолдану жүргізу және қызмет көрсету жөніндегі өздерінің міндеттерін атқару бойынша жаттығулар өткізіледі.
66. Қарулы Күштерде әскери жиындарды жалпы жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрамалары, бөлімдері мен бөлімшелері командирлерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әскери жиындарға шақыруға жататын әскери-оқытылған мамандардың жыл сайынғы мөлшері негізінде Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті жүзеге асырады.
67. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері, әскер тегі немесе қызметі бойынша әскери жиындар өткізу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті белгілеген бақылау тапсырмалардың негізінде тиісті штабтар мен басқармалар әзірлейді. Ұсыныстарда жиындар түрі, олардың өткізілетін орны мен мерзімі, әр мамандық бойынша жиындарға шақырылуға жататын әскери міндеттілердің және жиынға өрістету үшін жоспарланған нақты құрамалар, бөлімдер мен мекемелер саны көрсетіледі.
Режимдік бөлімдер мен мекемелерде, сондай-ақ әскери міндеттілер аса маңызды жұмыстармен, өте құпия және құпия техникамен және құжаттармен байланысты бөлімдер мен мекемелерде әскери жиындарды жоспарлау кезінде осы бөлімдерге жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің рұқсат нысаны ұсыныстарда көрсетіледі. Әскери міндеттілер үшін рұқсат нысаны мерзімді әскери қызмет пен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілердің үлгісіндегідей белгіленеді.
Офицерлік құрамды даярлауға, сондай-ақ тікелей штабтар мен басқармаларға бағынбайтын бөлімдердің, құрамалар мен әскери оқу орындарының базасында мамандар даярлауға қатысты ұсыныс бөлімдері тиісінше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кадрлар және ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменттерімен келісіледі.
Тиісті штабтармен және басқармалармен әскери жиындарды жоспарлау жөніндегі келісілген ұсыныстар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетіне жыл сайын 15 қаңтарға қарай ұсынылады.
68. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің нұсқаулары және әскери жиындарды өткізудің жалпы жоспары негізінде штабтар мыналарды әзірлейді:
1) бағынысты әскери бөлімдермен әскери жиындар өткізу жоспарлары;
2) әскерлерді жұмылдыру даярлығы жөніндегі іс-шараларды ескере отырып, бағынысты бөлімдерде әскери міндеттілердің әскери жиындарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша алдағы оқу жылына оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстар мен қажетті нұсқаулар;
3) жиындарды материалдық және қаржылық қамтамасыз етуді жоспарлау үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы басқармасымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаментімен келісілген әскери міндеттілердің саны және оларды бірлестіктер, құрамалар, әскери бөлімдер бойынша әскери жиындарға тарту мерзімі туралы мәліметтер;
4) әскери бөлімдер үшін әскери міндеттілерді мамандықтар бойынша шақыру мөлшерін, жиындарды өткізу мерзімін көрсете отырып, әскери жиындарды, сондай-ақ жиындарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқу-жаттығу алаңдарын, атыс орындарын бөлу мен мемлекеттік және әскери құпияларды сақтау жөніндегі іс-шараларды өткізу жоспарлары.
Жиындарды өткізу мерзімдері облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдерімен келісіледі.
Әскери жиындарда әскери міндеттілерді даярлаудың жиынтық жоспары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетіне жыл сайын 1 ақпанға қарай ұсынылады.
Әскери жиындардың жоспарларында оқу-жаттығу жиындарға тіркелген құрамдағы запастағы офицерлерді әскери бөлімдерді өрістетуден 10 күн бұрын шақыру қарастырылады. Әскери міндеттілер техникалық қызмет көрсету бөлімшелері мен бөлімдеріне жиындарды қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде шақырылады.
69. Қазақстан Республикасы бойынша жиынтық жоспар әзірлеу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Республикалық ұлан құрамаларының, бөлімдері мен мекемелерінің штабтары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетіне жыл сайын
1 ақпанға дейін қажетті есептерді ұсынады.
70. Облыстардың (республикалық маңызы бар қала мен астананың) қорғаныс істері жөніндегі департаменттеріне әскери міндеттілерді әскери бөлімдерге әскери жиындарға шақыруға нұсқаулар мен нарядтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті береді.
71. Бірлестіктердің, құрамалардың, бөлімдердің командирлері мен қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары облыстардың әкімдеріне (республикалық маңызы бар қала мен астананың) алдағы жылы әскери жиындарға шақырылатын әскери міндеттілердің мөлшері, шақыру мерзімі және техника жеткізу туралы мәліметтерді жеткізеді.
72. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің нұсқаулары мен нарядтарының негізінде қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар) жүргізеді. Әдетте жұмылдыру жоспары (бойынша әскери бөлімдерге тағайындалған әскери міндеттілер бірінші кезекте жиынға шақыруға жатады.
73. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) әскери міндеттілерді іріктеу сапасына, әскери жиындарға уақтылы жіберуге және нарядтардың толық орындалуына жауап береді. Әскери жиындарға әскери міндеттілерді іріктеуді қорғаныс істері жөніндегі департаменттер (басқармалар, бөлімдер) ресурстар дайындалып жатқан әскери бөлімдердің тиісті командирлерімен бірлесіп жүргізеді.
74. Денсаулық жағдайы, отбасы жағдайлары және өзге де себептер бойынша әскери жиындарды өткеруден босатылған әскери міндеттілер тиісті мамандықтар бойынша жиындарды өткеру талаптарына жауап беретін бос ресурстағы әскери міндеттілермен алмастырылады.
75. Әскери міндеттілерді даярлау және тапшы мамандықтар бойынша олардың әскери білімдерін жетілдіру бойынша әскери жиындарға мыналар шақырылады:
1) әскери білімдерін жетілдіру үшін - басым көпшілігі жоғарғы кәсіптік білім беру ұйымдарында әскери даярлықтан өткен және офицерлер лауазымында армияда қызмет өткермеген запастағы офицерлер, сондай-ақ теориялық және практикалық әскери даярлығы төмен запастағы офицерлер. Жоғары лауазымдарға даярлау үшін әскери даярлығы жақсы және әскерлерде практикалық жұмыс тәжірибесі бар запастағы офицерлер шақырылады;
2) запастағы сержанттар мен солдаттардан офицерлер даярлау үшін:
командалық бейіні бойынша - жоғары және орта арнаулы білімі бар, әскер тектерінде тиісті мамандықтар бойынша әскери қызмет өткерген және денсаулық жағдайы, іскерлік пен моральдық қасиеттері бойынша белгіленген талаптарға жауап беретін 30 жасқа дейінгі запастағы сержанттар мен солдаттар;
инженерлік-техникалық және басқа бейіндер бойынша - әскери даярлық бейініне жақын жоғары немесе арнаулы орта білімдері бар немесе осы бейін бойынша әскери қызметтік тәжірибесі бар, денсаулық жағдайы бойынша жарамды әрі іскерлік және моральдық қасиеттері бойынша талаптарға жауап беретін 35 жасқа дейінгі сержанттар мен солдаттар;
3) әскери міндеттілерді жаңа және тапшы мамандықтар бойынша даярлау және қайта даярлау үшін - әскериге жақын азаматтық мамандықтары бар және тиісті жалпы немесе орта білімі бар 1 разрядты запастағы офицерлер, сержанттар, старшиналар, солдаттар мен матростар шақырылады.
Тапшы мамандықтарға даярлау мен жетілдіру бойынша әскери жиындарға жіберу үшін әскери міндеттілерді алдын ала іріктеу мен зерделеу қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге) шақырусыз дербес есебін жүргізудің деректері бойынша алдын ала жүргізіледі.
Денсаулық жағдайы немесе басқа да себептер бойынша жекелеген адамдарды жиындарды өткеруден босатқан жағдайда кандидаттарды белгіленген саннан асыра іріктеу жүргізіледі.
Режимдік бөлімдерде жиындарды өткеру үшін, сондай-ақ батальон (дивизион) командирлері орынбасарларының және оларға сәйкес әрі одан жоғары лауазымдар бойынша даярлау үшін кандидат болып іріктеліп алынған запастағы офицерлерді облыстың (республикалық маңыздағы қала мен астананың) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы жеке өзі қарайды және бекітеді.
76. Әскери барлау мамандықтары бойынша даярлау үшін әскери жиындарға запастағы офицерлерді, сержанттар мен солдаттарды шақыру құрама штабтарының атаулы тізімдері бойынша жүргізіледі.
77. Әскери жиындарға тапшы мамандықтар бойынша даярлау және әскери білімдерін жетілдіру үшін денсаулық жағдайы және тиісті әскер тектерінде (қызметтерінде) белгілі бір лауазымдарда қызметке жарамды әскери міндеттілер жіберіледі, сол үшін жиынға жөнелту алдында олар міндетті түрде аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) және облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларының медициналық комиссияларымен медициналық куәландырудан өтеді.
Тіркелген құрамды жиындарға жіберу кезінде медициналық куәландыруға тек денсаулық жағдайына шағым білдірген, сондай-ақ Әуе десанттық әскерлер, авиацияның ұшу-көтеру лауазымдарындағы және сүңгуірлер бөлімдерінің тіркелген құрамының жиындарына жіберілетін әскери міндеттілер тартылады.
Ұшу-көтерілу құрамы дәрігерлік-ұшу комиссияларында медициналық тексеруге жатады.
Медициналық тексеру нәтижелері тиісті әскери-дәрігерлік комиссиялардың анықтамалары салынатын запастағы офицерлердің жеке істерінде көрсетіледі. Запастағы сержанттар мен солдаттардың ілеспе атаулы тізімдеріндегі «Ескерту» бағанында арнаулы белгілер жасалады.
78. Рұқсат талап етілетін режимдік және басқа да бөлімдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жіберуге жататын әскери міндеттілердің кандидатуралары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіледі.
Келісу туралы деректер әскери міндеттілердің әскери билеттеріне, жеке істері мен басқа да әскери-есептік құжаттарына белгіленген тәртіппен енгізіледі, олар әскери жиындарға шақырылғандарды аса маңызды, өте құпия және құпия жұмыстарға, техникаға және құжаттарға рұқсат ету үшін негіз болып табылады.
Егер әскери міндеттінің әскери билетінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты (келісімі) туралы тиісті белгісі болса және оның әрекет ету мерзімі бітпеген болса, жиынды режимдік бөлімдерде өткеру құқығына құжаттарды қайта ресімдеу жүргізілмейді.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты (келісімі) жоқ әскери міндеттілер рұқсат талап етілетін режимдік және басқа да бөлімдерге, мекемелер мен әскери оқу орындарына әскери жиындарға жіберілмейді.
79. Әскери міндеттілерді тапшы мамандықтар даярлау жөніндегі әскери жиындарға шақыру үшін іріктелген кандидаттарды, сондай-ақ тіркелген құрамның жиындарына шақыру үшін іріктелген запастағы офицерлерді хабардар ету есептік деректерді тексеру және медициналық куәландырудан өткізу кейіннен жөнелту үшін келу мерзімі мен жиын ұзақтығы көрсетілген белгіленген үлгідегі шақыру қағаздарын тапсыру үшін алдын ала жүргізіледі. Кәсіпорын басшысына жіберілген хабарламада әскери міндеттілердің әскери жиындарда болу мерзімі жиында болу уақыты мен әскери бөлімге дейінгі жолына және жиыннан қайтуға жұмсалатын уақытты ескере отырып көрсетіледі.
Запастағы сержанттар мен солдаттарды тіркелген құрамның әскери жиындарына шақыру туралы хабардар ету жұмылдыру жоспарында көзделген мерзімде және тәртіппен жүргізіледі.
80. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға жіберуді жергілікті әскери басқару органдары алынған нарядтарға сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Жұмылдыру жоспарларының жекелеген іс-шараларын тексеру мақсатында әскери міндеттілерді тіркелген құрамның әскери жиындарына шақыру және жөнелту жұмылдыру жоспарлары есебіне сәйкес жасалған, арнайы әзірленген құжаттар бойынша жұмылдыру терминдерін көрсетпей жүргізіледі. Запастағы сержанттар мен солдаттар осы жиындарға көрсетілген есептерде көзделген мерзімде және тәртіппен, ал запастағы офицерлер, егер олар алдын ала шақырылса - таңдау тәртібімен жөнелтіледі.
Тапшы мамандықтар бойынша жетілдіру және даярлау үшін әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер бөлімдерге олардың жиындар өткізілетін жерге сабақтар басталуынан бір күн бұрын жетуі есебімен жөнелтіледі.
Осы әскери міндеттілерді жиындарға және кері тасымалдау темір жол немесе автомобиль көлігімен ал олар болмаған жекелеген учаскелерде - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі есебінен әуе көліктерімен жүргізілуі тиіс.
Саны 90 адамға дейінгі әскери міндеттілердің командалары темір жол көлігімен жол жүрген жағдайда жолаушы пойыздарымен тасымалданады, ал саны 90 адамнан жоғары болса, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің нұсқауымен әскери эшелондармен тасымалдануы мүмкін. Эшелон бастығы болып тек офицер тағайындалады.
90 адамнан кем командаларды жөнелту кезінде команда жетекшісі әскери жиынға жол жүретін әскери міндеттілер қатарынан тағайындалады, жекелеген жағдайларда команда жетекшісі болып қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының шешімі бойынша жергілікті әскери басқару органының офицері тағайындалуы мүмкін.
81. Тапшы мамандықтар даярлау бойынша әскери жиындарды өткеру үшін шақырылған әскери міндеттілерге арнап жергілікті әскери басқару органдары бөлім командирлеріне мынадай құжаттар жібереді:
1) запастағы офицерлерге - атаулы тізім және жеке істер;
2) запастағы сержанттар мен солдаттарға - атаулы тізім;
3) ұшу құрамына - атаулы тізім, жеке істер, ұшу және медициналық кітапшалар.
Атаулы тізімдер, ұшу және медициналық кітапшалар мөр басылған түрде команда жетекшісіне қол қойғызып табыс етіледі. Ұшу кітапшалары жоқ адамдар ұшу құрамын даярлау жөніндегі әскери жиындарға шақырылмайды.
82. Әскери жиындарға жіберуге жататын запастағы офицерлердің жеке істері құпия поштамен жіберіледі, ал режимдік бөлімдерге және мекемелерге атаулы тізімдер, ұшу және медициналық кітапшалар оларды бөлімдерде жиын басталардан екі күн бұрын алуын ескере отырып құпия поштамен жіберіледі.
83. Айрықша режимдік бөлімдерге жиындарға жалқы тәртіппен немесе команда құрамында жіберілетін әскери міндеттілерге ұйғарым режимдік бөлімдер мен мекемелер үшін белгіленген тәртіппен беріледі. Команда жетекшісіне берілген атаулы тізімдерде команда құрамында бара жатқан әскери міндеттілердің тек тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
84. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімдері мен мекемелеріне оқу-жаттығу жиындарына әскери міндеттілерді шақыру олардың қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге жиындардың басталуынан бір ай бұрын жіберетін дербес тізімдер (сандық өтінімдер) бойынша жүргізіледі.
85. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығы әдістемелік нұсқауларға және жиынның бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Тіркелген құрамның және армия үшін тапшы мамандықтарды даярлау жөніндегі әскери жиындардағы барлық оқу уақыты жауынгерлік даярлық бағдарламаларына сәйкес әскери міндеттілердің әскери және арнаулы білімдерін арттыруға пайдаланылады. Техникаға қызмет көрсету жөніндегі жиындарда оқу уақытының 25 пайызы әскери міндеттілердің жауынгерлік даярлығына, қалғаны - техникаға қызмет көрсету және күтім жасау жұмыстарына бөлінеді.
86. Әскери жиындар өткізілетін әскери бөлімдердің командирлері запастағы офицерлердің, сержанттар мен солдаттардың жауынгерлік даярлығының ұйымдастырылуына және өткізілу сапасына, жиындардың уақтылы және толық материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, оқу-жаттығу базаларын дайындауға, әскери міндеттілерді қабылдау мен жиындардан жөнелтуді ұйымдастыруға жауап береді. Құпия жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауға және құпия құжаттардың, техника мен қару-жарақтың сақталуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуы тиіс. Әскери міндеттілерге құпия құжаттарды, техника мен қару-жарақты сақтау және ұстау, жеке хат алмасуды жүргізу тәртібі мен мемлекеттік және әскери құпияны сақтауға дербес жауапкершілік, жеке блокноттарында құпия жазбалар, суреттер, есептер жасауды және әскери объектілер мен құпия техниканы фото-кино түсірулерге жол бермеу жөніндегі негізгі талаптар жеткізілуі тиіс.
87. Бөлімдердің командирлері әскери жиындар өткізуге тапсырмалар алған кезде:
1) алдын ала жиын бастығын тағайындайды және жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру мен өткізуден тәжірибелері мен білімдері бар даярланған офицерлер мен сержанттарды оларды осы уақытқа басқа міндеттерден босатып, бөледі;
2) жиын басталардан кемінде екі ай бұрын құрамалардың тиісті штабтарының бастықтарына әскери міндеттілердің әскери жиындарын толық қамтамасыз ету үшін қажетті жетіспейтін қару-жарақ, оқ-дәрі, техника және әскери мүлікке өтінімдер ұсынады;
3) жиын басталардан бір апта бұрын оқу бағдарламасына және сағаттар есебіне сәйкес әскери міндеттілермен сабақтардың кестесін жасайды және бекітеді;
4) жиын басталардан екі-үш күн бұрын әскери міндеттілерді оқытуға тағайындалған офицерлермен және сержанттармен нұсқаушылық-әдістемелік сабақтар жүргізіледі;
5) қару-жарақ, әскери техника, оқу және көрнекі құралдардың қажетті мөлшерін бөледі және оларды жиынға бекітеді;
6) әскери міндеттілерді орналастыру үшін үй-жайларды және жеткілікті мөлшерде киім-кешек пен аяқ киімді алдын ала дайындайды;
7) әскери жиынға келген әскери міндеттілердің жеке заттарын қабылдауды ұйымдастырады;
8) әскери жиындарға взвод және бөлімшелер командирлерінің бос лауазымдарында тағылымдамадан өту үшін шақырылған запастағы офицерлермен лауазымға тағайындалу алдында және тағылымдама барысында жүйелі түрде нұсқамалық-әдістемелік сабақтар жүргізеді.
88. Әскери міндеттілермен оқу процесі әскери жиындар өткізіліп жатқан, әскери бөлімдерді жарақталған жауынгерлік техниканы және қаруды пайдаланумен ұйымдастырылады.
89. Әскери жиындарда әскери міндеттілердің оқу-жаттығу сабақтарының ұзақтығы кадрлық құрамына бөлімдер мен олар жиын өткеріп жатқан әскери оқу орындарына арналған сияқты белгіленеді.
90. Жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлім орналасқан жерден босатуды рота командирлері (жиын бастықтары) Ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Әскери және қоғамдық тәртіпті бұзу, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке тигізген материалдық зияны үшін әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
91. Әскери міндеттілерді әр түрлі шаруашылық және құрылыс жұмыстарына және жиын өткеруге қатысы жоқ қызмет атқаруға тартуға жол берілмейді.
92. Тіркелген құрамның әскери жиындарын өткізу кезінде әскери бөлімдердің шынайы нөмірлерімен және атауларымен, өрістетілетін және жасақталатын бөлімдер үшін белгіленген соғыс уақытының дала поштасы нөмірімен, сондай-ақ жұмылдыру жоспарының түпнұсқа құжаттарымен пайдалануға қатаң тыйым салынады. Әскери жиындар кезеңінде ресми құжаттарда және хат алмасуда әскери бөлімдер тек бейбіт уақытта оларға берілген шартты атаулар бойынша аталады. Әскери жиындар кезінде бейбіт уақытта әрекет ететін әскери бөлімдердің шартты литерлік нөмірлері жасақталатын бөлімдерге беріледі.
93. Әскери жиындарға шақырылған және бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер 5 күн мерзімде әскери антқа келтіріледі, ол туралы әскери билеттерінде тиісті белгі жасалады.
94. Әскери жиындар аяқталған соң тапшы мамандықтар бойынша әскери міндеттілердің өткен бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру жүргізіледі және даярлық дәрежесі туралы қорытынды шығарылады. Емтихандар (сынақтар) қабылдау үшін әскери бөлімдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының даярланған және тәжірибелі офицерлері қатарынан арнайы комиссиялар құрылады.
95. Әскери бөлімдер командирлері мен штабтары әскери жиындар аяқталғаннан кейін:
1) запастағы офицерлерге, сондай-ақ офицерлік құрамға даярлықтан өткен запастағы сержанттар мен солдаттарға жиындардың оқу бағдарламасын меңгеру дәрежесі көрсетілген, әскери істі зерделеуге қатынасы мен танытқан моральдық қасиеттері, соғыс уақытында офицердің тағайындалуы мүмкін лауазымы, әскери-есептік мамандығы (егер офицер жаңа мамандық бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда) ол бойынша кезекті (бірінші) әскери атақ берілу мүмкіндігін ескеретін мінездемелер жасайды;
2) офицердің, сондай-ақ сержант пен солдаттың жеке ісінде және әскери билетінің тиісті бөлімінде жиындарды өткергендігі туралы әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) қолымен және мөрімен расталған белгі қояды;
3) әскери жиындарды (тапшы мамандықтар немесе тіркелген құрам бойынша) табысты өткерген және онда жиын ұзақтығын, әскери-есептік мамандықтар нөмірін және алдағы уақытта ескерілуі қажет лауазымдық біліктілігін көрсете отырып, тиісті лауазымдар бойынша қажетті даярлық алған (жиындар мерзіміне қарамастан) запастағы сержанттар мен солдаттардың атаулы тізімдерін жасайды. Жиындарды өткергендігі туралы әскери билеттің тиісті тармағында әскери бөлім командирінің (штаб бастығының) қолымен және мөрімен расталған белгі қойылады;
4) жиындарда оқу бағдарламасын табысты аяқтаған және кезекті әскери атақтар беруге тұратын запастағы сержанттар мен солдаттарға әскери билетте тиісті жазба жүргізе отырып, әскери атақ береді және бұйрықтан көшірмені шақырылған жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына жібереді;
5) жиындарда пайдаланылған құпия материалдардың, техниканың, қару-жарақ пен жекелеген тораптардың, блоктардың, оларға бөлшектердің болуын тексереді;
6) әскери міндеттілерді бөлімнен салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырады, ал жиындар бағдарламасын жақсы меңгерген адамдарды көтермелейді;
7) он күн мерзімде жергілікті әскери басқару органдарына әскери жиындардан өткен запастағы офицерлердің жеке істері мен мінездемелерін және запастағы сержанттар мен солдаттардың атаулы тізімдерін жібереді.
96. Әскери бөлімге дейін және кері жол жүрген уақытын қоса алғанда, жиындар кезеңінде шақырылған әскери міндеттілердің жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталады, республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақысы төленеді.
97. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді тамақтандыруды және тұрғылықты жерлерінен жиын өткеретін пунктке дейін, сондай-ақ жиындар аяқталғаннан кейін тұрғылықты жерлеріне тасымалдауды қамтамасыз ету тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен жүргізіледі:
жергілікті әскери басқару органдары - жиындарды өткізетін әскери бөлімдер орналасқан жерге дейін;
әскери бөлімдер (жиындар аяқталғаннан кейін) - әскери міндеттілердің тұрғылықты жерлеріне дейін.
98. Әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер жиындар уақытында мыналармен қамтамасыз етіледі:
жиындарды өткізетін әскери бөлімдердің жеке құрамы үшін белгіленген үлес нормалары бойынша азық-түлікпен;
әскери міндеттілердің тиісті санаттары үшін белгіленген нормалар бойынша заттай мүлікпен, әскери қызметшілермен бірдей ұйымдастырылатын медициналық қызмет көрсетумен.
99. Офицерлік құрамға даярлау үшін жиындарға шақырылатын запастағы сержанттар мен солдаттар запастағы сержанттар мен солдаттар үшін белгіленген нормалар бойынша үлестің барлық түрімен қамтамасыз етіледі.
100. Әскери міндеттілердің әскери жиындарын өткізу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің басқармалары, Қорғаныс министрлігі департаменттерінің, бас басқармалары мен басқармаларының бастықтары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары мен құрамалар командирлері жүзеге асыратын тұрақты бақылауда болуы тиіс.
101. Бақылаудың негізгі түрі тікелей осы жиындарды өткізетін әскери бөлімдерде әскери жиындардың ұйымдастырылуы мен барысын тексеру болып табылады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қашан және кіммен, қандай мерзім ішінде, қандай әскери бөлімдерде тексеру жүргізілетінін айқындай отырып, тексеру жүргізуді жоспарлайды.
Жауынгерлік даярлықты тексеру және әскерлерді инспекциялау кезінде әскери міндеттілердің әскери жиындары міндетті түрде тексерілуі қажет.
5-тарау. Азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс
уақытында әскери қызметке шақыру
102. Азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының негізінде және Заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2006.18.10. № 1005 Қаулысымен 103-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
103. Қазақстан Республикасының запаста тұрған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында және министрліктердің арнайы құралымдарында тіркелген азаматтарын соғыс уақытының штаттарында көзделген әскери лауазымдарда әскери қызмет өткеру немесе оларды әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың азаматтық персоналы лауазымдарында қызмет атқаруға жіберу үшін жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру деп мынадай іс-шаралар түсіндіріледі:
1) жалпы немесе ішінара жұмылдыруды жариялау;
2) азаматтарды жалпы немесе ішінара жұмылдыруды өткізу туралы хабардар ету;
3) азаматтардың жергілікті әскери басқару органдарының алдын ала жинау пункттеріне (жиын пункттеріне) немесе тікелей әскери бөлімдерге және арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі);
4) азаматтарды алдын ала жинау пункттерінен (жиын пункттерінен) әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға жеткізу;
5) ҚР Үкіметінің 2006.18.10. № 1005 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) фактісін құжаттамалық ресімдеу.
104. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарының және мемлекет қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ету саласындағы өзге де нормативтік құқықтық кесімдері негізінде жүзеге асырылады.
105. Облыстың (республикалық маңызы бар қала мен астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялау туралы бұйрықтарды Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы немесе ішінара жұмылдыру жариялау туралы Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрығы негізінде жергілікті әскери басқару органдары шығарады.
106. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың оларды соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына көшіруді көздейтін жұмылдыру жоспарларында белгіленген көлемде жүзеге асырылады.
107. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жіберуге) жататын азаматтардың келу мерзімі мен орындары әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың жұмылдыру жоспарларында айқындалады және азаматтарға тапсырылатын жұмылдыру ұйғарымдарында және дербес шақыру қағаздарында көрсетіледі.
108. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жіберуге) жататын, сондай-ақ шақырудан кейінге қалдырылған немесе шақыруға жатпайтын азаматтар санаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
109. Азаматтарды әскери бөлімдерге тіркеуді (арнайы құралымдарға тағайындауды) тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери бөлімдер мен арнайы құралымдардың командирлерімен өзара әрекет ете отырып, жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
Бейбіт уақытта әскери бөлімдерде және арнайы құралымдарда азаматтық персонал лауазымдарында жұмыс істейтін азаматтар осы әскери бөлімдерге бірінші кезекте тіркелуге (арнайы құралымдарға тағайындалуға) жатады.
110. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке жоспарлы шақыру (жұмысқа жіберу) туралы шешімді жергілікті әскери басқару органдары азаматтарға жұмылдыру ұйғарымдарын тапсыру және әскери билеттерінде ол туралы тиісті белгі қою жолымен алдын ала жеткізеді. Бұдан басқа, әскери бөлімдерге тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) барлық азаматтарға, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарын күшейту аппараттарына тағайындалған азаматтарға тиісті жергілікті әскери басқару органдары дербес шақыру қағаздарын жазады. Жұмылдыру ұйғарымдарына, дербес шақыру қағаздарына жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары қол қояды және елтаңбалы мөрмен расталады.
Жұмылдыру ұйғарымдары мен дербес шақыру қағаздары түрлерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті белгілейді.
111. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыруды (жұмысқа жіберуді) жүзеге асыру үшін әрбір облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада), ауданда (облыстық маңызы бар қалада) жергілікті атқарушы органдардың шешімімен азаматтарды жұмылдыру жөніндегі шақыру комиссиялары құрылады.
112. Шақыру комиссияларының дербес құрамы және жұмыс тәртібі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бекітіледі. Жергілікті әскери басқару органының бастығы осы комиссиясының төрағасы болып тағайындалады.
Комиссия мүшелерінің бірінің болмай қалу жағдайына белгіленген тәртіппен оның резервтік құрамы бекітіледі.
113. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды жалпы немесе ішінара жұмылдыру жүргізу туралы және олардың алдын ала жиын пунктіне келуінің қажеттілігін хабардар етуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Хабардар етуге ұйымдардың лауазымды адамдары және жергілікті әскери басқару органдарының күшейту аппараттарына тағайындалған адамдары тартылады, бұл ретте техникалық байланыс құралдары мен хабаршылар қолданылады.
Ұйымдардың басшылары азаматтарды жұмыс орындары бойынша хабардар ету yшін хабардар ету штабтарын құрады.
Жалпы немесе ішінара жұмылдыру жүргізу туралы жергілікті әскери басқару органы бастығының бұйрығын тарату үшін радиохабарынтарату желілерін, телевиденияны, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде электрондық құралдарды қолдану тәртібі бейбіт уақытта Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының шешімімен айқындалады.
Азаматтардың алдын ала жиын пункттеріне немесе тікелей әскери бөлімдерге, және арнайы құралымдарға келуі (жеткізілуі) жұмылдыру ұйғарымдары және дербес шақыру қағаздары негізінде жүзеге асырылады.
114. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдау үшін, ең алдымен, қоғамдық жолаушылар көліктері, қала маңы поездары мен кемелері пайдаланылады. Белгіленген тәртіппен ұйымдардың автокөліктері және әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарды жасақтау үшін азаматтардан алынған автокөліктер тартылады.
Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтар әскери бөлімдерді және арнаулы құралымдарды толықтыратын кездесу пункттеріне немесе жиын пункттеріне жіберіледі.
Азаматтарды алдын ала жиын пункттерінен шығу кезінде алып жүру үшін және әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға тапсыру yшін әр командаға әскери қызметке шақыруға (жұмысқа жіберуге) жатпайтын запастағы офицер, сержант және старшина атақтары бар азаматтардан бастық тағайындалады.
Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды әскери бөлімдерге немесе арнайы құралымдарға тапсыру әскери бөлімдердің немесе арнайы құралымдардың жеке құрамын қабылдау пункттерінде немесе тікелей алдын ала жиын пункттерінде өткізіледі.
115. Алдын ала жиын пункттері арқылы, әдетте, облыс аумағынан (республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан) тыс орналасқан әскери бөлімдерге тіркелген (арнайы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жөнелту жүзеге асырылады.
116. Тікелей әскери бөлімдерге немесе арнайы құралымдарға жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) мына азаматтар жіберілуі мүмкін:
1) әскери бөлімдерде және арнайы құрамаларда соғыс уақытының ұйымдары мен құрылымына көшіру кезіндегі бірінші кезекті жұмыстарды орындауға тартылатындар;
2) бейбіт уақытта әскери бөлімдердің және арнайы құралымдардың азаматтық персонал штаттық лауазымдарында немесе жалдау бойынша (штаттық кестемен) жұмыс істейтіндер және оларға тіркелгендер.
117. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) ауылды жерлерде тұратын азаматтардың жиындарын және олардың алдын ала жиын пункттеріне жеткізілуін поселкенің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер) жүргізеді. Көрсетілген азаматтарды алдын ала жиын пункттеріне тапсыру әкімдермен расталған атаулы тізімдер бойынша жүзеге асырылады. Атаулы тізімдермен бір мезгілде хабардар етілмеген азаматтардың хабардар етілмеу себептерінің көрсетілуімен дербес шақыру қағаздары ұсынылады. Атаулы тізім үлгісін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті белгілейді.
118. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыруды және оларды жұмысқа жіберуді (оның ішінде ерікті түрде де) жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады.
119. Әскери бөлімдерге тіркелген (арнаулы құралымдарға тағайындалған) азаматтарды жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) мүмкін болмаған жағдайда жұмылдыру ұйғарымы жоқ азаматтарды әскери қызметке шақыру (жұмысқа жіберу) жүзеге асырылады. Аталған азаматтар толық және сапалы жасақтау мақсатында әскери бөлімдер мен арнайы құралымдарға жіберіледі.
120. Жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтардың төлқұжаттары және өзге де құжаттары алынбайды.
121. Азамат жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылды (жұмысқа қабылданды) деп оның әскери есепке алу құжаттарында шақыру (жұмысқа қабылдау) фактісі ресімделгеннен кейін және азаматтың әскери бөлім немесе арнайы құралым тізіміне енгізілуі және әскери лауазымға (азаматтық персонал лауазымына) тағайындалуы туралы бұйрыққа әскери бөлімнің немесе арнайы құралымның командирі қол қойғаннан кейін есептеледі.
122. Ұйымдар басшылары жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған (жұмысқа жіберілген) азаматтарды жергілікті әскери басқару органдарынан алынған хабарламалар негізінде белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарады.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
1-қосымша
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) мөртаңбасы
Анықтама
Қолдаухатқа сәйкес____________________________________________
____________________________________________________________________
(министрлік, ведомство атауы)
19__жылы туған азамат_______________________________________________
20__ж.«___»________20___ж.«___»_______дейінгі кезеңге шетелге
қызметтік іссапарға жіберіледі.
Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін, бірақ 20___ж.«___»_______
кешіктірмей азамат _________________________________________________
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) келуге міндетті.
Азамат______________________________________________________________
шақыру учаскесіне тіркелуі туралы куәлігi
____________________________________________________________________
қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) сақталады
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы
______________________
(әскери атағы, қолы)
м.о.
Шақыру бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы______________________
(әскери атағы, (қолы)
Әскерге шақырылушының шетелге қызметтік іссапарға шығуы, оның Қазақстан Республикасына оралу мерзімі туралы ресімделетін министрліктің (ведомствоның) белгісі 20__ж.«__»________
м.о.
____________
(қолы)
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
2-қосымша
Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасы
жағдайын тексеру актici
20__ж.«__»________
1. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) өкілi
____________________________________________________________________
(әскери атағы, лауазымы, аты-жөні)
__________________________________, жергілікті атқарушы орган өкілі
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
__________________білім беру ұйымының және басқа да ұйымдардың өкілi
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөні)
құрамындағы комиссия________________________________________________
____________________________________________________________________
(әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) аты-жөні, туған жылы)
___________________________________отбасы жағдайына тексеру жүргіздi
2. Әскери бөлімнің шартты атауы және мекен-жайы_____________________
____________________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарына қандай шақыру комиссиясымен шақырылған
____________________________________________________________________
4. Әскери бөлімге қашан жөнелтілді (жылы, айы)______________________
____________________________________________________________________
5. Қайда жұмыс істеді (жоқ), оқиды (оқыған)_________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, жалақы мөлшері, оқу орнының сыныбы, курс нөмірі)
6. Әскерге шақырылуға дейін асырауында кімді ұстады немесе ұстайды _
____________________________________________________________________
7. Тексерген күні әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасы
____________________________________________________________________
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Тұрған жері | Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы) | Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|
|
|
|
|
|
|
8. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) тұрғын үймен
қамтамасыз етілуі___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
9. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасының күнкөріс
қаражатының көзі____________________________________________________
10. Ата-аналарынан бөлек тұратын аға-інілері мен апа-қарындастары___
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған жылы | Туыстық қатынасы | Тұрған жері | Денсаулық жағдайы (мүгедектік тобы) | Лауазымы, жалақы (зейнетақы) мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
|
|
|
|
|
|
|
11. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) ата-анасына аға-
інілері мен апа-қарындастары жағынан қандай көмек көрсетіледі______
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
12. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасының мұқтаждығы,
отбасына кіммен және қандай материалдық көмек көрсетілді немесе
көрсетілуде ________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Әскерге шақырылушының (әскери қызметшінің) отбасылық жағдайына
тексеру жүргізуші комиссияның қорытындылары және ұсыныстары_________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Комиссия мүшелерінің қолы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
14. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының
қорытындысы ________________________________________________________
____________________________________________________________________
м.о.
Қорғаныс істері жөніндегі басқарма(бөлім) бастығы
_____________________
(әскери атағы, қолы)
20___ж.«___»_____
15. Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының қорытындысы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
м.о.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы
________________________
(әскери атағы, қолы)
20___ж.«___»_____
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
3-қосымша
Оқу орнының мөртаңбасы
Анықтама
19___жылы туған әскерге шақырылушы _______________________________
_________________________________________________________________
(аты-жөні)
20___жылы_________________________________________________________
_________________________________________ түсті және қазіргі кезде
__________________________________________________________________
(оқу орнының толық атауы)
күндізгі, кешкі (сырттай) бөлімінің __________ курсында (сыныбында)
оқитындығы туралы берілді.
Оқу орнын бітіру мерзімі 20___ж.________
(айы)
Анықтама______________________________________________________
(қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) атауы
______________________________ұсынуға берілді
___________________________________
(оқу орны басшысының немесе орынбасарының қолы)
м.о.
Анықтаманы толтыру бойынша түсіндірме
1. Анықтама оқу орнының қызметтік құжаттарды есепке алу журналына тіркелуі және әскерге шақырылушыға қолхатпен берілуі тиіс.
2. Анықтама алғашқы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан өту кезінде әскери есепте тұрған қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) әскерге шақырылушының өз қолымен тапсырылады.
3. Анықтамаға оқу орны басшысының немесе басшы орынбасарының қолы қойылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
4. Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) жыл сайын 1 қазанға дейін тиісті білім беру ұйымдарынан әскерге шақырылушылардың оқуын жалғастыруын растайтын анықтамаға сұраныс жасайды. Көрсетілген анықтамалар әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
4-қосымша
20___жылғы
№________тізімдеме бойынша есепке алынды
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру
комиссиясының хаттамалар кітабы
________________________ облысы
_______________________ ауданының (қаласының)
20__ж.«__»________басталды.
20__ж.«__»________аяқталды.
Р/с №» | Тегі, аты, әкесінің аты | Туған жылы | Шағымдар (әскерге шақырылушының басқа да мәлімдемесі) | Объективті, зертханалық және аспаппен тексеру деректері,диагнозы | Шақыру комиссиясының шешімі | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
200____ж.__«__»__________№___________хаттама
| ||||||
|
|
|
|
|
|
|
200__ж.«___»_________барлығы әскерге шақырылудан ___адам өтті.
Оның ішінде:
а) әскери қызметке жарамдысы | ___адам; |
б) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке уақытшажарамсызы | ___адам; |
в) бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғысуақытында шектеумен жарамдысы | ___адам;
|
г) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсызы | ___адам;
|
д) стационарлық тексеруге жіберілгені | ___адам; |
_____адамның әскери қызметке жарамдысы:
а) мерзімді әскери қызметке шақырылғаны | ___адам; |
б) мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінгеқалдырылғаны | ___адам; |
оның ішінде:
а) отбасы жағдайы бойынша | ___адам; |
б) білімін жалғастыру үшін | ___адам; |
в) басқа да себептермен | ___адам; |
Шақыру комиссиясының төрағасы_________________________________
(лауазымы, қолы)
Шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары______________________
(лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері: __________________________
(лауазымы, қолы)
__________________________
(лауазымы, қолы)
Дәрігерлер __________________________
(қолы)
__________________________
(қолы)
Комиссия хатшысы __________________________
(қолы)
Әскерге шақыру аяқталғаннан кейін шақыру комиссиясының хаттамалар кітабында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижесінің жалпы қорытындысы мынадай үлгі бойынша жүргізіледі:
Хаттама нөмірі | Күні | Шақыру комиссиясынан өтті | Әскери қызметке жарамдылары | Кейінге қалды-рылды | Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыздары, соғыс уақытында шектеумен жарамдылары | Әскери қызметке есептен шығарумен жарамсызы | Тексерілуге жіберілгені |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
| |
Тексерілуге жіберілгендерден анықталғаны |
|
|
|
|
|
|
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны |
|
|
|
|
|
|
|
Пайыз |
|
|
|
|
|
|
|
Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының
хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі түсіндірмелер
1. Шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол нөмірленген, тігілген болуға, оған қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолы қойылған, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталуға тиіс және мұрағатқа өткізілгеннен кейінгі 15 жыл бойы қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттар құқығында сақталады. Адамдарға осы кітаппен жұмыс істеуге рұқсат ету қатаң шектеулі және қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының бұйрығымен жариялануға тиіс.
2. Кітапқа жазбаларды медициналық бикелер қатарынан осы үшін арнайы дайындалған комиссия хатшысы жүргізеді. Барлық жазбалар сиямен анық және ұқыпты жүргізіледі. Өшірулер жүргізуге, сондай-ақ жазбалардың арасынан бос орын қалдыруға рұқсат етілмейді. Жіберілген қателер сиямен жөнделеді, қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) елтаңбалық мөрімен расталады.
3. Кітапқа бір күн ішінде шақыру комиссиясынан өткен, соның ішінде қосымша тексеруге жіберілген барлық әскерге шақырылушылар енгізіледі. Тексерілуден қайтқан әскери шақырылушылар шақыру комиссиясы түпкі шешім қабылдайтын күнге қайта жазылады. Екі жағдайда да кітапта тиісті жазбалар жүргізіледі:
тексерілуге жіберілген кезде 6-бағанға: «№___қалалық ауруханаға қосымша тексерілуге жіберілсін, ал шақыру комиссиясынан қайта өткеннен кейін: «Шақырылудан өтті» 200__ж.___№___ хаттама» деп жазылады;
шақырылудан қайта өту кезінде кітаптың 2-бағанында аты-жөнінен төмен мыналар жазылады:» Қайтадан, 20__ж.«__»_________ №______ хаттаманы қараңыз.»
4. Егер шақыру комиссиясы шешімінің күшін жою қажет болса, онда кітаптағы осы шешім сызылмайды, «Шешім күшін жойды 20__ж.«__»_______№_______ хаттаманы қараңыз» деп жазылады. Әскерге шақырылушы кітапқа қайта жазылады. Кітаптың 6-бағанына хаттамадағы шешімі жойылсын (жою себебі көрсетілсін) мыналар жазылсын:»»Шақыру комиссиясының 20__ж.«__»______№____хаттамадағы шешімі жойылсын (жою себебі көрсетілсін)» және бұдан әрі шақыру комиссиясының жаңа шешімі жазылады.
5. Әскерге шақырылушыларды арнайы командаларға қабылдау кезінде әскер тегін көрсеткеннен кейін осы командалардың нөмірлері көрсетіледі.
6. Хаттамалардағы реттік нөмірлері: алымы - берілген хаттаманың реттік нөмірі, бөлімі (№ 2 хаттамадан бастап) - шақырудың басынан бері шақыру комиссиясынан өткендердің реттік нөмірі.
Мысалы, егер бірінші күні шақыру комиссиясынан 50 адам өтсе, онда № 2 хаттамада бірінші әскерге шақырылушының тұсына № 1/51 қойылады, бесіншінің тұсына -№ 5/55 және т.с.с.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
5-қосымша
____________қорғаныс істері жөніндегі басқармадан (бөлімнен)
әскерлерге жөнелту үшін облыстық жиын пунктіне
жіберілген №______әскери командаға
атаулы тізімі
Р/с №
| Т.А.Ә. | Туған жылы | Тағайындалды | Әскери мамандығы | ҚІБ (ҚІБ) әскерлерге жөнелту үшін келді (күні, айы, жылы) | Командасының нөмірі, қашан және қандай әскери эшелонмен (командамен) әскерлерге жөнелтілді | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
м.о Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы
________________________________
(әскери атағы, қолы)
Атаулы тізімнің жасалуы бойынша түсіндірмелер
1. Атаулы тізімді қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әрбір жөнелтілген командаға үш данадан жасайды.
2. Тізімде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әрбір әскери команда үшін белгілеген нөмір көрсетіледі.
3. Әскерге шақырылушыларды режимдік бөлімдерге жіберген кезде 4-бағанда Штабтар бастықтары комитеті белгілеген команда нөмірі көрсетіледі. Мысалы: «К-100, К-900 - оқу-жаттығу».
4. 7-баған облыстық жиын пунктінде тізімнің бірінші және екінші даналарында толтырылады. Осы бағанда әрбір тегінің тұсына қорғаныс істері жөніндегі департамент командасының нөмірі, әскерге шақырылушы қашан және қандай әскери командамен әскерлерге жөнелтілгені көрсетіледі.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
6-қосымша
20__жылғы №____
тізімдеме бойынша есепке алынады
Қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (бөлімдерге)
______________облыстық жиын пунктінен қайтарылған әскерге
шақырылушыларды есепке алу кітабы
Р/с №
| Тегі, аты, әкесінің аты | Туған жылы | Әскерге шақырылушы қайтарылған қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) атауы | Қайтарылу себебі |
20__ж.«__»_____.
Облыстық жиын пунктінің бастығы
_________________________
(әскери атағы, қолы)
Кітапты жүргізу бойынша түсіндірме
1. Облыстық жиын пунктінен қайтарылған барлық әскерге шақырылушылар кітапқа жазылады.
2. Кітапқа жазуды облыстық жиын пунктінің бастығы жүзеге асырады.
3. Кітап қорғаныс істері жөніндегі департаментте 10 жыл сақталады.
20__ж.«__»_____басталды.
20__ж.«__»_____аяқталды.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
7-қосымша
Қорғаныс істері жөніндегі
департаменттің мөртаңбасы
_________________қорғаныс істері жөніндегі департамент (бөлім) бастығына
______________________________ облыстық жиын пунктінен әскерге
шақырылушы _________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
____________________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
шақыру комиссиясында қайта қарау үшін қайтарылды.
Қосымша: ______________________
(құжаттар тізбесі)
Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы
_______________________
(әскери атағы, қолы)
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
8-қосымша
20__жылғы №___ тізімдеме бойынша
есепке алынды
Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың)
шақыру комиссиясының хаттамалар кітабы
20__ж.«__»______басталды.
20__ж.«__»______аяқталды.
Р/с №
| Тегі, аты, әкесінің аты | Туған жылы | Қай аудандық шақыру комиссиясы және қашан куәландырды. Комиссияның шешімі | Шағымдар (әскерге шақырылушынын басқа да өтініштері) | Объективті, зертханалық және аспаппен тексеру деректері, диагнозы | Облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімі | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
20 __ ж. «___» _____________ № ________ хаттама | |||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
20__ж. «__»_____барлығы______________адам куәландырылды.
Соның ішінде:
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының ________шешімі бекітілді;
аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының ________шешімі бекітілмеді;
Олардың ішінде танылды:
әскери қызметке жарамдысы | _______адам; |
бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсызы,соғыс уақытында шектеумен жарамдысы | _______адам; |
әскери қызметке әскери есептен шығарумен жарамсызы | _______адам; |
стационарлық тексерілуге мұқтаж | _______адам; |
әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мұқтаж | _______адам; |
Комиссия төрағасы__________________________
(әскери атағы, лауазымы, қолы)
Комиссия төрағасының орынбасары:________________________
(лауазымы, қолы)
Комиссия мүшелері:______________________________
(лауазымы, қолы)
дәрігерлер __________________________________
(қолы)
Комиссия хатшысы ________________________________
(қолы)
Ескертпе.
Облыстық шақыру комиссиясының хаттамалар кітабын жүргізу жөніндегі талаптар аудандық шақыру комиссиясының хаттамаларын жүргізумен бірдей.
шақыруды ұйымдастыру және
өткізу ережесіне
9-қосымша
_________________қорғаныс істері жөніндегі департаментінің
жиын пунктінен ______________ өңірлік қолбасшылығының,
Қазақстан Республикасының әскерлері мен әскери құралымдарының
қабылдау пункті бастығының қарамағына №_____әскери эшелонмен
(командамен) жіберілетін әскери командаға
атаулы тізім
___________________темір жолының
__________________станциясы
Р/с №
| Т.А.Ә. | Туған жылы | Қандай қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) әскерге шақырды | Тағайындалды | Әскери мамандығы | Қорғаныс істері жөніндегі (бөлімге) әскерлерге жөнелту үшін келді (күні, айы, жылы) | Қандай жас буынды қабылдау пунктіне (қандай әскери бөлімге) жөнелтілді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
|
|
|
|
|
|
|
|